Дәрістің, практикалық сабақтардың, соӨж, сӨж тақырыптық жоспары

Силлабус

Философия пәні бойынша - Fil 2102

Мамандықтар:

5В130100 «Жалпы медицина»

5В130200 «Стоматология»

Курс – 2 Семестр – 3, 4

Дәріс 5 сағат

Практикалық

(семинар) сабақ - 40 сағат

Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ)- 45 сағат

Аудиториялық - 45 сағат (кредит саны – 3)

Аудиториядан тыс

студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – 45 сағат

Бақылау формасы: емтихан

Алматы, 2014

Доцент Бисембаева З.У., аға оқытушы Анасова Қ.Т., аға оқытушы Абдразакова Н.А. жұмыс бағдарламасына сәйкес жасаған силлабус кафедра мәжілісінде талқыланды және мақұлданды.

« __ » ______________ 2014 ж., хаттама № ___

Кафедра меңгерушісі, филос.ғ.к.,

доцент__________________________________________ Бисембаева З.У.

­

1. Жалпы мағлұмат:

1.1 ЖОО-ның атауы: С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті

1.2 Модуль: Философия, әлеуметтану

1.3 Пән, пән коды: «Философия» Fil 2102

1.4 Мамандықтар: 5В130100 «Жалпы медицина»

5В130200 «Стоматология»

1.5 Оқу сағатының көлемі (кредитпен) – 135 сағат, 3 кредит

Курс және семестрлік оқу – 2 курс, 3-4 семестр

1.6 Оқытушылар туралы мәлімет:

  Оқытушылардың аты-жөні Қызметі Дәрежесі
Бисембаева Зинакуль Убайдаевна доцент Ф.ғ.к.
Анасова Каламкас Темиркуловна Аға оқытушы Ф.ғ.к.
Абдразакова Нургуль Асановна Аға оқытушы Дінтану магистрі
Тәттібек Нұргүл Мейрамқызы Аға оқытушы -
Турсунбаева Салтанат Джалгасбековна Оқытушы Философия магистрі
Сембаева Макпал Маликовна Оқытушы Дінтану магистрі

1.7 Байланыс ақпараты:кафедраның орналасқан орны

Мекен-жайы: Қазыбек би көшесі 179

Телефон: 8(327) 292-69-86

1.8 Пәннің саясаты:оқу процесі мақсатқа бағыттылығы мен бірізділікті орындалуынан тұрады және университет студентеріне талап медициналық ЖОО оқытудың спецификалық әдісіне негізделген.

· дәрістер мен семинарлық сабақтарға міндетті түрде қатысу;

· Аралық бақылауға қатысуға рұқсат алу үшін семинар сабақтарының қатыспаған сағаттарын міндетті түрде қайталап тапсыру керек;

· СӨЖ – 3 тапсырмасы орындалуы тиіс;

· оқу процесіне белсенді қатысу (дәріс конспектілері, СӨЖ, СОӨЖ тапсырмаларының орындалуы, тест және аттестациялық сұрақтардың шешілуі, реферат, эссе және т.б. дайындық).

· Берілген бөлімге сәйкес, тақырыптық жоспардың қойылу уақытынан кешіктірмей практикалық жұмыстың хаттамасы, тесттерді ситуациялық тапсырмаларды, СӨЖ тақырыптарының қорғалуының хаттамалары өткізілуі керек;

· Сабақтан қалмау керек, науқастанған жағдайда студенттік емхананың мөрімен бекітілген медициналық анықтаманы көрсету керек;

· Үй тапсырмалары өз уақытында және ұқыпты орындалуы керек, тапсырмалардың орындалу деңгейіне байланысты қорытынды бағаның төмендетілетінін білу керек;

· Таза ақ халаттың болуы, ұялы телефонның өшірілуі;

· Кредит бойынша аралық бақылаудың 7 және 13 аптадан кешіктірмей тапсырылуы керек.

· Профессорлық-оқытушылар құрамымен (ППС) мәденитетті қарым-қатынас;

· Студенттік топта жанжал болған жағдайда кафедра меңгерушісі немесе оқу ісінің меңгерушісімен бірге талқылануы тиіс;

· Студенттің дағдысы мен білім бағасының шкаласы қосымша тіркелген.

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе:

Философияның оқу объекті «Адам-Әлем» жүйесі болып табылады. Бұл қатынас жалпы алғанда, адамға өзінің өмірлік қалыптасуына, болмысының мәнін тануға мүмкіндік береді. Аталған курста философия рухани өндірістің мәдени-тарихи дамуында және қазіргі келбетінде ерекше форма ретінде көрсетіледі.

Философия – бұл дүниеге көзқарас, тұтастай алғанда әлемге деген көзқарастардың жиынтығы және адамның әлемге қатынасы. Философиялық көзқарастардың басқа түрлерінен ерекшелену себептері: қоғамдық сананың ғылыми сферасына кіреді, адамзаттың даму тарихындағы тәжірбиелер жиынтығына және өзінің даму тарихында арнайы категориялық аппараты ғылымның барлық түріне сүйенеді.

Философияның мәні – «Адам-Әлем» жүйесін бүтіндік категориясы арқылы тұжырымдау.

Курстың теориялық қайнар көзі философия тарихы және теориясы бойынша Батыстық, Ресейлік және Қазақстандық ғалымдардың концепциялары болып табылады.

2.2 Пәннің мақсаты – Философия теориясы және философияның негізгі даму кезеңдері туралы ғылыми білім беру, студенттерді философияның өзекті мәселелерімен және мәңгі де, мәнді сұрақтарымен таныстыру және болашақ мамандардың қазіргі әлемге өзіндік көзқарастарын қалыптастыра отырып, болашақ дәрігерге шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыруға көмек көрсету.

2.3 Оқыту мақсаттары:

· Дүниетанымдық және әдістемелк мәселер төңірегінде керекті білім алу;

· Дүниетанымды жүйелеу;

· әлемнің ғылымы және діни бейнесіне, философиялық ойлардың тарихи типтерін талдау жасау және білім игеру;

· болашақ мамандардың философиялық көзқарасын және әдістемелік деңгейі мен мәдениетін қалыптастыру;

· рухани және материалдық құндылықтардың өзара ерекшеліктерін айыра білу, олардың өркениет, қоғам, адамның өмірлік іс-әрекетіндегі рөлін тани білу;

· студенттерді өз бетімен сыншыл және логикалық ойлауға үйрету.

2.4 Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:

Білім/ когнитивті дағдысын қалыптастыру: гуманитарлық және әлеуметтану ғылымдары шеңберінде базалық білімді игеру, оның әдістерін түрлі кәсіптік және әлеуметтік қызметте қолдану, алынған білімді қолдана отырып, өз мамандығында мақсат қоя білу және оны қолдана білу.

Операционалды /дағдысын қалыптастыру:өз қызметін ақпараттандыру білу, жоспар құру, оның нәтижелерін алдын-ала көре білу, орындалған қызметті түсіну және негіздей білу, алынған білідерін жаңа жағдайға бейімдей білу, білімді тәжірибеде қолдана білу.

Коммуникативтік дағдысын қалыптастыру:ақпаратты үлгілей білу, нақты пәндік шеңбердегі түйінді ақпаратты жалпылау және жекелей білу

Құқықтық дағдысын қалыптастыру:адамдардың жүріс-тұрысының мемлекет тарапынан бектілген және тағайындалған құқықтар мен міндеттеріне сәйкес әлеуметтік нормаларыны және ережелерін білу және орындау.

Өзін-өзі дамыту құзіреттілігі бойынша:өз бетімен жұмыс жасау қабілеті, мәселелерді шешу, ғылым дамуы барысы мен өзгермелі әлеуметтік тәжірибеде зерттеу дағдысы, заманауи ақпараттық технологияны меңгере отырып, жаңа білімді игеру дағдысын қалыптастыру

Студенттің курстан білетіні:

· Философияның негізгі анықтамаларын және мәселелерін дағдысын қалыптастыру;

· Философияның басты концепцияларын дағдысын қалыптастыру;

· Мәдениет аясындағы дүниетанымдық сұрақтардың шешімінің философиялық әдісін дағдысын қалыптастыру;

· Мәдениет аясындағы адам мен қоғамның қалыптасу ерекшеліктерін;

Меңгеру :

· Дүниетанымдық сұрақтарды анықтау;

· Философиялық ойлардың даму тарихына талдау жасау;

· Адамзаттың даму тарихындағы дүниетанымдық сауалдарды және оны шешудің баламалық әдістерін анықтай білу;

· Адамның қоғаммен өзара қарым-қатынасындағы негізгі теориялық жақындықты анықтау;

· Өзіндік жұмысты орындаудың әдістемесін игеру;

· Философияның әдістемелік және көзқарастық мәселелері бойынша еркін пікірталас және логикалық ойлау;

·

Дағдысын қалыптастыру:

· Білімге керекті материалдарды іздеу және таңдау дағдысын;

· Ғылыми философиялық концепцияларды талдау дағдысын;

· Дүниетанымдық және әдістемелік сұрақтардың философиялық шешу жолдарын талдау дағдысын;

2.5 Реквизитке дейінгі: «Қоғамтану», «Қазақстан тарихы», «Мемлекет және құқық негіздері», «Әлеуметтану» пәндерінің білімдері.

2.6 Реквизиттен кейінгі:Философия жалпы білім беретін пән ретінде барлық әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негізі болып табылады және Қазақстан тарихы, мәдениеттану, психология, әлеуметтану, өнертану, медицина тарихы, қазіргі заманғы жаратылыстану концепцияларымен тығыз байланысты.

2.6 Пәннің мазмұны:Философия курсы қоршаған әлемде дұрыс бағыт табу үшін, өмірде орын алған әлеуметтік процестерді түсіну үшін маңызды роль атқарады. Философияны оқу барысында студенттер түрлі қоғамдық мәселелерге байланысты өз көзқарастарын қалыптастырады және өз позицияларын анықтайды. Кейбір тақырыптарды тереңірек қарастыруға мүмкіндік болмайды. Соған қарамастан философиялық проблемаларды шешудің әртүрлі әдістерін оқып үйрену қажеттілігі сақталған. Философияның басты бөлімдері – адам табиғаты және оның өмір сүру мағынасы, адам-қоғам, өркениет, мәдениет, бостандық және жауапкершілік, адам танымы және іс-әрекеті, ғаламдық мәселелер т.б. сияқты философияның фундаменталдық проблемаларымен таныстыруға арналған.

Дәрістің, практикалық сабақтардың, СОӨЖ, СӨЖ тақырыптық жоспары

Наши рекомендации