Азақ мәдениетіндегі философия феномені
Мақсаттары мен міндеттері:Қазақ философиясының ерекшеліктері және оның қазақ ділінің қалыптасуындағы рөлі.
Жоспар:
1. Қазақ философиясының дәстүрі мен ерешеліктері. Қазақ философиясының қалыптасуының әлеуметтiк-мәдени детерминанттары.
2. Түркі кезеңіндегі философия: Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи, Махмұт Қашқари.
3. Ақын-жыраулар шығармашылығы. Бақыт мәселесі және «Жерұйықты» іздеу.
4. Қазақ ағартушылық кезеңінің ерекшеліктері. (Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Кұнанбаев). Абай философиясы.
5. Ш.Құдайбердіұлының философиялық көзқарастары. «Үш анық».
Әдебиеттер тізімі:
1. Иманқұл Н.Н. Философия әлемінде: болмысы және тарихы. Алматы,2006ж.
2. Иманқұл Н.Н., Бөрібаев Т.Қ. Іліми философия. Астана, 2009ж.
3. Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000ж.
4. Ғ. Есім. Фалсафа тарихы. Алматы, 2004.
5. Абай. Қара сөздері. А., 1999.
6. Акатаев С.Н. Мировоззренческий синкретизм казахов. – Алматы, 2001.
7. Орынбеков М.С. Мировоззренческие ориентиры казахской философии.А., 2005
8. Сегізбаев О.А. Казахская философия XV-начала XX века. – Алматы: Гылым, 1996.
9 Есім Ғ. Казақ философиясы.. Алматы
10. Кудайбердиев Ш. Три истины Алматы, 1989
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазақ философиясы тарихын мына кезеңдерге бөлеміз:
Көне қазақ философиясы (б.з.д. VII – б.з.V ғ.ғ.);
Орта ғасырлық түркі кезеңі философиясы (VI – XIV ғ.ғ.);
Қазақ ақын-жырау философиясы (XV – XVIII ғ.ғ.);
«Зар заман», ағартушылық философиясы кезеңі (XIX – XX ғ. басы);
Қазіргі заман қазақ философиясы (XX ғ. 30 жылдарынан бері).
Қазақ философиясының ерекшелік сипаты:
тәңірге, аруаққа сыйыну, тәубелік ой-сана;
философиялық ой ерекше формада - әдеби шығармада, өлең-жырларда, нақыл сөздер мен қара сөздерде, айтыс өнерінде көрініс тапты;
қазақ философиясында экзистенциялық сарын басым;
болмыс пен бейболмыс, абсолюттік Жаратушы, жалған дүние мәселелері;
батыс философиясындағы жүйеліліктен гөрі, жеке ойшыл-тұлғалардың дүниеуи көзқарастары құндылыққа ие;
адам, мораль, эстетика, әдептілік тақырыптарына көп көңіл бөлінді;
әлеуметтік әділеттілік, еркіндік, ізгі қоғамды аңсау.
Қазақ философиясы тарихы көне дүниеден басталады. Біздің дәуірімізге дейін өмір сүрген Заратуштра, Анахарс, Ишпақайлардан, Әл-Фараби, Яссауи, Абай, Мағжанға дейін күректей үш мың жыл жатыр. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзге тоқтаған адамды өте жоғары бағалаған. «Аталы сөзге арсыз ғана таласады» - деген.
Ұлт өз дүниетанымын тілі, мәдениеті, рухани мұрасы, діни нанымы т.б. арқылы білдіреді. Философия пәні ойлау болса, ұлттық дүниетанымды бейнейлейтін ойлау формалары ұлттық философия болмақ.
Ұлттық философия тек философия үшін қажет емес, ол ұлттың өзін-өзі тануы үшін қажет. Өз тілінде философиясы болмаған халықты мәдениетті, өркениетті елдер қатарына қосу қиын. Гегель айтқандай «менің ана тілімде (неміс) жазылғанның бәрі менің байлығым».
Көне қазақ философиясында аты белгілі ойшылдар:
- Заратуштра – осыдан үш мың жылдай бұрынғы азиялық ұлы даладағы тұңғыш пайғамбарлардың бірі. Еуропаға Заратуштра есімі екі жарым ғасыр бұрын ғана белгілі болған. Ғалымдар «Авестаға» неғұрлым тереңдеген сайын айтылған жер, су аттары Заратуштраның шығу тегі Тұран даласына, яғни қазіргі Қазақстан мен Орта Азия даласына алып келеді. Лондон университетінің профессоры Мэри Бойс «ақиқатында Заратуштра Еділдің шығысынан басталатын Азиялық далада өмір сүрген» - деп тұжырымдайды.
Заратуштра қалайда адамзат тарихы үшін теңдесі жоқ жұмбақ тұлға. Немістің атақты философы Фридрих Ницшенің (1844 – 1900) «Заратуштра осылай деген» атты философиялық толғау жазу да тегін емес еді. Бұл Заратуштраның жалпы адамзат баласының алғашқы ұстазы болғандығын мойындау еді. Смағұл Елубайдың пікірі бойынша:
Адамзаттың алғашқы пайғамбары, соңғылықта өмірге буддизм, иудаизм, христиан, ислам діндерінің келуіне үлкен ықпал жасаған Заратуштра ұлы Тұран жерінің перзенті;
Соңғылықта, ең соңғы ғылыми зерттеулер Заратуштраның туған жерін қазақ даласына әкеп тіреді. «Еділдің шығысынан басталатын азиялық дала» - қазақ жері;
Адамзаттың алғашқы пайғамбары Заратуштраның туған жері, отаны Қазақстан екенін біздің де айта бастайтын уақытымыз жетті.
Заратуштра адамзат тарихы үш кезеңнен тұрады дейді. Құдай дүниені жаратқан алғашқы балауса кезеңді – «жаралу» кезеңі. Адамзат тарихының екінші кезеңі дүниеге Сайтан араласқан кезең, яғни «араласу» кезеңі делінеді. Бұл кезеңде кесапат пен шарапат ұзақ та ұлы күреске шығады. Бұл жарық дүние үшін Құдай мен Сайтанның күресі еді. Заратуштра уағызы бойынша адамзат тарихының үшінші кезеңі – «ажырасу» деп аталады. Бұл кезеңде Құдай Сайтанды жеңіп, өзі жаратқан Дозақ отына өзі күйіп, қиянат, кесапат, жамандық, қылмыс атаулы із-түссіз жоғалған күннен басталмақ. Сөйтіп, Алла тағала жаратқан жарық дүние баяғы бейкүнә, таза, ұжмақ қалпына келмек.
Сол болашақта, мәңгі ұжмақта өмір сүрмек үшін, бақытты болу үшін адам бұл фәниде Заратуштраның үш шартын орындауы керек:
бірінші шарт – «шарапатты ойға беріл»;
екінші шарт - «шарапатты сөзге беріл»;
үшінші шарт – «шарапатты ізге беріл»;
Анахарс, грекше – Анахарсис – Скиф жұртынан шыққан дана, тапқыр, шешен (б.з.д. VI – V ғ.ғ.). Анахарстың әкесі көшпенділердің әйгілі ханы Гнур (Күннұр) болса, шешесі Афина ақсүйектердің қызы. Анарыстың тапқырлық даналығы туралы Геродот, Платон, Аристотель, Диоген, Лукиан, Сеист Эмпирик, Плутарх, Мишель Монтень сияқты әйгілі тұлғалар ой-пікір, естеліктер қалдырған.
Диоген Лаэртский (шығармалары. М., 1975, 95-96 беттер): «Кеме ағашының қалындығы төрт-ақ елі екенін білген Анахарс, кемешілер өлімнен төрт елі қашықтықта жүреді» екен депті.
Анахарстың ескерткішіне: «Тіліңе, құлқыңа, тәніңе ие бол» деп жазылыпты. Адам бойындағы бақ пен сорға бірдей себепші болатын не? – деген сұраққа Анахарс: «Тіл» деп жауап беріпті.
Татымсыз көп достан, тартымды бір дос артық – депті Анахарс. Базар – адамдардың бірін-бірі алдап, тонау үшін әдейі ойлап тапқан орын дейді.
Плутарх (Таңдамалы өмірбаяндар, 2 томдық М., 1987, 161 бет): Анахарс Халық кеңесіне келіп отырып, эллиндер арасында сөзді ақылдылардың айтатынына, ал мәселені ақмақтардың шешетініне қайран қалыпты.
- Ишпақай – біздің жыл қайыруымыздан бұрынғы 674 жылы қаза тапқан скифтер көсемі, қазақ даласының перзенті, ғұламасы.
- Майқы би Мәнұлы – Хижра жыл санауынан 711 жыл бұрын туып, 800 жылы дүниеден қайтқан. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» өз заманында бүткіл қазақ атаулыны билеген, билеу үстіне әділдік орнатқан, қара қылды қақ жарған адам болыпты.
Тақырып бойынша негізгі ұғымдар: ар-ождан, тіл, діл, қазақ мәдениет, ауыз әдебиеті және т.б.
Дәріс№10