Азіргі жаратылыстанудың негізгі сипаттық белгілері.

Жаратылыстық ғылымдарға физика, химия және биологиядан басқа да, мысалы, кешенді сипаттары бар геология мен география да жатады. Негізгі жаратылыстық ғылымдар иерархиясының циклдік тұйықталған сипаты бар. Төмендегі сызбадан физиканың химияға негіз болатыны; ал химияның өз кезегінде биология мен психологияға негіз болатыны көрініп тұр. Психология жоғары орында тұр, бірақ, сонымен қатар, циклдік тұрғыда барлық тізбектің бастапқы ғылымы физикамен тұйықтасады.


Физика Химия Биология Психология:
Циклділік – бұл Табиғаттың өзіне тән қасиет. Табиғаттағы заттардың айналымы баршаға белгілі. Қазіргі жаратылыстануды Табиғат туралы жаратылыстық ғылымдардың жиынтығы деп қана емес, құрауыштары (жаратылыстық ғылымдар) бір – бірімен соншалықты тығыз байланысқан, бір – бірінен шығатын, нағыз біртұтастықты көрсететін бірыңғай жүйе ретінде түсінуге болады.
Әлемнің жаратылысты – ғылыми бейнесін (картинасын) тікелей жасайтын ғылымдар – астрономия, космология, космогония және физика. Ғылымның күрделі творчествалық іс деп саналуының бір себебі сол,онда тәжірибеден теорияға көшетін бір өткелі жоқ. Оның ғылыми жолы - салыстыру, абстракциялау, жалпылау, талдау, синтездеу сияқты жалпы әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы іске асатын диалектикалық таным жолы. Ғылымның басқа қоғамдық сана формаларынан басты бір айырмашылығы сол, онда жаңа білімді қорытып шығарудың әдіс – тәсілдері, яғни ғылыми әдіс шешуші роль атқарады. ХVІІ ғасырда яғни классикалық жаратылыстанудың туу дәуірінде ағылшын ғалымы Ф.Бэкон мен француз ғалымы Р.Декарт ғылымды дамытудың бір – біріне қарама – қарсы екі методологиялық программасын: эмпириктік және рационалистік әдістерін тұжырымдады. Бұл методологиялық әдістер таным процесінде маңызды тарихи үлкен ролі атқарады.

1. Қазіргі жаратылыстану принциптері
А) көп нұсқаулылық
Б ) қосымшалық тәуелділік
В) зерттеудің эмпирикалық әдістері

2. Теориялық әдістер(байқау, эксперимент, сипаттау, өлшеу)

3. Жаратылыстану обьектілеріне қолданылатын бүкілжалпылық әдістер


Анализ – бұл мағлұмат процедурасы ой немесе реалды бөлшектеу, обьектті жеке элементтерге бөліп оларды жүйелі қасиетін және қатынасын табу.

Синтез – бұл операция анализде зерттеліп жатқан элементтерді бір тұтас бүтінге біріктіру.

Мысалы: химияда қарапайым заттардан күрделі заттарды алу.

Қазіргі кезде ғылымда 15 мыңға жуық пәндер бар, ол ғылымның дамуының бастапқы кезеңінде саны 20 – ға жетпейтін. Ғылымның дамуында қазіргі этанымда зерттеліп жатқан шындықты нақтылау және ғылыми мағлұматтың өсуі дифференциялануымен бірге ұсақ бөлімдерге бөліп жатыр. Жаратылыстану пәндерінің ішінде аралық пәндер пайда бола бастады. Жартылыстануда жалпы методологиялық функцияларды орындайтын теорияларды жасау. Жаратылыстанудың дамуында дифференция және интеграция процестері өзара жоққа шығару емес, ал бір – бірін толықтырып отыратын тенденция.


Тақырып: 2. Жаратылыстану дамуының негізгі кезеңдері. (1-сағат)
Жоспар:

1. Жаратылыстану ғылымдарына Птоломей, Евклид, Гипократ, Аристотельдің қосқан үлестері.

2. Ғылыми төңкерістер.


Пайдаланатын әдебиеттер:
а)негізгі
1. Тұғынбаев Ә.Х. “Қазіргі жаратылыстану концепциясы”, Алматы 2003 ж.
2. Фазылов С. “Қазіргі заманғы жаратылыстанудың концепциясы”, Алматы 2003ж.
3. Воронцов Н.Н. Теория эволюции, Москва 1999 ж.
4.“Глобальная экологическая проблема” Рофинский Р., Москва 1988 ж.
б)қосымша:
5.С.Д. Фазылов ,З.М. Молдахметов, Ғазалиев А. “Қазіргі заманғы жаратылыстанудың концеп-ры”. Алматы-2003ж
6). Сейітов Н.С. “Жұмыр жердің тынысы”. Алматы-1991ж
7). Тұяқбаев Н, Арыстанов Қ. “Жалпы геология курсы”. Алматы-1993ж

Лекция мәтіні:
1.Жаратылыстану ғылымдарына Птоломей, Евклид, Гипократ, Аристотельдің қосқан үлестері.
Астрономияны, космология мен физиканы түбегейлі өзгерткен бірінші жаратылыстық – ғылыми төңкерістің басты қорытындысы – б.з.д. Анаксимандр мен Аристотель бастаған әлемнің геоцентрлік жүйесі туралы дәйекті ілімнің жасалуы болды. Бұл ғылыми төңкерісті Аристотельдікі деп атау өте орынды.
ХVІ – XVII ғасырларда басталып, жаратылыстанудағы ұлы революциялар-дың нәтижесінде және одан кейінгі уақытта да даму үстінде болған жаратылыс-тану, қоғамтану және техника ғылымдарының қалыптасуына негіз болған жаңа заман ғылымы ХVIII - ғасырда аяқталды.
Біржарым мың жылдар бойы ғылымда мызғымай келген Аристотель – Птоломей космологиясының жойылуына әкелген Коперниктің, Тихо Брагенің, Кеплердің, Галилейдің астрономиялық революциясынан (төңкерісінен) басталды.
Әлемнің Коперник жасаған гелиоцентрлік жүйесінің маңыздылылығы Кеплер ғаламшарлардың (планеталардың) эллиптикалық қозғалысының ақиқат заңдарын, ал Ньютон олардың негізінде бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашқаннан кейін көрінді.
Галилей инерция заңы мен салыстырмалықтың механикалық принципін ашады. Инерция заңын ашу арқылы Аристотельдің бірқалыпты қозғалысты жасау үшін тұрақты сыртқы күштің керектілігі туралы көп ғасырлар бойындағы қате пікірі жойылды.
Тек Ньютон ғана алғаш рет барлық жер және аспан денелерінің бірыңғай механикасын олардың бәріне ортақ динамика, әсер және қарсы әсер, сонымен бірге өзара тартылыс заңдарымен қоса жасады.


2. Ғылыми төңкерістер
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде әлем құрылысы туралы ғылымда маңызды жаңалықтар ашылып, олар тарихта жаратылыстанудағы жаңа революциялар (төңкерістер) кезеңіне әкелді.
ХХ ғасыр ортасынан бастап адамзат өзінің тарихи дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты: жаратылыстанудағы, математикадағы және табиғат, техника мен қоғам туралы фундаментальдық ғылымдардағы ең жоғарғы инженерлік жетістіктерді қолдану нәтижесінде әлемдік ғылыми – техникалық білімдерде өте тез және терең өзгерістерге әкелген ғылыми – техникалық революция (төңкеріс) кезеңі басталды.
Қазіргі жаратылыстану жүйесіне табиғат туралы жаңа ғылымдармен қатар ежелгі грек натурфилософиясы, орта ғасырлардағы жаратылыстану, жаңа уақыт ғылымы және ХХ ғасырдың басына дейінгі классикалық жаратылыстану сияқты білімнің тарихи салалары да кіреді.
Ғылымның тууы шын мәнінде б.з.д. VII - VI ғасырларда Ежелгі Грецияда басталды. Бұл ғылым натурфилософия (латынның natura - табиғат) деп аталады, ал сол кездің данышпандары әрі философ, әрі ғалым болды. Мұнда бірінші ғылыми мекемелер: Платонның академиясы, Аристотелдің лицейі, Александриялық мұражай пайда болды.
Античтік атомизмнің негізін құрушылардың бірі ерте заманғы ұлы данышпандардың бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) барлық дүние тек бос кеңістік пен атомдардан тұрады деп тұжырым жасады.


ДӘРІС № 3.
Тақырыбы : 1. Жаратылыстанудың тарихы. (1-сағат)

Жоспары:

1. Жаратылыстану ғылымынның зерттеу объектісі

2. Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері.

3. Жаратылыстанудың даму кезеңдері.

Мегадүние жайлы концепцепциялары.


Пайдаланатын әдебиеттер:
а)негізгі
1. Тұғынбаев Ә.Х. “Қазіргі жаратылыстану концепциясы”, Алматы 2003 ж.
2. Фазылов С. “Қазіргі заманғы жаратылыстанудың концепциясы”, Алматы 2003 ж.
3. Воронцов Н.Н. Теория эволюции, Москва 1999 ж.
4.“Глобальная экологическая проблема” Рофинский Р., Москва 1988 ж.

б)қосымша:
5.С.Д. Фазылов ,З.М. Молдахметов, Ғазалиев А. “Қазіргі заманғы жаратылыстанудың концеп-ры”. Алматы-2003ж
6). Сейітов Н.С. “Жұмыр жердің тынысы”. Алматы-1991ж
7). Тұяқбаев Н, Арыстанов Қ. “Жалпы геология курсы”. Алматы-1993ж

Наши рекомендации