Дебиет теориясы» пӘні бойынша практикалыҚ /семинар/ сабаҚтарыныҢ жоспары мен таҚырыптары

№1практикалық сабақ тақырыбы: Көркем образдар. Тип жӘне характер

Сабақтың мақсаты: Әдебиеттану ғылымындағы образдар, олардың түрлері, тип және типтендіру, образ жасаудағы басты әдіс-тәсілдер турасьшда мағлұмат беру.

Сабақ жоспары:

1. Образ жэне образдылық туралы жалпы түсінік

2. Типтілік проблемасы. Жинақтау мен даралау.

3. Тип және прототип.

4. Образдың жасалу жолдары мен тәсілдері

5. Образдың түрлері

Бақылау сұрақтары:

1. Образ дегеніміз не?

2. Образдың қандай түрлерін білесің?

3. Образдылық дегеніміз не?

Глоссарий:

1. Реалистік образ- әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі.

2. Романтикалық образ- әдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі.

3. Эпикалық образ- кескін -кейпі, мінез- құлқы, іс- әрекетімен тұтас көрінген әрі толық жинақталған, әрі әбден даралған тип.

4. Драмальщ образ- эпикалық не лирикалық образдар секілді қағаз бетінде емес, тура өмірдің өз аясында - сахнада көзбе- көз, қолма- қол жасалатын көркем бейне.

5. Юморлық образ- күлкілі кейіпкер; юмор- өмірдегі кісі күлерлік құбылыстардың өнердегі сэулесі.

6. Сатиралық образ- ұнамсыз тип. Сатирамен суреттелер құбьшыс – керексіз, кесір құбьшыс.

7. Фантастикалық образ- қиялдан туған қаһарман, адамның ақиқатқа ұқсас арманында

бедерленген бейне. Әдебиеттегі адам образының бағзы замандардан күні бүгінге дейін келе жатқан көне түрлерінің бірі.

8. Трагедиялық образ- әдебиетте тым әріден келе жатқан адам бейнелерінің бірі. Трагедиялық кұбьшыстар өмірде де , өнерде де юморлық не стиралық құбылыстар қарама- қарсы: юмор мен сатира да күлкілі жайлар ажуә, мысқыл, кекесін түрінде көрінсе, трагедияда қатерлі нәрселер қайғы, қорқыныш, қаза түрінде көрінеді.

9. Геройлық образ- ұнамды кейіпкер. Адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы асыл мұраттарынан туған тарихи тип.

Блиц -тест:

1. Типтік шындық дегеніміз не?

А) Көркем туьшда бейнеленген шындық; В) Тарихи шьшдықты сол қалпында беру С) Жазушы қиялынан туындалған шындық Д) Қаламгердің өз идеясына сай суреттеген шындығы Е) Өнердеғі емес, өмірдегі, жай кездесетін құбылыстар

2. Көркем шығармада жинақтау неге әкеледі?

А) Типтендіру В) Персонаж С) Образ Д) Прототип Е) Мінез

3. Шығармаларда қатысушы біреуге не көпшілікке қайырыла сөйлесе, басқалар оның сөзін бөлмей, тек тыңдаушы есебінде болса, ондай сөздерді не деп атаймыз?

А) Монолог В) Портрет С) Қатысушының сөздері Д) Адамның күйініш- сүйінішінің суреттелуі Е) Жанама мінездеу.

4. М.Әуезовтің «Абай жолы»романьшдағы типтік образ:

А) Құнанбай В) Шәкен. С) Игілік. Д) Еламан. Е) Амантай.

5. Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері - Ақтоқты» драмасьгадағы Қоңқай образы қандай образ:

А) юморлық образ, В) сатиралық образ, С) драмалық образ, Д) лирикалық образ, Е) эпикалық образ,

6. Әдеби тек тарапьшан бөлінгендегі образ түрі:

А) драмалық, В) романтикалық, С) сатиралық образ. Д) фантастикалық Е) юморлық,

7. Типтік бейне. Бұл кейіпкерді қай тұрғыда саралау?

А) стиль ерекшелігіне; В) көркемдік әдіске байланысты; С) тақырып пен идеяға байланысты. Д) әдебиеттің тегіне байланысты; Е) жанрға байланысты;

8. «Ой, дүние-ай! Тым болмаса, жасаған осындай бір жалбыр шашты қимады ғой! Дүниеде баладан қызық, баладан тәтті не бар дейсің! Қуарған қу бас өмір - бейне жапырақсыз ағаш. Онда не көрік, не сән бар?!» Мәтінде кейіпкер бейнесі қандай суреттеу тәсілімен берілген?

А) Ішкі монолог; В) Психологиялық егіздеу С) Зарлай арнау. Д) Арнау;

Е) Диалог; •.

9. Ә. Нұрпейісов сомдаған типтік кейіпкер:..

А) Сүйеу қарт; В) Шоқпыт; С) Сілекей кенжесі; Д) Қартқожа; Е) Мұқаш.

10. «Ішкі монолог» терминін алғаш қолданған әдебиет сыншысы

А) Черньппевский; В) Буало. С) Плеханов; Д) Байтұрсьшов; Е) Добролюбов

Әдебиеттер:

1. Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы: Санат, 2002.

2. Әдебиеттану терминдер создігі. - Алматы: Ана тілі, 1998.

№2 практикалық сабақ тақырыбы: Тақырып жэне идея.

Сабақтың мақсаты: Әдебиеттану ғылымындағы көркем әдебиеттің негізгі компоненті ретінде тақырьш пен идея, олардың түрлері, басты ерекшеліктерін таныту.

Сабақтың жоспары:

1. Мазмұн және тақырьш.

2. Тақырып пен идея туралы түсінік.

Бақылау сұрақтары:

1. Тақырьш дегеніміз не? '

2. Идея дегеніміз не?

3. Мазмұнды нақтылауда идея мен тақырыптың ролі қандай?

4. «Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе» дегенді қалай түсінесіз?

5. Мәңгілік тақырып дегенге қандай тақырыптар жатады

Глоссарий:

Тақырьш - жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея - жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы дер едік.

Авторлық идея - суреткердің о бастағы ой өзегі; объективтік идея - нақты шығармадан туатын мақсатты нәтиже.

Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге біріктірушіні негізгі идея дейміз.

Тапсырмалар:

1. Кез келген бір көркем шығарманьщ идеясы мен тақырыбын анықта.

2. Мәңгілік тақырып деп саналатын махаббат тақырыбына арналған қандай көркем шығармаларды білесің?

Блиц - тест:

1. Шьшдықты суреттеудегі қаламгерге тән құштарлық, оның қоғамдық көзқарасының тұғыры, ой өзегіндеп мығым принцип:..

А) Мотив; В) Идея. С) Тақырып; Д) Деталь; Е) Тенденция

2. Автордың шығармасында суреттеп отырған өмір құбылыстары жайлы айтқысы келген ойы:

А) Шығарманьщ идеясы; В) Шығарманың көркемділігі; С) Шығарманың композициясы. Д) Шығарманың тілі; Е) Шығарманың тақырыбы;

3. Шығарма жазу барысында ұстанған автордың о бастағы ой өзегі қалай аталады?

А) авторлық идея; В) негізгі идея; С) қосалқы идея; Д) обьективті идея.

Е) субъективті идея;

4. Көркем шығармадағы негізгі оқигалардьщ түйіні:

А) Фабула; В) Идея; С) Сюжет; Д) Пролог; Е) Композиция.

5. Әдебиеттің предметі не?

А) Адам; В) өнер; С) Қоғам. Д) Қаламгер; Е) Дәуір;

6. Әдебиеттің тектерін эпикальщ, лирикальщ, драмалық деп жіктеу неге байланысты:

А) Шындықты бейнелеу тәсілінің ерекшелігіне байланысты; В) Автордың эстетикалық мұратына; С) Шындықты тануға-көзқарасқа байланысты; Д) Тақырыпқа. Е) Идеяға;

7. Көркем бейне басқаша атағанда

А) Әдеби қаһарман; В) Әдеби дәстүр; С) Әдеби орта; Д) Әдеби стиль.Е) Әдеби ағым;

8. «Ақын образбен ойлайды, ол шындықты дәлелдемейді, оны көрсетеді» деген пікір иесі:

А) Белинский; В) Гельвеций. С) Аристотель; Д) Әл-Фараби;Е) Байтұрсынов;

9. Жазушының шындық өмірден таңдап-талғап алған,өзінің көркем шығармасына арқау ететін өмір кұбылысының тобы:

А) Тақырып; В) Сюжет; С) Деталь; Д) Идея. Е) Экспозиция;

10. Әдебиеттану тілді қай тұрғыдан қарастырады?

А) әдеби шығармашылық материал В) көркем идея С) ойлау пішіні Д) қарым-қатынас құралы Е) белгілер жүйесі

Әдебиеттер:

1. Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы: Санат, 1992.

2. Әдебиеттану терминдер сөздігі. - Алматы: Ана тілі, 1996.

№3 практикалық сабақ тақырыбы: Композиция мен сюжет, мазмұн мен форма

Сабақтың мақсаты: Көркем шығарманың басты компоненті композиция мен сюжет, мазмұн мен пішін мәселесін қарастыру.

Сабақтың жоспары:

1. Композиция мен сюжет

2. Мазмұн мен форма

Наши рекомендации