Ысқаша тест тапсырмалары

СӨЖ түрі – қысқаша тест тапсырмалары аудиторияда орындалады. Семестр барысында екі рет – 11 және 15 апталарда өткізіледі. Тест тапсырмаларының жалпы саны 10 (барлығы 20). Қысқаша тесттерге жауап беру барысында силлабуста көрсетілген ережелер қатаң сақталуы тиіс. Тест тапсырмалары кафедра және оқытушының өзінде сақталады және студенттерге алдын ала берілмейді.

Қысқаша тестерді бағалау тәртібі:

Қатесіз, тест тапсыру талаптарына сай, орындалған дұрыс 10 жауап 5 баллға дейін бағаланады.

9 және 8 тест тапсырмасына дұрыс жауапқа 4 балл беріледі.

7 және 6 тест тапсырмасына дұрыс жауап 3 баллға бағаланады.

5 және 4 тест тапсырмасына 2 балл беріледі.

3 және 2 тест тапсырмасына дұрыс жауап 1 баллға бағаланады.

1 дұрыс жауап және бірде бір дұрыс жауабы жоқ жұмысқа 0 балл беріледі.

СӨЖ тапсырмалары

1. “Философия ” термині мынаны білдіреді:

А) мемлекеттік істерде сауаттылық

В) бір-бірін түсінуге ниет білдіру

С) даналыққа құштарлық

D) көп нәрсені білу

E) тыныш өмірге ұмтылу

2. Философияның негізгі функциялары:

A) коммуникативтік, реттеушілік, танымдық

B) методологиялық, дүниетанымдық, аксиологиялық, практикалық

C) бағалау, қоғамға бейімдеу, трансляциалық

D) сыни, компенсаторлық, адптациялық

E) ақпараттық, танымдық, сыни, коммуникативті

3. “Философия таңғалудан басталады” деген:

A) Сократ

B) Аристотель

C) Платон

D) Декарт

E) Пифагор

4. Философияның негізгі салаларын атаңыз:

A) софистика, эклетика, догматизм

B) идеология, космология, мифология

C) онтология, гносеология, антропология, аксиология

D) әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану

E) монизм, дуализм, плюрализм

5. Философия қашан және қай жерде пайда болды:

A) Көне Грецияда, б.ж.с. дейін V ғасырда

B) Көне Үндістанда, б.ж.с. дейін VI ғасырда

C) Көне Грецияда, Көне Үндістанда, Көне Қытайда, б.ж.с. дейін VII-VI

ғасырларда

D) Көне Мысырда, б.ж.с. дейін VIII ғасырда

E) Көне Қытайда, б.ж.с. дейін VII ғасырда

6. Философия мыналардан пайда болды:

A) мифология және ғылым

B) дін және мифология

C) дін және ғылым

D) қарапайым түсініктер, дін және ғылым

E) дін, ғылым, мифология

7. Төмендегі мәселелердің қайсысы философиялық мәселе:

A) адам өмірінің мәні

B) адамзатты азық-түлікпен қамтамасыз ету

C) гравитацияның мәні

D) мәңгілік двигатель

E) икебана өмірі

8. Дәстүрлі қазақ дүниетанымының формалары:

A) мақал-мәтел, бата

B) аңыз, ертегі, жоқтау өлеңдері

C) қара өлең, қоштасу өлеңдері, қаһармандық эпос

D) лиро-эпостар және термелер

E) осының бәрі

9. Дәстүрлі дүниетанымның сатылары:

A) философия, миф, дін

B) қарапайым түсінік, миф, дін, философия

C) миф, ғылым, қарапайым түсінік

D) дін, философия, дін, ғылым

E) ғылым, миф, философия

10. Философия мен діннің ортақ жағы:

A) дүниені ғылыми тұрғыдан түсіндіреді

B) көзқарастың типтері болып табылады

C) құдайға сенімге негізделген

D) танымның эмпирикалық тәсілдерін қолданады

E) даму тән емес

11. Көзқарас дегеніміз:

A) дүниені сезіну

B) дүние туралы білім

C) адамның практикалық тәжірибесі

D) адамның дүние туралы көзқарастарының, бағаларының және ұста-

нымдарының жиынтығы

E) адамның табиғатқа қатынасы

12. Қазақ дүниетанымындағы “дүние” категориясының философиялық ма-ғынасы қандай:

A) болмыс

B) әлем

C) тіршілік, өмір

D) осы мағыналардың бәрі

E) осы мағыналардың ешқайсысы емес

13. Осы категориялардың қайсысы тек онтологиялық:

A) дүние, болмыс, заман, жаратушы

B) өмір, жан, адам

C) адам, пенде, кісі, тұлға

D) араласу, кісілік, қанағат, намыс

E) заман, ғұмыр, әлем, парыз

14. Қазақ дүниетанымындағы “араласу” категориясының мағынасы:

A) қарым-қатынас

B) келіп-кету

C) сіз-біздесу

D) іштесу

E) осының бәрі

15. Көне Үнді философиясына мыналар жатады:

A) ғылыммен нашар байланыс

B) діни-мифологиялық дүниетаныммен тығыз байланыс

C) философиялық тұлғалардың аздығы

D) негізгі ұғымдардың терең мағынасы және көпжақтылығы

E) осы ерекшеліктердің бәрі

16. Философиялық тақырыптар Веданың мына бөлігінде басымырақ:

A) Ригведалар

B) Араньяктар

C) Брахмандар

D) Упанишадалар

E) Трипитакалар

17. “Адамның ең мардымсыз деген істерінің өзі оның бүкіл өміріне әсер

етеді” деп тұжырымдайтын заң:

A) сансара

B) карма

C) брахман

D) нирвана

E) атман

18. Қарма мен сансара заңдарын, өлгеннен кейінгі өмірді, жоғарғы күштері

жоққа шығарған Көне Үнді философиясының мектебі:

A) буддизм

B) ньяя

C) йога

D) чарвака-локаята

E) санкхья

19. “Дхаммапада” қай философияға қатысты:

A) Үнді

B) Қытай

C) Вавилон

D) Шумер

E) Араб тілді мұсылман философиясы

20. Чарвака-локаята қандай бағыт:

A) материалистік

B) идеалистік

C) стоицизм

D) деизм

E) агностицизм

21. Көне Қытай философиясының негізгі белгілері:

A) практикалық және саяси мазмұнының басымдылығы

B) мистицизм

C) жеке адамдың құтқарылуына бағыт алу

D) осы белгілердің бәрі

E) осы белгілердің ешқайсысы емес

22. Даосизм қай философиялық дәстүрге жатады:

A) әлемдік

B) Батыс европалық

C) Қытайлық ұлттық

D) Шығыстық

E) Евразиялық

23.Көне Қытай философиялық ілімдерінің қайсысы адам мен қоғам гар-

мониясына ережелерге бағыну, дәстүрлерді сақтау арқылы жетуге бо-

лады деген пікірді қолдаған:

A) конфуцийшылдық

B) моизм

C) легизм

D) даосизм

E) заңшылдар мектебі

24. Ци субстанциясымен бірге әлемнің негізін қалайтын заттардың табиғи

заңы Лао-цзы философиясында осылай аталады:

A) инь

B) ян

C) дао

D) жэнь

E) ли

25. “Өзгерістер кітабы” қай философияға қатысты:

A) Үнді философиясына

B) Қытай философиясына

C) Грек философиясына

D) Ортағасырлық мұсылман философиясына

E) Қазіргі заманғы Батыс философиясына

26. “Жеті даналарға” мыналар жатады:

A) Фалес

B) Солон

C) Питтак

D) Анахарсис

E) осылардың бәрі

27. Фалестің пікірінше дүниенің бастауы:

A) су

B) от

C) ауа

D) жер

E) идея

28. “Сократқа дейін” мектептер санына мына философиялық мектеп

жатпайды:

A) Милет мектебі

B) стоиктер мектебі

C) пифагоршылар мектебі

D) Элея мектебі

E) атомистер мектебі

29. “Бір өзенге енеміз және енбейміз, өмір сүреміз және сүрмейміз” деген

философ:

A) Демокрит

B) Гераклит

C) Зенон

D) Пифагор

E) Фалес

30. “Адам барлық заттарының өлшемі: бар заттардың барлығының өлшемі,

жоқ заттардың жоқтығының өлшемі” деген:

A) скептиктер

B) софистер

C) эпикурейліктер

D) стоиктер

E) киниктер

31. “Болмыс – материя мен форманың бірлігі” деген философ:

A) Платон

B) Сократ

C) Аристотель

D) Демокрит

E) Парменид

32. Рахаттануды ең басты деп санайтын ілім:

A) эвдемонизм

B) гедонизм

C) гилозоизм

D) атомизм

E) пантеизм

33. “Эманация” ұғымы мынаны білдіреді:

A) заттардың материя мен форманың бірігуі арқылы пайда болуы

B) біртұтас болмыстан жаратылуы

C) жан көргенін еске алу арқылы өтетін таным процесі

D) ойтүйін құрастыру

E) заттардың табиғи дамуы

34. “Апейрон” ұғымы нені білдіреді

A) жер

B) жаны бар материя

C) шексіз, шекарасыз, таусылмас нәрсе

D) біртұтас табиғат

E) қоғам

35. “Өзіңді - өзің танып біл!” қағидасының авторы:

A) Платон

B) Сократ

C) Декарт

D) Лао - цзы

E) Зенон

36. “Адам өмірі – азап, одан адам нирванаға жеткенде ғана құтылады” қағидасы қай философиялық ағымға тән:

A) чарвака - локаята

B) буддизм

C) жайнизм

D) даосизм

E) софистика

37. “Дүниенің негізі - идея” тұжырымының авторы:

A) Фалес

B) Анаксимен

C) Конфуций

D) Платон

E) Аристотель

38. “Мемлекет” еңбегінің авторы:

A) Платон

B) Аристотель

C) Конфуций

D) Эпикур

E) әл Фараби

39. Философия тарихында алғашқы болып ғылымдардың классификациясын жасаған:

A) Сэн-цзы

B) Платон

C) Аристотель

D) Демокрит

E) Сократ

Бақылау сұрақтары

1. Кім антикалық философтарының арасында алғашқы негізді “ауа” деп санаған?

2. Қандай негізді Эпикур дінді туғызған себеп деп санаған?

3. Мифтің көзқарастық түрі ретіндегі негізгі ерекшелігі?

4.Қандай шығарма үнді мәдениетінің көне ескерткіші және үнді философиясының бастауы деп саналады?

5.Қандай ұғым көне үнді философиясында дамудың белгіленген жолмен өтетінін көрсетеді?

6.Қандай ілім буддизмде рухани әлемнің мәңгілігін бейнеледі?

7.“Веды” деген ұғымның аудармасы

8.Ведалық ойлардың алғашқы талқылаушыларын қалай атаған?

9.Көне Үнді философиясының өзіндік алғашқы жазылған түрі

10.Қандай ортодоксты көне үнді мектеп материалды және рухани әлемнің бірлігін мақұлдайды?

11. Үнді философиясында қандай негізгі ортодоксты және ортодоксыз мектептерді айырады?

12.Қандай ортодоксты көне Үнді мектебі рухты абсолюттейді?

13.Қандай ортодоксты көне Үнді мектеп атомизмді дамытқан?

14.Қандай көне Қытай философиялық ілім мемлекеттік идеология ретінде қабылданған?

15.Кім көне Қытай ойшылдардың арасында “ли” деген ұғымды дүниежүзілік тәртіп деп бағалаған?

16. Көне Қытайда бірінші себеп - ұлы жаратушы ретінде не алынады?

17. Көне Қытай ойшылдардың арасында “мемлекетші-мемлекетші,

сановник-сановник, әке-әке, бала-бала болу керек” деп санаған кім?

18.Қытай ойшылдары арасында “алтын орта” іздеуді адамның саналылығына байланыстырған кім ?

19. “Философия” грек тілінен аударғанда нені білдіреді?

20.Көзқарастың қанша тұрлері бар деп саналады?

21.Философиялық проблемалардың универсалды,

абстрактілі негізі қандай жалпылы формулаға жатады?

22. Ертедегі Грек философтардың арасында ,,адам- бар заттардың өлшемі” деп санаған кім?

23. Көне Қытай философтарының арасында танымды себепті тану деп түсінген кім?

24.Көне Қытай ойшылдарың қайсы даосизмнің ата-бабасы деп саналады?

25.Қандай ұғым даосизмде негізгі деп саналады?

26.Қандай ертедегі Грек мектебі дамуды сандық қатынастармен түсіндіреді?

27.Эпикурдың эвдемонизмі бойынша өмірдің мәні неде?

28.Аристотель қандай логиканың негіздерін туғызған?

29.Қандай антикалық ойшыл танымды “еске түсіру” деп санайды?

30.Адамгершіліктің негізін Сократ немен байланыстырады?

31.Стоицизм ақылдықты қалай талқылайды?

32.Қандай ертедегі бағыт философияны өлімге дайындайтын ғылым деп таныған?

33.Стоиктердің этикалық идеалдары қандай?

34.Эпикурдың философиясындағы “атараксия” ұғымның мазмұны

35.Аталған Орта ғасырлық философтарының қайсысы классикалық патристиканың өкілі деп саналады?

36.Қандай кітапта христиан философиясының негіздері сипатталған?

37.Христиан философиясында адам қалай талқыланады?

38.Орта ғасырлық схоластикада “универсалий” деген ұғым нені білдіреді?

39.Кім Орта ғасырлық философтардың арасында концептуалистік теорияны дамытқан?

40.Аристотельдің пікірінше силлогизм дегеніміз не?

41.Аристотель бойынша моральды идеал қандай болу керек?

42.“Еш нәрсе ақиқатты өмір сүрмейді” деген сөйлем қай антикалық философиялық бағыттың мәнін сипаттайды?

43.Маркстік философиясында келесі тұжырымдардың қайсысы тарихты материалистік тұрғыдан түсінуге сәйкес келеді?

44.Маркстік әлеуметтік теорияда қандай ұғым негізгі деп табылады?

45.Л.Фейербах қандай моральды құндылықты этикасын дамытады?

46.Қазақ халқының мәдениетіндегі поэтикалық-философиялық диалогтің формасы

47. ХХ ғ. қандай бағытта тексті талқылау негізгі мәселе деп табылады?

48.ХХ ғ. қандай ұлы ойшыл “ашық қоғам” теориясын дамытқан?

49.ХХ ғ.қандай философиялық бағыт философияның пәнін логикалық анализге айналдырады?

50.ХХ ғасырда қандай бағытта философия сананың феномендері туралы қатал ғылым деп талқыланады?

51.ХХ ғасырдың қандай философиялық бағыты практикалық қорытындыны ақиқаттың мөлшері деп санайды?

52.ХХ ғасырдың қай атақты ойшылы“шекаралық ситуация”теориясын дамытады?

53.Постструктурализмнің ерекшелігін белгілеңіз

54.ХХ ғ.қандай философиялық бағыт “құндылық теориясын” дамытады?

55.Философияның қандай категориясы әлем бірлігін және оның көптүрлігін көрсетеді?

57.Аталған диалектикалық ұғымдардың қайсы кажеттілік пен кездейсоктың гармония мен дисгармонияның байланысын ашады?

58.Қандай философиялық ұғым адамның өмір сүру формасын, рухани бағытын бейнелейді?

659Қандай ілім қозғалысты қуатқа (энергия) айландырады?

60Қандай философиялық ілім қоғамға табиғаттың әсерін абсолюттейді?

61.Көне Үнді философиясында қандай ұғым жеке моральдық заңды белгілейді?

62.Будда ілімінде қандай концепция түлғаның адамгершілігін дамуың

кажет етеді?

63.Қандай ұғым материяның саналы ұйымдасуын көрсетеді?

64.Философияның қай ілімі адамның әлемге деген құнды қатынасын түсіндіреді?

65.Аталған танымдық әдістердың қайсысы теориялық танымға жатпайды?

66.Аталған танымдық әдістердың қайсысы эмпириялық танымға жатпайды?

67.Конвенциалистер ақиқатты қалай түсінеді?

68.Мемлекеттің пайда болуын анықтайтын қоғамдық келісім теориясын кім алғаш шығарды?

69.Қоғам деген не?

70.Қоғамның системалық зерттеуінің мағынасы қандай?

71.Адам туралы ілімдегі жалпылы ұғым

72.Адамзаттың жеке жүйесі философиялық ғылымда қалай аталады?

73.(Страта( деген ұғым нені білдіреді?

74.Маркстік теория бойынша әлеуметтік құрылымның негізі қандай?

75.Қандай аталған ғылыми әдістеріның біреу теориялық танымға жатпайды?

76. ХХғ. философтарының арасында парадигмалардың ауысу концепциясын дамытқан кім?

77.Қандай ұғым мәдениеттің дамуында турақтылы (консервативті( жағын бейнелейді?

78.Қандай мәдениет зерттеуші өркениеті нақтылы мәдени-әлеуметтік

кеңістікте және уақытта берілген жүйе деп санаған?

79.Кім ХІХ ғ. Неміс философтардың арасында бұлжымас императивті ашты?

80.(Тулға( деген ұғымның анықтамасында қандай қасиет негізгі деп табылады?

81.Сана қандай бейнелеу формасына жатады?

82.Ақиқаттың негізгі өлшемі қандай?

83. Субъект - объектілі қатынастардың жекеше игеруы қандай санаға жатады?

84.Қандай философиялық ұғым адамның дамуындағы әлеуметтік қатынастардың сатысың бейнелейді?

85.Адамдарды жануарлардан айыратын ойлау типі қандай?

86.Өркениеттің қандай күрделі (глобальды) мәселесі қоғам мен табиғаттың қатынасын бейнелейді?

87.Қоғам дамуының қандай саласын демографиялық мәселелер бейнелейді?

88.Тарихты материалистік тұрғыдан түсінетін ойшылдар қандай қоғамдық қатынастарды бірінші орынға шығарады?

89.Қандай философиялық теория қоғамдағы әлеуметтік айырмашылықтарды зерттеуге көмектеседі?

90.Әлеуметтік қауымға жатпайтын әлеуметтік құрылымның элементің (бөлігін) шығарыңыз

91.Ғылымның құндылығың терістейтін ұғым қандай?

92. Қай кезенде адамның мәні космоста деп саналган?

93.Казіргі заман философиясында адам мәселесін негізге коятын бағыт?

94.Саяси құрылымның негізгі элементің атаныз?

95.Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың негізгі формасы?

96.(Өркениет( деген ұғым қандай қоғамдық бағыттың ерекше дамығаның бейнелейді?

97.Қандай философиялық ілім құдайды алғашқы себеп ретінде болғандығын, кейіннен табиғаттың өз заңдары бойынша дамитының мойындайды?

98.Қандай философиялық ілім құдай мен табиғаттың бірлігін мақұлдай-

ды ?

99.Қандай философиялық ілімде құдай бірінші себеп ретінде, жаратушы ретінде терістеледі?

100.Қандай философиялық ілімде адамның өмірінің мәні бақытқа ұмтылуымен байланыстырылады?

101.Қандай функция арқылы философия адамдарға рухани құндылықтарың дамытуға көмектеседі?

102.Ғылыми теорияның логикалық дамуындағы мүмкіндікті белгілейтін бөлшек қалай аталады?

103.Қазіргі заманда адамзат қандай революциядан өтіп жатыр?

104.Философияда танымдық теория қалай аталады?

105.Қандай функция толық философия мен нақтылы ғылымдардың байланысың шығарады?

106. Болашаққа арналған танымдық әрекеттердің түрлерінің бәрі қандай жалпы ұғыммен аталады?

107.Субъективті ойшылдар тарихтың қозғалыс күшін қалай түсінеді?

108.Қандай теория әлеуметтік мобильдік методологиялық негізі деп шығарылады?

109.Қандай ілімде қоғам тарихы тарихи-табиғи процесс ретінде түсіндіріледі?

110.Қандай логикалық (ойлау) форма заттардың, құбылыстардың жалпылы, мәнді қасиеттерің бейнелейді?

111.Қандай логикалық (ойлау) формада заттардың, құбылыстардың қасиеттері мақұлданады не болмаса терістеледі?

112.Қандай логикалық (ойлау) формада бір пікірлерден жаңа пікір (логикалық қортынды) шығарылады?

113.Қандай логикалық заң бойынша ұғым, пікір өз өзіне сәйкес болу керек деп саналады?

114.Қандай логикалық заң бойынша, әр ой толық негізделу, дәлелдену керек деп саналады?

115.Қандай логикалық заң бойынша, “егер екі қарамақарсылықты пікірлерден біреу ақиқатты, екіншісі жалған болса, үшіншісі болуы мүмкін емес?”

116.Қандай логикалық заң бойынша “екі қарамақарсылы пікірлер екеуі бірдей бір уақытта, бір қатынаста ақиқатты не жалған болуы мүмкін емес”?

117.Келесі тұжырымды қандай ой түріне жатқызуға болады: ”Металдардың бәрі жылуды өткізеді.

Темір -металл.Темірде жылуды өткізеді”?

120.Қазіргі философиядағы ең кең ұғым

121.Болмыс дегеніміз не?

123.Қандай ойшыл ертедегі Грецияда қозғалыстың теориялық зерттеуінің қиыншылығын көрсете алған?

124.Қандай философиялық ілім қозғалысты жоққа шығарды?

125.Кеністік дегеніміз не?

126.Уақыт деген не?

127.Қандай ғалым материяның, қозғалыстың, кеңістіктің, уақыттың бірлігін дәлелдеген?

128.Қандай философиялық оқу танымды терістейді?

129.Ақиқат дегеніміз не?

130.Ақиқаттың өлшемі не?

131.Қандай философиялық бағыт танымның бастауы тек қана түйсік деп есептейді?

132.Қандай танымдық ілімде ақыл ерекше бағаланады?

133. Философияда ақиқатты абсолюттеу қалай аталады ?

134.Қандай философиялық бағытта ақиқат жоққа шығарылады?

135.Философия нені зерттейді?

136.Қандай антикалық философ тіршіліктің бастапқы негізі су деп санаған?

137.Қандай Грек ойшыл диалектиканы оқу ретінде туғызған?

138.Кім Ертедегі Грецияда объективті идеализмді туғызды?

139.Қандай ойшыл антикалық философияда материя мен форманы біріктіруге тырысқан?

140.Қандай антикалық ойшыл логиканы ғылым ретінде дамытқан?

141.Кім антикалық философияда адам мәселесін ерекше бағалаған?

142.Кім антикалық философияда атомистік материализмді тұғызған?

143.Қандай Қай Ежелгі Греция ойшылы ойлау - (кумәндану( деп түсінген

144.Орта ғасырда қандай философиялық мәселе негізгі болған?

145.Кім орта ғасырлық философияда сенімді ойлауданда, ақылданда жоғары қояды?

146.Кім орта ғасырлық философияда томизмді философиялық оқу ретінде туғызды?

147.Кім антикалық философияда ойша құрылған, әлеуметтік идеалды мемлекетті аңсайды?

148.Антикада қандай мектеп ойшылары болмыс дамуында қозғалыс жоқ деп түсінген?

149.Қандай орта ғасырлық философ білім мен сенімді біріктіреді?

150.Кім орта ғасырлық философияда құдайға арналған дәлелдеулерді бір системаға жинайды?

151.Кімді орта ғасырлық шығыс философияда Аристотельдің шәкірті деп санаған?

153.Жаңа Уақыт философиясында қандай проблемалар ерекше орын алған?

154.Қандай философ Жаңа уақытта индукцияны танымдық метод ретінде анықтаған?

155.Қандай философ Жаңа уақытта дедукцияны танымдық метод ретінде зерттеген?

156.Қандай философ Жаңа уақытта пантеистік көзқарасты дәлелдеуге тырысқан?

157.Қандай философиялық ілім Ертедегі Қытайда мемлекеттік идеология ретінде қабылданған?

158.Жаңа дәуір ойшылдарының қайсысы монада ұғымын шығарған?

159Кім жаңа уақытта келісімдік мемлекеттік теорияны шығарды?

160.Ағартушылық заманының философтары әлеуметтік проблемалардың шешімін неден іздейді?

161.Л. Фейербах адамның мәнін неден шығарады?

170.Кім неміс философияда агностикалық көзқарасты қолдайды?

171.Қандай неміс ойшыл диалектиканы теория ретінде дамытқан

172.Ф. Гегель негізгі даму күшті қалай түсінеді?

173.Қандай неміс ойшылы диалектикалық заңдарды ашты?

174.Диалектика дегеніміз не?

175.Кім антикалық философияда қозғалыстың қайшылығын анықтау үшін апорияларды шығарған?

176.Терістеуді терістеу заңы нені ашады?

177.Қай ойшыл диалектикалық ұғымдарды жүйеге келтірді?

178.ХХ ғ. қандай философиялық бағыт томистік дәстурді жалғастырады?

179.ХХ ғ.қандай философиялық бағыт болашақты жан-жақты зерттейді?

180.ХХ ғ.қандай бағыт Философияны “Лингвистикалық анализге” жақындатып дамытады?

181.Қай ойшыл қазақ философиясының негізін қалаушы?

182.Орта ғасыр ойшылдарының қайсы (Кұтадғу-білік( поэмасын жазды?

183.Қандай қазақ ойшылы этикалық концепцияны “адам бол” деген принциптен шығарған?

185.Қандай қазақ ойшылдың творчествосында философия этнографиялық, тарихи, географиялық ізденістерге байланысты дамыған?

187.ХІХ-ХХ ғ. қандай орыс ойшылы мистикалық ілімді дамытқан?

188.Қандай орыс ойшылы ХХғ. әлеуметтік мақсат - дүниежүзілік шіркеуді орнату

деп санаған?

190.Қандай танымдық форма бірінші пайда болды?

191.ХХ ғ. қандай философиялық бағыт Адам мәселесін, адамның өмірі мен өлім проблемасын ерекше бағалап отыр?

192.Адамзаттің казіргі ауқымды мәселесің анықтаныз?

193.Қандай антикалық философ (Адам заттардың өлшемі( деп санаған?

194.Қандай философиялық ілім сана материяның бәр түрлеріне тараған?

195.Сенсуализм деген не?

196.Рационализм дегеніміз не?

197.Тусінік туралы ғылым

198. Ақиқаттың карама-карсылығы қандай?

199.Философия тарихында материализм бағытының негізін қалаушы

200.Аристотельдің логикасы қалай аталады?

ГЛОССАРИЙ

· АКСИОЛОГИЯ-құндылықтар ілімі, адам қызметінің бағытталғандығын, адамның іс қылықтарының мотивациясын анықтайтын жалпы маңызды прин-циптердің философиялық теориясы.

· АҚИҚАТ-танушы субьектінің обьектіні дәл күйінде бейнелеуі, оны өмірде бар күйінде, адамның өзінен және оның санасынан тыс және идеялардың, пікірлердің, теориялардың, ілімдердің және дидактикалық дамушы дүниенің тұтас бейнесінің обьективтік мазмұны.

· АБСОЛЮТТІК ИДЕЯ-Гегель философиясының негізгі категориясы, уни-версумды толық күйінде, шартсыз, нақты және тұлғалық жалпылық күйінде білдіреді.

· АБСОЛЮТТІК РУХ-Гегельдің философиялық жүйесінде абсолюттік идея-сының өзіндік санасын жүзеге асыратын рух дамуының қорытынды звеносы.

· АКСИОЛОГИЯ-құндылықтар туралы ілім, адам қызметінің бағытталғанды-ғын, адамның іс қылықтарының мотивациясын анықтайтын жалпы маңызды принциптердің философиялық теориясы.

· АНТРОПОЛОГИЗМ-философиялық концепция, оның өкілдері «адам» ұғы-мын негізгі көзқарастық категория деп қарастырады және табиғат, қоғам, ой-лау туралы түсініктер жүйесін тек осы категория арқылы ғана жасауға бола-ды деп тұжырымдайды.

· АПЕЙРОН-шексіз. Анаксимандрдің пікірінше, формасы жоқ алғашқы зат, барлық заттар осы апейрондардан құралған. Натурфилософтар апейронды алғашқы бастау деп қабылдады.

· АРХЕТИП-алғашқы образ, идея. Архетиптер аналитикалық психологияда инстинктілер мен қатар «ұжымдық бейсаналылықтың» қатпарларында бола-тын және жалпыадамзаттық символиканың негізін құрайтын, туа біткен пси-хикалық құрылымдар болып табылады.

· ВЕРИФИКАЦИЯ-ғылыми тұжырымдардың ақиқаттылығын оларды эмпи-рикалық тексерудің нәтижесінде анықтауды білдіретін методологиялық ұғым.

· ГЕНЕЗИС-шығу, қалыптасу, пайда болу, туындау, белгілі бір жағдайға, түр-ге, затқа, құбылысқа әкелетін даму дегенді білдіреді.

· ДАО-дұрыс жол, космостық және адамгершіліктік заң, қытай философиясы-ның басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. Дао өзінен өзі дамитын универсумның жоғары принципі, барлық бар нәрселердің алғаш-қы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан ту-ындайды және бәрі оған қайта оралады. Сонымен қатар, дао универсалдық заңдылық, көктің өзі де дао заңына бағынады, яғни, адам жер мен көк заңда-ры арқылы дао жолымен жүреді, адамның өмірлік мақсат міндеті дао-ны игеру, яғни дұрыс өмір сүру.

· АБСОЛЮТ ( лат. absolutus - шартсыз, шексіз) - идеалистік фило-софияның ұғымы, барлық бардың (сущее) біртұтас, жалпы, бастаусыз және шексіз деп пайымдалатын, кез-келген салыстырмалы және шартты болмысқа қарсы қойылатын рухани алғашқы бастауын білдіреді.

· АНТИНОМИЯ (грекше - заңның өзіне өзі қайшы келуі) - 1) зат туралы екеуі де қайшылықты пікірлердің бірлігі, бұл пікірлердің логикалык негізделуі бірдей дәрежеде нанымды бола алады; 2) идеяны немесе заңды дәлелдеп тұжырымдауға тырысқанда пайымдалатын жойылмайтын қайшылық.

· АПОРИЯ (грекше арогіа - тығырық) - көне грек философиясында шешімі қиын немесе шешілмейтін мәселелерге байланысты қолданылған ұғым.

· АПОСТЕРИОРИ (лат.aposteriori - келесіден) - тәжірибеден алынатын білім.

· АПРИОРИ (лат. a priori - тәжірибеге дейін) - тәжірибеге, іс-әрекетке дейін, оған тәуелсіз танылатынды білдіретін ұғым.

· АРАЛАСУ қазақ дүниетанымының категориясы, жеке адамның ғана емес,
жалпы қазақ халқының өмір кеңістігінде өзінің туысқандарымен, отандаста-
рымен, адамзаттың басқа өкілдерімен бірге өмір сүру тәсілі.

· АРХАТ Көне Үнді философиясының ұғымы, "жауды жеңуші" дегенді білді-реді. Архат деп нирванаға жеткен, сананың тыныш ағынын бұзатын құштар-лық-құмарлық сезімдерін жеңген адамды атайды.

· АСЫЛ АДАМ, БЕКЗАТ АДАМ (ЦЗЮНЬ-ЦЗЫ) - адамгершілігі жоғары, жан-жақты жетілген, "алтын ортаға" жеткен, ізеттілік, шыншылдық, сақтық секілді қасиеттерге ие және басқа адамдардың адамгершіліктік жетілуіне көмектесуші адам. Конфуциийдің пікірінше, мұндай қасиеттерге мемлекетті билеуші, басқарушы адам ие. Бұл ұғымға қарсы ұғым - "Төмен адам" ұғымы.

· АТМАН бұл ұғымның бірнеше мағынасы бар: "мен", "өзімді", "дене". Бірақ атман ұғымының ең басты мағынасы - индивидуальдік және универсалдық космостық психикалық болмыс ретіндегі "адам". Осы мағынада атман бүкіл бар болып отырғанның генетикалық және субстанционалдық бастауы, негізі және соңы. Атман рухани және денелік деп бөлінеді делінгенмен, ол көбіне ақыл-ойдан, сөз бен тыныстан тұратын рухани бастау ретінде, "брахман" ұғымымен бірдей деңгейде түсініледі.

· БЕЙСАНАЛЫ (бессознательное) - кең мағынасында субъектінің санасында жоқ психикалық процестердің, операциялардың және жағдайлардың жиын-тығы. Бұл психикалықтың сана құбылыстарынан сапалық жағынан өзгеше ерекше саласы. Бейсаналы шын мақсаттары мен салдарлары сана деңгейінде түсінілмейтін жеке және топтық мінез-құлықты сипаттайды. Фрейд бейсана-лыны сананың қызметіне қарама-қарсы аса зор күш ретінде көрсетеді.

· БИЛIK әлеуметтік қатынастар формасы, адамдар мен әлеуметтік топтардың қызметі мен тәртібінің сипаты мен бағытына экономикалық, идеологиялық және ұйымдастырушылық-кұқықтық механизмдер аркылы, сонымен қатар беделдің, дәстүрлердің, күш көрсетудің көмегімен ықпал ете алу қабілетімен сипатталады. Басқару және бағыну принципіне негізделген қатынастар биліктің мәні болып табылады.

· БОЛМЫС санадан төуелсіз өмір сүретін объективті дүниені білдіретін философиялық ұғым, Кең мағынасында болмыс, бірдеңенің жалпы түрде өмір сүруін білдіретін жалпы және абстрактілі ұғым.

· БҰЛЖЫМАЙТЫН ИМПЕРАТИВ (категорический импера-тив) - Кант философиясының ұғымы, жалпыға бірдей, жеке принципке (максиме) қарама-қарсы, міндетті түрде орындалуға тиіс мінез-құлықтық адамгершіліктік ереже.

· ДЕКОНСТРУКЦИЯ мәтінге қатысты ерекше стратегия, "деструкцияны" да, реконструкцияны да қамтиды. Термин метафизика дәстүрі ретіндегі европалық дәстүрді қайта түсінуді білдіреді, мұндағы басты нәрсе бұзу емес, позитивті мән құрастыру.

· ДЕМИФОЛОГИЗАЦИЯ діни философтар мен теологтар қасиетті мәтіндерді қазіргі заман тіліне аударғанда қолданатын методологиялык, тәсілдерді белгілеуге арналған термин.

· ДЕСТРУКЦИЯ философиялық онтологиялық конструкциялардың негіздеме-лерін айқындау. Деструкция, бір жағынан алғанда, антикалық дәстүр ашқан, кейін ұмытылыңқыраған мүмкіндіктерді ашады, екінші жағынан болмысты өз бетімен, шегіне жете түсінуге бағыттайды. Тарихи-философиялық кон-тексте деструкция адамның өзінің нақты уақытында өз мәнін табатын өзекті өмір сүру мүмкіндіктерінің бірі ретінде түсініледі.

· ДЕФИНИЦИЯ заттың маңызды ерекшеліктерін немесе ұғымның мағынасын, мазмұнын және шекараларын айқындайтын қысқаша логикалық анықтама.

· ДИАЛЕКТИКА табиғаттың, қоғамның, адамның және ойлаудың жалпы зан-дары туралы ғылым.

· ДИСКУРСИВТІ пайымдық, логикалық, тікелей емес, сезімдік, тікелей, ин-туитивтіден өзгеше.

· ДҮНИЕНІҢ ДІНИ БЕЙНЕСІ негізгі элементі - жалғыз Құдай бейнесі (моно-теистік діндер) немесе құдайлар санының көптігі (политеистік діндер). Қай уақытта болмасын, барлық діндер біздің эмпирикалық шындық өз бетімен өмір сүре алмайды және өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды, тек жаратылған, себебі ол екінші, нағыз, ақиқат шындықтың - Құдайдың жемісі, проекциясы деп есептейді.

· ДҮНИЕНІҢ ҒЫЛЫМИ БЕЙНЕСІ шындықтың жалпы қасиеттері мен занды-лықтары туралы түсініктердің іргелі ғылыми түсініктерді, принциптерді жә-не теорияларды жалпы қорыту мен синтездеу нәтижесінде құрастырылған тұтас бейнесі.

· ДҮНИЕНІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БЕЙНЕСІ көптүрлі. Бірақ бәрі адам және дүние қатынасының төңірегінде қалыптастырылған. Бұл қатынас материа-листік немесе идеалистік, диалектикалық немесе метафизикалық, объектив-истік немесе субъективистік тұрғыдан түсінілуі мүмкін.

· ДХАММА (пали тілінде) немесе Дхарма (санскрит тілінде) (dharma) – бір-неше мағынаға ие ұғым. Ең әуелі Будда ілімі, рухани білімнің квинтэссен-циясы дегенді білдіреді, ар-ұждан, адамгершілік ілімі, әділеттілік, міндет, заң, табиғат, діни қағида және тағы басқа ұғымдарды біріктіреді. Төмен Дхарма қарапайым деңгейдегі құбылыстардың әрекетін, ал Жоғары Дхарма болмыс зандылықтарының асқақ деңгейде әрекет етуін түсіндіреді. Тағы бір мағынасы - болмыстың элементтері. Әлемдік про­цесс - себептерден туындайтын және өшуге бағыт алған нәзік, өткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі және оның соңғы нәтижесі - абсолюттік тыныш күйге, сөнуге жету.

· ДІН ФИЛОСОФИЯСЫ кең мағынасында дінге қатысты философиялық ұста-нымдардың, оның табиғаты мен функциялары туралы концепциялардың, құ-дайылықтың өмір сүруінің философиялық негіздемелерінің, сонымен қатар, оның табиғаты және дүние мен адамға қатынасы туралы философиялық пай-ымдаулардың жиынтығы; тар мағынасында - құдайылық пен дін туралы ав-тономдық пайымдау, философиялық пайымдаудың ерекше типі.

· ЕЛЕСТЕТУ 1) ертеректе қабылданған заттың немесе құбылыстың бейнесі; 2) елестету арқылы жасалған бейне.

· ЖАН (грекше psyche, латынша anima) - көне грек философтарының түсінігінде дене мен материяға қарама-қарсы субстанция, психикалық құбылыстардың, сезімдер мен ұмтылыстардың, тірі мақұлықтың негізі және оның санасының талпыныстарының жиынтығы.

· ЖАТТАНУ бастапқы бірліктің бұзылуының нәтижесінде қалыптасатын, субъект табиғатының жұтандануына, өзгеруіне, бұрмалануына әкелетін субъект пен оның қандай да бір функциясының арасындағы қатынастар; сонымен қатар, осы бірліктің бұзылуы процесі.

· ЖІГЕР адамның белгілі бір іс-әрекеттерді орындауға саналы, мақсатты түрде ұмтылысы.

· ИДЕАЛДЫ объективті шындықтың субъективті бейнесі, адамның мақсатқа негізделген қызметі процесінде туындайды (субъективтік идеализм). ИДЕАЛДЫ барлық заттардың объективті өмір сүретін мәні (объективтік идеализм).

· ИДЕЯ философиялық термин, "мән", "мағына" дегенді білдіреді және ойлау және болмыс категорияларымен тығыз байланысты.

· ИММАНЕНТТІ затқа, құбылысқа немесе процеске ішкі тән қасиет немесе зандылық.

· ИНТЕНЦИОНАЛДЫҚ феноменологияда - сананың дүниеге мәнқалыптас-тырушылық (смыслообразующая) ұмтылысы сананың затқа мәнқалыптас-тырушьлық қатынасы, түйсіктердің заттық интерпретациясы.

· ИНТЕРПРЕТАЦИЯ тарихи-гуманитарлық ғылымдарда мәтіндердің мәндік
мазмұнын ұғынуға бағытталған мәтінді түсіндіру; математикалық логикада, логикалық семантикада, ғылым философиясында - формальдық тілдің сөй-лемдерінің мағынасын анықтау.

· ИНТЕРСУБЪЕКТИВТІЛІКсубъсктінің құрылымы, субъектінің ин-дивидуальдік көптігі фактісіне жауап береді және олардың қауымдас-тығы мен коммуникациясының негізі ретінде көрінеді.

· ИНТУИТВИЗМ философиялық-методологиялық ұстаным, бол­мыс пен та-нымның соңғы негіздемесі ретінде шындықтың субъект пен объектіге бөлі-нуін жоятын, затқа тікелей, "тірі" енуді таниды.

· ИНТУИЦИЯ білімді дискурсивті туындатусыз және дәлелдеусіз, проблема-лық ситуацияны тұтастай қамту арқылы тікелей алу процесі.

· ИНЬ И ЯН (қытайша) - этимологиялық мағынасы "төбенің неме­се өзен жаға-сының көлеңкесі мен күнгейі" дегенді білдіреді. Инь мен Ян дүниедегі рет-сіздіктерді тәртіпке келтіруші Көк пен Жер күштері ретінде қарастырылады. Олар бір-біріне қарама-қарсы, бірақ олардың үндесіп, бірігуі бар нәрсенің бәрін басқаратын адамды дүниеге әкелді, Инь - дүниенің рациональдік, "әйелдік" бастауы, Ян - бейсаналық, "ер адамдық" бастауы деп түсініледі. Қытай философиясында Инь мен Янның өзара әсерінен табиғат құбылыстары да, қоғамдағы өзгерістер де туындап отырады деп тұжырымдалады.

· ИРРАЦИОНАЛДЫ ақыл-ой шеңберінен тыс, логикалық ойлау арқылы жету мүмкін емес, рациональдіге қарама-қарсы.

· ИРРАЦИОНАЛИЗМ философиядағы идеалистік ағымдарды белгілейтін термин. Иррационализм рационализмге қарама-қарсы, таным процесіндегі ақыл-ойдың мүмкіндіктерін терістейді немесе шектейді және дүниені тану-дың негізі ретінде ақыл-ой жете алмайтын немесе оның табиғатына қарсы бірдеңені түсінеді, болмыстың өзін логикаға қарсы, иррациональдік сипатта деп тұжырымдайды.

· ИСТОРИЦИЗМ тарихи білімнің логикалық-методологиялық, гносеология-лық және көзқарастық проблемаларын алдыңғы қатарға шығаратын фило-софиялық ағым.

· ҚАБЫЛДАУ материалдық дүниенің заттары мен процестерінің сыртқы құ-рылымдық сипаттарының сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сезімдік бейнесі.

· КАЛАМ (арабша калам – сөз) ортағасырлық мұсылман философиясының бағыты, ислам дінінің принциптерін, негізгі көзқарастарын зерттеп, түсінді-руді және қорғауды мақсат еткен. Каламды спекулятивтік теология деп те атайды, бұл жерде спекуляция деген тәжірибеден тыс жатқан заттар туралы білімге ойлау арқылы жетуді білдіреді.

· КАРМА "іс-әрекет", көне Үнді философиясының ұғымы. Ең мардымсыз де-ген іс-әрекеттің өзі бүкіл өмір ағымына әсер етеді де, бұл себеп, - жақын уа-қытта болсын, не біраз уақыт өткен соң болсын, - міндетті түрде салдар ту-ғызады, ол жақсы немесе жаман болуы мүмкін. Жағымды істердің нәтиже-сінде бақыт пайда болады, ал жағымсыз істер азап, қасірет әкеледі. Осы ад-амгершілік зандылығы карма деп аталады.

· КАТЕГОРИЯ шындықтың, пікірлердің және ұғымдардың жал­пы және қара-пайым формалары, олардан басқа ұғымдар туындайды. Сонымен қатар, кате-гориялар таным объектілері болмысының алғашқы және негізгі формалары.

· КЕҢІСТІК материя болмысының формасы, оның көлемін, барлық материал-дық жүйелердегі элементтердің өзара әсерін және болмыстың кеңістіктік-универсалдық, жалпы категорияларын сипаттайды. Кеңістік бір уақытта бірге өмір сүріп отырған объектілердің орналасу тәртібін білдіреді.

· КЛЕРИКАЛИЗМ (латынша clericalis - шіркеулік) - католик шіркеуі мен он-ың басшысының беделін көтеруге және күшейтуге бағытталған талпыныстар жиынтығы.

· КОСМОС (грекше - Ғалам) - хаосқа қарама-қарсы, реттелген, тұтас, жүйелі құрастырылған бірлік ретінде түсінілетін әлем, дүние. Дүниені реттілік пен үйлесімділіктен тұратын космос деп ең алғаш рет Пи­фагор атады.

· КРЕАТИВТІЛІК - шығармашылықты тұлғаның, процестің, өнімнің мәдениет универсумын, индивидтің тәжірибесін немесе әлеуметтік маңыздылығын өзгертуде көрінетін тудырушы қабілеті.

· КРЕАЦИОНИЗМ - дүниені жаратылыстан жоғары тіршілік етуші жаратқаны туралы діни ілім.

· КРИТИЦИЗМ - философиялық және ғылыми-теориялық ойлауға тән ұстаным, методологиялық әдіс. Критицизм ақиқат білімнің қатаң логикалық өсуін қамтамасыз ететін универсалдық метод жоқ, сондықтан ғылымның міндеті - ізденіс және формальдық-логикалық тәсілдердің көмегімен жалған теорияларды теріске шығару деп пайымдайды.

· КІСІЛІК - қазақ дүниетанымының категориясы, адамгершілігі мол, ағайын-бауыр, дос-жаран арасында, жалпы қоғамда беделді адам болу дегенді білдіреді.

· ҚОЗҒАЛЫС - материяның маңызды атрибуты, өмір сүру тәсілі. Табиғат пен қоғамда жүріп жатқан процестердің бәрі қозғалыс болып есептеледі. Ең жалпы түрде алсақ, қозғалыс - кез-келген өзгеріс, материалдық объектілердің өзара әсері және олардың күйлерінің ауысуы.

· КӨЗҚАРАС - метафизикалық ойлау мен зерттеулер нәтижелерінің жиынтығы, объективті дүниеге және ондағы адамның орнына, адамның өзін қоршаған ортасы мен өзіне деген қатынасын білдіретін пікірлерінің және олардан туындайтын өмірлік ұстанымдардың, сенімдерінің, идеяларның, құндылықтық бағыттарының жүйесі.

· КУМУЛЯТИВИЗМ - ғылым философиясының методологиялық ұстанымы, білімнің дамуы ақиқат білімдердің қордаланған мөлшеріне жаңа ережелерді біртіндеп қосу арқылы жүреді деп есептейді.

· ЛИБИДО(лат. libido - құмарлану, қалау, ұмтылу) - Фрейд қалыптастырған психоанализдің негізгі ұғымдарының бірі. Фрейдтің түсінігінде либидо сексуалды сипаттағы құмарлық, көбіне бейсаналы түрде болады.

· ЛОГОС (грекше сөз және мән-мағына) - Гераклит болмыстың тұтастығын, тұрақтылығын және гармониясын бейнелеу үшін енгізген философиялық субстанционалдық термин; ой, ұғым, ақыл-ой, дүниежүзілік зандылық мағыналарында түсініледі.

· МАТЕРИЯ - (лат. material - зат) - дүниеде өмір сүріп отырған объектілер мен жүйелердің бәрінің шексіз көптігі, кез-келген қасиеттердің, байланыстардың, қатынастардың және қозғалыстың формаларының субстраты.

· МАХИЗМ - XX- ғасырдың басында Мах, Авенариус және олардың шәкірттерінің және К.Пирсонның еңбектерінде ұсынылған ғылым философиясы мен методологиясындағы субъективтік-идеалистік бағыт.

· МӘДЕНИЕТ - адам қызметін ұйымдастыру мен дамытудың ерекше тәсілі, материалдық және рухани еңбектің нәтижелерінде, әлеуметтік ережелер мен мекемелер жүйесінде, материалдық және рухани құндылықтарда, адамдардың табиғатқа, өзара және өздеріне қатынастарында көрінеді.

· МӘДЕНИЕТ ФИЛОСОФИЯСЫ - мәдениетті оның тарихи қалыптасуын және құрылымдық ерекшеліктерін толық қамти отырып зерттейтін философиялық пән.

· МЕНТАЛИТЕТ - ұжымдық және жеке сананың терең деңгейі, бейсаналыны да қамтиды. Менталитет - индивидтің немесе әлеуметтік топтың іс-әрекетке, ойлауға, дүниені белгілі бір түрде сезінуге және қабылдауға дайындығының, ұстанымдарының және бейімділігінің жиынтығы.

· МЕТАФИЗИКА - бірінші түсінігі (аристотель бойынша) - болмыстың, білімнің және мәдениеттің тәжірибеден жоғары принциптері мен бастаулары туралы философиялық ілім. Екінші түсінігі - диалектикалык материализм метафизиканы диалектикаға қарама-қарсы, болмыстың қайшылықтар арқылы өзіндік сапалы дамуын терістейтін, дүниенің біржақты, тек ойдағы бейнесін құрастыруға бейім философиялық метод деп есептеді. Қазірігі кезенде бірінші мағынасы басымырақ.

· МЕТОД (грекше metodos - жол, зерттеу) - таным жолы, белгілі бір мақсатқа жету тәсілі, шындықты теория немесе практикалық деңгейде меңгеру әдістерінің жиынтығы.

· МЕТОДОЛОГИЯ - қандай да бір ғылымда қолданылатын танымдық құралдардың, методтардың, әдістердің жиынтығы. Танымдық
және практикалық-өзгертушілік қызметті ұйымдастырудың алғышарттары мен принциптерін, құралдарын зерттейтін білім саласы.

· МИФ ФИЛОСОФИЯСЫ - мифологиялық сананың құрылымын, мифтің мәдени-психологиялық құрылым ретінде атқаратын функцияларын зерттейтін философиялық сала.

· МОДАЛЬДІК - кейбір объектілердің немесе құбылыстардың өмір сүруінің, процестің жүру барысының, сонымен қатар объектілер, құбылыстар, оқиғалар мен процестер туралы пікірлер мен логикалық пайымдаулар құрастыру және түсіну тәсілдерінің ерекшеліктерінің сипаттамасы.

· МУТАЗИЛИТ (оқшауланушылар, бөлектенушілер) - каламның беделді мектептерінің бірі, рационалистік бағыт айқынырақ байқалады. Діни мәселелерді талқылаумен шектелмей, табиғат, қоғам, антрософия, философия мәселелерін де зерттеуге ұмтылған мутазилиттер фалсафаның негізін қалады.

· МУТАКАЛЛИМ - каламды жалғастырушылар, құр догматтарға сүйеніп қана коймай, ақыл-ойға да жүгініп, діни және ғылыми білімдердің басын ашып отырды, Құдай, ерік еркіндігі, құдайы әділеттілік, Құранның пайда болуы және т.б. мәселелерді кеңінен талқылады.

· НАМЫС - қазақ дүниетанымының маңызды категорияларының бірі, әрбір адамның өзінің еркіндігі мен тәуелсіздігін, рухы мен жанын. ар-ұжданы мен сенімін, саналы тіршілік етуші ретіндегі "Менін" аса жоғары, өр дәрежеде қадір тұту, қастерлеу сезімін ақыл-оймен ұштастырып, сана деңгейінде игере білуін сипаттайды.

· НАТУРАЛИЗМ - философиялық позиция, барлық бар болып отырғанды табиғатпен теңестіреді, табиғатты болмыстың бөлігі ретінде түсінуді терістейді және теориялық түсіндіруден жаратылыстан тыстың бәрін шығарып тастайды.

· НЕОПОЗИТИВИЗМ (логикалық позитивизм) - позитивизмнің қазіргі заманғы формасы. Философияны табиғи және жасанды тілдерді сараптаушы қызмет түрі ретінде түсіне отырып, неопозитивистер белгілік-символдық құралдардың ғылыми танымдағы рөлін, білімді математизациялау мүмкіндігін, ғылымның теориялық аппараты мен эмпирикалық базисінің арақатынасын анықтауда белгілі бір нәтижелерге жетті.

· НОМИНАЛИЗМ (латынша nomen - ат, атау) - жалпы ұғымдар, универсалийлер ойдың субъективті формалары, жәй ғана сөздер, заттардың белгілері мен атаулары ғана, ал ойлаудан тыс ешқандай объективті шындықты бейнелей алмайды деп пайымдайтын философиялық көзқарас.

· ОНТОЛОГИЯ - болмыс туралы, бар болып отырған мен оның формалары, іргелі принциптері, болмыстың жалпы анықтамалары меи категориялары туралы ілім.

· ӨЗІНДІК ЗАТ - Канттың түсінігі бойынша, танушы субъектіден тәуелсіз, өзі үшін өмір сүретін зат.

· ӨЗІНДІК САНА - адамның өзін объективті дүниеден бөлуі, өзінің дүниеге қатынасын, өзін тұлға ретінде, өзінің іс-әрекеттерін, ойларын, тілектерін түсінуі және бағалауы.

· ПАНТЕИЗМ (грекше pan - бәрі және theos - Құдай) - Әлемді, дүниені, табиғатты құдайы сипатта түсінетін ілім.

· ПАРАДИГМА - қазіргі заманғы ғылым философиясының маңызды категорияларының бірі. Ғылыми қоғамдастық қабылдаған, ғылыми дәстүрдің өмір сүруін қамтамасыз ететін сенімдердің, құндылықтардың және техникалық құралдардың жиынтығы.

· ПЕРСОНАЛИЗМ - жер бетіндегі өркениеттің жоғарғы мәні ретіңде Тұлғаны және оның рухани құндылықгарын танитын философиялық позиция.

· ПЛЮРАЛИЗМ - философиялық-көзқарастық позиция, болмыстың тәуелсіз және бір-бірімен бірікпейтін бастаулары және түрлері (онтологиядағы плюрализм), білімнің, теориялардың, методтардың (гносеологиядағы плюрализм) формалары мен принциптері, тең құқықты және егемен тұлғалар мен топтар (этика мен социологиядағы плюрализм), құндылықтар мен құндылықтық бағыттардың формалары мен принциптері сансыз көп және олар бір-бірімен бәсекелес және күресуші әр түрлі идеологияларда және сенімдерде көрінеді (аксиологиядағы плюрализм) деп пайымдайтын философиялық-көзқарастық позиция.

· ПОЗИТИВИЗМ - нағыз шын, "жағымды" (позитивті) білімді жеке, арнайы ғылымдардың және оларды біріктірудің нәтижесінде ғана алуға болады және философия шындықты өз бетінше зерттеуге ұмтылатын ерекше ғылым ретінде өмір сүруге құқы жоқ деген принципке негізделген философиялық бағыт.

· ПОСТПОЗИТИВИЗМ - неопозитивизді сынаудың негізінде XX ғасырдың ортасында пайда болды. Ғылыми білім мен ғылыми емес білімнің шекарасы -ғылыми білімнің тәжірибе нәтижелерінің көмегімен терістеле алатындығында деп түсініледі.

· ПРАКТИКА - адамның материалдық, сезімдік-заттық, мақсатты қызметі, адам қоғамы мен танымның қозғаушы күші, жалпы негізі, оның мазмұны - табиғи және әлеуметтік объектілерді игеру және өзгерту.

Наши рекомендации