Тақырып. 19ғ.- 20ғ. философиясы, рационолизм және иррационализм

1. Иррационализм және оның негізгі бағыттары .

2. Ғылыми – техникалық ойдың XX ғасырдағы өрістеу және неопозитивизм.

3. Адам әлемі және әлемдегі адам экзистенциалзм постпозитизм.

4. Білім мен тіл мәселелері.

5. XX ғасыр философиясының көптеген идея, әдіс, ұғым, танымы, көзқарастарының маңызы т.б.

XXғасыр – ғылыми – техникалық революция дәуірі. Рационализм мен иррационализм арақатынасын ғылыми техникалық прогреске көзқарастан да байқауға болады. Біріншісін сциентизм деп атайды. Ол бағыт, ғылымға ғылыми техникалық прогреске сенеді. Ғылым адамға қызмет етеді, оның өмірін жеңілдетіп, жақсартады. Бұл бағыт XX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Оған көптеген жаңа ғылымдардың, жаңа техникалардың, технологиялық әдістердің, компьютердің, т.б. дүниеге келуі себеп болды. Екіншісі антисциентизм деп аталады. Ол ғылымға сенбейді. Ғылыми – техникалық прогресс адамға тек қиындық әкеліп, зиян келтіреді, қоғамды басқарудың тоталитарлық жүйесін туғызды, ал адамдардың санасын ол қаспақтай ұстайды, ойлау жұйесінде шектеу саласы деп есептейді. Сөйтіп, иррационализм сайып келгенде мистикаға, жоққа сенуге де, ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған сыңаржақты қарап, жақтауға, не даттауға болмайды.

Тақырып. 19ғ.- 20ғ. философиясы, рационолизм және иррационализм - student2.ru

XX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында физиология мен психологияның, сезім мүшесінің рөлі артты. Оны уағыздағандар Эрнст Мах (1938 – 1916) пен эмпириокритизмнің негізін салушы Рихард Авенариус (1843 – 1896) болды. Рессейде оларды жақтап, соңына ергендер А. Богданов (1873 – 1928), В. Базаров (1874 – 1939), т.б. Э. Мах былай деді: “Ағаш, стол, үй менің денемнен тыс, өздігінен өмір сүреді”.

Дегенмен, XX ғасырдағы идеалистік философияның басты бағыттары үшеу. Олар: неопозитивизм, неотомизм және экзистенциализм.

Неопозитивизм. Негізгі позитивизм – “дұрыс пікір”деп аталатын ұғым болып дүниеге келді, оның бастамасын салған Огюст Конг (1798 – 1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның арғы түбі Д. Юм мен И. Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан, былайша айтқанда, философияданазат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым - өз алдына философия. Сол ғалымдарды зерттеу қажет. Сөйтіп, революция арқылы үстемдікке қолыжеткен буржуазия бұрын материализм, ғылым үшін күркскен болса, енді одан бас тартып, идеализмге біржолата ден қойды.

Оның эволюциясы бір ғасыр ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңі – позитивизм, екінші кезеңі – эмпириокртицизм, үшінші кезең – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм.

Тақырып. 19ғ.- 20ғ. философиясы, рационолизм және иррационализм - student2.ru

XIX ғасырдың аяғы – XX ғасыр басында позитивизмінің жаңа дәуірі туды. Ол кезенде оны эмпириокрицитизм деп атады. Оны жақтаушылар біздің санамыздан тыс объективтік өмір бар, бірақ ол біздің сезімдеріміздің жиынтығы дегенін алдында айттық. Эмпириокритицизм позитивизмге қарағанда шындықта әлдеқайда алшақ. Айталық, позитивизм философияны емес, нақты ғылымдарды зерттеу керек десе, эпмириокритицизм біздің сезімден тыс еш нәрсе жоқ, барлық дүние – біздің сезіміміздің нәтижесі деген қорытынды жасап, объективті өмірді субъективті сезімге айналдырды.

Позитивизмнің үшінші түрлі – неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Ол XX ғасырдың 20- жылдарында дүниеге келді. Өкілдері: Морис Шлик, Рудольф Канап, Отто Нейрат, Филип Франк, т.б. Бұлар өз

ойларын қатаң түрде ғылыми логикаға дүниеге келді. Сондай – ақ, әрбір сөздің мағынасын ашу (Б. Рассел) мәселесі, ақырында, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, бөлшек, т.б. котегориялар проблемасы туындады. Неопозитивистер ғылыми пікір айтудың екі түрлі – эмпирикалық және логикалық – математикалық жолы бар деді. Мәселен, “менде төрт қалам бар” делік немесе “мына жылқы ауру не сау”, оны қалай білеміз? Тек тікелей қарап, көзбен көру қажет. Бүл әдісті эмпирикалық әдіс дейді. Өмірде бұл әдіс кең қолданылады. Ал егер көзбент көруге болмаса, онда логикалық- математикалық әдіс қолданылады. Оны тавтология деп те атайды. Ол үшін, айтылған пікірді анықтап білгіңіз келсе, ол ұғымды қалыптасқан ой қисынына (логикаға) жүгіндіру керен. Біріншісі сезім арқылы тексеріліп анықтауға жатады. Оны верификация деп атайды. Екіншісі бекерге шығару арқылы дәлелденеді. Оны фаьсификация деп атайды. Неопозитивтер ғылымдардың объективті зандылықтары болатынын мойындамайды. Ғылым заңдары абсолют емес дейді олар. “Ғылым заңдары, - Белфаст университетінің профессоры Дэвид Гуничтің пікірінше, - дүниенің тіршілігі туралы оқырмыстылардың пайымдауы немесе, дәлірек айтсақ, дүниенің олар үйреніп және түсіне білген кішкентай ғана бөлшегі”. Сөйтіп, неопозитивистер ғылымдарды ғалымдардың субъективті топшылауы деп тұжырымдады.

Неотомизм – католик шіркеуінің діни философиясы. Негізін салғандар: XIII ғасырда өмір сүйген әулие Августин және Фома Аквинский. Өкілдері:

Жан Маритен, Э. Жильсон, Г. Марсель, В. Соловьев, Н. Бердяев, И. Бохенский, т.б. Бұл діни философияның мақсаты – адамдар жүрегіне жол салу.

Неотомистер ғылымды жоққа шығармайдй, бірақ оны дінге қарсы қоймайды. Тек ғылымдардың адамзатқа тигізіп отырған кейбір жағымсыз ықпалын сынайды. “Өйткені, адамдар жаратушы Құдайды ұмытқан. Барлық қатер содан” дейді олар. Неотомизм философиясы екі жүп категорияларға негізделген: потенция (мүмкіндік) және акт (нақты іс), эссенция (мән) және экзистенция (өмір сүру). Неотомизмнің басты мәселесі үшеу – Құдай, адам, адамгершілік. Бірақ Құдай жамандық жасағанды жазалайды дейді. Ал, енді солай – ақ болсын делік, сонда барлық табиғи сәйкессіздікті, үйлесімсіздікті, ассиметрияны жасайтын кім? Өйткені, ол табиғатта бар. Бұл сұрауларға неотомизм тоқталмайды. Дегенмен, қоғамдағы түрлі қайшылықтарды шешу басшыларға байланысты. Олар бағынушылардың жағдайын ойлауы керек деген де пікір айтады неотомистер.

Экзистенциализм. Философияда құдайшылдықты, жалпы тағдырды

жаратушыны мадақтау жайында көп жазылды. Неотомизм де сол бағытқа

жатады. Ол ағым теодиция деп аталады. Бірақ адамды мадақтауға – антроподицияға кезек келмей жүрді. Сондықтан адам туралы айту тасада, қалтарыста қалып келді. Енді адамды арнайы зерттейтінкез туды. Адамға ,оны зерттеуге бетбұрыс жасалды.Философияда ол ағым экзистенциализм деп аталады.Бірақ бұл да субъективті идеалтзмге жатады. Н.Бердяев айтқандай,“бәлкім антоподиция теодицияға баратын бірден – бір жол,бірден – бір өшпеген және шексіз, бітпес жол шығар”. XIX ғасырда пайда болған антропологиялық философияның абстрактілі, жалпылық диктатынан бас тартуы, нақты адамның өміріне жалпы алғанда жақындауы – құптарлық, болашағы зор бағыт. XX ғасырда бұл бағыт экзистенциализмнен өз дамуын тапты. Оның мақсатыклассиктік мән философиясын адамның өмір сүру философиясымен алмастыру болды. Өкілдері: Н. Бердяев, Л. И. Шестов, К. Ясперс, М. Хайдаггер, Ж, П. Сартр, А. Камю, Г. Марсель.

Тақырып. 19ғ.- 20ғ. философиясы, рационолизм және иррационализм - student2.ru

Тақырып. 19ғ.- 20ғ. философиясы, рационолизм және иррационализм - student2.ru

Тақырып . Қазақ халқының ұлттық сана сезімінің қалыптасуындағы философиялық идеялар және қазақ ойшылдарының ықпалы.

1. Қазақ хақының дүниетанымы, мифологиялық, діни, философиялық ойлардың қалыптасуы.

2. Қазақ философиялық ойшылдарының кезеңдері.

3. XIX ғасыр аяғы – XX ғасыр басындағы қазақ зиялаларының ой – пікірлері, тұжырымдары.

Қазақ халқының философиямен ойлау мәдениетінің шығу тегі көне түркі заманнан басталады. V – VI ғасырларда түркілердің әліппесімен жазуы болды соның негізінде түріктер жазба мәдениетін туғызды, оны көне түркі жырлар деп аталады. Сол замандағы түркілермен қазіргі қазақ саласының арасындағы терең рухани сабақтастықты аңғарамыз. Орта азия мен қазақстан жеріне ислам діни таралуына байланысты. 2 мәдениет 2 альфавит тайталасқа түсті 1 – түркі мәдениеті және түркі альфавиті 2 – араб парсы мәдениеті араб альфавиті.

IX ғасырда өмір сүрген Фараби өз еңбектерін араб тілінде жазды, негізгі еңбектері (Екінші ілім философ трактаттары математикалық әлеуметтік әстетикалық трактаттары). Фарабиден екі ғасыр өмір сүрген Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” шығармасын араб әрпімен түркі тілінде жазған. Ал аса көрнекті Ахмет Иассауи өз шығармаларын түркі тілде жазғанмен араб әрпін қолданған Жүсіп Баласағұннан кейінгі түрк ойшылдарының қатарына Ахмет Югнаки, Махмұт Қашқари, Жамал Қарши т.б. жатады. Қазақ халқының қоғамдық санасының қалыптасуына бұл ойшылдардың ықпалы зор болды. Қазан төнкерісіне дейін бұларды қазақ зиялалары жақсы білген, сонымен қатар көшпенділер деген атта қалған. Қазақтардың жоғары қала мәдениетінің болғанын айғақтайды. Жоғарыда аталған ойшылдардың көбісі араб парсы мистикалық философиясы болған. Қазақ топырағына араб парсы мәдениеті Шығыс поэзиясы арқылы таныған. Фирдауси бастап Науай деген ақындар бәрі суфизм ықпалында болды, сондықтан өнерге поэзияға жақын. Қазақ халқы исламның ортодоксиялық жағына ден қоймай оның философиясын қабылдаған, философия қазақ қалқына сырттан танылған ілім емес өзінің төл санасына жататын құбылыс. Айталық “тәуба”философиялық ұғым, ол қандай құбылыстың болса да рухани өлшемі. Бұл ұғым адам қуанышының да қайғысын да шегі барын білдіреді, барға қанағат ету керек. Осы философия халқымыздың әлеуметтік психологиясын,а әлеуметтік дүниетанымына әбден сіңді, халқымыздың дүниетанымының ерекшелігі - оның түрмысынан аңғарылуы заңды дүние. Сондықтан араб – парсы мистикалық философиясын қазақ халқы сол күйінде емес, өзінің өмір сүру тәсілі, салты ерекшелігіне қарай қабылдаған.

VIII – IX ғасырда Сырдария бойында данышпан ойшыл Қорқыт ата өмір сүрді.Ол кітаби Қорқыт эпостық жырының атасы. Қазақ арасында Қорқыт ата туралы тарихи жыр дастандар, аңыздар ән- күй көп кездеседі. Қорқыт атаның негізгі көзқарастары «тағдырға жазылған» деген фотолизмге қарсы күресіп адамдарға мәңгі өмір іздеуші тұлға ретінде өзін көрсетті. Ол өмірдің қиындықтарына мойынұсынбай үнемі күресе білуге шақырды, әр істің ізгілікпен жақсылыққа негізделіп жүзе асуын уағыздады. Бұл ғұламаның кейінгі ұрпаққа берген рухани тәлімі. Қорқыт ата қазақ даласында тұңғыш рет қобыз жасаушы болып табылады. Қазіргі уақытта 22 – ден астам күйлері белгілі шартарапқа тараған Қорқыт дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ, “Сынбас темір жоқ – өлмес өмір жоқ”. Өлмейтін өмірді өнерден табады. Қорқыт бабамыздың артынан қалдырған жырлары өте маңызды. Кітаби Қорқыт 12 жырдан тұрады. Бүкіл түркі елдеріне ортақ бұл кітаптың 2 түрлі ннұсқасы бар оның бірі Ватикан (Рим) Дрезден (Германия) қаласында кітап қоймаларында сақталған.

Қорқыттың нақыл сөздерінде қазақ мақалдарына өте ұқсас, одан көшпелі елдің салт – сана табиғат, және қоғамға деген көзқарасы көрініп тұр.

Қар қанша қалың жауғанмен

Көктемнен қалмас.

Ескі темір біз болмас,

Ескі дүшпан дос болмас.

Атасыз ұл ақылға жарымас,

Анасыз қыз жасауға жарымас.

Ажал келмей кісі өлмес,

Өлген адам тірілмес.

т.б. Қайталанбас уақытты қадірлеуге шақыру сол арқылы өмірге мәңгілік ету идеясы оның философиясының іргетасын қалайды.

М. Әуезов Қорқыттың мәңгі өмірі туралы толғаныстарының негізгі философиялық түсінігін аша келе оның болашақ үрпақ үшін дүниетанымдық маңызы зор мәңгілік мұра екенін атап өткен. Қорқыт – “Өлім” деген құбылысқа қарсы түра алатын рухани күш таба білген әлемге мұндай өлмес шығармалар қалдырған ойшылдардың ұмтылуы мүмкін емес және ол халықтын зердесінде мәңгі қалуы заңды.

Махмуд Қашқари- Жүсіп Баласағұнидың замандасы, Қашқарияда дүниеге келгенмен, бүкіл саналы өмірін Қазақстан, Орта Азия жерлерінде өткізген. Негізгі еңбегі: “Диуани лұғат ат – түрік” (Түркі тілдерінің жинағы ). Ол кезінде түркі елдерін көп аралаған. Олардың тілін, тарихын, әдет – ғұрпын зерттеп, мақал – мәтелдерін жинастырған. Қазақ халқының сол кездегі адамгершілік, ерлік, тіл байлығы қасиеттеріне жоғары баға берген.

XV ғасыр аңыз кейіпкеріне айналған өз заманының ойшылы Асан Қайғы,, Керей Жәнібек хандардың ықпалды биі ,ақылшысы болған ол өзінің философиялық жыр толғауында хандық үкіметтік нығайту елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттады. Қоғамдағы әдет ғұрып, мінез құлық мәселелерін көрсеттік Асан Қайғы бір орталыққа бағынған мемлекет құруды насихаттады аңыз бойынша Сарыарқада ұлытауда дүние салған.

XX ғасырдың басында қазақ топырағында бір топ талантты ойшыл ақындар, қоғам қайраткерлері дүниеге келді, әрине, оларды дүниеге келтірген объективті қоғамдық жағдайлар. Ең алдымен 1861 жылдан бастап басыбайлық құқық жойылғаннан кейін Ресей құлаш жайып, дами бастады.

Сондай – ақ, XX ғасырдағы қазақ ойшылдары түрлі философиялық ізденістер жасады. Қазақ халқының қарапайым ой – пікірлерінен алғаш философиялық деңгейге дейін көтеріле алған Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиев болды. Ол Абайдың “Қырық бес қара сөзіндегі” ой толғау дәстүрін дамыта отырып, 1898 жылдан бастап отыз жылдай табанды ізденіс жасап, “Үш анық” философиялық еңбегін жазып шықты.

Қазан төңкерісіне дейін де одан кейін де ұлттық сананың еркіндікпен дамуына көптеген тосқауылдар болды. Соның бір көрінісі ұлттық философия халықтық дүние таным. Қазақ философиясы қазақ ойшылдары деген мәселелердің күн тәртібінде болмауы. Қазақ философиясы адам және оның өмірсүру философиясы жалпы бостандықты еркіндікті сүйетін кең даласы сияқты кең пішіндегі бар халықтың соған сай философиялық дүние танымы ой пікірлері болуы заңды дүние.

Негізгі әдебиет: [5, 11, 12]

Қосымша әдебиет:[1,2,3,4,5]

Наши рекомендации