Хіх- хх ғғ. басындағы орыс философиясы 2 страница
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ философиясының төл ұғымдарын ата.
2. Қазақ ағартушылығының өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңіз.Негізін қалаған кім?
3.«Қорқыт ата» аңызындағы түйін ой?
4.Абай сопылықтағы қандай дәстүрді жаңғыртты?
5.Зар – заман ақындары кімдер?
Негізгі әдебиет:
1.Есім Ғ. Қазақ философиясының тарихы.Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 2006.
2.Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясы.Оқу құралы.- Алматы: Ер-Дәулет, 1996.
3.Сегізбаев О.А.Казахская философия XV- начала XX в.- Алматы: Ғылым,1996.
Қосымша әдебиет:
1.Орынбеков М. Ежелгі қазақ дүниетанымы.- Алматы: Ғылым, 1996.
2.Рысқалиев Т. Даналық пен түсініктің үлгілері.- Алматы: Ақыл кітабы, 1999.
3. Абай. Қара сөз. Поэмалар.- Алматы:Ел, 1993.
4.Бес ғасыр жырлайды. Т.1,2. -Алматы: Жазушы, 1989.
5. Қазақ халқының философиялық мұрасы. 20 томдық. Астана,2006.
Дәріс 9,10 . Қазіргі заманғы батыс философиясы-4 сағат
Мақсаты:қазіргі философияның классикалық философиялық ойлаудан ерекшеліктерін ашып көрсету, негізгі ағымдарымен, көрнекті өкілдерімен және мәселелер шеңберімен танысу
Негізгі сөзер мен ұғымдар:иррационалдық, ерік, волюнтаризм, «асқан адам», экзистенция, бейсаналық, либидо, сублимация,архетип, герменевтика, интенционалдық, верификация, фаллибилизм,шекаралық ахуал
1.Иррационалдық философия.
2.Постклассикалық философиядағы «ғылыми рационалдылық»
Х1Х ғ. рационализм ағымына, яғни жалпы классикалық философияға, дискурсивтiк ( discursus - латын сөзi,- ақыл-ойға, қисынға негiзделген тұжырымдар) ойлау әдiсiне деген терiс пiкiрлер оянып, оларға қарсы бағытталған иррационалдық философиялық ағымдарды тудырды. Бұл көштi бастаған немiс философы А.Шопенгауер мен дат ойшылы С.Кьеркогер болды. Бұлардың екеуi де Гегельдiң панлогистiк көзқарасын сынаудан бастады.
Кьеркогердiң ойына қарағанда, Гегельдiң философиясы ақыл-ойға негізделген, онда бүкіл дүниенiң шындығы ашылғандай. Бірақ, оның философиясында адам Абсолюттік идеяның танымдық құралына айналады. Кьеркогер Гегельдiң болмыс пен ойлаудың тепе-теңдiгi жөнiндегi негiздемесiне қарсы шығады, өйткенi ол болмыстың не екенiн бiзге түсiндiрмейдi, сондықтан ол “абстракциялық құбыжық² қана. Философияның негiзгi пәнiне, сондықтан, тек қана жеке адамның өмiр сүруi, оның қайғысы мен қуанышы, үрейi мен зардабы, өз-өзiнiң рухына үңiлуi т.с.с. жатуы керек. Соңынан мұндай көзқарастардың негiзiнде ХХ ғ экзистенциализм философиясы пайда болады. Ол бағытты талдаған кезде бiз Кьеркегордың идеяларына қайтып ораламыз.
Артур Шопенгауер (1788-1860 ж.ж.) . Негiзгi еңбегi “Дүние ерiк пен елестету ретiнде²1844 ж. жарық көрдi. Оның ойынша, дүниенiң негiзiнде материя, я болмаса сана, рух жатыр деген көзқарастар - жалған пiкiрлер. Философияның тарихындағы мыңдаған жылдарға созылған iс-әрекеттер - оны ғылыми дәрежеге көтеруге бағытталған ұмтылыс - оны үлкен дағдарысқа әкелiп соқты. Шынына келгенде, философия - ғылым емес, ол өнердiң бiр түрi. Өйткенi, дүниенiң негiзiнде жатқан нәрсе - ол ессiз, бейсаналық әлемдiк ерiк. Сонымен, материя, табиғат заты, атом, сана, рух т.с.с. бұрынғы философтардың жатқызған дүниенiң негiздерiн ысырып тастап, ойшыл “ерiк² ұғымын дүниенi түсiнудегi негiзгi категорияға айналдырады
Сонымен, Шопенгауердiң ойынша, зардапқа толы дүниенiң негiзгi күнәкерi - Әлемдiк ерiктiң өзi. Бiрақ, оның санасы болмағаннан кейiн ол өз iстерiне жауап бере алмайды, тек қана мәңгiлiк бiр трагедиядан өтiп екiншiге т.с.с. ауыса бередi. Бұл арадағы бiр үмiт - Әлемдiк ерiк сананы тудырған ғарышты дүниеге әкелдi. Мiне, дүниенiң ажырамас бiр бөлiгi ретiндегi адамдардың өзi ғана сол Әлемдiк ерiкке қарсы шығып оны таратуы керек, сонда ғана дүниенiң зардабы тоқтатылады. Ол үшiн адам өзiнiң өмiрлiк күш-қуатын, өз бойындағы еркiн сол дүниенi тудырған Әлемдiк ерiкке қарсы қойуы қажет. Ал мұның өзi ең алдымен адамдардың философиялық таным арқылы Әлемдiк ерiктiң терең мәнiн зерттеп- бiлуiмен тығыз байланысты. Содан кейiн адам екi сатыдан өтуi керек. Алғашқысы - эстетикалық аңлау, соңғысы - моральдық жолмен жетiлу.
Егер дүниедегi барлық зардаптың түп-тамыры Ерiкке барып тiрелсе, оны жою моральдық жағынан алып қарағанда - ақталатын нәрсе. Ал адам саналы пәнде ретiнде өз iшiндегi ерiктi жою арқылы әлеуметтiк Ерiктi тарата алады. Ол ұшiн Шопенгауер адамдарға “категорикалық императив (ұзiлдi-кесiлдi талап) ² ұсынады: “өзiңе қалайтынның бәрiнен де бас тартып, қаламайтыныңды жаса². Бiр қарағанда ол ақылға симайтын нәрсе сияқты. Бiрақ, оның негiзiнде жатқан мағна мынада: ол - адамның өмiрге деген қызығушылығын, соған бағытталған еркiн сөндiру. Ол үшiн адам аскетикалық өмiр салтын ұстап, басқалардың зардабын бөлiсiп, өзiнiң жан-дүниесiнде ешқандай да өзiмшiлдiктiң жұрнағын қалдырмай құрту керек. Сонда ғана адам өмiрге деген қызығушылықтан толығынан арылып, өзi сияқты жердегi бақытқа жетуден бас тартқан адамдармен бiрiгiп, басқа адамдардың зардабын, қайғысын жеңiлдетуге тырысады. Бұл көзқарас үндi халқының тудырған “нирвана², көне Грек философтарының “атараксия² деген ұғымдарына өте жақын.
Қорыта келе, Шопенгауердiң философия тарихында өз орны бар ұлы тұлға екенiн айтып өтуiмiз керек. Ол болашақ ХХ ғ пайда болатын көп қайшылықтарды, әсiресе адам өмiрi мен тағдырына байланысты көп ойларды көтерiп, болашақ ғасырда ықпалды “өмiр философиясы² аталған ағымның негiзiн қалап кеттi.
“Өмiр философиясының² шеңберiндегi немiс философы Фридрих Ницшенiң (1844-1900 ж.ж.) еңбектерi ерекше орын алады. Егер А.Шопенгауер әлемдiк Ерiктi болмыстың алғашқы негiзiне жатқызса, Ф.Ницше Ерiк категориясына әлеуметтiк-моральдық мән-мағна берiп, оны “билiкке деген ерiк² ретiнде түсiнедi. Оның ойынша, өмiр билiктi неғұрлым жете сезiнгiсi келедi. Егер А.Шопенгауердiң “Әлемдiк Еркi² бiреу ғана болса, Ф.Ницше ондай монистiк көзқарастан бас тартып, ерiктiң көптiгiн (плюралистiгiн) сол себептi олардың бiр-бiрiмен бiтпейтiн күресте екендiгiн мойындайды. Үшiншi ерекшелiгi, А.Шопенгауер адам ерiктен бас тартып қана өзiн сақтай алады деген болса, Ф.Ницше, керiсiнше, адам, егер ол құл емес, нағыз адам болса, билiкке деген еркiн өмiрге енгiзедi, сол үшiн күреседi.
Билiкке деген ерiк - күштiнiң құқының негiзiн құрайды. Күштiнiң құқы неше-тұрлi қоғамда қабылданған моральдық, дiни т.с.с. нормативтiк ережелерден биiк болуға тиiстi, сондықтан, нағыз адам осы қағиданы өз өмiрiнде ұстауы қажет. Социализм адамдардың арасында теңдiк болу керек деген қағиданы таратады. Бiрақ, ол өмiрдiң терең мәнiн құрайтын билiкке деген ерiктi құртады - сондықтан, ол керек емес. Демократия да билiкке ұмтылған адамдардың мұддесiне қарсы, өйткенi, тобыр қайсыбiр билiктi ұнатпайды, яғни олар күштiнiң құқына қарсы тұрады. Ал, еркек пен әйелге келер болсақ, табиғат еркектi күштi қылып жаратты, олай болса, оған билiкке деген құқты бердi. Сондықтан, қайсыбiр еркек пен әйел арасындағы теңдiкке деген ұмтылыс - қоғамның iрiп-шiруiнiң көрiнiсi. Ф.Ницшенiң ойынша, иудео-христиандық моральды толығынан “қайта қарап², “мырзалардың моральдық құндылықтарын² тағы да өмiрге енгiзу керек. Оның негiзiнде мынандай қағидалар жатуы қажет : 1. “Өмiрдiң құндылығы²- сөзсiз негiзгi құндылық; 2. Адамдар бiр-бiрiмен табиғи түрде теңсiз болып жаратылған; 3. Күштi адамдар моральдық борыштан бос, ешқандай моральдық талаптармен байланысты емес.
Ал ендi “асқан адамның² сыртқы кейпiне келер болсақ, олардың “туа бiткен асылдығы² бiр қарағанда-ақ көрiнiп тұрады. Осы қасиет бұгiнгi таңдағы саудагерлер мен фабриканттарға қалайша жетпей тұр десеңiзшi,- деп қынжылады Ф.Ницше. Егер басшының сыртқы түр-әлпетi оның асылдығын көрсетiп тұрса, онда “тобыр² оған көнуге әрқашан да дайын. Ал егерде ол жоқ болса, онда тобыр адамы “кездейсоқ келген бақ пен байлық қана адамдарды көтередi²,- деген ойға келiп, олай болса, “бiз де өзiмiздiң бағымызды сынап көрейiк²,- деген жаман ойға өтуi мүмкiн. Ал бұл ой социализмдi әкеледi,- деп қорытады Ф.Ницше.
Ф.Ницшенiң христиан дiнiндегi моральдық қағидаларға қарсы келуi, осы кездегi ғылым мен техникадағы ашылған жаңалықтар, ойшылдан бұрын өмiр сүрген ағартушылардың дiнге қарсы бағытталған iс-әрекеттерi - барлығы жиналып оның “Құдай өлдi!²,- өйткенi, Құдайға сенудiң өзiне сенбеушiлiк пайда болды деген тұжырымға келуiне себеп болды. Болашақта, Құдайдың орнын “асқан адам² алады деп қорытады Ф.Ницше.
Әрине, Ф.Ницшенiң философиясы қайшылықтарға толы, ешқандай бiтұтастық жүйелiгi жоқ, өз заманының әртүрлі өзектi мәселелерiн көбiне көркем сөзбен берген көзқарас. Бiрақ, соған қарамастан, Ф.Ницшенiң өз заманының әлсiз жақтарын сынауы, нағыз тұлғаның әрқашанда қол астындағы болмыстың шеңберiн тиiстiлiк негiзiнде аттап өту қажеттiгiн көрсетуi т.с.с. ойлары болашақ философиялық ағымдарға үлкен әсерiн тигiздi
“Өмiр философиясының² өкiлдерi Вильгельм Дильтей (1893-1911 ж.ж.) мен Георг Зиммель (1858-1918 ж.ж.) өмiрдi ерiк пен iңкәр, сезiм мен тебiренiс деректерi деп анықтайды. Өмiр - хаосты тәртiпке келтiредi. Өмiрдiң организмдiк және одан да биiк формалары бар. Өмiр организмдiк деңгейде өлiммен шектелсе, организмдiктен биiк формалары мәдениеттi құрайды. Осы тұрғыдан алғанда шындықтың өзi өмiрден алған тәжiрибенiң өзi. “Өмiрлiк тәжiрибе² - зердеге тең емес, ол ақыл-ойға симайды. Өмiр - ағым, өзгерiс, шығармашылық,- онда жалпылық деген жоқ. Өмiрдi тек қайталанбайтын жекелiк арқылы ғана суреттеуге болады. Осы арада “шығармашылық трагедия² дүниеге келедi. Өйткенi, өмiрдiң қайталанбайтын толқындары оның объекивтелiнген, яғни затталынған формаларымен қайшылыққа келедi. Ол қайшылықтарды шешу үшiн тарихи мәдениет туындыларын сол замандағы ақуалды бiлу, барлық жан-дүниеңмен соған өткендей болып сезiну арқылы түсiнуге болады. Оны В.Дильтей герменевтика деген ұғыммен бередi. Тарихшы өткен оқиғаларды шынайы қайта суреттеп қана қоймай, сонымен бiрге оны қайта тебiренiп, оның өмiршеңдiк жақтарын тұсiндiре бiлуi керек.
Анри Бергсон (1859-1941 ж.ж.) - “өмiр философиясының² шеңберiнде “шығармашылық талпыныс² ағымын жасайды. Оның ойынша, алғашқы да ең терең шындық - ол белгiлi бiр толыққанды бiртұтас өмiр, ал материя мен рухқа келер болсақ, ол сол өмiрдiң қалдықтары. Өмiр - “өмiрлiк талпынысқа² (elan vital), яғни ешқашанда тоқталмайтын шығармашылық өзгерiс, қалыптасуға тең. Материя - болмыстың енжар жағы, ол, әрине, қаншалықты қарсылық көрсетсе де, дегенмен, ең ақырында, өмiрге бағынады. Сондықтан, табиғаттың тарихи күделенуi, өрлеуi - өмiрдiң шығармашылық өрлеуiмен тең. Олай болса, Дүние - бiрегей, тоқталмайтын, үне бойы жаңа формаларды бiрiнен соң бiрiн тудыра беретiн шығармашылық .
А.Бергсонның ойынша, адам жағалай қоршаған материалдық дұниеге өзiнiң интеллектi (ақыл-ойы) арқылы бейiмделдi. Интеллект дегенiмiз ақыл-ой, зерде арқылы адамның дүниедегi құбылыстарды танып-бiлуi, - ол өзiнiң ең биiк шыңына жаратылыстану ғылымдары арқылы жетедi. Интеллект бiртұтас дүниенi заттарға, соңғыларды құрамдас бөлшектерге бөлiп, содан кейiн олардан дүниенiң жасанды суреттерiн тудырады. Интеллектiң қайнар көзi - адамның материалдық дұниедегi iс-әрекеттерiн ұйымдастыру, олардың нәтижелiгiн қамтамасыз ету. Бұл арада аса назар аударатын нәрсе - интеллект, А.Бергсонның ойынша, заттың терең мәнiн аша алмайды, ол тек қана олардың арасындағы байланыстары мен қарым-қатынастарын ғана көрсете алады. Өлi материяны құрамдас бөлiктерiне бөлiп, содан кейiн оларды басқаша тұрде қайта құрастыру - интеллектiң негiзгi iсi. Олай болса, ол заттың сыртқы қабығын ғана игере алады. Өне бойы қозғалып, өзгерiп жатқан Дүниенi интеллект кинопленкадағы өмiрдi “жасанды тұрде² көрсеткен сияқты - онда әрбiр кадр қозғалысты көрсетпесе де , бiрiнiң артынан бiрiн белгiлi бiр жылдамдықпен өткiзген кезде экранда “қозғалыстағы өмiрдiң² көшiрмесi пайда болады. Интеллект Дұниедегi ұқсас, қайталанатын қарым-қатынастарды ғана көрсетiп, сонымен қатар, оның қайталанбайтын, өмiрге бiр-ақ рет келген iшкi өзегiн - өмiрдiң өзiн - танып-бiле алмайды. А.Бергсон адамның интеллектiнен басқа да таным құралының бар екенiн мойындайды - ол интуиция. Интуиция дегенiмiз - ол затқа деген сүйiспеншiлiктiң негiзiнде оның iшкi, интеллектке ашылмайтын, жағына өтiп оның өмiрлiк өзегiн сезiну болып табылады. Интуиция дегенiмiз - рухтың алғашқы негiзi. Ол - өмiрдiң өзi. Танымдық тұрғыдан алып қарағанда, алғашқы интуиция инстинкт пен интеллектке бөлiнедi. Сол сәтте инстинкт өзiндiк санасынан , интеллект заттың iшкi сырын ашу қабiлетiнен айырылады. Адамның интуициясы толығынан интеллектке бағынышты. Алайда, кейбiр “шекаралық жағдайда², адамның өмiрiне қауып түскен, я болмаса оның басына “тағдырлық² ақуал келген кезде, интуиция интеллектiң құрсауынан босап, адамға нағыз шындықты көрсетiп, оның Ғарыштағы орны мен тағдырын анықтауға көмектеседi.
Кьеркогер философиясы.Серен Кьеркогер (1813 - 1855 ж.ж.)- өз заманында бағаланбаған, жалғыздықтың зардабын толығынан басынан өткiзген, бүкiл өмiрiн жеке тұлғаның iшкi рухани өмiрiнiң қайталанбас жақтарын, оның Құдаймен тiкелей байланысын көрсеткiсi келген Дания елiнен шыққан дiни философ. Негiзгi еңбектерi: “Әлде- әлде², “Үрей мен қалтырау. Диалектикалық лирика². “Ажалға бастайтын ауру. Қайта туу мен оянуға бағытталған христиандық-психологиялық тебiренiстер² т.с.с. Кьеркогердiң ойына қарағанда, Гегельдiң философиясы ақыл-ойға негізделген, онда бүкіл дүниенiң шындығы ашылғандай. Бірақ, оның философиясында адам Абсолюттік идеяның танымдық құралына айналады. Кьеркогер Гегельдiң болмыс пен ойлаудың тепе-теңдiгi жөнiндегi негiздемесiне қарсы шығады, өйткенi ол болмыстың не екенiн бiзге түсiндiрмейдi, сондықтан ол “абстракциялық құбыжық² қана. Философияның негiзгi пәнiне, сондықтан, тек қана жеке адамның өмiр сүруi, оның қайғысы мен қуанышы, үрейi мен зардабы, өз-өзiнiң рухына үңiлуi т.с.с. жатуы керек. Адам өмiрiндегi негiзгi сұрақтар: қалай өмiр сұру, не болу керек, не нәрсеге ұмтылу қажет? Осы сұрақтарға жауап беру ретiнде Кьеркогердiң экзистенциалдық диалектикасы адам өмiрiнiң үш сатысын суреттейдi. Олар - эстетикалық, этикалық және дiни сатылар.
Адам өмiрiнiң бiрiншi эстетикалық сатысында тiкелей сезiмдiк өмiр салты қалыптасады. Эстетикалықты Кьеркогер кең түрде Канттың тұсiнiгiне сәйкес ақыл-ойдан бөлек сезiмдiк қабылдау мен ләззәт алу ретiнде көрсетедi. Қоғамдағы көпшiлiк осы сатының шеңберiнде өмiр сүредi. Ол дене әсемдiгiне құмарту (эротика), парықсыздық, бiр көргендегi сезiмдiк әсердiң негiзiнде кездейсоқты байланыстарға түсу, қоғамдағы үлгiге (модаға) айналған нәрселерге ынтық болу, әрбiр күн мен сағаттан, әрбiр сәттен ләззәт алуға тырысу. Бұл сатының ұраны: carpe diem, carpe horam! ( әрбiр кұн мен сағаттан ләззәт ал! ). Бұл өмiр салты адамды өзiнiң сезiмдерi мен құмартуы, ындынының құрсауынан шығармайды.Эстетикалық сатыдағы адам уақыттың өзiн ерекше түрде бағалайды. Ол ләззәт алатын әрбiр сәтке бәрiн беруге дайын, бiрақ, келесi сезiмдiк ләззәт бұрынғыдан басқаша, нәзiк те өткiр болуы керек. Өмiрдегi бiркелкiлiк, қайталанушылық - эстетикалық өмiр салтының қас жауы. Егер Дон-Жуан мейлiнше көп сұлу әйелдерден эротикалық жыныстық жеңiске жетуге тырысса, Иоан – нәпсiқұмар, әр-түрлi нәзiк те өткiр ләззат алуға ұмтылады. Бiрақ күндер мен жылдар өткен сайын эстетикалық өмiр салты сарқыла бастайды- өткiр сезiм мұқалып, өңi кетедi, ләззат қуудың жалғандығы айқын көрiне бастайды, жалғыздық сезiм, өмiрге көңiлдiң толмаушылығы дүниеге келiп, тiптi одан күдер үзуге әкеледi. Ақырында дағдарыстағы тұлғаның алдында екi таңдау жолы пайда болады: бiрiншiсi - сол бұрынғы сатыда қалып өмiрден түңiлу; екiншiсi - одан аттап өтiп келесi сатыға көтерiлу. Келесi өмiр сатысы - этикалық. Егер эстетикалық өмiр салты ләззат алуға бағытталған болса, этикалық сатыда адам iзгiлiк жолына түсiп, қоғам алдындағы парызды орындау соның кепiлiне айналады. Эстетикалық өмiр салтында адам өз-өзiн қанағаттандырса, этикалық сатыда жалпылықты iске асыруға тырысады. Осы арада үлкен қайшылықтар пайда болады - адамның iшкi өзiндiк сезiмдерi оны бiржаққа жетелесе, қоғамдағы этикалық нормалардың талаптары оны екiншi жаққа сiлтейдi. Парыз талаптарына сай келуге тырысып, адам бiржақты, сезiмi сарқылған, машинаға ұқсас пәндеге айналады. Бұл бағыт барған сайын тереңдей тұсiп, қайғылы қайшылықтарға әкеледi, өйткенi, уақыттан тәуелсiз моральдық сана өтпелi адамның сезiмдiк iңкәрiнен өзiнiң iргетасын, тұрақтылығын таба алмайды. Адам моральдық жағынан алып қарағанда өз-өзiне жеткiлiктi пәнде бола алмады. Кьеркогер оның себебiн, Августин сияқты, адамның туа күнәлiгiнен көредi.
Бұл арада “әлде-әлде² принципi таңдау мәселесiн шешпейдi, өйткенi екi сатының да үлкен кемшiлiктерi бар, сондықтан “ол да емес, бұл да емес² деген тұжырымға өмiр диалектикасы әкеледi. Олай болса, адам үшiншi соңғы сатыға өту шешiмiне келiп трагикалық секiрiстен өтедi. Бұл саты дiни шеңберде өтпек. Кьеркогер өз заманындағы адамдарға ренжiп, олар ғылыми танымның кереметтiгiне сенiп, адамның өмiр сүруi мен iшкi рухани тебiренiстерiнен пайда болатын мәселелердi ұмыт қалдырғаны жөнiнде айтады. Тек қана дiни сатыға көтерiлген адам ғана ол мәселелердi өзiнiң өмiрiнiң негiзiне айналдырады. Адам күнәлi пәнде ретiнде өзiнiң кiнәсiн мойындап Құдайдың өзiмен сұхбатқа түсiп өз-өзiн табады. Ал мұның өзi үлкен зардап шегу арқылы келмек.
Соңынан мұндай көзқарастардың негiзiнде ХХ ғ экзистенциализм философиясы пайда болады.
Экзистенциализм философиясы.Қазiргi философиядағы ең ықпалды ағымдардың бiрi - экзистенциализм (existentia,- латын сөзi,-өмiр сүру ) философиясы. Ол Батыс Еуропа топырағында екi Дүниежүзiлiк соғыстың арасында қалыптасты. ХХғ бiрiншi жартысында ондаған мемлекеттер қатысқан қантөгiсте миллиондаған қыршын жастар қаза болып, мыңдаған қалалар, заводтар мен фабрикалар, ауылдық жерлердегi үйлер қирап, адамзат тағы да варварлық сатыға қайта келгендей болды. Бұл трагедия ойланатын адамдардың санасында өзiнiң өшпес iзiн қалдырып, дүниетанып, оны қайта өзгертуден гөрi, сол қайғылы замандағы адамның өмiр сүруiне, оның қайшылықтарға толы дүние тебiренiсiне, оның өмiрiнiң мән-мағнасын анықтауға т.с.с. сұрақтарға жете көңiл бөлiнуiне әкелiп соқты. Экзистенциализм философиясының негiзiн қалаған ойшылдарға Мартин Хайдеггер(1888-1976 ж.ж.)менКарл Ясперстi (1883- 1969 ж.ж.) (Германия), Жан-Поль Сартр (1905-1980 ж.ж.)менАльбер Камюдi(1913-1960ж.ж.) (Франция), Н.А. Бердяев (1874-1948 ж.ж.пенЛ.И.Шестовты(1866-1938 ж.ж.) (Ресей), Виктор Франклдi (1900 ж.) (Австрия), Хосе Ортега-и-Гассеттi (1883-1955ж.ж.) (Испания)жатқызуға болады.
Сонымен, ХХғ Еуропа цивилизациясының дағдарысы, зерде мен адамгершiлiк құндылықтарына деген сенбеушiлiктi тудырып, трагедияға толы адам мәселесiн тiкелей философиялық таразыға салды. Бұл саладағы анықталған ең бiрiншi жаңалық - зерденiң негiзiнде ғылым мен техника дамыған сайын адам болмысының тұрақсыздығы мен нәзiктiгiнiң өсуi. Мұндай күрделену мен қатар қатыгезденiп жатқан дүниеде тұрақтану үшiн адам ең алдымен өзiнiң iшкi өмiрiн талдап, соның негiзiнде өзiнiң мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiн ашуы қажет. Мұндай адам өмiрiне қас дүниеде адам өзiнiң рухы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең керектi нәрсе - ол зат, материя , я болмаса идея, таным философиясы емес, негiзiнен алғанда,- адам философиясы. Ал адамға келер болсақ, ол, әрине, ешқандай объект, өндiрiстiң, я болмаса , танымның құралы емес - ол субъект - ерiктi, өз-өзiне жеткiлiктi, жауапкершiлiктi болмыс.
Жоғарыда айтылған жалпы мiнездеменi нақтылай келер болсақ, онда экзистенция (өмiр сүру) мен эссенция (мән-мағына) ұғымдарының осы философияның негiзiнде жатқанын байқаймыз. Егер бүкiл жануарлар әлемiндегi тiршiлiк өзiнiң мән-мағнасымен бiрге бұл дүниеге келер болса, адам ең алдымен бұл дүниеге келiп, неше-тұрлi қиын-қыстақ жағдайлардан өтiп барып, көп уақыттан кейiн ғана өз өмiрiнiң мән-мағнасына ие болады. Яғни, адамның өмiр сүруi оның мән-мағналыққа жетуiнен анағұрлым алда жүредi. Мысалы, Африкада, я болмаса, Амазонканың бойында өмiр сұретiн крокодил жағаға шығып, жұмыртқалап, оларды ыстық құмның астына көмедi. Уақыты келген кезде, жұмыртқалардың қабығы жарылып, iшiнен кiшкентай крокодилдер жер бетiне шығып, дереу шөлге қарай емес, суға қарай жүгiредi. Крокодил осылайша миллиондаған жылдар бойы өмiр сүрiп жатыр. Ол өз мән-мағнасымен бiрге өмiр сүруге келедi! Ал дүниеге келген сәбидi алар болсақ, ол анасыз өмiр сүре алмайды, оны көп жылдар бойы тәрбиелеп өсiру қажет, содан кейiн ғана ол өз өмiрi жайлы сұрақтарды өз алдына қойып, өмiрiнiң мән-мағнасын ашуға тырысады.