Мірі мен шығармашылық жолы

Мұхит Орал облысындағы (кәзіргі кезде – Батыс Қазақстан облысы) Қаратөбе аудынына қарасты Ақбақай ауылында байқуатты жанұяда дүниеге келген. Оның толық есімі – Мұхамбеткерей. Мұхит жас кезінен бастап өнермен айналысады, әр-түрлі аспаптарда ойнайды, сурет салады. Оның ағайындылары да өнерге жақын болған, ән айтып домбыра мен скрипка тартқан. Олардың шыққан тегі «ақ сүйек» болғандықтанәкесі балаларының өнермен шұғылдануын жақтырмаған. Оның айтуынша, өнермен шұғылдану жастық шаққа ғана жарасады, сондықтан ол Мұхитты әкімшілік жұмысқа даярлайды. А.Жұбанов келтірген деректерге қарағанда, Мұхит алғашқы кезде әкесінің талабын орындап ауыл басшысы болып жұмыс істейді, бірақ бұл қызметте екі ай ғана шыдай алады. Әрі қарай ол өмірін тек қана өнер жолымен байланыстырады. Өнер саласында көптеген қиыншылықтарға ұшырайды, жетіспеушілік кездері де болып тұрады. Бала-шағасын асырау үшін ауыл аралып әншілік өнерімен табыс табуға мәжбүр болады.

Мұхиттың ұрпақтарының бәрі де өнерден құр алақан болмаған. Солардың арқасында біз бүгінгі күнде атақты әншінің шығармашылық мұрасына қол жеткізіп отырмыз. Мұхиттың ұрпақтарының ішіндегі аса дарындысы – немересі Шайхы. Композитордың әндерін насихаттауға зор үлесін қосқан Шынтас Қаратаевты ерекше атауға болады. Ол Мұхиттың әндерімен қоса солардың шығу тарихын да сақтап қалған. Мұхиттың көптеген әндері оның тікелей ұрпағы Лұқпан Мұхитовтан жазылып алынған. Батыс Қазақстанның әншілік өнері туралы сөз қозғағанда, әрине, біздің заманымыздың майталман әншісі, Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевті атау керек. Мұхит қалыптастырып кеткен әншілік дәстүр Ғарекең мен оның шәкірттерінің арқасында біздің заманымызда өз жалғасын тауып келеді.

Айнамкоз

Мұхиттың алғашқы әндері арнау жанрында шығарылған. Солардың бірі – «Айнамкөз». Композитор бұл әнін Құралай есімді қыздың әсем сұлу бейнесіне арнаған. «Айнамкөз» бүгінгі күнге дейін жұртшылықтың ең сүйікті әндерінің қатарына жатады.

Әннің лирикалық әуені қара өлең жанрына жақын. Сонымен бірге онда халық кәсіби әндердің мазмұнына тән жалпы әншілік өнерге, орындаушылық шеберлікке арналған сөздер кездеседі.

Салмасам Айнамкөзге ән болмайды,

Кимесем оқа бешпент сән болмайды.

Ойнасаң өзің теңдес жаспен ойна.

Ол дағы алғаныннан кем болмайды.

Мірі мен шығармашылық жолы - student2.ru

Әннің дыбыстар кеңістігі зор, кең аралықта жүретін әуенде ерекше әсемділік пен сабырлық байқалады. Құрылымында дәстүрлі қайырма жоқ, сөздері 11 буындық, мәтінінің екінші жолы ғана «Айнамкөз» сөзі арқылы ұзартылған. Бұл арнайы қолданылған тәсіл әннің әуен-ырғақтық құрылымына ерекше сипат береді.

Пан көйлек

Бұл әнді мазмұны мен құрылымы жағынан алғанда халық кәсіби әндердің нағыз үлгісі деуге болады. Әннің бірінші шумағында жалпы сал-серілік өнерге тән жастық шақтың қызықты кездері суреттелсе, екінші шумағында өлеңнің мазмұны күрт өзгереді, бұнда Мұхит өзінің болашағына ой тастағандай болады.

Панкөйлек, маң-маң аяқ басатұғын,

Жар қайда ондай көніл ашатұғын,

Кешегі жиырма бестін желігінде,

Көңілім тау суындай тасатұғын.

Кім білер, кімдер болар мейірім қанар,

Рухым сөнген менiң қайта жанар

Еңіреп Мұхит бабам өтіпті-ау деп,

Кеінгі ұрпақтарым есіне алар.

Жалпы әннің әуені кең, көтеріңкі, жарқын. Онда, негізінен, тастан жонып жасалған мүсін тәрізді, ірі музыкалық әдіс-тәсілдер қолданылған.

Мірі мен шығармашылық жолы - student2.ru

Лкен Айдай

Мұхиттың басқа әндері сияқты, «Үлкен Айдайдың» әуені кең, музыкалық сипаты салтанатты. Сондықтан болар, Е.Брусиловский өзінің «Қыз Жібек» операсында бұл әнді Шегенің ариясы ретінде қолданған.

Мұхиттың салады енді Айдайына,

Бақ берген ер жігіттің маңдайына.

Жаманға бір сөз айтсаң теріс қарайды,

Жақсының мен жүремін ыңғайына.

Әннің даму үрдісі еркін, әуенінің құрылымы ірі, оның жеке бөлшектерінің ұзақ созылған дыбыстармен аяқталуы әннің кеңістігін ұлғайтып ерекше сезімге бөлейді.

Мірі мен шығармашылық жолы - student2.ru Зәуреш

Әннің шығу тарихы туралы ел арасында мынадай аңыз бар. Баяғыда Медет деген хан өзінің әскери жорықтарының бірінде отыз баласынан түгел айырылыпты. Соңында жалғыз қалған Зауреш қызы да көп ұзамай қайғыдан қаза болыпты. Осы аңызды естіп қатты әсер алған Мұхит Зәурештің рухына бағыштап трагедиялық сезімге тола әнін шығарады. Бұл әнді ғұрыптық жанрдағы жоқтау әнінің кәсіби түрі деуге болады. А.Жұбановтың пікірінше, бұл ән емес, шағын реквием.

«Зәуреш» әні жеке адамның қайғысын ғана суреттеп қоймайды, оның мән-мағынасы әлдеқайда терең. Сондықтан оның жанрын музыкалық поэма деп белгілеуге болады.

Мірі мен шығармашылық жолы - student2.ru Уа, Зәуреш, сенің үшін елден келдім,

Баяғы өзің көрген жерден келдім.

Сен неге мен келгенде тебіренбейсің,

Иіскеп бір сүйемін деген едім.

Қайыңның жаста көрдім жапырағын,

Құланның тауда көрдім шоқырағын.

Сен қалған отыз ұлдан едің, Зәуреш,

Бір уыс бұйырмады топырағың.

Сақталмас болат пышақ қын болмаса,

Өтірік неге керек шын болмаса.

Зарланып саулы інгендей келгенімде,

Басыңды бір көтерші тым болмаса.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Мұхиттың өмірі мен шығармашылық жолы.

2. Мұхит пен оның ұрпақтарының қазақ музыка мәдениетіне қосқан үлесі.

3. «Айнамкөз», «Пан көйлек», «Үлкен Айдай», «Зәуреш» әндеріне сипаттама бер.

4. Берілген әндерді жатқа айт.

Дебиеттер

1. Жубанов А. Струны столетий. - Алма-Ата, 1958.

2. Жубанов А. Соловий столетий . - Алма-Ата, 1966.

3. Елеманова С., Раибергенова С., Омарова Г., Шегебаев П. Казахская музыкальная литература. Учебник для ДМШ. - Астана, 2006.

4. Елеманова С. Казахское традиционное песенное искусство. Алматы, 2000.

5. Ерзакович Б. Песенная культура казахского народа. - Алма-Ата,1966.

6. Исмаилов Е. Акыны. - Алма-Ата. 1957.

7. Кунанбаева А. Жанровая система казахского музыкального эпоса. Опыт обоснования // Музыка эпоса. - Йошкар-Ола, 1989.

8. Сарыбаев Б. Казахские народные инструменты. - Алма-Ата, 1978.

9. Толеубаев А. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов. Алма-Ата, 1991.

10. Турсынов Е. Возникновение бахсы, акынов, сэри и жырау. -
Астана,1999.

11. Шегебаев П. История казахской интрументальной музыки 19 века. Учебное пособие. Астана, 2009.

12. Шегебаев П. Формирование и развитие образа соловья в домбровой музыке // Инструментальная музыка казахского народа. -
Алма-Ата, 1985.

13. Шегебаев П. Жанровые особенности кюя «Науыскы» (комическое
в домбровой музыке) // Инструментальная музыка казахского народа. Алма-Ата, 1985.

Глоссарий

Айтыс – ақындардың суырып-салма өлең түрінде өтетін жарысы.

Ақын– суырып-салма әнші. Оның атқаратын қызметі – айтысқа түсу және кейбір ғұрыптық рәсімдерді өткізу.

Бас буын, орта буын, саға – 1. домбыра мойынының бөлшектері, 2. сол жерде орналасақан төкпе күй құрылымының бөлімдері.

Бәдiк –жануарларды емдеу кезінде орындалатын ән. Көне заманда – аурудың пірі.

Бақсы(«бақ», «бағу»сөздерінен туындаған)–адамдар мен аруақтардың арасын байланыстырушы, емші.

Беташар –үйлену той кезіндекеліннің бетін ашатын ән.

Бунақ(«буын» сөзінен туындаған)–7-8,11 буындық өлеңнің бөлшегі, 3 немесе 4 буыннан тұрады.

Естірту –ән түрінде орындалатын хабар, көбінесе адам қайтыс болғанда қолданылады. Естіртудің күй түрі де кездеседі.

Ғұрыптық әндер – дәстүрлі әдет-ғұрыптарды өткізген кезде арнайы адамдар орындайтын әндер. Басқа кездерде орындалмайды.

Жар-жар –үйлену той кезінде қыздар мен жігіттер тобы кезек-кезек орындайтын ән.

Жарапазан –Наурыз мейрамы мен Ораза айт кезінде балалар мен жастардың үй аралап жүріп орындайтын әні.

Жоқтау(«жоқ» сөзінен туындаған)–қайтыс болған адамды жерлеу кезінде әйелдер орындайтын ән.

Жыр– 1. эпос, 2. өлеңнің 7-8 буындық өлшемі.

Жырау («жыр» сөзінен туындаған) – эпикалық шығармаларды шығарушы және орындаушы. Жыршы – сол шығармалардың орындаушысы ғана.

Тұрмыс-салт әндері– халықтың күнделікті қолданатын әндері, көбінесе отбасылық мейрамдарда, кіші-гірім тойларда, жастардың ойындарында орындалады

Көңіл айту, Жұбату– аза тұту рәсімінде орындалатын әндер.

Күләпсан–адамдарды емдеу кезінде орындалатын ән. Көне заманда – аурудың пірі.

Күйші – домбыра, қобыз, сыбызғыға арналған шығармалардың – күйлердің – авторы және орындаушысы. Күй сөзінің басқа мағынасы адамның психологиялық жағдайы, көңіл-күйімен байланысты.

Қара өлең– қарапайым ән деген мағынада. Күнделікті өмірде қолданылатын лирикалық әндер.

Қоштасу –ұзатылған қыз орындайтын «Сыңсудың» басқаша аты.

Макомат –общее название мугама (азерб.), мукама (уйг.), макома (узб.) и других национальных разновидностей. Мугам – многочастный цикл, состоящий из вокальных, инструментальных, танцевальных разделов. Встречается у оседлых тюркоязычных, арабо-ираноязычных народов.

Сал, сері – жан-жақты қабілеті бар дарынды тұлға. Бұл атақтар көбінесе әнші-композиторларға беріледі.

Сарын –бақсының, ақынның жеке әуені.

Сәукеле –ұзатылған қыз киетін сопақ келген,әр-түрлі қымбат тастармен әшекейленгенбас киім..

Сыңсу –ұзатылған қыз орындайтын ән.

Тарихи әндер мен күйлер– халық өміріндегі маңызды оқиғаларға, тарихи тұлғаларға арналған шығармалар.

Төкпе («төгу»сөзінен шыққан), шертпе («шерту»сөзінен шыққан) – домбыра күйлер стилдерінің аттары. Төкпе күйлер бастыс Қазақстанда, шертпе күйлер республиканың орта, шығыс, оңтүстік өңірлерінде тараған.

Той бастар –үйлену тойында ақын орындайтын ән.

Фольклор(халық даналығы) – халықтың ауызекі шығармашылығы.Фольклордың түрлері: ауыз әдебиет, поэзия, музыка, би өнері.

Шағын эпикалық жанрлар–толғау,терме, арнау, өсиет, мысал, нақыл сөз деп аталатын тәрбиелікмәні бар, философиялық мазмұндағы шығармалар. Күрделі эпостың арасында, ал кәзіргі кезде жеке шығарма ретінде де орындалады.

Тест сұрақтары

1. Қазақтың материалды және рухани мәдениетінің ерекшеліктері немен байланысты?

А) дәстүрлі көшпенді өмірмен,

Б) отырықшылыққа ауысуымен,

В) Кеңес үкіметінің орналасуымен,

Г) ерекшелік болған жөқ.

2. Көшпенділікке сәйкес болған музыка шығармашылығының түрі:

А) жеке орындаушылық,

Б) ансамбль орындаушылығы,

В) хор орындаушылығы,

Г) шумақ-қайырма құрылымы.

3. Қазақ аспаптарының аз болуы немен байланысты?

А) көшпенді өмірмен,

Б) ұсталардың жоқтығымен,

В) заттар мен саймандардың жетіспеушілігімен,

Г) отырықшылыққа ауысуымен.

4. Қазақтарда болған жоқ:

А) макомат,

Б) эпос,

В) жыр,

Г) фольклор.

5. Халықтардың мәдени-типологиялық жақындығына әсер етеді:

А) шаруашылықтың түрі мен дәстүрлі өмір-тіршілігі,

Б) тілдің жақындығы,

В) шығу тегінің ортақтығы,

Г) идеологияның ортақтығы.

6. Фольклор жанрларының қатарына жатпайды:

А) ақындық өнер,

Б) тұрмыс-салт әндері,

В) қара өлең,

Г) жар-жар.

7. Халық-кәсіби өнер түрлеріне жатпайды:

А) қара өлең,

Б) жырау-жыршылық өнер,

В) бақсылық өнер,

Г) сал-серілік өнер.

8.Сал-серілік өнер дегеніміз:

А) халық-кәсіби әншілік өнер,

Б) цирк өнері,

В) спорт түрі,

Г) фольклор.

9. Кеңес заманының идеологиясына қайшы келді:

А) жыршы шығармашылығы,

Б) халық шығармашылығы,

В) күйшілік өнер,

Г) жоқтау.

10. Өнердің қай түрі қазақтарда болмады?

А) көпдауысты хор өнері,

Б) халық шығармашылығы,

В) сырнаймен ән айту,

Г) айтыс өнері.

11. Қазақ халқының негізгі аспаптары:

А) домбыра, қыл қобыз, сыбызғы,

Б) домбыра, шертер, саз сырнай,

В) қыл қобыз, сыбызгы, шаңқобыз,

Г) домбыра, қобыз прима, дабыл.

12. Бақсылар мен жыршылардың қолданған аспабы:

А) қыл қобыз,

Б) қобыз прима,

В) асатаяқ,

Г) домбыра.

13. Мезгілі шектеулі аспап:

А) сыбызғы,

Б) асатаяқ,

В) шаңқобыз,

Г) дауылпаз.

14. Фольклор жанрларына жатпайды:

А) ақындар айтысы,

Б) қайым айтыс,

Б) жар-жар,

Г) сыңсу.

15. Халық-кәсіби өнер түрлеріне кірмейді:

А) жар-жар,

Б) эпос,

В) күйшілік өнер,

Г) бақсылық өнер.

16. Сыңсу әні орындалады:

А) үйлену тойында,

Б) жерлеу рәсімінде,

В) кез келген жерде,

Г) сахнада.

17. Естірту әні орындалады:

А) аза тұту дәстүрінде,

Б) үйлену тойында,

В) мейрамдарда,

Г) кез келген жерде.

18. Жарапазан әні орындалады:

А) Наурыз бен Ораза айт мейрамында,

Б) үйлену тойында,

В) жерлеу рәсімінде,

Г) кез келген уақытта.

19. Әдет-ғұрыптармен байланысы жоқ:

А) қара өлең,

Б) көңіл айту,

В) сыңсу,

Г) естірту.

20. Тарихи әндер байланыста болады:

А) тарихи оқиғалармен, тұлғалармен,

Б) тарихи кезеңдермен,

В) соғыстармен,

Г) хандар мен батырлардың есімімен.

21. Аспапсыз орындалатын әндер:

А) сыңсу, жоқтау,

Б) терме, желдірме,

В) тарихи әндер,

Г) жыршы әндері.

22. Сарын дегеніміз:

А) бақсы мен ақынның жеке әуені,

Б) жоқтау, жылау,

В) күй,

Г) ән.

23. Әншілер, жыршылар, ақындар жақсы меңгерген:

А) музыкалық аспапты,

Б) атқа мінуді,

В) психологиялық әсер етуді,

Г) қару-жарақты.

24. Үйлену тойда орындалмайды:

А) көңіл айту,

Б) сыңсу,

В) бет ашар,

Г) жар-жар.

25. Бет ашарды орындайды:

А) ақын,

Б) күйші,

В) жыршы,

Г) ата-аналары.

26. Жоқтауды орындайды:

А) әйелдер,

Б) еркектер,

В) жыршы,

Г) күйші.

27. Ас беру рәсімі өткізіледі:

А) 7, 40 күнде және бір жылдан соң,

Б) кез келген уақытта,

В) мейрамдарда,

Г) мүшел жасында.

28. Аза тұту рәсімінде қолданады?

А) ақ түсті мата,

Б) көк түсті мата,

В) сары түсті мата,

Г) жасыл түсті мата.

29. Бала өсіру мен тәрбиелеу рәсімдеріне жатпайды:

А) тасаттық,

Б) шілдехана,

В) тіл ашар,

Г) сүндет.

30. Бірінші мүшел жас:

А) 13 жас,

Б) 7 жас,

В) 10 жас,

Г) 5 жас.

31. Тұрмыс-салт айтыстарына жатпайды:

А) күляпсан,

Б) қайым айтыс,

В) жұмбақ айтыс,

Г) өтірік айтыс.

32. «Не жаман» - ол:

А) тәрбиелік мәні бар өлең,

Б) ойын-сауық өлеңі,

В) төкпекүй,

Г) аңыз.

33. Қара өлең дегеніміз:

А) лирикалық халық әні,

Б) сал-серілер әні,

В) қорқынышты, үрейлі әндер,

Г) ақынның суырып-салмасы.

34. Қара өлеңннің құрылымы:

А) 11 буындық,

Б) 7 буындық,

В) 9 буындық,

Г) еркін.

35. Аңыз күйлер ерекшеленеді:

А) әсем дыбыстық бейнелеумен,

Б) әсем дыбыс бояуларымен,

В) түрлі үрдістермен,

Г) шабыс ырғағымен.

36. Бақсы дегеніміз:

А) екі өмірді байланыстырушы,емші,

Б) ақын, әнші,

В) ауру адам мен оның туысқандарын байланыстырушы.

Г) фокусник, шарлатан.

37. Бақсының негізгі аспабы:

А) қыл қобыз,

Б) шан қобыз,

В) асатаяқ,

Г) үскірік.

38. Бақсы әнінің атқаратын функциясы:

А) ғұрыптық, магиялық,

Б) көкем-эстетикалық,

В) дыбыспен бейнелеу,

Г) ойын-сауық.

39. Жырау дегеніміз:

А) эпикалық шығармалардың авторы және орындаушысы,

Б) ойын-сауық әндердің авторы және орындаушысы,

В) эпикалық әндер мен күйлердің авторы,

Г) әнші, композитор.

40. Жыраулардың қатарына жатпайды:

А) Қазанғап

Б) Асан қайғы,

В) Қазтуған,

Г) Қашаған.

41. Батырлар жыры қатарына жатады:

А) Ер Тарғын,

Б) Сұлушаш,

В) Алдар көсе,

Г) Қыз Жібек.

42. Шағын эпикалық жанрлар қатарына жатпайды:

А) жаңылтпаш,

Б) терме,

В) толғау,

Г) өсиет.

43. Жыршы дегеніміз:

А) эпикалық шығармаларды орындаушы,

Б) мадақтау әндерін орындаушы,

В) айтыстың авторы және орындаушысы,

Г) қобызда орындаушы.

44. Жыр сөзінің екінші мағынасы:

А) өлеңнің 7-8 буындық өлшемі,

Б) қызықты әңгіме,

В) халық аңызы,

Г) қиялы ертегі.

45. Ақын дегеніміз:

А) әнші, суырып-салма,

Б) әнші және күйші,

В) өнер қайраткері,

Г) халық атағы.

46. Әдет-ғұрыптарды атқарады:

А) ақын,

Б) жырау,

В) сері,

Г) ру басшысы.

47. Ертеректе қалыптасқан өнер:

А) ақындық өнер,

Б) жыраулық өнер,

В) кәсіби ән өнері,

Г) би өнері.

48. Тотемизмнің көріністері бар:

А) ақындық өнерде,

Б) жырау, жыршылық өнерде,

В) күйшілік өнерде,

Г) әншілік өнерде.

49. Айтыс дегеніміз:

А) суырып-салма ақындардың жарысы,

Б) суырып-салма күйшілердің жарысы,

В) жыршылардың жарысы,

Г) спорт жарысы.

50. Өзінің жеке сарыны болады:

А) бақсылар мен ақындарда,

Б) ақындар мен жырауларда,

В) барлық әншілерде,

Г) күйшілерде.

51. Ақындар қолданатын музыкалық аспаптар:

А) домбыра, сырнай,

Б) домбыра, қобыз,

В) қобыз, сырнай,

Г) қобыз, асатаяқ.

52. Халық кәсіби әншілік өнер иелері:

А) сал-серілер,

Б) ақындар,

В) жыршылар,

Г) жалпы әншілер,

53. Сал, сері дегеніміз:

А) әннің авторы және орындаушысы,

Б) жырдың авторы және орындаушысы,

В) ауыл аралап жүретін циркачтар,

Г) ханның қол астындағы музыканттар.

54. Халық кәсіби ән өнерінің қалыптасуына әсер еткен:

А) қара өлең мен ақындық өнер,

Б) ақындық өнер мен домбыра өнері,

В) ғұрыптық пен тұрмыс-салт әндері,

Г) халық өнері.

55. Шумағы пен қайырмасы болады:

А) халық кәсіби әндерде,

Б) кәзіргі бұқаралық әндерде,

В) терме мен толғауда,

Г) күйлерде.

56. Концерттік орындаушылық тән:

А) сал-серілік өнерге,

Б) кәзіргі бұқаралық әндерге,

В) жыраулық өнерге,

Г) ғұрыптық әндерге.

57. Күйші дегеніміз:

А) аспаптық шығарманың авторы және орындаушысы,

Б) қобыз күйлерін шығарушы,

В) көне домбыра күйлерінің авторы,

Г) күй орындаушысы.

58. Төкпе стилі тараған жер:

А) батыс Казақстан,

Б) Сары-Арқа аймағы,

В) Құрманғазының шығармашылығы,

Г) Қазақстанның барлық аймақтары.

59. Шертпе стилі тараған жер:

А) орталық Қазақстан,

Б) батыс Қазақстан,

В) Ыхластың шығармашылығы,

Г) Қазақстанның барлық аймақтары.

60. Шертпе күйдегі арқа дәстүрінің өкілі:

А) Тоқа,

Б) Қазанғап,

В) Сүгір,

Г) Дина.

61. Қаратау шертпе күй дәстүрі тараған жер:

А) оңтүстік Қазақстан,

Б) оңтүстік-шығыс өңірі,

В) Жетісу өңірі,

Г) солтүстік Қазақстан.

62. Квинталық күйлер көбірек кездеседі:

А) шығыс Қазақстанда,

Б) оңтүстік шығыста,

В) Сыр-Дария өңірінде,

Г) орталық Қазақстанда.

63. Бас буын дегеніміз:

А) төкпе күй бөлімінің аталуы,

Б) шертпе күй бөлімінің аталуы,

В) эпостың бірінші бөлімі,

Г) қобыз аспабының бас жағы.

64. Саға дегеніміз:

А) төкпе күй бөлімінің аталуы,

Б) шертпе күй бөлімінің аталуы,

В) эпостың қорытынды бөлімі,

Г) сыбызғының бөлшегі.

65. Орта буын аталуы кездеседі:

А) төкпе күйлерде,

Б) шертпе күйлерде,

В) қобыз күйлерінде,

Г) эпоста.

66. Төкпе күй стилінің өкілі:

А) Қазанғап,

Б) Таттімбет,

В) Сүгір,

Г) Дайрабай.

67. Шертпе күй стилінің өкілі:

А) Сүгір,

Б) Ыхлас,

В) Қазанғап,

Г) Дина.

68. Байжігіт қай дәстүрдің өкілі?

А) шертпе күй дәстүрінің,

Б) төкпе күй дәстүрінің,

В) эпикалық өнердің,

Г) сыбызғы дәстүрінің.

69. Қыл қобыз ішегінің бұрауы:

А) кварта мен квинта,

Б) квинта мен секунда

В) кварта мен октава,

Г) еркін.

70. Бақсылық өнерімен байланысты қобыз күйлері:

А) кварталық күйлер,

Б) квинталық күйлер,

В) еркін бұраудағы күйлер,

Г) барлығы.

71. Жыраулық өнерімен байланысты қобыз күйлері:

А) квинталық күйлер,

Б) кварталық күйлер,

В) еркін бұраудағы күйлер,

Г) барлығы.

72. Кварта бұрауындағы қобыз күйлері болады:

А) жалғыз дауысты,

Б) екі дауысты,

В) көп дауысты,

Г) әр түрлі.

73. Квинта бұрауындағы қобыз күйлері болады:

А) екі дауысты,

Б) жалғыз дауысты,

В) көп дауысты,

Г) әр түрлі.

74. Сармалай мен Тілек –:

А) сыбызғышылар,

Б) қобызшылар,

В) домбырашылар,

Г) жыршылар.

75. Белгі беретін аспаптар қатарына жатады:

А) керней, мүйіз сырнай, дабыл,

Б) саз сырнай, үскірік, дауылпаз,

В) керней, сыбызғы, данғыра,

Г) қамыс сырнай, асатаяқ, нар қобыз.

76. Аңды алдап шақыратын аспап:

А) бұғышақ,

Б) қамыс сырнай,

В) дауылпаз,

Г) қыл қобыз.

77. Хордофон дегеніміз:

А) ішекті аспаптар,

Б) үрлемелі аспаптар,

В) ұрмалы аспаптар,

Г) шаңқобыз.

78. Аэрофон дегеніміз:

А) үрлемелі аспаптар,

Б) ішекті аспаптар,

В) ұрмалы аспаптар,

Г) нар қобыз.

79. Қорқыттың есімімен байланысты жер:

А) Сыр-Дария,

Б) Жетісу,

В) Сары-Арқа,

Г) Алтай.

80. Ішекті аспаптардың арғы тегі:

А) қыл қобыз,

Б) жетіген,

В) нар қобыз,

Г) скрипка.

81. «Аспап-оркестр» деп атайды:

А) қыл қобызды,

Б) нар қобызды,

В) жетігенді,

Г) домбыраны.

82. Үрлемелі аспаптардың жалпы аталуы:

А) сырнай,

Б) керней,

В) үскірік,

Г) шаңқобыз.

83. Құрманғазының туылған жылы:

А) 1818,

Б) 1918,

В) 1718,

Г) 1618.

84. Құрманғазы қай дәстүрдің өкілі?

А) батыс Қазақстан домбыра дәстүрінің.

Б) орталық Қазақстан дәстүрінің,

В) «ақ сүйектердің»,

Г) сал-серілік өнердің.

85. Құрманғазының ұстазы:

А) Ұзақ,

Б) Қазанғап,

В) Байжұма,

Г) Дина.

86. Автобиографилық деп атайды:

А) Құрманғазының күйлерін,

Б) Даулеткерейдің күйлерін,

В) Динаның шығармашылығын,

Г) А.Жубановтың әндерін.

87. Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Динаның аттас күйі:

А) Бұлбұл,

Б) Той бастар,

В) 16 жыл,

Г) Қоңыр.

88. Негізгі тақырыбы басқа биіктікте қайталанған бөлімі бар күй:

А) Балбрауын,

Б) Бұлбұл,

В) Алатау,

Г) Сары-Арқа.

89. Сағасы екі рет қайталанатын күй:

А) Сары-Арқа,

Б) Балбрауын,

В) Бұлбұл,

Г) Алатау.

90. Қай күйде көпдауыстылық естіледі?

А) Сары-Арқа,

Б) Балбрауын,

В) Бұлбұл,

Г) Алатау.

91. «Алатау» күйі құрылған:

А) екі тақырыптан,

Б) монотақырыптан,

В) көп тақырыптан,

Г) өзгеше құрылымнан.

92. Дәулеткерей қай бағыттың өкілі?

А) төкпе күйдің лирикалық-психологиялық бағытының,

Б) төкпе күйдің лирикалық-драмалық бағытының,

В) шертпе стилінің,

Г) домбыра музыкасының лирикалық-тұрмыстық бағытының.

93. Төре қағыс кімге тән?

А) Дәулеткерейге,

Б) Қазанғапқа,

В) Тәттімбетке,

Г) Динаға.

94. Дәулеткерей ненің өкілі?

А) «ақ сүйектердің»,

Б) қарапайым халықтың,

В) музыканттар династиясының,

Г) жыраулықтың.

95. Ру басшысы болып қызмет атқарды:

А) Дәулеткерей,

Б) Қазанғап,

В) Тәттімбет,

Г) Сүгір.

96. «Қыз Ақжелен» күйдің авторы:

А) Дәулеткерей,

Б) Қазанғап,

В) Дина,

Г) Байжұма.

97. Дәулеткерей мен Ғ.Жұбанованың аттас шығармасы:

А) Жігер,

Б) Көроғлы,

В) Бұлбұл,

Г) Той бастар.

98. Динаның шығармашылығы –

А) отанымыздың күнтізбесі,

Б) күйшінің өмірбаяны,

В) кеңес одағының мадақтауы,

Г) қайталанбас құбылыс.

99. Динаның ұстазы:

А) Құрманғазы,

Б) Дәулеткерей,

В) Қазанғап,

Г) Байжұма.

100. ҚазССР халық әртісі атағына ие:

А) Дина Нұрпеисова,

Б) Қазанғап,

В) Есір,

Г) Сүгір.

101. Би болып қызмет атқарды:

А) Тәттімбет,

Б) Қазанғап,

В) Дәулеткерей,

Г) Сүгір.

102. Александр патшаның таққа отыру рәсіміне барды:

А) Тәттімбет,

Б) Құрманғазы,

В) Біржан-сал,

Г) Жаяу-Мұса.

103. «Көкей-кесті» күйдің ерекшелігі:

А) өзгеше қағысында,

Б) өзгеше құрылымында,

В) қызықты аңызында,

Г) өзгеше интонациясында.

104. «Сары жайляу» күйдің авторы:

А) Тәттімбет,

Б) Дайрабай,

В) Құрманғазы,

Г) Тоқа.

105. Біржан-сал негізін қалыптастырды:

А) Сары-арқаның әншілік дәстүрдің,

Б) қазақтың жазба поэзиясының,

В) ауызша ақындық дәстүрдің,

Г) жаңа әншілік дәстүрдің.

106. Өмірінің соңғы кезеңі қиын болды:

А) Біржан-салдың,

Б) Ақан-серінің,

В) Құрманғазының,

Г) Жаяу-Мұсаның.

107. «Жанбота» әннің авторы:

А) Біржан-сал,

Б) Ақана-сері,

В) Мұхит,

Г) Жанбота.

108. Циклдық әндер кездеседі:

А) Біржан-салда,

Б) Ақана-серіде,

В) Мұхитта,

Г) Абайда.

109. Автопортреттік әндер кездеседі:

А) сал-серілерде,

Б) ақындарда,

В) жыршыларда,

Г) кәзіргі әншілерде.

110. Құлагер тұлпарына ән арнаған:

А) Ақан-сері,

Б) Біржан-сал,

В) Ыбрай,

Г) Жаяу-Мұса.

111. «Бад-Хадиша» әннің авторы:

А) Ақан-сері,

Б) Біржан-сал,

В) халық әні,

Г) Мұхит.

112. «Татьяна хаты» әннің авторы:

А) Абай,

Б) Пушкин,

В) Естай,

Г) Татьяна.

113. Мұхит қай дәстүрдің өкілі?

А) батыс Қазақстан әншілік дәстүрдің,

Б) орталық Қазақстан әншілік дәстүрдің,

В) Жетісу әншілік дәстүрдің,

Г) батыс Қазақстан эпикалық дәстүрдің.

114. «Зауреш» әннің авторы:

А) Мұхит,

Б) Ақан-сері,

В) Гарифулла Құрманғалиев,

Г) халық әні.

Наши рекомендации