Семинар 7. Марксизмдегі адамның әлеуметтік тұғырнамасы
1.Марксизмдегі универсал адам концепциясы.
2.Марксимдегі антропогенез мәселесі.
3. Маркстік философияның дөрекіленуі және қасаң қағидаға айналуы.
6,7 тақырыптар бойынша семинар сабақтарына «Тик-бокс №3»-пен дайындалуға болады.Таблицаны толық оқып шығысыз.Әрбір тұжырымның қай философтың көзқарасы екенін анықтайсыз.Қарама-қарсы тұрған екі тұжырымды салыстырыңыз.Қайсысымен келісесіз,соның тұсына белгі қоясыз.Екеуімен де келіспесеңіз, ешқандай белгі қоймайсыз да, өз нұсқаңызды дайындайсыз.Жауабыңызды негіздеңіз.
ТИК – БОКС №3
Адам ізгілік заңдарын жүзеге асыру үшін келеді. | Адам табиғатты өзіне бағындыру үшін келеді. | |||
Адам – табиғат туындысы | Адам – қоғамдық қатынастар жемісі | |||
Жеке меншік жеке тұлға көрсеткіші, сондықтан оны теңестіруге болмайды. | Жеке меншік- әлеуметтік теңсіздіктің негізі. Сондықтан жеке меншік жойылуы тиіс. | |||
Тарих дегеніміз тап күресі. | Тарихты жасайтын ұлы тұлға. |
Семинар 8. Қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс
- Ақын- жыраулар «жақсы»мен «жаман» туралы
- Қазақ философиясындағы адам өмірінің мәні.
- Казақ ағартушылары адам жаны мен тағдыры туралы.
Қазақ халқының тарихы, дәстүрлі мәдениеті (ауыз әдебиеті, өнері, салт-дәстүрі т.б.) бойынша білімдеріңізге сүйене отырып дайындалыңыз. Абайдың «Қара сөздерін», өлеңдер жинағын, Шәкәрімнің «Үш анығын» оқып шығыңыз.
Семинар 9. Сана және бейсаналықтың қатынасы
1. «Бақытсыз сананың »қалыптасуы..
2.К.Г.Юнг философиясындағы бейсаналық түсінігі.
3. Адлер бейсаналықтың әлеуметтік табиғаты туралы.
Семинар 10. Қазіргі тарих философиясы
1. Тарихта прогресс мүмкін бе?.
2. Тарихтың объективті заңдылық идеясы.
3. Белдеулік уақыт тұғырнамасы.
Қазіргі заман философиясының классикалық философиядан ерекшелігіне назар аударыңыз.Оның әр бағытының көзқарасына сыни көзбен қарап, өз пікіріңізді қалыптастыруға тырысыңыз.Тик- бокс №4- пен жұмыс жасаңыз.Ол үшін «Тик-бокс №1, №2, №3»- пен қалай жұмыс жасағаныңызды еске түсіріңіз.
ТИК – БОКС №4
Сана- адам танымының және мінез- құлқының негізі. | Адамды бейсаналық билейді. Ол санадан күшті. | |||
Адам өмірінде мән жоқ. Адам өмірі- абсурд. | Адам өмірінің мәні билікке жетуде. | |||
Мәдениет пен өркениет бір нәрсе. | Мәдениет өлген кезде орнына өркениет келеді. | |||
Тарих қоғамдық экономикалық формациялардың алмасуы. | Тарих- жеке мәдениеттердің алмасуы. |
Семинар 11: «Адам -Дүние» қатынасы болмыс құрамындағы |
Іргелі қатынас ретінде.
1.Адам-қоғам болмысындағы табиғилық пен мәденилік арақатынасы.
2.Адамзаттың рухани тәжірибесі: мазмұны және шекаралар.
Бұл тақырыпқа мектеп курсынан математика, физика, биология, астрономия пәндері бойынша алған, университет бағдарламасынан жоғарғы математика бойынша алған білімдеріне сүйене отырып дайындалу керек.Атап айтқанда, атомның құрылысы Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы, евклидтік және евклидтік емес геометрия, Үлкен жарылыс теориясы, Гершпрунг- Рассел диаграммасы, Дарвиннің эволюциялық теориясы, т.б.
« Табиғат адам үшін ғибадатхана ма , әлде шеберхана ма?» тақырыбына пікірталасқа дайындалыңыз.
Семинар 12. Диалектиканың |
Заңдары мен қағидаттары
1.Диалектиканың негізгі қағидаттары
2.Диалектиканың заңдары мен категориялары.
3.ХХ ғасырдағы диалектиканың нұсқалары.
Философия үшін басты құндылық обьективті ақиқаттың үнемі дамуда екенін түсіну.Салыстырмалы және абсолют ақиқаттың диалектикасының ерекшелігіне назар аударыңыз.«Ғылыми таным түрлері және әдістері» атты кестені талдаңыз. Негізгі ұғымдардың анықтамаларын жаттап алыңыз.
«Ғылым және дін: келісім бе, әлде қарсы тұру ма?»тақырыбына пікірталасқа дайындалыңыз.
Семинар 13. Еркіндік құндылық ретінде
1. Құндылық ұғымы, табиғаты.
2. Құндылықтарды таңдау мәселесі.
3. Еркіндік және анархия.
Еркіндік дегеніміз не? Ақылмен шектелу ме, әлде ойыңа келгенді жасау ма? Адамға құдай қажет пе? Адамға осы өмірде көп керек пе? «Аз керек болса, ол Құдайларға жақын» (Сократ). Ал Сіз қалай ойлайсыз?
Семинар 14. Қазақстан қоғамының даму перспективалары
1.Дәстүршілдік пен модернизм синтезі мәселесі.
2. Ұлттық жолдың өзіндік болмысы мәселесі.
3. Тоталитаризмнен демократияға өту .
«Басқа елде сұлтан болғанша- өз еліңде ұлтан бол»дегенге қалай қарайсыз?