Философиялық білімнің ерекшеліктері
Философия» пәні бойынша семинар
Сабақтарының жоспары
Модуль №1. Философия және оның даму тарихы
1. Семинар сабақ.
Философияның пәні, мәселелері және атқаратын қызметі.
1. Дүниеге көзқарастың құрылымы және тарихи форма-лары.
2. Философияның пәні және негізгі мәселелері.
3. Философиялық білімнің құрылымы және атқаратын қызметі.
Сабақтың мақсаты: философияның игеру объектісін анықтай отырып философиянық көзқарастың ерекшеліктерін түсіну, мифтік түсініктерден философияның қалыптасуын айқындау. Философия пәнінің жалпы құрылымына кіріспе болып табылатын бұл күрделі тақырыпты игеру барысында келесі аспектілерге назар аудару қажет:
Философия - адамзат білімінің ең ежелгі және қызықты салаларының бірі. Егер дүниеге көзқарастың негізгі типтеріне: мифология, дін, өмірлік-тәжірибелік және философия жататын болса онда олардың ерекшеліктері қандай. Миф - табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық түсінік-тер Жалпылай келе, әртүрлі халықтардың мифтерін белгілі бір топтарға бөлуге болады. Мифтердің ең үлкен бөлігінің бірі космогониялық. Сиқырлы құдіретті күштің іс-әрекеті арқылы хаос жер мен көкке бөлініп, Дүниеге тәртіп келіп, әртүрлі табиғаттың құбылыстары дүниеге келеді.
Әлемнің пайда болуы жөнінде кейбір Шығыс халықтары-ның аңыздарында антропоцентрлік көзқарас та кездеседі. Бұл мифтер: «Дүниеден бұрын алғашқы еңгезердей адам болған, ал ол өлген кезде оның денесінен дүние жаратылады», - деген пікір айтады.
Жалпы мифология, қай халық болмасын, оның мәдениетінің түп нұсқасы ретінде бүгінгі заманға дейін сақталып, қазіргі жазушылар мен күйшілердің, мүсіншілер мен өлеңшілердің ша-быт қиялын оятып, шығармашылығына зор әсерін тигізеді.
Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен дін бөлініп шықты. Дін де мифологияға ұқсас синкретикалық табиғатымен, сонымен қатар дүниені фантастикалық бейнелеуімен ерекшеле-неді. Бұл құбылыстардың негізгі айырмашылықтары: мифте шынайы өмір мен қиял бір-бірімен араласып жатса, дінде «бұл дүние» мен «о дүние» бір-бірінен анағүрлым алшақ жатыр. Өйт-кені егер бұл дүниедегінің бәрі де өтпелі, кемшілікті, өз-өзіне жеткіліксіз болатын болса, о Дүние - мәңгі, әсем, бақытты, жетілген
Дүниеге көзқарастың бұл әлеуметтік-тарихи формаларының қайсысы қазіргі заманға үйлесімдірек?
Философияның негізгі мәселесі. Бірінші жағы. Екінші жағы (танымдық)
Философияның негізгі функциялары Философия – даналық-қа құштарлық және дүниені ерекше интеллектуальдік меңгеруге талпыныс. Адам және әлем мен ондағы адамның алатын орнына деген негізгі көзқарастарды қорыту ретіндегі мәні.
Философиялық көзқарастың іргетасы - әлем және адамды ақыл мен білім тұрғысынан түсіну.
Фило-ия - адамзаттың жалпы мәдениетінің ажырамас бөлігі және қоғамның рухани өмірінің маңызды компоненті. Фило-ия-ның рухани квинтэссенция ретіндегі «мәңгілік» мәселелері.
2. Семинар сабақ.
Философиялық білімнің ерекшеліктері
1. Рационалдылық философияның негізгі сипаты.
2. Философияның ішкі құрылымы және әдістері
3. Философияның мәдениет өрістерінен ерекшелігі.
Сабақтың мақсаты:
Тақырыпты игерудің түйінді мәселелері:
1. Философияның мифологиядан қалыптасуы, оны рухани мәдениет тарихындағы бірінші рационалды саласы ретінде айқындауға мүмкіндік береді. Латын тілінен нақтытылы аударғанда «рацио» - разум - «ойлыақыл» дегенді білдіреді. Бірақ бұл екі сөз тепе-тең емес. Барлық адамдар Homo sapiens түріне жатады, сондықтан олардың бәрі де ойлыақылды. Бірақ олардың барлығын бірдей рационалды түрде ойлайтын адамдар деп айта алмаймыз. Рациональдық дәрежесіне сай адамдар тағы да нәсілге, ұлтқа, жыныстық және жастық белгілеріне қатысты бөлінеді.
Рационалдықтың өзі неден құралады? Оны мына формула арқылы көрсетуге болады: Р = Ұ + Л + Д, бұл жерде Р – рацио-налдық, Ұ - ұғымдылық, Л – (логикалық) қисындылық, Д – дис-курсивтілік. Ұғымдылық - ұғымдар арқылы ойлай білуде іскер-лік көрсетуді білдіреді, яғни лайықты ережелермен айқындалған сөздерді және терминдерді өз ретімен қолдана алу. Бұл ережелер мынадан тұрады: 1) анықтаманың маңыздылығы, яғни, ондағы заттардың жалпыланған маңызды қасиеттерінің көрсетіліне алынуы; 2) анықтаманың жалпылығы, яғни, ондағы көсетілген қасиеттердің кез-келген объектілерге тәнділігі; 3) анықтаманың бірмағыналығы яғни басқа адамдардың да оны мойындауы; 4) анықтаманың дұрыстығы, яғни жоқ, болмайтын қасиеттермен емес, бар анықтамаға қосыла алынуы.
«Ұғымды жақсылап анықтау, әдетте өте қиын іс, кейде, әсіресе пікір таласта, көптеген білімдерді, дағдыны, еңбекті, уақыттар шығынын талап етеді.
Философияда ұғымдардың мағынасы өте зор, тіптен Гегель философияны «ұғымдар арқылы тану», - деп анықтама берген. (Гегель Г. Энциклопедия философских наук: В 3 т. — М., 1975. — Т. 1. — С. 341.)
Рационалдықтың екінші құрама бөліміне логикалық, яғни формалдық логиканың (қисынды) заңдармен, сәйкестіктегі ойлау. Бұл жерде әңгіме тек қана формальды логика туралы болып отыр және оның негізгі талабын былайша көрсетуге бола-ды. Мысалы: бастапқы жіберілген екі бекілгеннен тұратын ой тұжырымды қарастыралық. 1. Барлық адамдар өз ісіне жауап беруге тиісті 2. Бір жасар бала - адам. 3. Бір жасар бала өз қыл-ықтарына жауап беруге тиісті. Дұрыс екі түсініктің нгізінде жасалған жалған ой тұжырым жіберілген логикалық қатеден болып отыр, атап айтқанда себебі «адам» ұғымы әр түрлі мағы-наларда қолданылған: бірінші жағдайда адам құқықтық жан иесі ретінде саналса, ал екінші жағдайда Homo sapiens түрінде қарас-тырылған. Ұғымдарды мұндай әр түрлі мағыналарда қолдану логиканың бірінші тепе-тендік заңына қарама-қайшы келеді.
Рационалдықтың үшінші құрама бөліміне - дискурсивтілікжатады. Бұл жерде «дискурсивтілік» сөзін «бірдеңені талқылау» сөзмен немесе «пікірсайыспен» шатастыруға болмайды. Мыса-лы сіздерге қайсыбір адам ұнайды делік. Егер сіздер оның неге ұнайтындығын (ақылды, мейірбан, жайдары және т. б.) дәлел-дей алсаңыздар, онда сіздер дискурсивті ойлай аласыздар және сіздер пікірлеріңізді көбірек негіздей алсаңыздар соғұрам сіздің дискурсивтілігіңіз жоғарырақ.
Философияда рационалдылыққа қарама-қарсы иррацион-алдық орын алады. бірақ ол философияның жалпы рационал-дық негіздері арқылы ғана бола алуы мүмкін. Олардың айыр-машылығын геометриялық теорема мен түсті салыстыру арқылы айқын көруге болады. Теореманы дәлелдеуде әрбір жай бұрын-ғы жайлармен байланысты, нәтижесінде біз ойдың логикалық (қисынды) тізбегін аламыз. Ал, ұйқы жағдайында мүлдем басқа-ша, онда әрбір бейне кейбір уақыттары шындықта ешуақытта болмайтын көптеген заттармен үйіліп қалады, кейіннен аяқ астынанан бұрынғыға қатыссыз, өзгемен ауыстырылады. Ұйқы және теорема - сананың әртүрлі полюстерінде орналасқан раци-оналдыққа қатысты екі шектілік.
2. Философияның ішкі құрылымы және әдістері
Бұл сұрақты оқулықтың (Р.Е.Жүншеев, Ө.С.Төкенов, А.Ә.Ізтілеуов. Философия - А.,2007. 32, 33; 39,40) беттерінен табуға болады. Ал, оларға қоса философия әдістері жайлы мынаны ескерген жөн.
Егер философияның өзіндік айрықша зерттеу пәні бар болса, онда оның өзінің меншікті әдістері болуға тиісті. Философиядағы әдістің пәніне сәйкес болуы туралы ең алғашқы рет Гегель, метафизикаға қарама-қарсы диалектиканы насихаттай отырып айтқан болатын. Ол, барлық философиялық зерттеулерге жарамды диалектиканы әдіс ретінде қолдануда жаңашыл болды.
Бұл қолданылатын әдіс ең негізгі мазмұнды нұсқаулармен байланысты. Егер идеяның дербес бар екендігін мақұлдасақ, онда оларға диалог және аңдап қарау арқылы (Сократ және Платон бойынша) келу керек.Егер идеялар заттарда көрінсе онда оларды зерттеу керек (Аристотель). Егер идеялар адамда бар болса онда олардың көмегімен табиғатты сынау керек (Кант). Егер идея бір түрден екінші түрге ауысып отырса, онда оған синтетикалық әдіс – және диалог, және зерттеу, және сынауды қамтитын диалектика керек. Бір жағдайда Рух дауласады және аңдап қарайды; енді бірде – табиғатқа ереді; ал, үшіншіде – оны бөлшектейді; төртіншіде табиғат өздігінен дамитын идея сияқты көрінеді.
Үшінші сұрақты жоғарыда көрсетілген оқулықтың 37-39; 41-44; беттерінен және Ө.С.Төкеновтың Мәдениеттану оқу құралынан - А., 2006, 210-217 беттерден таба аласыз.
3. Семинар сабақ.