Тақырып 11. Жаратылыстану және техникалық ғылымдардың тарихы мен философиясы
Дәріс мақсаты:жаратылыстану және техникалық ғылымдардың тарихы мен философиясын талдау, сонымен қатар, ғылыми білімді қалыптастырудағы математикалық тәсілдердің ролін анықтау.
Жоспар:
1. Жаратылыстану табиғат жайлы ғылымдардың кешені ретінде.
2. Математикалық тәсілдер және ғылыми білімнің қалыптасуы.
3. Қазіргі техника философиясының негізгі мәселелері.
Негізгі түсініктер:жаратылыс ғылымдары, математикалық үлгілеу, техникалық ғылымдар, техника философиясы.
Жаратылыстану табиғат жайындағы кешенді ғылым ретінде.Қазіргі таңда жаратылыстану деп ғылыми экспериментке негізделген, дамыған теоретикалық формуласы және математикалық тұғырымен сипатталатын нақты жаратылыстануды түсінеміз.
Арнайы ғылымдардың дамуы үшін табиғатты толықтай білу керек, оның объектілері мен құбылыстарын кешенді түрде түсіну қажет. Осындай түсініктерге ие болу үшін әрбір тарихи кезең өзіне тән жарытылыстық ғылыми бейнесін өндіреді. Қазіргі жаратылыстану табиғат жайындағы күрделі ғылымдар жиынтығын бейнелейді. Ол өз ішіне биология, физика, химия, астрономия, география, экология ж.т.б. кіргізеді. Жаратылыстану ғылымдары өз зерттеу пәнімен ерекшеленеді. Әрбір жаратылыстану ғылымдары өзі жаратылыстанудың әрбір даму кезеңдерінде құралған кешенді ғылым болып саналады. Жаратылыстанудың қазіргі даму тенденциясы бойынша ғылыми білімнің дифференцияациясымен қатар, қарама-қайшы үрдістер де болып жатыр – әр түрлі білім аумағының бірігуі, синтетикалық ғылыми пәндердің туындауы. Сонымен қатар, ғылыми пәндердің бірігуі жаратылыстанудың әр ішкі саласында жүрумен қатар, өз араларында да байланысып жатыр.
Жаратылыстануда іргелі және қолданбалы ғылымдарды бөледі. Іргелі ғылымдар – физика, химия, астрономия, әлемнің базистық құрылымын зерттейді, ал қолданбалы ғылымдар танымдық, әлеуметтік-практикалық міндеттерді шешуде іргелі зерттеулер нәтижесін пайдаланумен айналысады.
Математикалық тәсілдер және ғылыми білімнің қалыптасуы. Классикалық жаратылыстану эксперименталды-математикалық тәсілдерді қолдану негізінде алға шықты. Кез келген табиғи объектілердің заңдылықтарын сипаттау байланысы мен қатынасында математиканы пайдалану білімнің ғылымилығы (ақиқаттылығы, нақтылығы) оның математизацияланғанымен анықталады деген тұжырымды мүмкін етті.
Г. Галилей «Табиғат кітабы математика тілінде жазылған» деген еді.
«Әрбір білімде математика қанша болса ақиқат та сонша» деп И.Кант айтқан екен.
Логикалық түзулік, қатаң дедуктивті сипат, математиканың жалпыға міндетті шешімдері оған ғылыми білімнің үлгісі деген атақ сыйлады.
Дегенмен, математиканың жаратылыстану ғылымдарының зерттеушілері үшін басты жетістігі – оның жаратылыстану ғылымын құрайтын қатынастар мен үрдістердің, алгоритмдік кестелер мен байланыстардың, үлгілердің көзі бола алатын мүмкіндігінде еді.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап адам қызметінің әр саласында ЭЕМ және математикалық тәсілдер кеңінен қолданыла бастады. «Математикалық экономика», «математикалық химия», «математикалық лингвистика» ж.т.б. секілді объектілер мен құбылыстардың математикалық үлгісін және осы үлгілердің зерттеу тәсілін зерттейтін пәндер пайда болды.
Математикалық үлгілеу – қандай да бір құбылыс немесе объектіні математика тіліне жақын етіп сипаттау. Үлгілеудің басты мақсаты – осы объектілерді зерттеп болашақ бақылау қорытындыларына болжам жасау. Дегенмен, үлгілеу басқаруға мүмкіндік беретін қоршаған ортаны тану тәсілі.
Математикалық үлгілеу және онымен байланысты компьютерлік эксперимент табиғи эксперимент мүмкін болмаған жағдайда немесе оны жасау қиынға соққанда әлде тағы да басқа себептер болғанда пайдасы өте зор. Мысалы, тарихқа табиғи эксперимент жасауға келмейді. Қандай да бір космологиялық теорияның дұрыстығын тексеру мүмкін емес. Негізінен болуы мүмкін, дегенмен, мысалы алсақ, қандай да бір ауруды тарату және оған қарсы ем жасау секілді экспериментті жасау қате. Дегенмен, мұның бәрін зерттеліп отырған құбылыстың алдын ала математикалық үлгісін құрау арқылы компьютерде жасауға болады.
Қазіргі техника философиясының негізгі мәселелері. Техника философиясы – техника, технология, инженерлі және техникалық қызметтердің жалпылама даму заңдылықтарын және олардың адамзат мәдениетіндегі және қазіргі қоғамдағы орнын зерттеуге арналған қазіргі философияның бағыты. Техника философиясы біріншіден, техника феноменін толықтай зерттейді, екіншіден, оның тек имманентті дамуын емес, сонымен қатар, толықтай қоғамдық дамудағы орнын және үшіншіден, тарихи болжамды да ескереді.
Техника философиясы техника, қоғам және табиғат қарым қатынастарын талдау негізінде этикалық мәселелерді көтереді. Техника философиясының дамуындағы серпіліс ғылыми-техникалық прогресстың екіұшқырлығын сезінуден шыққан. Бір жағынан, қазіргі әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу тек ғылым мен техниканың еншісінде.
Басқа жағынан, экономикалық және техникалық өсудің шектері айқындалып келе жатыр. Шексіз ғылыми-техникалық үрдіске деген сенім табиғи және әлеуметтік қорлардың шектігін сезіндіріп отыр. Техника филсоофиясында этика мәселесі басты мәселелердің бірі болып табылады. Бірнеше қатар авторлар «техника демонизмы» («техника сайтандығы») сөзін қолданып жүр. Техникада шексіз пайдалы мүмкіндіктермен қоса қауіп те бар – адам, табиғат, қоғам үшін техниканы пайдаланудың жоюшы салдары. Бұл адамды машинаның бөлшегі ретінде қарау, ойлау қабілетінің кедейлігі, жан «технизациясы»; материалдының руханилықтан жоғарылауы және ең бастысы табиғаттың жойылу қаупі.
Соынмен, техника философиясы ғылыми философиялық зерттеу, оның басты мәселесі – қазіргі өркениеттің динамикалық қайшылықтық феноменінің күрделі, бүтіндей техникасын жан - жақты философиялық-әдістемелік және әлеуметтік мәдени талдау.
Қазіргі кезде жаратылыс, қоғамдық, техникалық ғылымдар арасында нақты шек қоюға болмайды, өйткені кешенді ғылымдар арасында әрдайым аралық орынды алатын көптеген пәндер жатыр.
Осылайша, қазіргі жаратылыстану табиғат жайындағы дамушы кең кешені бар сипатқа ие, ол бір жағынан ғылыми дифференциация үрдісімен және ғылыми білім интеграциясына бағытталған синтетикалық пәндерді жасау сипатымен бейнеленетін кешенді дамып келе жатқан табиғат туралы ғылым.
Провести четкую грань между естественными, общественными и техническими науками на современном уровне их развития нельзя, поскольку существует целый ряд дисциплин, занимающих промежуточное положение или являющихся комплексными.