А) тарихты формациялық тұрғыдан талдау
Қоғамды материалистік тұрғыдан түсіну жолында К.Маркс қоғамдық-экономикалық формация теориясын жасайды. Оның ойынша, ол - нақтылы-тарихи сатыдағы белгілі бір өндіріс тәсіліне негізделген қоғам. Формациялық тұрғыдан бүкіл адамзат тарихын талдай келе, К.Маркс келесі қоғамдарды ашады: алғашқы қауым, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік формациялар. Алайда адамзат тарихы болашақта коммунистік формацияны заңды түрде тудырады. Өйткені, оның ойынша, капиталистік қоғамның негізгі мақсаты - заттық байлықты жинау, капиталды өсіру, ал тарихи сахнада өмір сүріп жатқан тірі адам - сол мақсаттың құралы ғана. Осы себепті К.Маркс капиталистік қоғамды қатты сынға алады. «Капитал ең тәтті шырынның өзін адамдардың бас сүйегіне құйып ішеді», ...«адамдардың бір-біріне деген нәзік те жылы қатынастарын капитал мұзды суға батырады»,...«бұл коғамда қартайып қайраты кеткен шал гүлденген жас әйелге үйленеді, өйткені бұл қоғамда бәрі де сатылады», -- деп корытады К.Маркс. Әрине, мұндай ахуалдың мәңгілік сақталуы мүмкін емес. И.Канттың «Адамды әркашанда мақсат тұт» деген талабын жақсы білген К.Маркс, болашақта адамды негізгі максатқа айналдыратын коғам дүниеге келеді, ол коммунизм (communitas- латын сөзі, қауымдык) деген тұжырым жасайды. К.Маркстің ойынша, бұл коғамда жекеменшік толығынан жойылып, өндіргіш күштердің орасан зор дамуының нәтижесінде адамдар арасында толык теңдік орнап, олардың барлық қажеттіліктері толығынан өтеліп, адамдар жан-жақты дамып гүлденеді, адамзаттың мыңдаған жылдар армандаған бақытты өмірге қолдары жетеді. Алайда ондай қоғамға жету жолында ең алдымен социалистік сатыдан өту кажет. «Күйреген капитализмді терістеп дүниеге келген бұл қоғамда әлі де болса таптар мен әлеуметтік әртүрлі топтар сақталады. Бұл қоғамда әр адамнан өз қабілетіне қарай, қайырымына еңбегіне қарай игіліктер бөлінеді», - деп қорытады К.Маркс.
Бүгінгі таңдағы К.Маркстің коммунизм теориясын сынаушылар өздерінше оны «сілейте сынап», оған қарсы теріске ешқашанда шығарылмайтын деректер таптық деп масаттанады. Ондай «ғұламалар» әсіресе бүгінгі «либералдардың» араларында жиі кездеседі. Ол қандай деректер екен?
Біріншіден, әр адамның барлық қажеттіліктерін толығынан өтеу үшін шексіз байлық өндірілуі қажет, ал оның ешқашанда болуы мүмкін емес, бұл дүниедегінің бәрі шектелген деген «даналықты» олар алға тартады. Осы арада дереу бізге мынандай ой келеді: бүкіл дүниежүзілік қауым мойындаған аса дарынды ойшыл қазіргі кейбір майда қоғамтанушылардан да таяз болғаны ма? Әрине, жоқ. Дүниедегінің бәрі де шектелген, ол - рас. Сонымен қатар бұл қағида адамға да қатысты. Мысалы, жеке адамға шаққанда жылына қанша ет, көкөніс, май, т.б. тағамдар керек екен? Ол шексіз бе? Әрине, шектелген. Басқа да адамға қажет материалдық игіліктерді де осы секілді қарастыруға болады. Бірақ бұл дүниеде шектелмейтін бір ғана нәрсе бар: ол - адамның рухани-шығармашылық жетілуі. К.Маркстің ойынша, жаңа қоғамды орнату барысындағы қалыптасатын қоғамдық қатынастар адамның белсенді жасампаздық іс-әрекетін тудырып, соның нәтижесінде тек қоршаған орта ғана өзгеріп қоймай, сонымен бірге адамдардың өздері де өзгеріп, жан-жақты дамып, ішкі табиғи дарындарын гүлдетіп, сыртқа шығарады. Мұндай әлеуметтік болашақ ахуалды ол кісі коммунизм деген ұғыммен береді. Ал мұндай жолмен дамудың расында да шегі жоқ, ол тоқталмайтын үрдіс.
Екіншіден, марксизмді сынаушылар: «Егер адамның барлық қажеттіліктерін өтей алатын ахуал дүниеге келсе, онда дереу қоғам іріп-шіри бастар еді», - деген пікір айтады. Өйткені адамға еш нәрсе қажет емес, ондай жағдайда адамның саусағы да қимылдамайды емес пе деген сауал қояды. Әрине, біз адамды тек қана дене ретінде қарасақ, бұл пікірді терістеу қиын. Онда бақыт, өмірдің мәні тек қана ішіп-жеп, дүниеден тәндік-сезімдік ләззат алуда болса керек. Мұндай көзқарас, мәселеге тереңірек үңілсек, адамды жануарға теңеп, оның қадір-қасиетін аяққа басады, оның «жиырылған ғарыштық» Дүниедегі ерекше рөлін түбі жоқ тұңғиыққа батырады Сондықтан да болар, кейбір билікке ұмтылғандар, шындыққа айналмайтын уәделер беріп, қалың бұқараны алдап-арбап, оны жеңіл түрде оңға-солға, керек жаққа бұрылатын тобыр ретінде карайды. Мұндай ахуалды бүгінгі таңда біз кейбір материалдық жағынан дамыған елдерден байқаймыз. Өкінішке қарай, сонау Қайта өрлеу заманынан басталған Батыс елдеріндегі өмірдегі материалдық-сезімдік бағыт бүгінгі күнге шейін созылып, терең рухани-адамгершілік дағдарысқа әкелгенін дүниежүзілік зайырлы қауым көріп отыр. Алайда бұл өмірлік жолдың адамзатты тұйықтыкқа, я болмаса ядролық соғыс арқылы өзін-өзі өлтіруіне әкелетінін болжау қиын емес. Расында да, материалдық игіліктер әрқашанда шектелген. Егер адамзаттың дамыған елдердегі «алтын миллиард» аталған бөлігі өлшемнен жоғары тұтынуды өмірлік мақсат-мұратқа айналдырып, ал келесі артта қалған елдердегі миллиардқа жуығы күнбе-күн аштықтың зардабын көріп, жыл сайын 70 миллионға жуығы өліп жатса, жер бетіндегі шиеленіс, экстремизм мен терроризмнің өршімесіне кім кепілдік бере алады?
Бірақ адамзаттың әртүрлі заманда өмір сүрген барлық кемеңгерлері - Сократ пен Анарыстан бастап, Абай мен К.Ясперске дейін - адамның рух екенін шаршамай айтып келген болатын. Өкінішке карай, бүгінгі таңға шейін рухани-адамгершілік жолында адамзат өте кабілетті окушы болып отырған жоқ. Алайда болашақта тек осы жолда ғана адамзат өзін-өзі сактап қалуы мүмкін.
К.Маркстің коммунистік теориясына бүгінгі таңда қандай баға беруге болады? Бұрынғы Кеңес Одағындағы социалистік қоғамды орнатудағы орасан зор жасампаздықпен қатар қайғыға толы іс-әрекеттер тарихи тұйыктыққа әкелгенін жақсы білеміз. Алайда оның кінәсін К.Маркстің теориясынан іздеу дұрыс болар ма екен? Мүмкін, оған кінәлі «марксизмді жаңа дәуірде шығармашылық жолмен ары қарай дамытқан» большевиктердің көсемі Ленин болар? Расында да, капиталистік қатынастар әлі күшіне кірмеген, тіпті кейбір жерлерде тағылықтың іздері әлі өшпеген феодалдық елде социализм орнатамыз деп лепірген революцияшыл топтардың тарихи кінәлілігін айтпай кетпеуге болмайтын сияқты. Екінші жағынан, қоғамдағы терең де жүйелі дағдарыстың өршіп, халықтың шыдамының таусылғаны да оған себеп болса керек. Алайда бүгінгі таңдағы әлеуметтік мемлекет орнаткан кейбір елдерге көз жіберсек (Швеция, Финляндия; Голландия т.с.с.), ол елдерді К.Маркстің заманындағы капиталистік коғаммен толығынан салыстыруға болмайды. Мемлекет тарапынан жасалған келемді әлеуметтік бағдарламалар әлсіз топтарға біршама көмек көрсетіп, олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Сонымен дамыған капиталистік елдер ешқандай революция, қантөгіс төңкерістері-ақ бірте-бірте әлеуметтілікке қарай жылжып бара жатыр. Ал социализм дегеніміздің өзі әлеуметтілік деген мағына бермей ме? Олай болса, К.Маркстің социалистік қоғам жөніндегі тарихи болжамы бірте-бірте іске асып келе жатқанға ұқсайды. Енді маркстік коммунизм идеясына келер болсақ, оны «бітпейтін ағыл-тегіл материалдық байлыққа» теңесек (осындайғып оны түрпайыландырған бұрьшгы Кеңес көсемдерінің бірі Н.С.Хрущев болған-ды), онда ол ешқашанда болмайтын қиял ғана деп есептеуге болады. Өйткені бұл дүниеде бәрі де шектелген. Ал, бірақ ол болашақтағы әр адамның гүлденуі, жан-жақты дамып, шығармашылық деңгейге көтерілуі десек, — оның іске асуы мүмкін. Бұл теорияның тағы бір осал жері — тек қоғамдық меншіктің ғана болашағын мойындау, басқа меншік формаларына қарсы шығу. Диалектикалық дүниетануды қаншалықты меңгергенмен, К.Маркс саясатқа келгенде қиялға бой берген болса керек. Өткен Кеңес қоғамындағы мемлекеттік меншік шаруашылықты монополизациялап, акырында іріп-шіріп кеткен жоқ па?
Сонымен қатар К.Маркстің теориясындағы тарихи үрдістегі революцияның, зорлық-зомбылықтың рөлін асыра көрсетуі сол кезде болған әлеуметтік-саяси ахуалдан, содан ашынудан шықса керек. Қандай ұлы адам болғанымен, бұл тұлға да өз заманының перзенті болғанын айтып кету қажет. Олай болса, ол да қателескен. Бүгінгі заманның шыңынан тарихқа көз жіберсек, бірде-бір тарихтағы болған революцияның алдына қойған мақсат-мұраттарына жетпегенін, керісінше, миллиондаған адамдарды қайғы-қасіретке, адам шошынарлық қантөгіске әкелгенін көреміз. Тарихи үрдістен шығатын бүгінгі адамзаттың көзі жеткен тұжырымы -коғамды күнбе-күнгі қажымас еңбек, өзара келісімге келу, қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу арқылы өзгерту, даму болмақ.
в) мәдениет және цивилизация. Тарихты цивилизациялық-мәдени жолмен талдау мәселелері
Тарих философиясының іргелі категорияларына мәдениет және цивилизация ұғымдарын жатқызуға болатын сияқты. Көп жағдайларда олар бір мағыналық дәрежеде пайдаланылатыны да рас. Мәдениет деген түбі араб сөзі «калалық», ал цивилизация деген латын сөзі де алғашқы уакытты «қалалық», «азаматтық» деген мағынамен сөздіктерге кірген. Ал Орта ғасырларда «кала» деген ұғымды «қоғам» ретінде түсінсе, онда олардың бір-бірімен уласып кететіні де рас. Сонымен, кең түрде алғанда, мәдениет деп тағы алғашкы табиғатқа қарсы тұрған, адамдардың іс-әрекеттері арқылы өзгертілген дүниені айтамыз. «Культура» деген сөздің өзінің түп мағынасы «өңдеу», «өзгерту», ал «культ» деген сөз белгілі бір нәрселерге табыну, көну деген мағына береді. Ал өзгертілген дүниенін. (оны кейбір кезде «екінші табиғат» дейді) ерекшелігі неде? Өзгертілген заттарда адамның ақыл-ойы, шығармашылык іс-әрекеттері заттанады. Сол заттарды игеріп, пайдаланған кезде ондағы заттанған рух тағы да «жалт етіп жанып» адамның санасының құрамдас бөлігіне, яғни оның ішкі дүниесіне айналады.
Бұл арада оқырманның назарын мына нәрсеге аударғымыз келеді. Сол айнала коршаған ортаны өзгертудің өзі - табиғатқа бейімделудің бір түрі ғана. Мысалы, көне Қытайда табиғаттың стихиялық күштеріне қарсы түру әрекеттері жүздеген мың адамдардың басын қосып, оларды мәжбүрлеп, алып каналдарды ғасырлар бойы салуға ұмтылдырды. Нәтижесінде бұл елде қауымдастық принципке негізделген мәдениет пайда болып, оның кағи-далары, әлеуметтік нормалары осы уақытқа дейін ұсталынуда. Еуропа топырағында жұмсақ климат, айнала қоршаған жылы теңіздер жеке адамның іс-әрекеттерінің дамуына өз септігін тигізіп, жекешелілікке негізделген мәдениеттің қалыптасуына әкелді. Олай болса, жер бетінің түкпір-түкпірінде өмір сүріп жатқан халықтардың сол қоршаған ортаға байланысты қалыптасқан өз төл мәдениеті бар деп айтуымызға болады.
Әр халықтың төл мәдениетінің негізінде оның тудырған тілі жатыр. Оны қазақ «ана тілі» дейді, өйткені ол ананың ақ сүтімен бірге беріледі. Тіл арқылы біз дүниені түйсіну, сезінуге мүмкіндік аламыз. Тілде халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған тәжірибесі, даналық кағидалары берілген. Сондықтан ол - бағасы жоқ құндылық. Сондықтан да қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тілге айналмай, халқымыздың көсегесі көгермейді.
Кең түрде мәдениетті екі салаға бөлуге болады. Олар -материалдық және рухани мәдениет. Оларды бір-бірінен айыру анықтамасы — адамға керек кажеттіліктерді өтеуде. Егерде белгілі бір зат адамның физиологиялық, материалдық мұктаждықтарын қанағаттандырса, оны материалдық, ал - рухани сұраныстарын өтесе - рухани мәдениет құндылықтарына жатқызамыз
Күнделікті өмірдегі түсінікке келер болсақ, мәдениетке ғылым, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, саяси-құқтық, моральдық эстетикалык т.с.с. құндылықтарды жатқызуға болады. Ал енді бұл ұғымның өрісін мейлінше тарылтсак, онда мәдениетке адамның ішкі жан дүниесін, оның білім деңгейін, дүниеге деген көзқарасын, басшылыққа алатын әлеуметтік нормаларын т.с.с. атаймыз
Енді цивилизация ұғымына келер болсақ, біріншіден айтып кететін жайт - бұл ұғымның көпмағыналығы. «Civilitas», деген латын сөзі «қалалық», «азаматтық» деген мағына береді. Енді бұл ұғымға берілетін бірнеше негізгі түсініктерді атап өтейік. Біріншіден, цивилизация алғашқы қауымдық коғамнан кейін дүниеге келетін адамзат тарихының сатысы (Л.Морган, Ф.Энгельс). Екіншіден, цивилизация дегеніміз қоғамның алып заттық денесінің пайда болып, адамдардың материалдық-сезімдік өмірлік бағытына көшуі, руханияттың азғындауы (О.Шпенглер, Ж.Ж.Руссо). Үшіншіден, цивилизация дегеніміз, белгілі бір географиялық ойкуменада (аймақта) қалыптасатын ортақ дүниесезім мен өмір салты, мәдени құндылықтар, шаруашылық формалары (А.Тойнби, В.Данилевский). Төртіншіден, өндіргіш күштер дамуы биік дәрежеге көтеріліп, негізгі қоғамдық қатынастардың заңмен ретке келтірілуі, адам құқтарының бұлжымай орындалуы, «тұтыну қоғамының» орнауы (Д.Бэлл, З.Бзежинский). Бесіншіден, цивилизация дегеніміз, сайып келгенде, дін арқылы берілетін моральдық-рухани құндылықтардың негізінде ұйымдасқан қоғам (В.Мак-Нил, С.Хантингтон). Әрине, мұндай көпмағыналық ұғым тарихи үрдісті әртүрлі тұрғыдан талдауға мүмкіндік береді. Қалай дегенде де, әрине, алғашқы қауымдық қоғам белгілі бір дәрежедегі мәдениетті тудырғанмен, цивилизация емес. XX ғ. өмір сүрген көрнекті неміс ойшылы К.Ясперс цивилизация «кіндікті заманда» - б.з.д. ҮІІІ-ІІ ғғ. дүниеге келеді деген пікір айтады. «Бұл кезде Шығыста да, Батыста да бүкіл адамзат пір тұтатын ойшылдар дүниеге келіп, өз халықтарын адамгершілік жолға түсіреді. Олар: Лао-Цзы мен Кон-фу-цзы (Қытай), Махавира мен Гаутама Сидхарт-ха, соңынан Будда аталған (Үндістан), Заратустра (Парсы), Сократ, Платон, Аристотель (Греция), Палестина топырағында дүниеге келген Библияда көрсетілген кейіпкерлер», - деп қорытады К.Ясперс. Алайда кіндікті заманды материалистік тұрғыдан түсінуге болар ма екен? Аталған уақыт адамзаттың кола дәуірден өтіп, темір дәуіріне келген кезін көрсетеді. Соқаның басына байлаған темірден жасалған жер жыртқыш жердің өңделуін анағұрлым жақсартып, көп өнім алуға мүмкіндік береді. Ал оның өзі қажеттіліктен артық байлықтың дүниеге келуіне, соның нәтижесінде ең алдымен заттарды айырбастау, соңынан олардың бәрін теңейтін алтын, кейін акшаның пайда болуы әлеуметтік айырмашылықты тудырады. Жекеменшік дүниеге келіп, мемлекеттік дәрежеде ұйымдасқан коғамның формасы келеді. Енді коғамда дене еңбегімен тікелей айналыспай, өз өмірін толығынан ой еңбегіне арнаған адамдар - жазушылар, философтар, діни қызметкерлер, мемлекет шениелері т.с.с. дүниеге келіп, олармен бірге жазба тарих пайда болып, мектептер ашылады т.с.с. Міне, енді дүниеге осы уақытта цивилизация келді деп айтуға болады.
Енді тарихи үрдісті цивилизациялық-мәдени жолмен талдау әдістемелеріне келер болсақ, осы ұғымдардың көпмағыналығына сай әртүрлі тұжырымнамаларды көруге болады. Алғашқы рет адамзат тарихына көз жіберіп «циклдік», яғни белгілі бір шеңберде дамып, соңында бастапқы сатысына қайта оралу идеясын философияға енгізген ДжанбатистоВико (1668-1774 жж.) болатын. Осы шеңберде белгілі бір мәдени қауымдастық, ұлт үш дәуірден өтеді екен. Бірінші - діни, екінші - батырлық, үшінші - азаматтық, содан кейін бастапқы діни сатыға қайта оралады. Осы тұрғыдан алғанда, біздің халықтың тарихи батырлық сатысы, шамасы, Алтын Орда мемлекетінің заманында болса керек. Қазір біз азаматтық қоғам орнату үрдісіндеміз. Жүре келе, мұндай «циклдік» идея біршама тарихи-сопылық көзқарастардың негізіне алынды. Тарихи бірінші болып «мәдени-тарихи типтер» ұғымын енгізіп, соның арқасында тарихты сопылап көрген орыс ғалымы Н.Я.Данилевский(1822-1885 жж.) болғанды. Ол Батыс Еуропа елдерінің «германо-романдық» тарихи даму жолын жан-жақтың деп есептемей, керісінше, оның рухани-адамгершілік дағдарыста, болашағының жоқ екенін көрсетеді. Оның ойынша, адамзат тарихының дамуы «мәдени-тарихи типтердің» өзара бір-бірімен күресі жолында дамиды. Бірақ бұл күресте алға шыққан негізі мен құрылымы жағынан мықты тип тарихи үрдістің негізін құрайды. «Мәдени-тарихи типтер» сол қауымдастыққа кіретін халықтардың ортақ тілін талап етеді. Екіншіден, ол халықтардың саяси дербестігі болуы қажет, үшіншіден, ол толықканды болуы үшін әртүрлі халықтар мен ұлыстардан тұруы қажет. Қарап отырсақ, аз-мұз жетілген бұрынғы Ресей империясы көз алдымызға келеді. Оның ойынша, егер славяндардың тарихи болашағы мол болып, олар көштің басында болса, ғұндар мен түріктер тек қана қиратуға жаратылған халықтар екен. Қытай, Үндістан, Иран т.с.с. көне автохтондық цивилизациялардың да болашағына Н.Я.Данилевский күмән келтіреді. Сонымен славян тілдері мен мәдениеті шарықтап дамып, ал қалған кішігірім халықтар осы «мәдени-тарихи типті» безендіріп, сонымен катар мәресіне жетпей құрып кетеді екен.
Алайда Н.Я.Данилевскийдің бұл жасанды империялық-үлтшылдық тұрғыдан жасаған конструкциясын тарих ақтамады. Бүгінгі таңда көне түріктердің тарихын жалғастырып келе жаткан казақ халкы неоренессанс үрдісінде.Оны бүкіл дүниежүзілік кауым мойындады. Бүкіл жер бетіндегі түрік дүниесі өз-өзін адамзатка көрсетіп, орнын анықтау барысында бірте-бірте жақындасуда. Ал Қытай мен Үндістан цивилизацияларына келер болсақ, олар бүгін тұйықтықтан шығып, нағыз өрлеуүстінде.
Тарихи сопылықка өз үлесін қосып, уақытында үлкен қызығушылық тудырған Освальд Шпенглер (1880-1936 жж.)болды. Оның ойынша, тарихта әртүрлі мәдениеттер өз-өзін тудырып, гүлдеп, акырында өмірден озады. Тарихтағы әрбір мәдениет дара, өзінің ішкі қайталанбайтын құрылымымен көрінеді. Бір мәдениеттің шеңберінде өмір сүрген тұлға екінші мәдениеттің ерекшелігін толығынан ешқашанда ұға алмайды. Сондықтан оларды тек сырттай салыстыру арқылы ғана бағалауға мүмкіндік аламыз.
Әрбір мәдени типтің тарихтағы өмір сүруі шамамен 1200-1500 жылға созылады. Әрбір мәдениет «жастық шағынан өтіп, есейе келе» өз жұмсақтығы мен шабытынан айырылып, қатая бастайды. Өмір мұздаған салқын лебізді ақыл-ой (рационализм) торына түсіп, тікелей шындықтан өрбитін шабыт, шығармашылық техникалық үстемдіккеауысады. Ақырында мәдениет цивилизацияға ауысып, қоғамның алып материалдық денесі оның рухын тұншықтыра бастайды. Еуропаның күйреуі осыдан басталады.
XX ғ. ортасында ағылшын ғалымы Арнольд Тойнби (1889-1975 жж.)цивилизациялық талдаудың жаңа түрін дүниеге әкеледі. Оның ойынша, тарихтағы әрбір цивилизация қоршаған ортаға бейімделудің негізінде өзіне тән рухани құндылықтарын, шаруашылық формаларын жасайды. Сондықтан жер бетіндегі мәдениет формалары әрқашанда әртүрлі болмақ. Бірақ казіргі жағдайда Атлантикалык цивилизация дүние жүзіндегі басқа халықтарға үстемдік көрсетіп, олардың мыңдаған жылдар бойына жинаған мәдени тәжірибесіне, құндылықтарына нұқсан келтіруде. Дегенмен де А.Тойнби тарихқа деген О.Шпенглердің пессимистік көзқарасына қарсы. Тарихи дамуда белгілі бір мәдениет қандай қиындық көрсе де, оны адамның ерікті де жауапты іс-әрекеттері аркылы жеңе алады. Оны көрсету үшін ойшыл тарихи сопылыққа екі жаңа категория енгізеді. Біреуі - қоғам алдына қоятын тарихтың Талабыболса, екіншісі - оған берілетін қоғамның Жауабы.Цивилизацияның өсуі, әрі қарай күрделенуі - сол нақтылы заманның қойған Талаптарына сәйкес келетін шешімдер, Жауапты табу болмақ. Егерде ондай Жауапты элита таба алмаса, онда ол цивилизацияның сағы сынып, оның күйреуіне жол ашылады. Сонымен цивилизация тағдыры азшыл шығармашылық топтың іс-әрекеттерімен тығыз байланысты.
А.Тойнбидің енгізген бұл категорияларының методологиялық маңызы өте зор. Ол әсіресе модернизация, жаңару үрдісіндегі көп дамып келе жатқан елдерге аса қажет. Тәуелсіздіктің басында, Елбасының басшылығымен жасалған жаңа ұлттык саяси элиталы шешімдерінің арқасында заманның қойған Талабына біз дұрыс Жауап қайтара алдық. Соның нәтижесінде Қазақстан өз тәуелсіздігін уыстан шығармай, жаңа мемлекеттің іргесін нығайтуда. Егерде сол кезде басқа элита тобы болып, заманның Талабына сәйкес Жауап таба алмағанда, Қазақ елінің тағдыры аянышты болуы мүмкін еді.
Қазіргі адамзаттың дағдарысынан шығу жолын ойшыл Бүкіл дүниежүзілік рухани бірліктен көреді. Ал ол үшін дүниежүзілік діндердің аса қадірлі жақтары біріктіріліп, бірегей Дүниежүзілік дін дүниеге келуі керек. Сонда ғана әртүрлі цивилизациялардың басы бірігіп, бүкіл адамзаттың әрі карай дамуына жол ашылады, - деп А.Тойнби өз ойларын корытады. Цивилизациялық талдаудың соңғы үлгілерінің біреуі XX ғасырдың 60 жж. аяғында жасалған болатын. Осы кезде К.Маркстің жасаған формациялық теориясына канағаттанбаушылық байқалды. Өйткені Кеңес Одағындағы мемлекеттік меншікке негізделген жоспарлық экономика Батыстағы капиталистік жекеменшікке негізделген нарықтық экономикамен сайыска түсе алмай, артта қала бастады. Ал К.Маркстің формациялык теориясы бойынша, социализм капиталистік коғамның жеткен жетістіктерін басып озып, одан да гөрі асқан өндіргіш күштерді тудыруы керек еді. Осы ахуалды ескере отырып, Д.Бэлл, Р.Арон, У.Ростоу сияқты Батыс ойшылдары К.Маркстің коммунизм теориясын «утопиялық, ешқашанда өмірге келмейтін сағым» ретінде қарап, олай болса қоғамды талдаудағы жаңа әдістеменін керек екенін алға тартты. Сондықтан Батыс әлеуметтік философиясында формациялық талдаудың орнына цивилизациялық сараптау жолының тағы бір түрі келді.
Бұл талдаудың негізінде жатқан анықтаушы - қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы, яғни бұл әдістемені де қоғамды материалистік жолмен түсінудің бір түрі ретінде қарауға болады. Оны кейбір кезде «технологиялық детерминизм»деп атайды.
Осы тұрғыдан оның алғашқы сатысын аграрлық цивилизациядеп атайды. Ол алғашқы қауымдық қоғамнан кейін дүниеге келеді. Оның өмір сүруі тарихта бірнеше мың жылдарға созылды. Оның негізгі мінездемелеріне келер болсақ, халық ауылдарда шоғырланған және материалдық игіліктердің бәрі дерлік сонда өндіріледі. Қалалар әлі кішігірім ғана, онда тек мемлекеттік шен иелерімен қатар ақсүйектер ғана тұрады. Енді еңбекті ұйымдастыру принципіне келер болсақ, ол мәжбүрлік, зорлық-зомбылыққа негізделген: толығынан иесіне тәуелді құл мен жартылай тәуелді шаруа, әрине, жақсы өнімді жұмыс істеуге мүдделі емес. Сондықтан мемлекеттің күш қолдану мекемелері көлемді болып келеді, өйткені оқтын-оқтын езілген таптар көтеріліске шығады. Бірақ қоғамды өне бойы қолдың күшімен ұстап тұруға болмайды. Сондықтан бұл қоғамның рухани тірегі ретінде бүгінгі таңдағы дүниежүзілік діндер пайда болады. Қайсыбір діннің негізгі атқаратын қызметі — езіліп, зардап шеккен адамның жан дүниесіне рухани әсерін тигізіп, тыныштандыру, қарымына о дүниедегі жұмақты ұсыну болмақ.
Мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген бұл қоғам жаңа дәуірде индустриалдық цивилизацияғаауысады. Бұл қоғамның дүниеге келуі, негізінен, машиналық өндірістің пайда болуымен байланысты. Олай болса, материалдык игіліктердің пілдей бөлігі қалада өндіріле бастайды, ауыл болса тек шикізат өндіретін дәнекерге айналады. Негізгі халық урбанизация (urban - қалалық, лат. сөзі) үрдісіне түсіп, қала тұрғындарына айналады. Орасан зор мыңдаған жұмысшылар бір жерде шоғырланған зауыттар мен фабрикалар пайда болады. Адамдардың бір-біріне тәуелділігі жойылып, занды түрде олардың құқтары теңеледі. Соның нәтижесінде зорлық-зомбылыққа негізделген еңбек жойылып, оның орнына экономикалық мүдделілік келеді. Бір жағынан, капитал иелері, екінші жағынан, жұмыс істеу қабілеті, күшінен басқа ештеңесі жоқ адамдар бір-біріне қосылып, еңбек үрдісін кұрайды. Индустриалдық қоғам өндіргіш күштерді бірнеше ғасыр шеңберінде бұрың-соңды болмаған дәрежеге көтереді. Өне бойы жаңарып жатқан машиналар мен өндіріс жабдықтарын игеру үшін халықты ағарту, білім беру қажет болды. Жалпы алғанда, халықтың тұрмыс және мәдени деңгейі анағұрлым биік дәрежеге көтеріледі. Дегенмен екі қарама-қарсы мүдделері бар капиталистер мен жұмысшы таптар арасындағы қайшылықтар өршіп, әртүрлі таптық күрес формаларын тудырады. Ақырында, 350 жыл шамасына созылған тез қарқынды индустриалдық даму екі үлкен дағдарысқа келіп тіреледі: олар бір-бірімен тығыз байланысты энергетикалық және экологиялық қиындықтар болатын.
Аталған дағдарыстардан шығу жолында жаңа компьютерлік технологиялар дүниеге келіп, энергияны аз пайдаланатын, олай болса, экологиялық жағынан да ұтымды өндіріс ошақтары пайда болады.
Сонымен XX ғ. 60 жж. біршама индустриалдық жағынан дамыған қоғамдар постиндустриалдық(роst - кейінгі) сатыға көтеріледі. Оны кейбір кезде информациялық(ақпараттық) қоғам дейді. Бүгінгі таңда постиндустриалдық сатыға жеткен елдерде 1 млрд. жуық адам өмір сүреді (әдебиетте оларды «алтын миллиард» деп атап кеткен). Бұл елдерге Батыс Европа елдерін, АҚШ, Канада, Австралия мен Жаңа Зеландия, Жапония, Малайзия, Сингапур т.с.с. жатқызуға болады.
Бұл сатыға жеткен қоғамдар қандай сапалық ерекшеліктерге жетті?
Постиндустриалдық мемлекеттердің негізгі институтына университеттік білім беру саласы айналып отыр. Ол елдердегі жоғары оқу орындары негізінен үш шеңберден тұрады. Оның өзегін лекциялар оқылатын, семинарлар жүргізілетін оқу кешендері, екінші шеңберде - ғылымның ең соңғы жетістіктерінің негізінде жасалған лабораториялар, үшінші шеңберінде эксперименталды шеберханалар мен аз көлемді түрде жаңа технологиялардың негізінде ойлап шығарылған заттарды шығаратын мекемелер орналасқан. Яғни шығармашылык деңгейге кетерілген жастардың неше түрлі идеяларының іске асуына барлық жағдайлар жасалған. Соның арқасында, университеттер өндіргіш күштердің дамуының негізгі қайнар көзіне айналуда. Біздің жас мемлекетімізде де университеттердің дамуына жағдай жасалып жатқаны осы тұрғыдан алып қарағанда түсінікті болар. Әрине, бүгінгі таңда біз оқу орындарының лабораториялық базаларын күшейтуге ең алдымен көңіл аударуымыз қажет.
Постиндустриалдық қоғамды кейбір кезде «тұтыну қоғамы»деп атайды. Өйткені өндіргіш күштердің орасан зор дамуының нәтижесіндс халықтың көпшілігінін материалдык ахуалы биік деңгейге жетіп, қолдағы байлықтан ләззат алуға бағытталған, сол арқылы өзін қоғамға көрсету (демонстративтік тұтыну) өмір салты қалыптасты. Сонымен «homo consumer» (тұтынушы адам) дүниеге келді.
Бүл арада біз постиндусгриалдық қогамның теріс жақтарынталдауга көшеміз.Бірінші қоятын сұрағымыз: индустриалдық қоғамдағы адамды құрал ретінде пайдалану, байлықты, капиталды негізгі мақсат-мұрат тұту жойылды ма? Әрине, жоқ. Постиндустриалдық коғам өндіргіш күштерді өте биік дәрежеге көтеріп, миллиондаған адамдардың орасан зор күш-қуатын босатты. Ол күш-қуат қоғамның рухани жаңаруына, адамдардың жан-жақты дамып, шығармашылық деңгейге көтерілуіне жұмсалудың орнына материалдык заттар арқылы өмірден неше түрлі сезімдік ләззат алуғабағытталады. Өйткен себебі, капиталдың өне бойы өсуі нарықтағы айналымның тез өтуімен тығыз байланысты. Керісінше жағдайда ол тоқырауға ұшырайды. Сондықтан жыл сайын жаңа тауарлардың сан алуаны шығарылып, жарнама аркылы адамдарға таратылады. Оларды тұтынатын адамдар өздерін өмірдің желісінен қалмадық деп есептейді де, тұтына алмағандар өзін бишара ретінде сезінеді. Мүндай өмір салты көбірек тұтынуды өмір мақсатына айналдырады,ал ол үшін көбірек ақша табу керек, оның жолында сайысқа түсіп, стреске ұшырап, неше түрлі транквилизаторларды қолданып, ақырында көп адамдар жүйке ауруларына шалдығады. Өмірдің мән-мағынасы жойылған адам әлеуметтік ауытқулыққа(социальная аномалия) шалдығып, қылмыстық жолға, я болмаса маскүнемдік, нашақорлық, тіпті өмірден бас тартуға (суицид) дейін барады.
Постиндустриалдык қоғамда көп адамдар өзін еркінмін деп сезінгенмен, іс жүзінде, биліктегілердің байқалмайтын нәзік ықпалынын шеңберіненшыға алмайды.Оны іске асыратын -сол елдердегі «Mass-media» (насихат, ақпарат беру) құралдары. Саясаттану тілінде оны «public relation» ,қысқаша, «Р.К.» (бұкаралық қарым-қатынас) деп атайды. Ол әсіресе сайлау кезінде кеңінен қолданылады. Оның кейбір «кара» жақтары біздің елімізге де келіп жетті емес пе?
«Осындай өмір салтының негізінде Батыс қоғамдарында тұлғалық ерекшеленуліктің орнына біркелкілік келіп, іс жүзінде халык бұқарасының көпшілігі массаға(біркелкі адамдарға) айналды», - деп қорытады XX ғ. испан ойшылы Х.Ортега-и-Гассет. Оған себепкер болған өндірісті конвейерлеу, миллиондаған бір-біріне толығынан ұқсас заттарды жасау және оны тұтыну, орташа, тіпті тұрпайы талғамға сәйкес келетінмәдениет туындыларын жасау және оны миллиондаған адамдардың тұтынуы т.б.
Постиндустриалдық қоғамдағы өзгерістерді талдай келе XX ғ. ұлы гуманисі А.Швейцерадамның материалдық күш-қуаты өскен сайын, оның руханиятының тайыздана беретінін өкіліне айтады. Ол осы қоғамдағы мәдени-адамгершілік дағдарысты, адамдардың бір-біріне деген карым-қатынасының жүдеуін, адам болмысының мән-мағынасының азғанын, адамдардың бір-бірімен толыққанды да сән-салтанатты дидарласуының жетіспейтіндігін көрсетеді. Американ-неміс философы Э.ФроммБатыс адамының бақытты өмірді шексіз тұтыну жолында іздеуінің жалған жол екенін көрсетеді. Ал Нобель сыйлығыньщ лауреаты К.Лоренцкекелер болсак, техникалык прогрестің айнала қоршаған ортаны аздырғаны жөнінде, табиғаттың айбындылығы мен сұлулығына қазіргі адамның мән бермей-тінін, оның күшті де ыстық сезімдерінің саркылып, зардап пен қуаныш-шаттықтың орнына зерігудің келгенін қазіргі адамзаттың күнәсі ретінде алға тартады. Ал Франкфурт мектебінің өкілі М.Хоркхаймержоғарыда көрсетілген кемшіліктердің негізгі себебін Батыс адамының коршаған ортаны өзгертіп, билеп-төстеуге бағытталған құштарлығынан көреді.
Бұл айтылған пікірлерден шығатын бірауыз сөз - ол қазіргі Батыс технократизмі мен сциентизмінің болашағынын жоқтығы, бұл жолда адамзаттың бірде-бір негізгі мәселелерінің шешілмейтіндігі болса керек. Қазіргі адамзаттың корланған сан алуан қайшылықтары тек қана рухани жаңару, қайта түлеудің негізінде шешілуі қажет.
Біздің ойымызша, бұл жолда көшпенділердің адамзатқа берері баршылық. Өйткені олар ар-намысты материалдық байлыққа жетуден гөрі биік ұстаған. Қазақ санасында «қанағат» ұғымы үлкен орын алады. Жалпы алғанда, өмірлік бағытқа деген көзқарастың негізінде Батыста «ене-бойы жетіспейтін экономика», ал Шығыста «молшылық экономикасы» өмір сүреді деген пікірді біз Батыс ойшылдардың өзінен естиміз. Бір карағанда мұндай пікір ақылға сыймайтын абсурд сияқты. Бірақ оның шындығы мынада. Батыс коғамында өндіргіш күштер анағұрлым биік дәрежеде болғанымен, тойымсыз коғамды қанағаттандыру мүмкін емес.
Шығыс қоғамында экономиканы адамның негізгі қажеттіліктерінің өтелуімен байланыстырады. Ал одан артық өндірілген заттар молшылыққа әкеледі.