Оқу пәнінің сипаттамасы. Азақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Азақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
Жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасы
(кафедра атауы)
БЕКІТЕМІН
«Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
Жалпы тіл білімі және аударма теориясы кафедрасының меңгерушісі
Сәтенова С.К__________Т.А.Ж.
________________20____ж.
5В020700 Аударма ісі мамандығының білім алушылары үшін
(мамандықтың/мамандандырудың шифры және атауы)
LIT 2209 Лингвистика ілімінің тарихы пәні бойынша
(жұмыс оқу жоспары бойынша пәннің коды және толық атауы )
LIT 2209 Лингвистика ілімінің тарихы
(модульдін атауы және шифры)
СИЛЛАБУС
Астана 2012
Силлабус
1. Сәтенова Серіккүл Көпешбайқызы ф.ғ.д., профессор : Е-mail: [email protected], тел.32301 (ішкі), ғылыми мектебі –А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты, фразеология, этнолингвистикасалалары бойынша; ғылыми қызығушылығы: фразеология, этнолингвистика, мәдениетаралық-қарым-қатынас.
2 Пәннің коды, атауы және кредит саны
Лингвистика ілімінің тарихы; пән коды – LIT2203; кредит саны – 2.
Оқу пәнін өткізу уақыты мен орны
2-семестр, сабақ кестесі бойынша.
Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері
Пререквизиттер:Тіл біліміне кіріспе;
постреквизитттер:Жалпы тіл білімі;
Оқу пәнінің сипаттамасы
5.1 Оқу пәнінің аты
Әр ғылымының өзінің тарихы бар. Тіл білімі де өзінің дамуы барысында басқа ғылымдармен байланысты дамыды, өйткені тілдің тарихы мен дамуы қоғамның тарихы мен дамуына байланысты. Адамзат қоғамы пайда болғаннан бері тіл қоғамға қатынас құралы ретінде қызмет етіп, оның дамуымен бірге дамып келеді. Алайда әр алуан қоғамдық құрылыстың тілдің дамуына әсері бірдей емес. Өзінің дамуы барысында әрбір тіл түрлі формаға ие болады. Ал нақты тілдердің дамуының айырықша формалары олардың дамуының жеке заңдарымен байланысты. Тіл дамуының жеке заңы оның лексика, грамматика, фонетика заңдарын қамтиды. Тілдің әрбір саласының өз заңы болады. Тіл тарихын білу – тілдің қазіргі жағдайын түсіндіруге көмектеседі.Болашақта аудармашы мамандығына ие болатын студенттерге тіл білімінің қалыптасу және даму тарихы, алғашқы лингвистикалық пайымдаулар, лингвистикалық бағыттар мен мектептер жөнінде мағлұмат беретін лингвистика ілімінің тарихы пәнін оқыту қажет.
5.2 Оқу пәнін оқыту мақсаты
Тіл білімінің қалыптасуы мен даму сатылары, әлемдегі ғылыми лингвистикалық дәстүрлер, олардың көрнекті өкілдері жөнінде біліктілігін қалыптастыру.
5.3 Пәнді оқыту міндеттері
Студенттерді тіл білімінің тарихи даму сатысы, ғылыми дәстүрлердің, мектептердің қалыптасуы, көрнекті өкілдері т.б. тәрізді мәселелермен таныстыру.
- Тыңдаушыларға жалпы тіл білімінің қалыптасуы, даму сатылары;
- ана тілінің ғылыми негізінің қалануы, ғылыми дәстүрдің, ортаның қалыптасуы, көрнекті өкілдері;
- шетел тілдерінің ғылыми негізінің қалануы, ғылыми дәстүрдің, ортаның қалыптасуы, көрнекті өкілдері;
- әлемдегі танымал ғылыми мектептер, белгілі ғалымдар, олардың ғылыми ұстанымдары мен концепциялары;
- ғылыми ортадағы лингвистикалық даулы мәселелер;
тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттар, т.б. жөнінде
5.4 Оқу пәнінің мазмұны
Тіл білімінің тарихы – дербес ғылым саласы. Лингвистикалық ілім тарихының курсының пәні. Тіл білімінің тарихын дәуірлеу. Классикалық кесте. Тіл білімі тарихының басқа ғылым салаларымен сабақтастығы.
5.5 Оқу пәнін оқыту жоспары