Д.13. Философиялық антропология мен аксилогияның негіздері.
1. Философия тарихында адам мәселесі.
2. Құңдылық туралы ілім және оның иерархиясы.
Дәріс мақсаты: философия пәнің анықтау, философиялық білімнің өзгешелігін көрсету, философияның мәдениетте орынын көрсету.
Негізгі ұғымдар: дүниегекөзқарас, аңыз, дін, философия, әдіс, метафизика, диалектика, материализм, идеализм.
Антропология –адам туралы ғылым.
Философиялық антропология:
1. Адам туралы философиялық ілім, «адам дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беретін, адам әлемнің объективті ғылыми және құндылықты көрінісін синтездейтін философиялық пән.
2.Германиядағы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін толықтай қалыптасқан қазіргі философия ағымы. Философиялық антропологияның негізгі идеялары және әдістемелік құрылымдары Макс Шелердің «Адамның космостағы жағдайы» (1928), Гельмут Плесснердің «Органикалық сатылары және адам. Философиялық антропологияға кіріспе» (1928) атты еңбектерімен байланысты. Философиялық антропология өкілдері – Г.Хенгстенберг, А.Гелен, П.Ландсберг, Э.Ротхакер және басқалары адамның «синтетикалық» концепциясын жасауға бағытталды. Олар философияны «адамның мәні және мәндік құрылымы», «адамның өз болмысынан қарағандағы адам» туралы ілім ретінде қарастырады.
Философиялық антропология өкілдерінің бұл мәселелерге көңіл бөлуі жеке пәндердің танымдық негізінің қалануына ықпал жасады: Э.Кассирердің, М.Ландманның «мәдени антропологиясынан» бастап, Р.Христиан және В.Вайцзекердің «медициналық антропологиясына» дейін.
Макс Шелер – философиялық антропологияның негізін салушы, осы терминге толықтай түсінік береді: «Егер де біздің өтпелі, асығыс заманымызда шешімін қажет ететін философиялық мәселе бар болса, ендеше ол - философиялық антропология. Философиялық антропология адам табиғаты және құрылымы, адамның табиғат сфераларымен (органикалық емес, өсімдік және жануарлар әлемі) және барлық заттарға дәлелдеме келтіретін пән ретінде, адамның метафизикалық пайда болуы, және оның әлемдегі физикалық, психологиялық, рухани бастамасы туралы; оны және өзі жылжытатын күштер және энергиялар, оның биологиялық психологиялық-мәдени, рухани-тарихи және әлеуметтік даму заңдары туралы, оның мәнді мүмкіндіктері мен ақиқаттығы жайындағы ғылым деп түсінемін. Бұл пәнде жан мен тәннің психологиялық мәселелері, танымдық және өмірлік сұрақтар жинақталған. Тек қана осындай антропология соңғы негіздеу бере алады және сонымен қатар барлық ғылыми және медициналық немесе тарихқа дейінгі, этнологиялық, тарихи және қоғамдық пәндердің, қалыпты және дамушы психология мен характеристикологияның зерттеу мақсаттарын анықтай алады» [4, 220-221].
Аксиология (гр. құндылық және ілім, сөз) – құндылықтар табиғатын зерттейтін философия. Аксилогия ХІХ ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы жалпы құндылықтар мәселесіне жататын кейбір қиын философиялық сұрақтарды шешуге талпыныс ретінде туды.
Философ-аксиологтар бұл сұрақтарды (өмір және тарих мәні, танымның бағыттылығы және негізделуі, адам іс-әрекетінің соңғы мақсаты және оны ақтау, қоғам және тұлға қатынасы және т.б.) ғылыми анализге берілмейді дейді.
Осылайша, құндылықтар мәселесі барлық нәрсенің шешімі ретінде келеді және танудың ерекше, ғылымнан тыс зерттеу тәсілі болып табылады. Сонымен, құндылықтар көрінісі әлеуметтен тыс феномен ретінде қарастырылады.
Аксиология құндылықтар арасында үш түрге бөлінеді. Объективті – идеалистік теориялар (неокантшылдық, гуссерльдік феноменология ізбасарлары М.Шелер және Н.Гартман, неотомизм, интуитивизм) құндылықты кеңістіктен және уақыттан тыс тылсым мән ретінде түсіндіреді.
Субъективті – идеалистік теория жақтаушылары (Д.Пролл, К.Льюис және т.б. логикалық позитивизм, эмотивизм, этикадағы лингвистикалық анализ) құндылықты сананың бір көрінісі ретінде қарастырады, одан психологиялық бағытқа сүйеніп, адам баға беретін объектілерге субъективті қатынас ретінде қарайды. Натуралистік теориясы (қызығушылық теориясы, эволюциялық этика, космостық телеология этикасы) құндылықты адамның табиғи қажеттілігінің немесе жалпы табиғат заңдарының көрінісі, - деп қарастырады.
Құндылықтар мәселесінің ішінде ғылыми жолмен шешілетін әр түрлі философиялық сұрақтар жатыр. Нақты айтсақ, аксиологиялық аспект – құндылықтардың табиғат зерттеу ретінде тек қана салыстырмалы ерікті жағдайға ие.
Көбінесе аксиологияның Шелерлік нұсқасы әйгілі. Ол Канттың 1916 ж. қатты сынға алынған «Этикадағы формализм» атты еңбегіне емес, теизмге, әсіресе, Августинге сүйенеді. Бұл жерде құндылықтар таза трансцендентальды немесе қалыпты сана ретінде емес, ол иерархия көмегімен тұрақталатын Құдай ашылуынан көрінеді.
Адам трансцендентті болып эмоционалды актілер арқасында Құдайға қатысты болады. Жемісті және ең жоғарғы акт ретінде махаббат шығады. Эмоционалды өмірдің қайнар көзі жүрек болғандықтан, онда адамды трансцендентті құндылықтармен және Құдайдың өзімен байланыстыратын бастау ашылады. Өйткені, адамның жүрегіндегі рухани энергия өзінің көрінісін осы байланыстар арқылы шығатын эмоционалды актілерден табады.
Осылайша, жүрек және одан шығатын эмоциялар психикалық жағдай болып қарастырылмайды, өзінің космостық және трансценденттік фундаменталдылығында бейнеленеді.
Жүрек – дейді Паскальдың соңына еріп Шелер – пайымынан тыс логикаға ие (logigue du coeur), ал оның тең ортасы – махаббат. Махаббаттың онтологиялық болмысын сызып көрсету үшін Шелер махаббат жинақтылығы (ordo amoris) жайында айтады. Ал ол өз кезегінде Құдай жинақтылығына негізделген. Осылайша, одан махаббатта құдіреттілікке жақындайды, нақтырақ айтсақ, оған өзі қадам жасайды, өйткені ол бастапқыдан оның жүрегінде болды, осы арқылы өзінің жатсынуынан өтіп, өз-өзіне қайта келеді.
Дегенмен, адам махаббаты әр түрлі махаббат, ол Құдайдың ашықтылығы мен тазалығын аша алмайды. Адамның өзі ordo amoris–ті орындағанда және ішкі құндылықтары толық көрінгенде өз-өзін табады. Шелер бұл жинақтылық дұрыс және дұрыс емес болатынын айтады, яғни дұрыс та, дұрыс емес те сүюге болады, ал бұл өз кезегінде махаббатқа лайықты адам өзіндегі құндылығын қалай көрсететініне байланысты болып келеді. Сондықтан, махаббат жинақтылығы құдіреттілік иерархиясында өз затының объективті құндылығына сай болуы керек.
1. Философияда адам мәселесі.
2. Тұлға: табиғаты және мәні.
3. Құндылықтар туралы философиялық ілімдер.
Мақсаты:философиядағы адам мәселе туралы философиялық концепциялар және құндылықтар туралы философиялық ілімдерін ашып көрсету.
Негізігі ұғымдар мен сөздер:антропогенез,антропология, антропоцентризм, тұлға, гуманизм, әлеуметтік, ноосфера, биосфера, экология, прогресс, құндылықтар, аксиология .
Философиялық антропология – 1920-1970 ж.ж. неміс философиясындағы ағым. Оның жолын ашқан Маркс Шелер және Хельмут Плеснер. Философияның антропологияның барлық өкілдеріне орталық нәрсе адамды тұтастай алып қарауға ұмтылу болды, адамның органикалық ерекшеліктерін, танымдық қабілеттерін, эмоционалдық сферасын, мәдениеті мен әлеуметтігін түсіндіретін бірыңғай принципті іздеу болды.
Шелердің пікірінше, адам бүкіл жануарларға қарама-қарсы заттардың жинақталған бірлігін білдіреді. Адамның мәні жануарларда да бар ақыл-ойда емес. Оның рухында, яғни рух ақыл-ойда жоғары және өмірден тыс. Рух қоршаған әлемнен тыс және ерікті. Философиялық антропологияға адамның мәнін тануда эклектика (шатастыру) тән. Бұлайша шатастыру 70-ші жылдардың ортасында философиялық антропологияның өзінің өзгешелігін, ерекшелігін жоғалтып алуына әкелді.
Марксизм адамның мәні әлеуметтік деп көрсетеді. Маркстің сөзі бойынша, адам қоғамдық қатынастың субъектісі. Нақтылы адамды оқып-зерттеу марксизм тұрғысынан әлеуметтік-экономикалық және саяси процестердің активті субъектісі ретінде зеріттеу. Өмірді сана емес, керісінше, өмір сананы айқындайды. Марксизм Аристотельдің «адам-саяси жануар» деген анықтамасын жалғастырды деуге болады. Алайда марксизм бұл қағиданы адаммен қоғамның өзара байланысын көрсеткенге дейін дамытты. Қоғам адамды, адам қоғамды өзгертеді.
Марксизмде адамның біртұтастай тану концепциясы адамның мүмкіндігін жанжақты жүзеге асыру ретінде түсіндіріледі. Алайда, адамның даму мүмкіндігі абстрактілі болып шықты. Себебі маркстің коммунизмі атеистік болса да, оның принциптері діни принциптермен пара-пар. Коммунистер барлық еңбекшілер үшін коммунизм құру үшін күреседі, ол дінге сенушілердің жұмақ құрғысы келетін сияқты. Дінде адам-құрал, ал құдай-мақсат. Коммунизмде де адам коммунизм құрудың құралы. Ал қазіргі уақытта адам реформа өткізудің құралы. Адам қоғамдағы өзгерістердің дамудың мақсаты болуы керек.
Философия тарихында адам мәселесі оның пайда болуы, қалыптасуы және адамзаттың дамуының антропогенез процесі табиғаттың қайталанбас туындысы.
Антропогенез- (грек anthropos-адам және genesis- шығу тегі) – қоғамдық жан иесі ретінде адамның пайда болып, жетілу процесі. Дарвин, Гексли және Геккель адамның үшінші кезеңіндегі жоғары дәрежедегі дамыған маймылдардын шыққандығын дәлелдеді. Адамдардың қоғамдық - еңбек қызыметі антропогенездің қозғаушы күші болды, ол қызымет ерекше қоғамдық байланыстарды мәдениетті жасады, адамның дене бітімін қалыптастырды. Мұның бәрі адамды құдай жаратты деген діни уағызды теріске шығарды. Оның пайда болуы және даму процесі австралопитектердің (адамның ең жақын арғы тегі – қазбалардан табылған маймылдар) жер бетінде тіршілік ету салтына, талғаусыз тамақтану және табиғи заттарды құрал ретінде қорғаныс үшін қолдануға, сонан соң оларды жетілдіре түсугек көшкнтен кейін әзірленді. Мұның өзі өңделмеген тас сүйік және ағаш құралдарду үгдіксіз жасауға, демек, қоғамдық өндіріс нышандарының алғашқы қоғамдық тобырларының пайда болуына әкелді. Қоғамдық өндірістің тууы сана мен тілдің пайда болуының алғы шарты болды, адамның дене бітімі қалыптасты. Қоғамның, адамның қалыптасу процесі жүздеген мың жылдарға созылды және алғашқы қауімдік тобырдың алғашқы қауымдық тобырдың алғашқы қауымдық қоғамға ойысуымен, ал неандерталдықтардың шамамен 35-40 мың жыл бұрын қазіргі адам кейіпіне келуімен аяқталады.
Жаңа заманның философиялық антропологиясы.Жаңа заманның философиялық антропологиясы пайда болып келе жатқан капиталистік қатынастардың, гуманизм деп аталатын жаңа мәдениет пен ғылыми білімнің ықпалымен қалыптасады. Егер ортағасырлардың діни философиясы адамды жерге түсіріп, оның мәселесін осы түбірде шешуге тырысады. Адамның әуел бастағы күәқарлығы туралы ілімге қарсы, ол адамның қайрымдылыққа, бақытқа және үйлесімдікке табиғи ұмтылысын бекітеді. Бұл философияға гуманизм мен антропоцентризм тұтастай тән.
Антропоцентризм- дүниетанымдық айқындама, оған сәйкес «адам» дегеніміз - әлемнің орталығы және асқар шыңы. Осы айқындамаға сәйкес әлемде ғарыштың соңғы сөзі ретінде адамға жіберілетін прогрессивті тенденциялар, эволюция жерлері жоқ және болуы мүмкін емес. Адам әлемнің қақ ортасында тұр, яғни, бүкіл әлем адам үшін-шет аймақтар, адам әлемнің ең ұшар басында тұр, демек бүкіл әлем деңгейі жөніненде, маңызы жөніненде адамнан төмен. Тек адам ғана-субъект, ал бүкіл әлем оның объектісі ғана. Әлем адам игілігіне, өз еркінше пайдалануына құрал ретінде ғана берілген. Дүние адам үшін тұғырдан басқа ештеңе емес. Көзқарас ретінде антропоцентризмнің екі негізгі типі, белсенді және енжер типі бар. Белсенді антропоцентризм адамды тікелей ғарыштың орталығына және асқар шыңына орналастырып, құдайдың атрибуттарын таңдады. Батыс Европадағы Қайта Өрлеу дәуірі қоғамның белгілі бір бөлігінің көңіл-күйі ретінде антропоцентризм осындай. Мүнда іс жүзінде әрбір суреткер (кен мағынада) — алып немесе тіпті қүдірет, қалған бүкіл әлем соның төңірегінде шыр айналады. М.Штирнер өз ілімінде антропоцентризмнің мейлінше эгоистік, жеке-дара формасын корсетті. Адамзатты дәріптеп, оған бас июге де болады (П. Боранецскийдің тұжырымдамасы) . Енжар антропоцентризм жанама түрде — адам тәрізді ең жоғарғы негізді, мәселе антропоморфты-құдайды жасап, адамның үстінен қарату арқылы адамды дүниенің орталығына және жоғары жағына әкеліп орныктырады. Антропоцентризм принципі - адам дегеніміз барлық нәрсенің өлшемі (тезисті софист Протагор тұжырымдаған). Тоталитарлық режимдер мен кейбір дамыған елдер жағдайында антропоцентризм практикалық сипат алады — табиғат талан-таражға түсін, экологиялық дағдарыстар етек жайды.
Бұл дәуірдің философиялық антропологиясында жеке мүдде үстемдігі мен туындап келе жатқан капиталистік қоғамдық қатынастарға байланысты жақындай бастаған индивидуализм, эгоизм және утилитаризм қадамдары байқалады. Жеке мүдде үстемдігінің адам туралы көзқарасқа әсері Т.Гоббс концепциясынан білінеді. Аристотельге керісінше, ол табиғаты жағынан адам коғамдық жан емес деп есептейді. Керісінше, «адам - адамға қасқыр», ал «барлығының барлығына карсы соғысы» қоғамның табиғи жағдайы болып табылады. Оның методологиялық индивидуализмі мен номинализмі әлеуметтік және этикалық индивидуализммен тығыз байланысты.
Алайда жаңа еуропалық рационализмнің негізін қалаушы Рене Декарт болып ессптеледі. Оның ойынша адамзат өмір сүруінің жалғыз күмәнсіз айғағы ойлау болын табылады және ол мънадай негіздеуші тезистен келіп шығады: «Meн ойлаймын, демек, өмір сүремін». Оның үстіне бұл философта жан мен тәннің екеуін екі түрлі санадағы субстанция ретінде карастыратын антропологиялык дуализмді аңғаруға болады. Декарттъң ойынша, дене өзіндік машина болып табылады, сана оған әсер етеді және өз кезегінде оның ыкпалын да қабылдайды. Бұл адамды машина ретінде қарастырған механистік көзқарас Жаңа заман философиясына кеңінен таралды. Ж.Ламетридің «Адам - машина» деп аталатын жұмысында механистік материализм көзқарасы негізделеді. Ол бойынша, тек біртұтас материалдық субстанция ғана өмір сүреді, ал адам ағзасы сағат тетігі тәрізді дербес оталатын машина.
Мұндай көзқарас XVIII ғасырдағы француз материалистеріне (Гольбах, Гельвеций, Дидро) де тән. Олардын философиялық антропологиясының өзгеше ерекшелігі - адамды табиғат заңдарымен детерминацияланған оның өнімі ретінде қарастыру.
И.Канттан бастап немістің классикалық философиясы адамды философиялық зерттеулердің негізгі объектісіне айналдырады. Декарт сияқты Кантта антропологиялық дуализм позициясын ұстанады, бірақ оның дуализмі жан мен тән дуализмі емес, адамгершілік-табиғи дуализм. Канттың пікірінше, адам бір жағынан табиғи қажеттілікке жатса, екінші жағынан адамгершілік еркіндік пен абсолюттік құндылықтарға жатады. Сезімдік әлемнің құрамдас бөлігі ретінде ол қажеттілікке бағынса, ал руханилықтың тасымалдаушысы ретінде ол ерікті. Бірақ Кант aдaмның адамгершілік әрекетіне басым көніл бөлді.. Кант адамды автономды және тәуелсіз бастау ретінде, өзінің теориялық практикалық әрекетінің қожайыны ретінде айкындауға ұмтылады. Адам әрекеті мен қылығының түпкі принципі категориялық императив болуы тиіс. Категориялық императив - кезкелген тұлғаның өзіндік мақсаты өзіндік жетілу болғандықтан, ол ешқашан да, қандай да бір міндеттердің, тіпті игілікті міндеттердің де жүзеге асу құралы ретінде қарастырылмауы тиіс деген тұжырымға негізделген формальды ішкі талап.
Өз ілімінде Кант сана мен бейсаналық мәселелерін де қозғайды. Ол адамда ақылмен бақыланбайтын «қараңғы елестерің» бар екенін айтады. Және бұл танылмаған елестер саласы сапа саласынан әлдеқайда көбірек. Осылайша Кантгың философиялык антропологиясы Фрейдтен көп уақыт бұрын адамдағы саналылық пен бейсаналылықтың арақатынасы мәселесін күн тәртібіне қойды. Бұл жағдайда, егер Фрейд бойынша ләззат алу принципі биологиялық қажеттіліктерді өтеумен байланысты болса, ал Кант үшін «жұмыс өмірмен шаттанудың жақсы тәсілі». Адам көп жасаған сайын көп нәрсе тындырды, өмірі неғұрлым әрекетке толы болған сайын, өмірдеп көп ләззат алды.
Гегельдің антропологиялық концепциясы, оның бұкіл философиясы сияқты рационализммен тұнып түр. Адамның жануардан артықшылығының өзі, ең алдымен адамзатқа оның адамдығы туралы хабар беретін ойлауында. Ол адамның рухани әрекет субьектісі және жалпы маңызды рух пен ақыл-ойдың тасымалдаушысы ретіндегі жағдайын аса зор күш-жігермеп дәлелдеп берді. Тұлға индивидпен салыстырғанда адам өзінің «шексіз, жалпы және еркін» жан екендігін сезінгенде ғана басталады. Әлеуметтік тұрғыда оның ілімі индивидтен әлеуметтік бүтіндіктің басымдылығы принципін айшықты түрде көрсетеді.
Гегель идеализмімен салыстырғанда материалист Фейербах тірі, эмпирикалық адамның маңыздылығын тиянақтайды. Ол адамды ең алдымен табиғаттың бөлігі, сезімдік-тәндік жан ретінде таниды. Оның философиясының өзегін құрайтын антропологиялық принцип адамының дәл осындай түсінігін ұсынады. Фейербахтың антропологиялық монизмі адамнің идеалистік түсінігіне қарсы, жан мен тән дуализміне қарсы бағытталған және табиғатқа материалистік көзқарасты бекітумен байланысты. Бірақ адамның өзін Фейербах өте абстрактылы түсінеді. Оның адамы нақты әлеуметтік байланыстар мен әрекеттерден оқшауланып қалады. Оның фи-лософиялық антропологиясы негізін «Meн» және «Сен» арасындағы қатынастар, оның ішінде, әсіресе ерекше маңызға ие еркек пен әйел арасындағы қатынастар құрайды.
АКСИОЛОГИЯ(гр. ахіа — құндылық және logos —ілім, сөз) -құндылық табиғатын философиялық тұрғыдан зерттеу. Аксиология философияда ХІХ ғ.– аяғы—ХХ ғ. басында; философияның жалпы «құндылық проблемасына» қатысты кейбір күрделі мәселелерін шешуге тырысқан әрекет ретінде дүниеге келді. Буржуазиялық философия бұл мәселелерге (өмір мен тарихтың мәні, танымның бағдарлылығы мен негіздемесі, адам әрекетінің түпкі мақсаты және оны ақтау, жеке адам мен қоғамның қатынасы және т. б.) ғылыми талдау жасауға болмайды дегенді басшылыққа алады. Құндылық проблемасы, сөйтіп, барлық нәрсенің жаппай шешімінің сипатына ие болады және ерекше, ғылыми зерттеуден тыс, дүниеге көзқарастың өзіндік тәсілі деп есептеледі. Бұл орайда құндылық құбылыстары әлеуметтіктен тыс сирек кездесетін құбылыстар ретінде қаралады. Буржуазиялық аксиология үш түрдің құндылық теориялары болып саналады. Объективті-идеалистік теориялар (неокантшылдық, Гуссерль феномено-логиясының өкілдері М. Шелер мен И. Гартман, неотомизм, интуитивизм) құндылықты кеңістік пен уақыттан тыс тұрған о дүниелік нәрсе ретінде түсіндіреді. Субъективті — идеалистік теориялардың логикалық неозитивизмнің, этикадағы лингвистикалық талдаудың аффективтік-ерік теорияларының жақтаушылары У. Эрбанның, Д. Проллдың, К. Льюистің және т. б. құндылық жақтастары құндылықты тек адамның немесе жалпы табиғат заңдарының табиғи қажеттерінің көрінісі ретінде қарастырды. Құндылықтың натуралистік теориясын (Мүдде теориясы, эволюциялық этика, космостың телеология этикасы) адамның табиғи қажеттерінің немесе жалпы табиғат заңдарының көрінісі ретінде түсіндіреді. Құндылықтың маркстік ұғымы буржуазиялық аксиологиядандан принципті түрде өзгеше. Ғылыми түсіндіруде құндылық проблемасы универсализмнен арылған. Бұл проблеманың астарында ғылыми жолмен шешілетін алуан түрлі философиялық мәселелер жатыр, шындығында аксиологиялық аспект — құндылықтар табиғатын зерттеу—сонымен тек салыстырмалы дербес сипатқа ғана ие болып отыр. Сонан соң қазіргі көзқарас құндылықтарды ерекше әлеуметтік құбылыстар ретінде, қоғамдық құбылыстардың және қоғамдық сананың нормативті турде бағаланатын жағының белгілі бір көріністері ретінде қарайды. Соңғысы осы сананың дүниетанымдық сипатын бейнелейді, бірақ оны тұтас ашпайды. Басқаша айтқанда, дүниетанымды белгілі бір құндылық позициясына саюға болмайды. Мысалы дүниетаным кейде субъективті түрде мұраттардың, моральдық бағалардың және т.б. нормативтік формасы ретінде корініс тапқанымен, өзінің негізінде дүниені ғыл. тұрғыдан түсіну және тарихи заңдарды ғылыми тұрғыда білуге сүйенетін қоғамға көзқарас болып табылады
Тестер:
1. Құндылықтар туралы ілім:
А) антропология C) аксиология
B) гносеология D) онтология
2. Құндылықты кеңістік пен уақыттан тыс тұратын мән ретінде қарастыратын теориялар:
А) объективті-идеалистікC) натуралистік
B) субъективті-идеалистік D) материалистік
3. Құндылықты тек адам санасының құбылысы деп есептейтін теориялар:
А) объективті-идеалистік C) натуралистік
B) субъективті-идеалистікD) материалистік
4. Құндылықты адамның және табиғаттың жаратылыс заңдары ретінде қарастыратын теориялар:
А) объективті-идеалистік C) натуралистік
B) субъективті-идеалистікD) материалистік
5. Шелер бойынша, ең маңызды құндылық:
А) сана C) рух
B) сенім D) махаббат
6. Шелер аксиологиясында эмоциялардың қайнар көзі:
А) жүрекC) түйсік
B) ақыл D) тәжірибе
7. «Ең басты құндылық – адам», - деп есептейтін бағыт:
А) эмпиризм C) сенсуализм
B) гуманизмD) рационализм
8. «Құндылық – бұл бүкіл дүниенің, әр адамның, әр құбылыстың мәнің анықтайтын түсінік», - деп айтқан:
A) Соловьев В.C) Лосский Н.
B) Хомяков А. D) Бердяев Н.
9. "Құндылық – бұл адамның тәртібін, іс-әрекетін белгілейтін және қмірдегі ұстанымдарын анықтайтын түсінік", - деп жазған:
A) Соловьев В.C) Лосский Н.
B) Хомяков А. D) Фролов И.
10. «Аксиология – адаммен өмірдің құндылықтары туралы ғылым, және тұлғаның ішкі дүниесін қалыптастыратын түсінік», - деп жазған:
A) Соловьев В.C) Лосский Н.
B) Ананьев Б. D) Фролов И.
11. Антропология – бұл:
A) таным туралы ілім C) болмыс туралы ілім
B) ойлау туралы ілім D) адам туралы ілім
12. Философиялық антропология бағытының өкілдері:
А) Поппер, Мах, Авенариус C) Сартр, Камю, Ясперс
B) Шелер, Гелен, ПлеснерD) Фрейд, Юнг, Зиммель
13. Философиялық антропология бағытының негізін қалаушы:
А) Маркс C) Хайдеггер
B) Фрейд D) Шелер
14. «Адам – бар нәрсенің өлшемі», - деп есептеген ойшыл:
А) Платон C) Протагор
B) Аристотель D) Пифагор
15. «Адам – саяси жануар», - деп есептеген ойшыл:
А) Платон C) Протагор
B) АристотельD) Пифагор
16. Канттың төртінші ең маңызды сұрағы:
А) мен не біле аламын? C) адам деген кім?
B) мен не істей аламын? D) мен неге үміттене аламын?
17. «Тұлға – қоғами қатынастардың жиынтығы» - деп есептеген философиялық бағыт:
A) интуитивизм C) экзистенциализм
B) прагматизм D) марксизм
18. Людвиг Фейербахтың философиясы:
А) утопиялық социализм C) субъективті идеализм
B) антропологиялық материализмD) натуралистік пантеизм
19. Экзистенциализмнің басты проблемасы:
А) адамның мәні C) адамның өмір сүруі
B) адамның сенімі D) адамның ойлау қабылеттілігі
20. Адамның «бейсаналығын» зерттейтін философиялық ілім:
А) экзистенциализм C) постмодернизм
B) структурализм D) психоанализ
Бақылау сұрақтары:
1. Философиядағы адам мәселесі.
2. Руханилық және адам әлемі.
Әдебиеттер:
1.Ақназаров Х.З. Философия тарихынан дәрістер курсы-Алматы 1992.
2. Ғабитов Т. Философия. 2002.
3. Қабаева Ж. Философия білімінің негіздері.
4. Тұрғынбаев Ә. Философия. 2005.
5. Кішібеков Д., Садықов А. Философия. Алматы.2002.
6. Философия хрестоматиясы. Алматы 1986.
7. Нурышева Г. Философия. 2006.
8. Эбішев М. Философия. – Алматы, 2000.