ККККККККККККККК 21*Классикалық және классикалық емес философияның негізгі айырмашылықтары?
22*Кеңістік пен уақыт және олардың негізгі сипаттамалыры.Кеңістік пен уақыттың табиғаты жөнінде сонау көне заманнан бастап осы уақытка дейін,негізінен,екі көзқарас қалыптасты.Олар-Субстанциализм-кеңістік пен уақытты дүниенің алғашқы негіздерінің бірі ретінде қарайды және релятивизм-кеңістік пен уақыт қозғалып жатқан неше түрлі материалдықобъектілердің формалары соған бағынышты.кеңістік пен уақыт жөнінде ерекше ой айтқан Кант болды.Жалпы алғанда философия ғылымында кеңістік пен уақыт жөнінде субстанциялық көзқарас басым блды.кеңістік пен уақытты Дүние болмысының ең жалпы қажетті формалары ретінде қарап,сонымен қатар оны философия,физика т.б ғылымдарддың іргетасы категорияларына жатқызуымыз керек.Дүниеде еш жерде кеңістік пен уақыттан тыс өмір сүріп жатқан бірде-бір зат жоқ,құбылыс жоқ.Ең алдымен ескеретін нәрсе-олар шынайы жеке объективті,яғни адамдардың санасынан тәуелсіз өмір сүріп,сонымен қатар танылады.Кеңістік-уш,ал уақыт бір өлшемді.Кеңістіктегі әрбір заттың орнын анықтау үшін біз бір-біріне тәуелсіз үш кординатты пайдаланамыз.
ҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚ
23*Қозғалыс-бұл материяның өмір сүруінің тәсілі.Материя қозғалысының негізгі нышандары.Қозғалыс-заттың ішіндегі мүмкіндіктің шындықта іске асуы,ал оның қайна көзі форманың белсенді әрекетінде.Орта ғасырдағы ойшылдар қозғалыстың қайна көзін Құдайдың іс-әрекетінен іздейді.Жаңа дәуірдегі ойшылдардың ішінде Ф.Бэкон қозғалысты материяның ішкі табиғатынан шығатын белсенділік ретінде түсінеді. Гегельдің түсінігінше,Қозғалыс «өміршеңдік», «өзіндік қозғалыс»ретінде қаралуы керек.Маркстік философияда қозғалыс категориясы егжей-тегжейлі қаралады.Қозғалысты материяның ішкі қайшылығынан шығатын өмір сүру тәсілі ретінде түсініп, Ф.Энгельс өзінің «табиғат диалектикасы» деген еңбегңнде оның 5түрін ашады.Олар:механикалық,физикалық,биологиялыұ,әлеуметтік және химиялық.Қозғалыстың ең қарапайым түрі мехаикалық.Атомдар мен молекулалардың қозғалысы мен өзара бір-біріне өтуі химиялыққозғалыс.Жер бетінде тарихи пайда болған тіршілік әлемі-ерекше ғажап биологиялық қозғалыс формасына жатады.Бүгінгі таңдағы белгілі ең соңғы қозғалыс-әлеуметтік.
24*Қытай философы Конфуцийдің негізгі идеялары қандай?Конфуцийдің адамзат тарихынна ұлы ойшыл ретінде осы күнге дейін сақталуы-оның моральдық-этикалық көзқарастарында.Конфуций өзінің моральдық іімінде «адамдардың өзаралықтығына», «алтын ортаңғылыққа», «әке-шеше мен аға-апаны сйлауға»шақырады.О кісі жақсылықтың жақсылық болып қайта оралуына сенген.Біздің баса көрсеткіміз келетін тұрақтылық-ол «ли»(әдеттілік).Конфуцийдің айтуына қарағанда,халық өзінің ғасырлар тарихында қалыптасқан әдет-ғұрыптарын сақтап,сыйауы керек.Әдет-ғұрпынан айырылған халық тарап кетеді.Расында да,қазақ халқы бодан болған өзінің тарихында әдет-ғұрпынан айырылып қала жаздады.Әсіресе кеңес заманында әдет-ғұрпын сыйлаған адамдарға «ұлтшылдық»таңба тағылып,қудаланған болатын.Конфуций білімді әртүрлі дәрежеге бөледі. «Ең биік білім-ол та біткен білім.Одан төмен білім-игерілген,келесі-қиындықтарды бастан кешіп алған білім.Бірақ оңбаған адам басынан өткізген қиындықтардың өзінен сабақ алмайды»,-деп өкінеді Конфуций.Конфуцийдің ілімі бойынша,әрбір адам өзінің қоғамда алатын орнын жете білуі қажет.Ол ел басқарудың басты мақсаты-халықтың мүддесі деп жариялады.Конфуцийдің әлекметтік тәртібінің басты қағидаларының бірі үлкендерді сыйлау,оларға бағыну.
25*Қайта өрлеу дәуіріндегі негізгі идеялар мен көзқарастар.Осы кезеңнің философтары.Адам мәселесін Н.Макиавелли діни көзқарастан айырып,толығынан табиғаттың туындысы ретінде шешеді.Адам өзінің жаратылысы бойынша өзімшіл келеді.Н.Макиавелли адамның іс-әрекетінің ең терең түрткісі-ол оның мүддесі деген тұжырымға келеді.Макиавеллидің түсінігінше,мемлекет адамдардың өз іс-әрекеттері арқылы дүниеге келеді,ал Құдайдың оған ешқандай қатысы жоқ.Алдына үлкен мұрат-мақсаттар қойып,оларды іске асыру жолында адамның батыл,тиімді іс-әрекеттер жасауынН.Макиавелли «вирту»деген сөзбен береді.Адамның өмірін о фортунамен тығыз байланыстырады.Макиавелли заманындағы фортуна ұғымы,көне замандағы фотумнан анағұрлым бөлек.Адам мәселесі-бүкіл философияның-сонау Конфуций,Будда,Сократтан бастап,Орта ғасырдағы іни ілімдерге дейін өзекті философияның сұрағы болғаны белгілі.Қайта өрлеу заманында бұл мәселе жаңаша қарала бастады.Бұл мәселеге өзінің өшпес ізін қалдырған Джаноццо Манетти болды.Өзінің «Адамның абыройы мен артықтығы жөнінде»деген еңбегінде ол Құдайдың адамға арнап жасаған дүниесінің сұлулығына тоқталып,сонымен қатар сол жаратылған Дүниенің ең биік шыңы-ол адамның өзі дейді.Сонымен адамның құдіреттілігі,оның Құдайдың өзімен парапарлығы-Қайта өрлеу заманындағы ойшылдардың негізгі идеяларының біріне айналды.Адам мәселесін қайта қарауға өзінің зор үлесін қосқан келесі ойшыл-Лоренцо Валла. «Ләззат алу жөнінде» деген еңбегінде ол адамның дүниетанымы оның ақыл-ойымен қатар сезімдік іс-әрекеті арқылы ғана болады-деген пікірге келеді.Пико делла Мирандолланың еңбектерінде Қайта өрлеу заманындағы адам мәселесіне деген гімманистік көзқарас өзінің биік шыңына көтеріледі.Өзінің «Адамның абыройы жөніндегі сөздер»деген еңбегінде ол: «Құдай өзі жаратқан ғарыштың ортасына адамдыорналастырады»-дейді .Оны ол жаратылған Дүниенің даналығы,ұлылығы мен әсмдігінің айқын көрінісі ретінде қарайды.
26*Қоғамдық сана дегеніміз не?Оның құрылымы мен формалары қандай?Сана-ғажап дүние.Бүкіл өнер,дін,әдебиет,философия тнхника әлемі және ғылым,адам санасының нәтижесі.Қоғамдық сана-бейнелеу түрі мен рухани дүниені жасау әдістері арқылы ажыратылады.Қоғамдықсананың адам өміріне әсер етуінің екі жолы бар:1) жке адамдар санасы арқылы; 2)қоғамдық естелік (кітап,газет,теледидар,радио)арқылы.Қоғамдық сана өте күрделі құбылыс.Олардың әрқайсысы өзіндік салыстырмалы рухани құрлым,сонымен бірге басқалармен жан-жаөты тікелей және жанама байланыста болады.Оған қоғамдық идеялар,теориялар,саяси,құқықтық,адамгершілік эстетика,философия және діни козғалыстар,ғылыми білімдер жатады.Қоғамдық сана қоғамдық бомыстан туып,соның бейнесі мен туындысы болып табылады.Сана болмыстың бейнесі болғандықтан,қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана де өзгереді.Қазіргі қоғамда қоғамдық еңбек бөлінісі,жекеменшік қатынастары,басқа да факторлаға сай әлеуметтік жіктелу және ықпалдасу процесіне орай араларында әріптестік,бәсекелестік немесе қақтығыс туындайтын,дегенмен,демократиялық принциптер негіінде реттелген әртүрлі жіктер мен топтар қалыптасады.
27*Қазіргі заманғы өркениет мәдениетінің қалыптасуы мен дамуындағы ғылым мен техниканың рөлін көрсетіңіз.Бүгінгі адамзатқа керекті нәрсе-жер бетіндегі Ғарыштың әсем гүлі-өмірді сақтап қалу,ғылымның жетістіктерін адамгерілікпен ұштастырып,жаңа жағдайда «мәңгі сұрақ»-адамның өмірінің мән-мағынасы мен не үшін жаратылғанына-жаңа шешім іздеу,осы жолда бақталастық емес,халықтардың бір-бірін толықтыруы,өзара бір-бірін ақтауы,көмектесуі қажет сияқты.Егер неміс классикалық философиясында пайда болған панлогистік көзқарасқа Шопенгауер Ерікті,ал Кьеркогер жеке адамның тебіреністерін қарсы қойса,Конт оған қарсы ғылыми деректерге негізделген қағидаларды қарсы қооюға тырысады.Конттың ойынша,ғылым-белгілі бір абстракциялық негізденшығарылатын білім жүйесі,ал тарих философиясы-рухтың дүниеге келіп,дамуын сіреттейтін ілім ғана емес.Ғылымның негізінде Дүниеде белгілі бір тәртіп пен өрлеу барлығын көрсететін тәжірибелік байқаудың негізінде алынған ғылыми деректер және соларды теоретикалық деңгейде көтеріп талдау іс-әрекеті жатыр.ХХғ.басындағы жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтар (радиоактивті сәулелер,эектрон т.с.с)осы уақытқа дейінгі беделді механистік классикалыө физиканың негізгі қағидаларына үлкен соққы жасады.Электрон бөлшегінің тұрақты салмағының жоқтығы ғалымдарды таңғалдырды.
28*Қайта өрлеу кезеңіндегі гуманизмнің ерекшелігі қандай?«Гуманизм»терминін белгілі Рим қайраткері,шешен Цицеррон б.з.д Іғасырда қолданды.Оның ойынша гуманизм-адамның тәжірибесі және білімі,оның жоғарғы дәрежеге жетуіне мүмкіндік туғызады.Қайта өрлеу кезеңінде қалыптасқан негізгі бағыттар: пантеизм,натурафилософия және гуманизм. Гуманизм-адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді,оның жеке тұлға ретіндегі бағасын,адамның игілігіне,оның жан-жақты дамуына,адам үшін қолайлы қоғамды өмір жағдайын жасағанқамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.Қайта өрлеу дәуірінде гуманизм тиянақты идеялық қозғалыс ретінде қалыптасы.Бұл кезеңде гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды.Гуманистер адам бостандығын жариялады,діни аскетизмге қарсы,адам ләззаты мен өз мұқтаждықтарын қанағаттандыратын хұқы жолында күресті.Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері-Петрарка,леонардо до Винчи,Коперник,Шекспирт.б-зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.
29*Қазақ халқының дүниетанымдық ерекшеліктері?Көрнекті өкілдерін көрсетіңіз.Дүниеде таңғалатын нәрселер көп.Философиялық деңгейге көтерілетін болсақ,бұл дүниеде мәңгілік адам таңғалатын екі-ақ құбылыс бар.Оның бірі-әлем,барлық өмір сүріп жатқан Дүние болса,екіншісі-өзіндік сана-сезімі,ішкі рухани өмірі бар адам болмақ.Осыдан мыңдаған жылдар бұрын өмір сүрген белгісіз түрік бабамыз алдындағы жатқан дүниеге таңғалып,сол жөнінде алғаш рет ойланып,ондағы адамның орны қандай екен деген сұрақты өз алдына қойған кезде,сл сәтте отандық философия бұлағының көзі ашылды десек те болады.Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшеліктері,әрине,ол өмір сүрген табиғаттың,соған бейімделіп қалыптасқаншаруашылық формалары,өмір салтының жүйелерімен тығыз байланыста болса керек.Оған уақытында Ш.Уалиханов та көңіл аударған болатын.негізінен алғанда,Жаңа дәуірге-машиналық индустрия пайда болғанға дейін-қазақ жеріндегі ең тиімді шаруашылық формасы-көшпенді мал шаруашылығы болды.Сондықтан біздің арғы бабаларымыз мыңдаған жылдардың шеңберінде осы іспен айналысты.Біздің бабаларымыз тұрақы бір жерге байланбағандықтан ерікті болып,бас бостандығын қатты сыйлаған.Қазақ жерінде ешқашанда құлдық болмаған.Негізінен алғанда,көшпенділік теңдікті талап етеді,оған тән саяси формалар-соғыс демократиясы,әрі кеткенде,алғашқы феодалдық қатынастар,дамыған феодализм қазақ жерінде ешқашанда болған жоқ,ол көшпенділік шаруашылық формасының табиғатынан шығады.Байлыққа жетуден гөрі,ар-намысты жоғары ұстау-бұл да халықтың қанына терең сіңген құндыық болып табылады.Қазақ философиясында онтологиялық және гнесеологиялық мәселелерден гөрі,адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді.
МММММММММММ
30*Материя және оның атрибуттары:қозғалыс,кеңістік,уақыт.Санның сапаға,соңғының санға өтуі қозғалыс арқылы жүреді,ал оның өзі кеңістік пен уақытты талап етеді.Олар болса қозғалыс-бүкіл болмыстағы дүниенің өмір сүру тәсілі болып шығады да,кеңістік пен уақыт-қозғалыстағы дүниенің формасы ретінде қаралуға тиіс.Гераклит қозғалыстың астарында қарама-қарсылықтың күресіжатыр деп меңзеген.Сонымен қатар Парменид пен зенон оған қарсы шығып,қозғалыстың ішкі сырын мүмкін еместігін дәлелдеуге тырысөан.Орта ғасырдағы ойшылдар қозғалыстың қанар көзін Құдайдың іс-әрекетінен іздейі.атомдар мен молекулалардың қозғалысы мен өзара бір-біріне өтуі химиялық қозғалыс формасын құрайды.Қозғалыстағы заттар мен неше түрлі үрдістер кеңістік пен уақыттың шеңберінде өтіп жатады.Кеңістік пен уақыттың табиғаты жөнінде сонау көне заманнан бастап осы уақытқа дейін,негізінен екі көзқарас қалыптасты.Олар: субстанциализм-кеңістік пен уақытты дүниенің алғашқы негіздерінің бірі ретінде қарайды,релятивизм-кеңістік пен уақытты қозғалып жатқан неше түрлі материалдық объектілердің формасы ретінде қарады.Кеңістік пен уақыт жөнінде ерекше ойайтқан-Кант болды.Аристотельдің ойынша да,бос қуыс жоқ,кеңістік-дүниедегі заттардың алатын орны,ал уақыт-қозғалыстың саны,мөлшері.Орта ғасырдағы ойшылдар кеңістік пен уақытты Құдайдың жасампаздық іс-әрекетіне теңеді.Дүние өтпелі болыпкеңістік пен уақытты берілген,тек Құдай ғана-мәңгілік,олардан тыс жатыр.кеңістіктің үш,ал уақыттың бір өлшемділігін ескеру керек.Кеңістіктің біркелкілік және изотроптық,ал уақыттың тек біркелкілікқасиеттері бар.Соңғы жылдары ғылымда биологиялық,психологиялық және әлеуметтік кеңістік пен уақыт категориялары пайда болып,өазіргі өмірде кеңінен қолданылы зерттелуде.
ОООООООООООООО
31*Ортағасырлардағы Батыс Еуропа философиясы мен араб тілді мұсылман философиясының арасынағы айырмашылықтар қандай? Танымал араб тілді философтары туралы не білесіз?Араб империясы Батыста Испаияға дейін жетіп,өзінің мәдениеті,діні,философиясын жаңа елдерге таратты.Аз уақыттың ішінде арабтар мемлекетті басқару,соғыс жүргізу,мәдениетті дамыту салаларында үлкен жетістіктерге жетті.Антикалық дәуірде пайда болған философиялық ілімдердің бәрін ұқыпты зерттеп,өз тіліне аударып,оны әрі қарай дамытуы.Бұл үлкен «аудармашылық қозғалыс» ретінде тарихта қалды.араб мәдениеті,әрине,Орта Азия халықтарының тағдырына,мәени дамуына өзінің зр үлесін тигізді.Негізгі нәтижелерінің бірі Орта Азия халықтарының бірқұдайлылыққа көшіп,ислам дінін қабылдауы блды.Араб философтары-Аль Кинди,Әл-Фараби,Ибн Сина мен Ибн Рошд,Ибн Халдун.
32*Осы заманғы философиядағы прагматизм персонализм бағыттары.Прагматизмқазіргі заманғы философиядағы субъективті-идеалистік бағыт.Прагматизм бойынша қазіргі заман философиясы екібағытта дауласуда,бірі рационализм ол идеалды,сезімге бай,ақылға жүгінеді,ерік-жігерді дәріптейді.Енді бірі эмпиризм,олар матриалистер,суыққанды,сезімдік танымға мән береді,атеист.Прагматизм-бұл ағымның өкілі әрі негізін салушы Чарльз Пирс және Джемс Уильям.Бұл философияның негізгі принципі:қандай ой-пікір немесе іс-әрекет болса да,егер ол пайда әкелсе-шын,басқаша болса-жалған.Прагматизм ағымының бір түрі-инструментализм,негізін қалаушы американ философы Джон Дьюи.Персонализм-бұл тұлғаны алғашқы шығармашылық шындық және жоғарғы рухани құндылық деп,ал әлемді құдайдың,жоғарғы тұлғаның шығармашылық белсенділігінің көрінісі деп мойындайтын қазіргі заманғы философиядағы теистік бағыт.Персонализмдегі негізгі зерттеу пәні адамның шығармашылық субъективтілігі болып табылады.Персонализмнің негізгі мәселесіне адамның адамгершілік тәрбиесі мен еркіндігі мәселесі жатады.
33*Орта ғасыр философиясындағы теоцентризм.Схоластикалық философия.Номинализм және реализм.Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылсым күш-Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады.Схоластика кезеңінің философиялық ілімі-«схоластика».Орта ғасырлық схоластика нақты объектіге тән,оның анықталған түрі.Бұл мәселе төңірегінде дау-жанжал кең орын алады.Схоластикадағы орталық айтыс,номинализм мен реализм арасында жүрді.Ол христиан дініндегі құдайдың үштік мәні туралы догмат пен және Құдайдың болмысын дәлелдеуге байланысты.Номинализмдегеніміз-философиялық ағым,ол бойынша жалпылық,жекені айқында алмайтыны былай тұрсын,тіпті нақты өмір сүрмейді де.жалпы идеялар бос сөз,жеке заттарға адам тарапынан берілетін атаулар ғана,шын өмір сүретін тек жеке заттар ғана,ал адам болса сол жеке заттар мен құбылыстарды ғана танып біледі.Номинализмде материяның алғашқылығы туралы алғашқы материалистік ұғым қалыптасты.Реализм-жалпы ұғымда,әмбебаптық реалды,әуелбастан өмір сүреді дейді.Реализм номинализмге қарсы бағытталған.
ПППППППППППППП
35*Позитивизмнің негізін салушы О.Конт қарастырған философиялық мәселелер.Конт философиясында үш үлкен мәселе қоылды.Біріншісі-Батыс Еуропа елдеріне тәне индустриалды қоғам-оған бүкіл азамат ілесіп жүретіні мысал бола алады.Екінші мәселе-ғылыми ойдың екі жақты әмбебаптылығы.Үшінші негізгі мәселе Конт «Позитивтік саясат жүйесінде»көтереді.
36*Платон философиясындағы негізгі идеялар.Платонның еңбектерінің ерекшелігі-ооның бәрін сұхбат ретінже жазады.Платонның философия саласына жасаған төңкерісі-оның «Эйдос» әлемін ашқаны.Платонды сезімдік таным қанағаттандырмайды,өйткені дүние-ағым,заттар өне бойы өзгерісте,тұрақсыз.Платонның көзқарасы бойынша,заттардың әсемдігі әсемдік идеясында жатыр.Оның қайнар көзі «Эйдос әлемінде».Сонымен сезімдік әлемнен басқа тұрақты,мәңгілік қозғалмайтын,кемеліне келген басқа әлем-идеялар әлемі бар екен.егер бұл әлемдегі заттар сезім арқылы танылса,онда ақыл-оймен танылатын ұғымдарға идея әлемі сәйкес келуі керек.олай болса,идеялар-ой емес,ойдың зерттейтін пәні,ол-шынайы болмыс.Идея заатардың терең мәнін құрайды,оның бітімін қалыптастырады.Өзінің идеялар әлемі түсінікті болы үшін Платон «Үңгір жөніндегі аңызды»пайдаланады.Плато идеялар әлемін белгілі бір жүйе ретінде қарайды.Платонның ойынша, материя-мәңгілік өзімен-өзі өмір сүріп жатқан енжар нәрсе.Жалпы алғанда Платон қоғамдағы адамдарды бірнеше әлеуметтік топарға бөледі.Төменгі топ шаруалар,қолөнершілер,саудагерлер.Олар қоғамның материалдық қажеттіктерін қамтамасыз етеді.Адамы ішкі және сыртқы жаулардан қорғау керек,ол үшін полиске жауынгерлер керек.Мемлекетті басқару өте қиын.ал оған даналық керек.Оны жүргізе алатын философтар.
ССССССССССССССС
37*Сезімдік және рационалды таным.Олардың негізгі түрлері.
Таным теориясы немесе гносеология философияда оның ең алғашқы даму кезеңінде ақ пайда болған. Гносеология грек тілінен аударғанда, таным туралы білім деген мағына береді. Гносеология-адамның табиғатын, нақты білімге қатынасын, оның мәдениет пен коммуникация жүйесіндегі өмір сүру шартын, ақиқат білімге жетудің заңдылықтары мен тәсілдерін оқытады. Гносеология адамның дүниені танып білу қабілетін, танымның негізгі заңдылықтарын, әдістерін, жолдарын зерттейтін философиялық ілім. Кейіннен «эпистемология» термині пайда болды, ол да өте кең таралды. Бұл термин ғылыми таным теориясын білдіреді.
Таным субектісі дегеніміз-мақсатпен бағытталған заттық-практикалық, белсенді таным әрекетін ұстанушы, ол индивид те, ұжым да, әлеуметтік топ, қоғам да болуы мүмкін.
Таным обьектісі дегініміз-субьектінің таным әрекеті бағытталған нәрсе.
2. Философиялық концепцияларда танымның екі түрі бар:
сезімдік таным (түйсік, қабылдау, елестету)
рационалды (логикалық) таным (түснік, пайымдау, ой-тұжырым)
Сезімдік таным бойынша біз әлем туралы алғагқы білімдерді түйсік, қабылдау, елестету түрінде аламыз. Алынған сезімдіктер рационалды сферада ой тұжырым, пайымдау, түсінік көмегімен өңделеді. Таным процесі адамның практикалық іс-әрекетімен тығыз байланысты. Қоғамдық практика таным процесніңі негізі және мақсаты. Сезімдік таным түрлері:
Түйсік-материалды заттың адам сезім органдарына тікелей өзара әрекет ететін қарапайым, элементарлы көрінісі. Олар белгі немесе сигналды қызметтер атқарады.
Қабылдау-сезімдік таным формасы, онда обьект тікелей сезім органына әсер етіп, санада тұтастай көрініс беруі. Қабылдау түйсік негізінде пайда болады. Ол да образдық-белгі бірлігімен сипатталады.
Елестету-заттың жанама-сезімдік бейнесі, ол қабылдау негізінде пайда болады.
Рационалды таным түрлері:
Түсінік-бұл ой формасы, онда жеке заттар мен олардың топтары жалпыланады, кластарға бөлінеді.
Пайымдау-бұл ой, онда әлдене бекітіледі немесе шындық заттармен терістелуі мүмкін.
Ой-тұжырым-бұл ойлау формасы, ой-тұжырым арқылы бір немесе бірнеше пайымдаудан жаңа пайымдау шығару. Ойлауды-жалпы түрде сезімдік немесе түсінікті бейнелермен интеллектуалды операцияларды өңдеп шығару тәсілі ретінде айтуға болады.
Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
38*Сократ есімі антика философиясындағы антропологиялық өзгеріспен байланысты.Сократтың пікірінше адам өмірінің мәні неде және оның негізгі мақсаты қандай?Сократ софистердің «Адам-өлшем»деген тұжырымдамасымен келіседі,бірақ ол нақтылы,өз заманының пайда іздеген адамы емес,ол-тек адам ретінде алынғандағы адам.Сонымен оны негізінен толғандыратын мәселе:олар-адам табиғаты,оның терең мәні.Оның айтуынша,адамның терең мәні-оның жан дүниесінде.Ал адамның жаны-ол оның ойлауға деген қабілеті,оның парасаты,адамгерілікке негізделге жүріс-тұрысы мен іс-әрекеті.Адамды дене ретінде емес,сана ретінде түсіну керек.Ол-өз-өзін санасы арқылы сынай алатын,ар-ұжданы бар тұлға.Олай болса, адамныңжан дүниесін тәрбиелеу керек.Сократтың ойынша ізгілік әрқашанда білім,ал залымдық-надандық.Ешкім де саналы түре жамандық жасамайды,ал жамандық жасайтындар оны білмегендіктен жасайды.Ізгілік дегеніміз-жақсылыұты білу және соның негізінде іс-әрекет ету.Сократтың ойынша адамның ең тамаша қасиеттерінің бірі-өз-өзін ұстауы.Қандай көңіл күйде болсаң да:шаттық,қайғы-қамуғудада,неше түрлі құштарлықта да адам өзін-өзі билеп,ұстауы қажет.Олай болса адамның өзін-өзі танып білуі-оның ең биік мұратына айналуы керекСонда ғана адам мен қоғам арасындағы қайшылықтар шешіледі.
УУУУУУУУУУУУУУУ
39*Утопия ілімінің негізгі идеялары және оның өкілдері.
Қайта Өркендеу Дәуіріндегі әлеуметтік-саяси философия Ағылшын гуманисі Томас Мор (1478-1535) — Эразм Роттердамскийдің Досы, әйгілі «Утопия» еңбегінің авторьі. Латын тілін жақсы меңгерген, заң мектептерінде білім алып, мүғалімдік және адвокаттық қызметтер атқарған. Еңбегін бағалаған қоғамдастары оны парламент палатасына сайлады. Батыл саяси көзқарастары үшін 1535-жылдың 6-шілдесінде жазаға тартыл-Ды (басы кесілді).
Мордың «Утопия» еңбегі мемлекеттің ең жақсы құрылымы туралы пайымдауға арналған. Утопия деген термин грек тілінен алынған, «жер бетінде жоқ жер» дегенді білдіреді. «Утопияның» бірінші бөлімінде Мор Англиядағы капитал қорының қалыптасуының алғашқы кезеңдерін су реттейді: қоғам мүшелерінің барлық мүшелері баюды ғана көздейді жәні мемлекет атын жамылып, өз құлқынының қамын ойлайтын байлар мем- лекеттің сорына айналады.
Кітаптың екінші бөлімінде осындай мемлекетке қарама-қарсы мемлекет туралы баяндалады, Бұл бөлімнің мазмұнынан Інжілдің, Платонның «Мемлекет» еңбегінің, Эразм Роттердамскийдің христиандық гуманизмінің әсері сезіледі.
Қоғамдық өмір — Мор индивидуализмге қарсы, жеке меншік болмауы тиіс, қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың бәрі тең.
Мемлекет басшысы — терең ойлы философ, кіршіксіз таза адам болуы қажет, «Жақсы нәрсе де, жаман нәрсе де басшыдан тарайды». Осындай адам — қиялдағы аралды жаулап алып, өз Утопиясын құрған Утоп. Қоғамда ақша жоқ, алтын тек қажетсіз нәрселерді жасауға ғана басқа елдермен қарым-қатынаста және соғыста қолданылады.
Ой еңбегі мен дене еңбегі. Мор дене еңбегін» жоғары бағалайды, ол адамдардың бәрі үшін міндетті, ауыл шаруашылығы еңбегіне қоғамның әрбір мүшесі кемінде екі жылын арнауы тиіс, себебі еңбек өмірлік қажеттілік қана емес, моральдық қажеттілік. Ол алты сағатқа созылатын еркін еңбек. Ой еңбегі Платондағыдай дәріптелмейді, бірақ онымен айналысатын ең дарынды адамдар. Утопиялықтар еңбектен шаршап, зорықпайды, қолдары босағанда өздерін рухани дамытады.
Дін. Утоп дінді Христос дүниеге келерден 144 жыл бұрын тағайындады. Мор жалғыз Жаратушы Құдай бар, жан мәңгілік деп тұжырымдайды.’ Сонымен қатар, әр түрлі наным- сенім болуы мүмкін, адамдар бір-бірінінің сенімін, атеистерді де сыйлауы керек деп есептейді. Дінді сақтаушы — сай-ланатын дінбасылар, олар өте таза, адамгершілікті интеллектуалдылықтан да жоғары қояды.
Томмазо Кампанелла (1568-1639) — философия, жаратылыстану мәсе-лелерін әлеуметтік мәселелермен байланыстыра білген, Испания монар-хиясына қарсы күрескен, сол үшін 30 жылдай түрмеде отырған монах. Басты еңбегі — «Күн қаласы».
Кампанелла гипозоизм (барлық нәрсенің жаны бар) идеясын универ- сумға қолданады: «Әлем — үлкен тірі мақұлық, біз оның ішінде құрттар секілді өмір сүреміз, теңіз — жердің тері».
«Күн қаласы» еңбегінде қоғамды қалай өзгерту туралы ойларын ба- яндайды. Тапробану аралындағы (шамамен Цейлон, қазіргі Шри Ланка) бакытты қоғам туралы Генуя теңізшісі әңгімелейді. Бүл аралда адамдар қоғамдастыққа бірігіп, Құдайға емес, адамның ақыл-ойына бағынатын мемлекет құрады. Мұнда жеке меншік жоқ, еңбек жақсы ұйымдастырылған, адамдар төрт сағат қана жұмыс жасайды, бай, кедей болып бөлінбейді.
Мемлекетті басқарушы — Платонның мемлекетіндегідей аристократия, бірақ философтар емес, маман аристократтар, қабілетті болып жаратылған. туғаннан жолы болғыш адамдар. Олардың ең ақылдысы — Метафикик. немесе, Күн деп аталады. Ол мемлекет басшысы, барлық ғылымдардан жан-жақты хабардар. Оның үш көмекшісі бар: Күш-Куат — әскери істерді, Даналық — ғылымдарды басқарады, Махаббат — тамақ, бала тәрбиелеумен айналысады. Олардың да көмекшілері бар (Грамматика, Логика, физика, Саясат, Этика, Экономика, Астролог, Астроном, т.б.) Елді басқару ісімен қырық адам айналысады, бірақ айына екі рет халық жиналысында басшылар ауыстырылып отырады, олардың өздері де талантты адамдарға өз орындарын босатуы тиіс. Басшылық әділ жүзеге асырылуы тиіс, ағайыншылық деген болмау керек. Балалар жеті жасынан бастап ғылымдарды зерттей бастайды және ой еңбегін дене еңбегімен ұштастырады. Дін философияға, білімге тәуелді, ең басты дінбасы — Метафизик.
Никколо Макиавелли (1469-1527) — Флорентия республикасындағы кедей заңгердің отбасында дүниеге келгендіктен университеттік білім алуға мүмкіндігі болмаса да, латын тілін игеріп, ежелгі классиктердің еңбектерін жақсы игерді, жас кезінен бастап саясат және мемлекет мәселелеріне ден қоя бастады. Республика Үкіметінде қызмет атқарып, сая-сатқа белсене араласқан Макиавелли 1512 жылы республика құлаған соң қуғындалды, оның өз елі Италияны көркейтпек болған жоспарлары жүзеге аспады. Саяси қызметтен аластатылған жылдары жазған еңбектері оның есімін адамзат тарихында қалдырды, олардың арасындағы ең белгілісі -«Билеуші» («Государь»). Бұл еңбек сол кездегі реалды әлеуметтік қажеттіліктен туындады, мемлекет проблемасы Макиавелли үшін академиялық, жәй ғана қызықты мәселе емес, ұлттық феномен, антикалық философтар қарастырған мінсіз мемлекет теориясын жалғастыруға талпыныс еді. Оның ойынша, адамдар табиғатынан қатігез. алдауға бейім, мансапқор, мемлекет олардың осы жаман қасиеттерін шектеп, тәртіп орнату үшін қажет. Мемлекет басшысы меншік иелерінің өкілі болуы керек. Мемлекетте өмір сүруші адамдар қабылданған ережелерге саналы түрде бағынғанда ғана қоғамда заңдылық болмақ. Көп нәрсе басшы-билеушіге байланысты деп түсінген Макиавелли мемлекет қайраткері ұстауға принциптерді талдайды. Ең бастысы, билеуші реалды саяси өмір талаптарын ескере отырып басқаруы тиіс, бар күші мен құралдарын басты мақсатқа -біртұтас, қуатты мемлекет құруға жұмсауы қажет. Осы мақсат дана билеушінің өмірінің мәні
болуға лайық, себебі, мемлекет адам рухының жоғарғы жетістіктерінің бірі. Бұл мақсатқа жету үшін құралдың кез-келп түрін пайдалануға болады, әйтпесе ол биліктен айырылады, қарсыластырынан жеңіледі. Макиавеллидің әйгілі «Мақсат құралдарды ақтайды («Цель оправдывает средства») қағидасы осылайша пайда болды.
Қайта Өркендеу Дәуірі философиясы туралы қорыта айтсақ бұл кезең — адам еркіндігін, жасампаздығын, шығармашылық қуатын. табиғатпен бірлігін жырлаған, дүниенің құрылымы, қоғам мен адамның мәні туралы жаңа ғылыми түсінік-идеялар, болжам-үлгілер ұсынылғаг адамзат ойының табысты кезеңі.
Аты аңызға айналған тұлғалардың бірі ХV ғасырдағы алғашқы қазақ хандары Жәнібек пен Керейдің ақылшысы болған ақын, философ, ─ Асан Қайғы (ХV ғ.) атанып кеткен - Хасен Сәбитұлы. Оны Шоқан: «Көшпелі ноғай, қазақ ұлысының философы» деп атады.
Батыс Қазақстан жерінде өмір сүрген Асан Қайғы, Жәнібек ханның халыққа қысым жасаушы билігінен қашып, елдің көшіп жүрген тұрмысына қанағаттанбай, ренжиді. Желмаяға мініп әлемді, кең дүниені аралайды. Халыққа қолайлы көп жерді көреді. «Жерұйық» оның орындалмаған арманы. «Жерұйық» ─ қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған, ел аласы, ру таласы жоқ, қойны құт, суы сүт жер. Бірақ ол оны ешжерден таба алмай қайғырады.
ФФФФФФФФФФФФ
40*Философиядағы негізгі мәселенің екінші жағы:дүниені танып білуге бола ма?Материалистік бағыттағы философтардың көпшілігі Дүниені адамның танып-білеалатынына ешқандай күмән келтірмейді.Ал объективті идеализмге келер болсақ,олардың бір бөлігі Дүниені танып-білуге болады десе,келесілері бұл мәселені теріс шешеді.Адам Дүниенің терең мәнін танып-біле алмайды,ол мүмкін емес деген көзқарасқа агностицизм деген атақ берілді.Адам дүниені қалай таниы?Адам дүниені тану жолында қаншалықты дәрежеге көтеріле алады?Егер танымның негізгі қайнар көзін тәэірибеде деп мойындаса,ондай танымдық бағытты эмпиризмге жатқызамыз.Эмпиризмге өте жақын тұрған танымдық ағым,ол сенсуализм.Сенсуализм таным үрдісіндегі сезімдік қабылдаудынегізгі жол деп есептейді.Келесі таным теориясы рационализм.Бұл ағым адамның ақыл-ойын,зердесін танымның өзегі,негізі ретінде қарайды.Рационализмнің ең биік шыңы ретінде гегельдің философиясы0н алуға болады.Бұл кісі Дүниені абсолюттік идеяның басқа болмысы ретінде қарап,таным үрдісінің өзі абсолюттік идеяның өзін-өзі танып-біліп,өзіне жаңа дәрежеде-абсолюттік рух ретіндеқайтып оралуы деп түсінді.
41*Философия тарихында адам мәселесі қалай қарастырылады? Философиялық антропология-адамның мәні,құрылымының мәні туралы ғылым.Адам проблемага айналған кезде адам «адам деген не,ол бұл әлемге неге келдіжәне басқа тірі жандардан немен ерекшеленеді»деген мәселелермен ойланған кезде философиялық антропология іргелі және орталық философияға айналады.Иррационалистік көзқарас негізінде адам әрекеті немесе оның кең мағынасында адам болмысы түсіндіруге келмейтін ішкі сарындар,ырықтар,көңіл-күйлер көрінісі позициясымен талданатын идеялар құрайтын экзистенциализм,неотомизм,фрейдизм ілімдерін жатқызуға болады.Адам туралы біздің қазіргі көзқарастарымыз иррационалистік бағыттағы ойшылдар жетістіктерін ескергенімен,көбіне рационалистік,материалистік және идеалистік идеяларға сүйенеді.адамның әлеуметтік-биологиялық эволюциясын түсіндіруде Энгельс ұсынған антропогенездің ңбек теориясының маңызы зор.Адамның мәні мәселесі адам туралы философиялық ілімнің өзегін құрайды.Қоғамдық өндіріс пен еңбек әрекетінің дамуы нәтижесінде адамдардың қоғамдық қатынастары да дамиды.Философия тарихында адам туралы көптеген пікірлер айтылады.Көне философтар адамдарды ғарыштың бір бейесі ретінде «кіші ғарыш»бейнесінд қарастырады.Орта ғасыр философиясында адамды анықтауда оның денелік және жандық жаратылысы арасын көбірек қарастырады.Діни ұғымдар бойынша дүние адам үшін жаратылған деген ұғым бар,өмір адамға,адам көңіліне жол табу мақсатына бағындырылады.Экзистенциализм-ең алдымен адамның дербес нақты өмір сүруіне мән береді және материализмнің үстемдігін жоққа шығарады.
42*Ф.Ницще философиясындағы «билікке деген ерік»және «асқан адам»туралы тұжырымдары.Билікке деген ерік-күштінің құқының негізін құрайды.Күштінің құқы нешетүрлі қоғамда қабылданған моральдық,діни т.с.с нормативтік ережелерден биік болуға тиісті,сондықтанинағыз адам осы қағиданы өз өмірінеұстауы қажет.Социализм адамдардың арасында теңдік болу керек деген қағиданы таратады.Бірақ ол өмірдің терең мәнін құрайтын билікке деген ерікті құртады,сонықтан ол керек емес.Демократия да билікке ұмтылған адамдардың мүддесіне қарсы,өйткені тобыр қайсыбір билікті ұнатпайды,яғни олар күштінің құқына қарсы тұрады.Ал енді «адамнан жоғарылардың»сыртқы кейпіне келер болсақ,олардың туа біткен асылдығы бір қарағанда ақ көрініп тұрады.
ШШШШШШШШШШ
43*Ш.Құдайбердіұлының философиялық көзқарастары. «Үш анақ»ілімі.Шәкәрімнің онтологиялық көзқарастарына келер болса,оны рационалдық діни философияға,нақтылай келе деизм бағытына жатқызуға болады.Терең философиялық мәні бар ерекше мәселе-жан мен тәннің арақатынасыөзара байланысы.Гнесеологиялық,танымдық мәселелерге келсек,Шәкәрім өзінің «Анык пен танық», «Мұсылмандық арттар»т.б еңбектерінде ол адамдарға «қоршаған табиғи ортаның жұмбақ сырын ұқ,танып-біл,оның ашылған сырларын мақсат-мұратыңа жарат»деген ой тастайды.Сонымен қатар дүниені тану жолында соңғы ақиқатқа ешкім жете алмайды,оныңсоқпақтарында шындық пен қатар қателесіп кету де кездесеі.енді ғалымның этикалық,ағартушылық идеяларына тоқталуға кезек келді.Ол ойшылдың негізгі еңбегі «Үш анықты»басынан аяғына дейні самғап өтетін негізгі идея.Алғашқыда ақын екі анықты сөз қылады.Бірінші-ол ғылымдағы ақиқаттар,оған адамзатты мыңдаған жылдар бойы ізденіп,зерттеп жетті.Екінші-діннің берген аяндары.Осы екі аныққа ойшыл үшінші-ар-ұжданды қосып оның іргелілігін баса айтады.
ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭ
44*Экзистенциализм,неопозитивизм бағыттарының қарастырған философиялық мәселелері.
Экзистенциализм (лат. eksіstentіa – өмір сүру) – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағыт. Адамның өзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Өзгенің бостандығына қол сұққан жағдайда бостандықтың қадірін білетін адамның ар-ожданы бас көтеруге тиісті. Қоғам егер осындай еркін тұлғалардан құралса, онда үйлесімді, шығармашылық байланыстағы, бірін-бірі түсінетін, әрқайсысы өз құқығын білуімен қатар, өз міндеті мен жауапкершілігін толық сезінетін толыққанды қауымға айналады деп білді. Экзистенциализм философиялық бағыт ретінде 20 ғасырда қалыптасты. Ол адамгершілік құндылықтар күнделікті тұтынушылық қажеттіліктердің тасасында қалған, техногенді, индустриалды, қатыгез қоғамға қарсылық ретінде туындады. Ғаламдық дағдарыстар мен соғыстар және төніп келе жатқан экологиялық апат адамгершілік құндылықтардың құлдырауына, адамның өз қолымен жасалған бірақ, өзіне жат дүниесінде адамның өмірінің мәні мен болмысы жайлы сұрақтар неғұрлым шиеленісе түседі. Адамгершілік құндылықтарға бет бұру бұл бағыттың басты ерекшелігі. Экзистенциализмның негізгі өкілдері: М.Хайдаггер, К.Ясперс, Н.А. Бердияев, Ж.П. Сартр, Г.Марсель, А.Камю, сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Августин, Ф.Шеллинг, С.Кьеркогор, А.Шопенгауэр, Ф.М. Достаевский, Ф.Ницше. Экзистенциализм еуразиялық әдебиеттің, театрдың, басқа да өнер салаларының дамуына ықпал етті. Қорқынышқа байланысты көптеген шығармалар туындап, оны жеңу, адамгершілік құндылықтарды адам тіршілігінің баянсыздығы тұрғысынан қарастыру басты тақырыпқа айналды
45*ХХғасырдағы классикалық емес философиядағы З.Фрейдтің бейсаналық ілімін талдап көрсетіңіз.
Психоанализ — Австрия ғалымы Зигмунд Фрейд қалыптастырған XX ғасыр мәдениетінің барлық саласына зор ықпал еткен психологиялық ілім және психиатрияны емдеу әдіснамасы. З. Фрейд өз зерттеуін бастаған кезде психиатрия ғылымы биологияның ықпалына айырықша ұшырағаны соншылық, психологиялық құыбылыстардың қалыптасуы мен дамуын түсіндіру және рухани ауруларды емдеу түгелдей өнеркәсіп дәуіріне тән механикалық әдістермен орындалатын. Фрейд 1885 жылы Парижде әйгілі психиатр, қосымша митанушы Charcot-тан тәлім алып, Charcot-тың қояншық (истерия) ауыруын зерттеуінің ықпалына ұшырады. Сөйтіп ол бала кездегі рухани жарақат пен жайсыз кешірменің кейінгі өмірдегі көңіл күйге әсерін зерттей бастады. Алғашқы емі Anna O деп аталған Josef Breuer деген қыздың психологиялық ауруына психоанализ жасаудан . Ол кезде фрейд гипноз және сөйлетіп емдеу (talking cure) тәсілдерін қолданып, емделушінің көңілін мазалаған, алаңдатқан астыртын істі ашуға тырысты. Кейін фрейд гипноз амалы арқылы ауырудың кезінде көңілінде жарақат қалтырған оқиғаны тауып шығуға тырысты. Бірақ бұл ауруды жақсартпаған соң фрейд басқа амалдарды қарастырды.
Психоанализдің басты ережелері
Адамның ата тегіне тартқан мінезіне дейінгі барлық психологиялық қасиеттерін бала кезіндегі кешірмесі белгілейді.
АДамзаттың ісін, кешірмесін және танымын негізінен адамның иррационалды (жабайы, ақылсыз, нәпсілік) аңсары қалыптастырады.
Бұл аңсарлар незінен санасыз күйде болады.
Осынау санасыз аңсарларды саналы қабатқа әкелу психологиялық өз-өзін қорғау механизмінің қарсылығын туғызады.
Сана мен астынсана (шектелген, жасырынған сана) және нақты шындық арасындағы қайшылықтан рухани соққы пайда болады, ауытқулар туады, психологиялық аурулар келіп шығады.
Осынау тосылған, тұйықталған астынсаналық оқиғаны (әлдеқашан ұмытылған ерекше ұятты оқиғаның жасырын ықпалы) белгілі кәсіптік амалдар арқылы рухани ауруға білдіруге болады. (Қазақтың "көйлектің кірі жуса кетеді, көңілдің кірі айтса кетеді" деген мақалында айтылғандай, өзі ұмытып қалған "өз сырын" білген соң адам психикалық ауытқудан айыға бастайды екен).
Психоанализдік емдеу амалы таласты тақырып болса да, кейбіреулер жағынан соқыр сенім деп бағаланса да, бірақ оның рухани ауруларды емдеуді көздейтін психиатрия ғылымына өте-мөте ықпалы зор болды. Сондай-ақ Фрейдтің бұл жасампаз идеялары заң саласында, әдебиетте, философияда, психология ғылымында кең көлемде әсер пайда қылып, еуропа және АҚШ елдерінде психологиялық ізденістің жаңа дүмпуін туғызды.
Меннің үш құрамы
Фрейд адам психикасын Өз (It), Мен (Ego), Жоғары Мен (Superego) сынды үш бөліктің өзара байланысы арқылы түсіндіреді. Астынсана өткеннен мұраланған психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауында адамның жасырын жан сезімдері, құмарлығы мен ынта-қалауы ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану ережесін» басшылыққа алады. Фрейд оны It (өзі, нәрсеге қаратылатын ол мағынасында, "Өз" деген сөз жақын келеді) деп атап, «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп бағалайды. Адамның саналы Мені — Өз бен (Астынсана) қоршаған дүние арасындағы делдал рөлін ойнайды. Бұл құрылым «шынайылық ережесін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның астынсанасына қызмет көрсету. Адам Мені Өзді өзіне бағындыруға тырысады, алайда кейде Өздің ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым салуларды бейнелейтін тәрбиелік, этикалық, адамгершіліктік, діни, рухани сананы көрсетеді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе астыртын күнә сезімі ретінде адам Меніне үстемдік етуі мүмкін.
Астынсанада белгілі бір жағдайда сана аймағынан ауытқып кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды. Жоғарғы Мен арулану (сублимация) арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас құрылым. Тиым салынған ЛИБИДО (жыныстық қуат) импульстары мәдени шығармашылықтың қайнар көзі мен құпиясы есептеледі. Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығармашылық фантазия және оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа шығаруға) мүмкіндік береді.
Фрейд адамның психологиялық өмірі туған соң басталады деп санайды, ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске түсірулер туралы айтады. Фрейд психикалық процесстер динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды. Оларды Фрейд психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын күштер ретінде қарастырады.
Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт — либидоға көп көңіл бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты — талқандау.
Кейінгі еңбектерінде Фрейд екі тұрлі инстинктер бар деген болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса, енді бірі тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері» еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды.