Абайдың қара сөздері
Апта
Модульдік тақырып: Абай - құқықтанушы
Тақырып мазмұны:
1. Абайдың қара сөздері
2. Абай және қазіргі заңгерлер
Грамматикалық тақырып: Сөйлемді дұрыс құраудағы сөздердің орын тәртібі мен сөйлем мүшелерінің орналасу реттілігі.
Мақсаты: «Абай - құқықтанушы» тақырыбы бойынша өтілген жаңа лексиканы, грамматикалық тұлғаларды игерту, сөйлесім әрекетін дамыту.
Айтылым бойынша: жаңа сөздерді дұрыс айту, тақырып бойынша ойын ауызша жеткізе алуға төселдіру.
Жазылым бойынша: жаңа сөздер мен грамматикалық тұлғаларды пайдаланып, тақырып бойынша жазбаша тілдесімге түсуге төселдіру.
Оқылым бойынша: тақырып бойынша оқыған мәтіндерін түсініп, өзіне қажетті мәлімет ала алуға үйрету.
Тыңдалым бойынша: тақырыпқа қатысты сұхбатты, монологты түсініп, сұрақ қоя алуға, сұраққа жауап бере алуға машықтандыру.
1-сабақ
Абайдың қара сөздері
& Мәтінді оқыңыз.
Абайдың қара сөздеріАбайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан.
Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Абайдайұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б. өлеңдерінде айтқан.
Адам болам десеңіз...
Бес нәрседен қашық бол...,—
Бес нәрсеге асық бол, - деген жолдарда жатыр.
Абай" он тоғызыншы сөзінде":"Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады", — деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.
1-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша 2 оңай сұрақ, 1қиын сұрақ жазыңыз.
2-тапсырма. Жазған сұрақтар көмегімен сұхбаттасыз.
3-тапсырма.Абай туралы берілген сипаттаманы теріп жазыңыз. Оны өз ойыңызбен ттолықтырып айтыңыз.
Абай туралы ойлағанда қазақ халқының елдік сипаты, қасиеті, оның Абай туған дәуірдегі даму жолы, келіп тоқтаған сатысы, бары мен жоғы, мұңы мен мұқтажы жайында ой түседі. Өйткені Абай бір өзі бүкіл халықтың есіміне атау. Абайдың ұлылығы — халықтың ұлылығы. Әр халықтың әр заман тұсында ұлы перзенттері болған. Абайдың ұлылық сипаты олардан өзгерек.
Ғалымдығы тұрмыс заңдарын, экономика заңдарын, тарихты білуі, тіл өнері құдіретін зерттеуі, сол арқылы тіл ұстартып, сөз жаңартуы, бүгінше айтсақ, жазба әдебиетінің де, әдеби тілдің де негізін қалауы. Ұстаздығы - адамгершіліктің ең асыл қасиеттеріне елді жетелеуі, халықтың қараңғылықтан шығуына бар қайратын сарп етуі.
4-тапсырма. Аударыңыз.
Судебная и законотворческая деятельность Абая
С 15 лет Абай часто присутствовал на судебных разбирательствах. А в 20 лет он уже сам славился как хороший оратор и знаток обычаев степи, подававший надежды со временем стать знаменитым бием. Об авторитете Абая-бия свидетельствует и то, что он неоднократно избирался посредником-примирителем (Тюбе-бием) при спорах представителей разных уездов. Абай много лет занимал должность судьи (бия) и волостного управителя. В рапорте, подписанным генерал-майором Галкиным от 25 августа 1903 г. на имя военного губернатора Семипалатинской области.
Абай был известен не только как бий, но и как законодатель степи. В 1885 г. в местечке Карамола на берегу реки Чар (отсюда одно из названий документа – "Чарское положение") был принят один из первых правовых документов на казахском языке, изданный типографским способом и распространенный среди казахского народа. Он представлял собой свод обычаев и законов степи, был принят на чрезвычайном съезде более ста биев ряда уездов Семипалатинской области.
5-тапсырма.Айтылған ойды өз сөзіңізбен толықтырыңыз.
Абай – ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздағы ерекше тұлға. Қайталанбас тұлғаның азаматтық, ақындық, халықтық мұрасы – айтылар ойға симас, қыр-сыры мол дүние. Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абай біреу-ақ. Абайы бар елдің мерейі үстем. Абай – қазақтың бар жерінде туып, бар жерінің туын ұстап тұрған кемеңгер.
6-тапсырма. Абайдың басындағы халді сипаттаңыз. Жалғасын кітаптан оқыңыз.
Бұрын «ғашық жар» көп оқыған хикаяларда, көп-көп естілген ауызша әңгімелерде болса, бүгін Абайға ең алғаш рет кітап емес, әңгіме емес, өзінің анық, аппақ мүсінімен, күлкісі, қозғалысы, тынысымен «сол мен едім», «мен мұндамын» деп келгендей.
«Махаббат па? Осы ма? Осы болса, мынау дүние, мынау маужыраған тынысты нәзік түн... бесігі ғой. Сол сұлу саздың құлақ күйі ғой».
Сүттей жарық, айлы түн. Таң әлі жоқ. Бірақ жоқ екенін білсе де, Абай әлдеқандай өзгеше «таңды» сезеді. Күйік те, үміт те, қуаныш та, азап та бар – жүрек таңы. Кеуде толған өзгеше ыстық, өзгеше жұмбақ, мол сезім.
М. Әуезов. «Абай жолы». 147-бет.
7-тапсырма.Абайдың үшінші сөзі туралы айтылған ойға өз ойыңызды қосыңыз.
Абай өзінің "Үшінші сөзінде— әрбір старшина басы бір би сайлау саясатын сынай келіп, былай дейді. "Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы "Қасым салған қасқа жолын, Есім салған ескі жолын", Әз Тәуке ханның Күлтөбенің басындағы күнде кеңес болғанда "Жеті жарғысы" білгендіктен білмек керек. Әм, ол ескі сөздердің қайсысы қалай өзгергендіктен ескеріп, бұл жаңа заманға келіспей тұғын болса, онда орнына татымды толық билік шығарып, төлеу соларға жарарлық кісі болса керек еді ондай кісі аз, тіпті жоқ".Ұлы акынның "Бас басына би болған өңшең қиқыл", -деп қынжылатыны да осы кездің көрінісіне айқын куә.
2-сабақ
Қазақ халқының алғашқы заңгерлері
& Мәтінді оқыңыз.
Ақбаев (Ақпаев) Жақып (1876-1934) – қазақтың тұңғыш құқықтанушы–заңгері. Алашорда үкіметінің мүшесі. Қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туған. 1903 жылы Санкт-Петербор университетінің заң факультетін алтын медальмен бітірді. Университет бітірген соң, 1903 ж. Қарқаралыға, туған еліне оралып, қаланың бай көпесі Халиолла Бекметовтың қызы Гүлбахорға үйленеді. Омбы қаласына келіп, сот палатасына қызметке тұрады. 1904 жылы палата хатшысы, 1905 жылдан бастап судья міндетін атқарады. 1905-1907 ж. Ресейдегі төңкеріс саяси белсінділігін оятып, митингіліерге және жиналыстарға қатысып, сөз сөйлейді, мақалалар жариялайды.
Адамның есте ұстау қабілеті мен фактілерді екшелеудің әдіс-тәсілдерін жете меңгеру үшін Одесса қаласындағы мнемоника профессоры С.Файнштейннен дәріс тыңдауға және Санкт-Петербургтегі Археология институтына оқуға түсуге университет басшыларына өтініш жазды. Мемлекеттік сынақ комиссиясында «Қазақтардың некелік құқығы» атты тақырыпты қорғауға бекітеді.Осы тақырыпты түрмеде отырғанда жалғастырып, кеңейтіп, 1907 жылы Орыс географиялық қоғамының Семей бөлімшесінің жазбаларында жариялады.
1905 жылы маусымның 22-інде Қарқаралы жәрмеңкесінде Ресей үкіметіне қазақ халқының атынан Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсыновтармен бірге хат жазады. «Қазақ даласында ұлттық тілде білім алатын мектептер жүйесі қалыптассын» деген бастама көтерді. Олар «мекемелерде іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізу мәселесі күн тәртібінен түспеуі керек» деді. «Патша өкіметінің Мемлекеттік думасына қазақ азаматтары да сайлансын» деген мәселе қойды.
1903-1905 жылдары Омбы, 1907-1927 жылдары Семей, Сырдария округтік, губерниялық соттарында қызмет атқарды. 1907 жылдан Орыс география қоғамы Алашорда үкіметінің мүшесі болып сайланды. Ұлтына сіңірген еңбегін жоғары бағалап, тегін оқытатын «Якуб (Жақып) медресесін» ашты. Қазақ халқының тәуелсіз ел болуы үшін күресті. Қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы күрескер ақыры қызыл қырғынның құрбаны болды. Ақпаев Қазақстан Жоғарғы Сотының 1958 жылғы ақпанның 28-індегі шешімімен ақталды.
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 1-том
1-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша 2 оңай сұрақ, 1қиын сұрақ жазыңыз.
2-тапсырма. Жазған сұрақтар көмегімен сұхбаттасыз.
3-тапсырма. Ой бөлісіңіз!
1905 жылы Семей түрмесінде жатқанында Санкт-Петербург университетінің профессоры, атақты заңгер Л.И. Петражицкийге хат жазып, қазақ зиялылары арасында бірінші болып, қазақ өлкесінің дербес автономия алу мәселесін ұсынады. 1908 жылы Омбыға, кейін Жетісу облысының Қапал қаласына жер аударылып, абақтыға жабылады. Сонда жүргенінде сенатор, граф Паленге хат жолдап, қазақ өлкесінің ауыр халін баяндайды. 1912-1915 жылдары адвокаттық қызметпен айналыса жүріп, азаттық идеяларын насихаттап, таратады. 1915-1916 жылдары тағы да тұтқынға алынып, түрмеге жабылады. 1917 жылы бостандыққа шығысымен алашорда ісіне белсене араласады. 1919 жылдың 7 шілдесінде ату жазасына кеседі. Алайда, Колчак әскері жеңіліс тауып, Ж.Ақпаев қамаудан босайды.
4-тапсырма.Қажетті сөздерді тиісті орынға қойып жазыңыз.
Қажетті сөздер: үкіметінің, тұтқындалып, қайтыс, ауруға, жер, айдаудан, кеңестік,
1930 жылы 14 қыркүйекте ............ жүйені мойындамағаны үшін, Алаш партиясы мен Алашорда ...................... белсенді мүшесі болғандығы үшін ..................., 1932 жылы сәуірде Ресейдің Воронеж облысына ....... аударылады. Ауыр азаптан, жан төзгісіз қиянаттан ............. шалдығады, өлім халіне жетеді. 1934 жылы денсаулығына байланысты ................... босатылады, сол жылы 4 шілдеде.......... болады.
5-тапсырма. Қазақтан шыққан алғашқы заңгерлер туралы ақпарат жинаңыз.
Апта
Модульдік тақырып: Қазақстанның атақты заңгерлері
Тақырып мазмұны:
1. Бақытжан Бисалыұлы Қаратаев
2. Салық Зиманов
Грамматикалық тақырып: Құрмалас сөйлем жүйесіндегі орын тәртібі, олардың семантикалық функционалдық ерекшеліктері
Мақсаты: тақырып бойынша өтілген жаңа лексика мен грамматикалық бірліктерді меңгерту, оларды пайдалана отырып әңгімелеуге, сұхбаттасуға машықтандыру.
Айтылым бойынша: жаңа сөздерді дұрыс айту, сұрақ қоя алу, сұраққа жауап бере білуге төселдіру.
Жазылым бойынша: тақырып бойынша жазбаша тілдесімін жетілдіру.
Оқылым бойынша: тақырыпқа қатысты мәтіндерді, сұхбаттарды оқып, өзіне қажетті мәліметтерді таба алуға машықтандыру.
Тыңдалым бойынша: басқалардың тақырып бойынша сұхбаттарды, монологтерді тыңдап, түсінуге үйрету.
1-сабақ