Хіх- хх ғғ. басындағы орыс философиясы 4 страница
Неопозитивизмнiң екiншi түрi - лингвистикалық философияның өкiлдерiне келер болсақ, олар философияның айналысатын негiзгi iсiн тiлдегi сөздердi, ғылыми сөйлемдердi логикалық жолмен талдаудан көредi. Л.Витгенштейннiң ойынша, философия тек қана “тiлге сын² ретiнде ғана өмiр сүре алады. Өзiнiң “Логикалық-философиялық трактаттар² деген еңбегiнде ол “Менiң тiлiмнiң шеңберi менiң Дүниемнiң шеңберiн құрайды²,- дейдi. Бұл философия саласында ашылған ұлкен жаңалықтардың бiрi болды, өйткенi, қайсыбiр ұлттық тiлдiң құрылымы сол халықтың дұниесезiмi мен дұниеқабылдауына, керек болса, дұниеге деген көзқарасына шешушi ықпалын тидiредi. Оны бiз қазiр “халықтың менталитетi² деген ұғыммен беремiз. Л.Витгенштейннiң негiзгi идеясы - тiлдегi сөздердi ұқыпты пайдалану, басқа жағдайда ол бiздi неше-тұрлi абстрактылық ұғымдардың құрсауына қамап адастырады.
ХХ ғ 50 жылдарынан бастап позитивизмнiң соңғы сатысы дүниеге келдi - оны постпозитивизм (соңғы позитивизм) деп атайды. Негiзгi өкiлдерi - Карл Раймунд Поппер (1902-1994 ж.ж.) , Томас Самюэль Кун (1922 ж.), Имре Лакатос (1922-1974 ж.ж.), Пауль Фейерабенд (1924 ж.) т.с.с.
К.Поппер ғылымның дамуындағы верификация принципiнiң жеткiлiксiз екенiн көрсетедi. Ғылымның дамуындағы пайда болған ешқандай теория “соңғы ақиқат² емес, күндердiң бiр күнiнде ол терiске шығарылуы мүмкiн. Олай болса, ғылымдағы қағидалардың терең табиғаты - олардың болжамдығында, қателiк кету мүмкiндiгiнде. Оны ол фаллибилизм (қателiк) дейдi. Ғылымдағы бiлiмнiң дамуы негiзiнен алғанда неғұрлым әртұрлi гипотезалардың көбiрек ұсынылуымен бiрге оларды фальсификациялаумен (терiске шығаруға тырысу, оған қарсы бағытталған пiкiрлердi ұсыну) байланысты. Сонда ғана ғылым дүниетану жолында тереңдей түседi.Өзiнiң жалпы Дүниеге деген көзқарасында ол “Үш әлем² теориясын ұсынады. Олар: физикалық әлем, яғни бiздi жағалай қоршаған дүние. Келесi - ментальдық әлем (Платонның “идеялар әлемiне ұқсас). Үшiншi әлем - адамзат жеткен шынтуайтты өмiр сүретiн бiлiм әлемi (Орта ғасырдағы Ибн-Роштың адамзат интеллектiне ұқсас).К.Поппердiң ойынша, философия ғылым емес, өйткенi, оның негiзгi қағидаларын фальсификациялауға болмайды. Бiрақ, ол адамға өмiрдiң мән-мағнасын ашып, сондағы адамның алатын орнын көрсетуге тырысады. Сол үшiн ол философияны биiк бағалайды. Өзiнiң әлеуметтiк философиясында К.Поппер адамзат тарихында ешқандай заңдылықтар болған емес деген пiкiрге келедi. Осы тұрғыдан ол марксизмдi, әсiресе оның тарихи материализмін, “коммунизм² идеясын қатты сынға алады.
К.Поппердiң идеялары И.Лакатосқа зор әсерiн тигiздi. Ғылымның тарихи дамуын зерттей келе ол “ғылыми зерттеу бағдарламасы² атты танымдық методологияны ұсынады. қайсыбiр кемелiне келген ғылымда өне бойы жаңа теориялар пайда болып бiр-бiрiн ауыстырып жатады. Ал оның өзi сол ғылымдағы қабылданған “зерттеу ережелерiмен² тығыз байланысты. Олардың бiреуi (оң эвристика) болашағы бар зерттеу жолдарына сiлтесе, келесiлерi (терiс эвристика) қай зерттеу жолдарынан аулақ болу керек екенiн көрсетедi. Қайсыбiр “ғылыми-зерттеу бағдарламасының² iшкi бұзылмайтын “қатты өзегi² болады - оған iргетасты терiске шығарылмайтын қағидалар ғана кiредi. Ал оны қоршап тұрған “қорғайтын шеңберге² келер болсақ, ондағы гипотезалардың негiзгi функциясы - бағдарламаның өзегiн қорғау болып табылады. Бiрақ гипотезалар фальсификацияланып жартылай, я болмаса толығынан жоққа шығарылуы мүмкiн. Онда оның орнына жаңа гипотеза келедi. “Ғылыми-зерттеу бағдарламасының² әрi қарай өрлеу мүмкiндiгiн қалай анықтауға болады? И.Лакатостың ойынша, егер бағдарламаның теоретикалық өсуi оның эмпириалық өсуiнен алда жұрсе, яғни теоретикалық түрде болашақта ашылатын кейбiр деректердi болжай алсақ, онда ол - өрлеу үстiнде. Ал жаңа ашылған деректердi соңынан теоретикалық түрде жалпылау, түсiну дегенiмiз - ол бағдарламаның сарқылғанын, жақын арада оның басқа “ғылыми-зерттеу бағдарламасымен ауыстырылатынын көрсетедi.
Ғылымның даму тарихы - неше-түрлi зерттеу бағдарламаларының бiр-бiрiмен сайысқа түсуi, олардың эвристикалық мүмкiндiктерiнiң ашылуы. Ғылымның iшкi және сыртқы тарихы бар. Iшкi тарихқа идеялар мен методологиялардың бiр-бiрiн ауыстыруы жатса, сыртқы тарихына ғылымды ұйымдастыру формалары мен ұлы тұлғалардың қызметi жатады.
Постпозитивизмнiң келесi iрi өкiлi - Томас Кун. Ғылым дегенiмiз - белгiлi “ғылыми қауымдастықтың² басын қосып бiрiктiретiн әлеуметтiк институт. Олар белгiлi бiрегей теория, методология, дүниеге деген көзқарас ұстаған, нақтылы ғылыми нормалар мен құндылықтарды мойындаған қауым. Олардың бәрiн бiрiктiретiн ғылымдағы парадигма. Өзiнiң “Ғылыми революциялардың құрылымы² деген еңбегiнде Т.Кун “парадигма деп мен ғылыми қауымдастыққа белгiлi бiр уақыттың шеңберiнде ғылыми мәселелердi шешу жолдарын көрсететiн барлығының мойындаған ғылыми жетiстiктерiн айтамын²,- дейдi. Парадигма белгiлi бiр ғылыми қауымдастықтағы методтар мен iзденiс жолдарын, ғылыми ақуалдың қайнар көзiн құрайды. Ғылыми теорияға келер болсақ, ол парадигмаға қарағанда анағұрлым төменгi дәрежеде, өйткенi, қайсыбiр теория белгiлi бiр парадигманың шеңберiнде пайда болады. Оны басқа парадигманың шеңберiнде түсiну қиын. Ол үшiн оны қайта қарау керек. Ғылымдағы белгiлi бiр парадигманың үстемдiгi - оның дамуының жақсы деңгейде екенiн көрсетедi - бiрте-бiрте тәжiрибелiк деректер жиналып өңделедi, зерттеудiң жолдары зерттелiп жетiледi т.с.с. Бiрақ, ол үне бойы олай болмайды - кейбiр ғылымда ашылған жаңа деректер бұрынғы парадигманың шеңберiнде түсiнiлмейдi, ғылымдардың арасында күмәндану, бұрынғы парадигманың құндылықтарына сенiмсiздiк пайда болады. Ғылымның дамуында дағдарыс орын алып, ол жаңа парадигмалардың пайда болуына, бiр-бiрiмен күреске түсуiне әкеледi. Осының нәтижесiнде бiр жаңа парадигма жеңiске жетiп, ғылыми қауымдастық оның құндылықтарын мойындап, нәтижелi зерттеулер жұргiзе бастайды. Сонымен, бәрi де тағы қайталанады.
Постпозитивизмнiң келесi өкiлi - Пауль Фейерабендтiң ойынша, ғылымда әрқашанда мойындалған теорияларға қарсы бағытталған теориялар жасалуы керек, сонда ғана олардың арасында өзара бәсекестiк пайда болып, ғылымның дамуы тездейдi. Ғылыми теорияларда пайдаланатын терминдер әрбiреуiнде тек өзiне ғана тән мазмұнға ие болады. Бiр теориядағы терминдер екiншi теорияға еңгiзiлсе, олардың мазмұны дереу өзгередi. Сондықтан, оларды бiр-бiрiмен салыстырып баға беру мұмкiн емес. Олай болса, әрбiр ғалым өзiнiң теориясын жасауға мүмкiндiк алады. Бәсекестiктiң негiзiнде жеңiске жеткен теория ақиқатқа жақын, я болмаса оған сәйкес келгенiнен емес, ол - соны қолдайтын қауымның насихатының жемiсi. Олай болса, ғылым - қоғам өмiрiндегi басқа идеологиялық институттар сияқты - оның дiн, миф, философия т.с.с. айырмашылығы шамалы. Сондықтан, олардың бәрi де тең құқылы болуы қажет. Бұл қорытынды позитивизм ағымының шығармашылық потенциалының сарқыла бастағанын көрсетедi. Дегенмен, позитивизм шеңберiндегi әр ағымның өз жағымды жақтары бар - олардың бәрi де ғылым философиясында кеңiнен пайдаланады.
Феноменология. Дүниетаным мәселелерiмен айналысқан ХХ ғ келесi ағым - феноменология. Негiзiн қалаған Эдмунд Гуссерль (1859-1938 ж.ж.) . Ойшыл өзiнiң еңбектерiнде “Заттардың өзiне қарай!² деген ұран тастады, өйткенi, сол кездегi И.Канттың iзбасарлары ғылыми таным жолында шындықты ұғымдар арқылы құруға болады деген көзқараста болды. Екiншi жағынан, ол неопозитивистердiң шындықтың сезiмдiк деректердiң негiзiнде “тiкелей берiлгенi² жөнiндегi қағидасына қарсы бағытталған болатын.Өз заманындағы таным теорияларын сынға алғанда Э.Гуссерль тағы да келесi екi ұғымды бiр-бiрiне қарсы қояды. Олар бiлiм мен пiкiр. Еуропалық мәдениеттiң дағдарысы - осы ұғымдардың айырмашылығын елемегенiнде. Пiкiр дегенiмiз бұлдыр, айқын емес бiлiм, ол жеке мүдденiң шеңберiмен шектелген таным. Оған ол қарсы ұғым ретiнде “теория² деген грек сөзiн қояды, ал оның алғашқы мағнасы - бимүдделi аңлау. Тек қана теорияға бағышталған философия дүниенiң универсалдық көкжиегiн көре алады,- деп қорытады Э. Гуссерль.Ойшылдың өз алдына қойған негiзгi мақсаты - сананы тазарту, оның адамзат тәжiрибесi, тарихи процестен тыс өмiр сұретiн алғашқы құрылымын анықтау болып табылады. Гуссерльдiң феноменi - ол бұрынғы классикалық философиядағы басқа терең жатқанды көрсететiн сезiмдiк тәжiрибе арқылы берiлетiн құбылыс емес, ол - өз-өзiн ашатын, табатын, тiкелей санаға айқын көрiнетiннiң бәрi. Феноменология айқындығы тiкелей интуиция арқылы көрiнетiн идеалдық мән-мағнаны зерттейтiн iлiм. Санадағы феномендер адамға тiл арқылы берiледi. Сонымен қатар, оған адамның жан-дүниесiндегi тебiренiстер, сана арқылы ойланатын заттың мән-мағнасы т.с.с. бәрi де жатады.
Таза сананың iргетасты ерекшелiгi - оның интенционалдығы (intentio,- латын сөзi,- ұмтылу), яғни бiрдеңеге әрқашанда бағытталғаны, соның санасы. қабылдау, еске сақтау, қиялдау, еске түсiру, тiлеу, ой формалары т.с.с. бәрiнiң де заттық мазмұны бар. Интенционалдық - сананың құрамдас бөлiктерiн неше-түрлi мән-мағнаға толықтырады.
Өзiнiң iс-әрекетiнде адам аңқаулық көрсетiп, өзiнiң заттарға қалайша мән-мағна бергенiн байқамай қалады да, оларды санадан тәуелсiз өмiр сүрiп жатқан (объективтi) өзiндiк танылатын қасиеттерi бар құбылыстар ретiнде қарайды. Ал шынына келгенде, санадан тыс өмiр суретiннiң бәрiн жақшадан сыртқа шығаруымыз керек, өйткенi, санада объект пен субъект бiр-бiрiне өтiп ажырамайтын феноменге айналады. Адам сана арқылы заттарды қабылдап, оларға белгiлi-бiр мағна берiп, сол арқылы олармен қарым-қатынасқа тұседi. Бұл арада, бiр жағынан, дүние тануға бағытталған iс-әрекет- ноэзис бар, екiншi жағынан, осы таным процесiнде ашылған мазмұн - ноэма бар. Э.Гуссерльдiң ойынша, барлық ғылымның, жалпы дұниетанымның негiзiнде “өмiрлiк дүние² жатыр. Ол “барлық адамдарға мәлiм², “тiкелей анық², “адамның көзi жеткен², өмiрде кең қолданылатын, ол жөнiнде адамдар көп ойланбайтын нәрселер. Сондықтан “өмiрлiк дүние² бұкiл адамның дүниетаным негiзiнде жатыр. Ол “алдын-ала берiлген көкжиек², адамның практикалық iс-әрекетiнiң шынайылығы мен мүмкiндiктерiн көрсетедi. Ол қайсыбiр ғылым саласынан бұрын пайда болған, сондықтан, барлық адамның тәжiрибе мүмкiндiктерiнiң, дұниетанымының алғышартын құрайды. Ұғымдық сараптау арқылы жүретiн ғылыми таным - әрқашанда шектелген, толық емес, ал “өмiрлiк дұние² - әрқашанда айқын, сондықтан оның мәртебесi анағұрлым жоғары.
“Өмiрлiк дүние² неше-тұрлi мән-мағнаға толы, солар арқылы бiз заттарды танып, оларға мән-мағна беремiз. Бiрақ, адамдардың көпшiлiгi дүниедегi санадан тыс өмiр сұрiп жатқан заттарды танып-бiлiп жатырмыз деп ойлайды. Ал, шынына келгенде, адам “өмiрлiк дүниеденұ шығатын мән-мағынаны заттарға таңады. Сондықтан, феноменология осы неше-түрлi мән-мағыналар санадан қалай пайда болатынын зерттейдi. Ол үшiн сананың алғашқы негiзiнде жатқан таза формаларын зерттеу қажет. Оған жету үшiн Э.Гуссерль “эпохе² әдiсiн қолданады. “Эпохе² дегенiмiз феноменологиялық редукция (қысқарту) арқылы заттардың кеңiстiк пен уақыттың шеңберiндегi барлық өмiрдегi байланыстарын “жақшаға алу², “сөндiруұ құралы. Осының арқасында, заттың “эйдосы², яғни таза идеясы, мәнi ғана қалады да, ол таза санаға ашылады.Сонымен, таза сананы ашқанда, бiз одан “Абсолюттiк Мендi² (субъективтiк ағымды) табамыз. Дүниедегi адамның iс-әрекетке тұсетiн барлық заттары мен құбылыстарына сана мән-мағна бередi екен. Олай болса, санадан тыс өмiр сүрiп жатқан объективтiк шындық жоқ. Ал сана өзiн өзi арқылы түсiнiп, өзiн феномен ретiнде қарайды.
Э.Гуссерльдiң феноменологиясы ХХ ғ көп ағымдарға өз ықпалын тигiздi, әсiресе, герменевтикаға.
Герменевтика (germeneon,- грек сөзi,- түсiндiремiн) - сонау көне грек заманында жазылған тарихи мұраларды түсiну өнерi ретiнде пайда болды.Орта ғасырларда Батыс Еуропада герменевтика Библияның негiзгi қағидаларын дұрыс түсiндiру өнерiне айналады.Қайта Өрлеу заманы келгенде, антикалық дәуiрде пайда болған мәдени мұраларды қазiргi тiлге аудару қажеттiгi пайда болып, ол герменевтиканың негiзгi iсiне айналады. Жаңа дәуiрде ғана герменевтика бiрте-бiрте жалпы философиялық тұрғыдан қаралып, ерекше ағымға айналады. Бұл ағымның негiзiн қалаған немiс дiни қайраткерi, философы Ф.Шлейермахер болды. Ол Платонның барлық шығармаларын алғашқы рет немiс тiлiне аударған адам. Оның ойынша, герменевтика - басқа тұлғаның қайталанбас жақтарын түсiнудiң өнерi, әңгiме оның ойларының мазмұнынан гөрi оның сөз саптау мәнерiнде, ұлгiсiнде деген пiкiрде болды.
В.Дильтей герменевтиканы тарихи оқиғалардың iшкi сырын ашатын пән ретiнде қарады. Ол адамзат тарихын табиғат заңдылықтарынан бөлек алып қарайды. Егер табиғат заңдылықтарын бiз практикалық iс-әрекет, таным арқылы ашып, болашақ ұрпақтарға дәрiс беру арқылы жеткiзсек, өткен адамзат тарихының беттерiн, сол заманда өмiр сүрген адамдардың iшкi жан-дүниесiнiң тебiренiсiн зерттеу ұшiн сол замандағы ақуалға өту, түйсiну, тебiрену арқылы ғана жетуге болады деген пiкiрге келедi. Олай болса, өткен тарихқа сол заманда өмiр сүрген ұлы адамдардың өмiр баянын, iшкi рухани тебiренiстерiн тұсiнiп қана баға беруге болады.
Феноменология ағымының негiзiн қалаушы Э.Гуссерльге келер болсақ, ол белгiлi-бiр дәуiрдi жете түсiну үшiн сол кездегi қоғамның “өмiрлiк дүниесiнiң² ерекшелiгiн зерттеу қажет деген пiкiрге келедi. Сонда ғана сол дәуiрде өмiр сұрген адамдардың өмiр сезiмiн, мәдени мұраларының мән-мағнасын ашуға болады.
М.Хайдеггердiң ойынша, “болмыстың үйi - тiл². Олай болса, герменевтика iлiмiн тiлдi талдау, тарихи ұмыт қалған сөздердiң сырын ашу, оны қайта өмiрге енгiзу, сол арқылы өткен ғасырлардағы адамзат болмысын зерттеуге теңейдi.Әрине, әр халық өз тiлi арқылы өзiнiң дүниесезiмi мен дүниетанымын, көзқарасын қалыптастырады. Тiлде халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған өмiрлiк тәжiрибесi қорланады. М.Хайдеггердiң ойынша, адам тiл арқылы сөйлегеннен гөрi, “тiл адам арқылы сөйлейдi². Әрбiр сөздiң астарын ашсақ, онда неше-тұрлi мән-мағна жатқанын байқаймыз. Тек қана аса дарынды, ұлттық мәдениеттен терең сусындаған адам ғана герменевтика iсiмен айналыса алады. Аса көп халықтың сыры оның ұлы азаматтары тудырған поэзияда жатыр. Онда халықтың болмысының қайталанбас нәзiк жақтары берiледi. Сондықтан, әр ұлы ақын - әрқашанда философ,- деп қорытады М.Хайдеггер.
Герменевтика ғылымына аса зор үлес қосқан немiс ойшылы Георг Гадамер болды. Ол герменевтика iлiмiн тек қана гуманитарлық пәндерде қолданылатын әдiс ретiнде тұсiнiп қана қоймай, оның онтологиялық (болмыстық) жағын негiздедi. Оның ойынша, тұсiну дегенiмiз - адамның дұниетанымының негiзгi жағы ғана емес, ол оның өмiр сүруiнiң анықтаушы себебi, болмысының тәсiлi. Г.Гадамер осы уақытқа дейiн герменевтикада кеңiнен қолданылған белгiлi тарихи құжатты зерттегенде сондағы руханиятқа өту, түйсiну тәсiлiн үзiлдi-кесiлдi терiске шығарады. Бiр дәуiрден екiншiге, өзiңнен басқаға өту мұмкiн емес. Бұгiнгi таңдағы философ 2,5 мың жылға шегiнiп, Платонның, я болмаса Анахарсистiң тұлғасына өтiп, солар сияқты өмiрдi сезiнiп қабылдай алмайды - ол аңғырттықты көрсетумен тең болар едi. Әңгiме бiреудiң рухани өмiрiне өтуде емес, керiсiнше, сол замандағы мәселелердi қазiргi заманға сай етiп талдауда. Яғни, өзiң мен басқаның арасындағы айырмашылықты жою емес, керiсiнше, оның жойылмайтындығын сезiне отырып, басқаның өмiр тәжiрибесiн өз өмiрiңде қолданып қарауда, сондағы оқиғаны өз ақуалыңмен ұштастыруда. Негiзгi мақсат - өткен оқиғаны ой өрiсте қайта құру (реконструкция) емес, керiсiнше, жаңа мән-мағнаны тудыру (конструкция) болып табылады.
Мұндай көзқарас герменевтика саласында көппiкiрлiктi тудырады. Гадамердiң айтуынша, герменевтиканың iргетасты ақиқаты мынада : бiрде-бiр адам ақиқатты танып-бiлiп, толығынан жеткiзе алмайды. Сондықтан, үне бойы сұхбатты қолдап, басқаша ойлайтын адамға да сөз берiп, оның айтқанын наз қойып тыңдап, түсiнуге тырысу қажет. Мiне, герменевтиканың терең өзегi осында,- деп қорытады ойшыл.Г.Гадамердiң еңгiзген тағы бiр жаңалығы - тұлғаның тебiренiсiн зерттеуден гөрi оның ойының мән-мағнасына өту керектiгi. Зерттеушi жазылған мәтiннiң әр жағындағы қалам иесiнiң тұлғасын көруге тырысудан гөрi оның ой-тебiренiсiн тудырған затқа үңiлуi қажет. Бұл пiкiрден бiз Г.Гадамер iлiмiнiң психологизмге қарсы екенiн байқаймыз.
Бiр дәуiр екiншiге ауысқан сайын жаңа мәдени ақуал дұниеге келiп, бұрынғы көзқарастарды сынға алған жаңа философиялық, эстетикалық т.с.с. теориялар пайда болғанымен әрқашанда белгiлi бiр тұрақты ой-өрiсi қала бередi. Ол - тiл, оны өзгерту оңай шаруа емес. Тiлдегi қалыптасқан мәдениет тәжiрибесi ұрпақтан-ұрпаққа өтiп, олардың өмiр салтына, iс-әрекетiне, ой-өрiсiне өз ықпалын тигiзiп, сонымен қатар, олардың бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсуiне мұмкiндiк бередi. Осы тұрғыдан алғанда, түсiнбеушiлiк - ол әр тiлде сұхбаттасқанмен бiрдей. Олай болса, тiлге ұқыпты қарау, оны тыңдай бiлу, ондағы ұмыт қалған сөздердi жандандыру арқылы герменевтика өзiнiң негiзгi мақсаты - мәдениеттегi дәнекерлiк қызметiн iске асыра алады.
Негізгі әдебиет
1.С.Мырзалы. Философия . А. 2008 .
2. Т.Ғабитов. Философия.А., 2004.
Осымша әдебиет
1.Иррационалдық философия. ӘФМ.т.9. А.,2006
2. Ғылым мен техника философиясы. ӘФМ.т.10. А.,2006
3. Классикалық емес батыс философиясы. . ӘФМ,Т.13. А.,2006
4.Өмір философиясы . ӘФМ,Т.9. А.,2006
5.Постмодерн философиясы. . ӘФМ,Т.15. А.,2007
Дәріс 11. Онтология: негізгі заңдары мен принциптері -2 сағат
Мақсаты:теориялық философияның іргетасы болып табылатын онтологияның негізгі ұғымдары мен принциптерінің қалыптасу заңдылықтарын ашып көрсету.
Негізгі ұғымдар:болмыс, материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт,субстанция, диалектика, заң, қарама-қарсылық, қайшылық, сапа, сан, мөлшер, терістеу, мән, құбылыс,детерминизм, синергетика.
1. Болмыстың анықтамасы және негізгі түрлері.
2.Материяның философиялық және жаратылыстанымдық түсініктері.
3.Диалектика теориясы.Синергетика қазіргі даму теориясы ретінде.
Онтологияның орталық ұғымы болмыс болып табылады. Болмыс дүниедегі барлық өмір сүретін құбылыстарды белгілейтін философиялық категория.Бұл ұғымды философияға алғашқы болып Парменид(б.з.д.V-IVғ.) енгізді.Болмыстың негізгі формалары: заттар болмысы, адам болмысы, қоғам болмысы, рухани болмыс.Бұл категория материалдықты және руханилықты, яғни реалдықтың барлық түрін қамтитындықтан мазмұны жағынан ең кең болып саналады.
Болмыс ұғымы ең мейлінше кең ұғым болғаннан кейін, оған қарсы тұрған ұғым – бейболмыс, яғни, ештеңе, жоқтық. Бір қарағанда, болмыс ұғымы мейлінше кең болғаннан кейін мазмұн жағынан алғанда мардымсыз болып көрінеді. Бірақ, соған қарамастан, сонау көне заманнан бастап оған әр-түрлі мағна беріліп Батыс пен Шығыс дүниесезімі мен дүниетанымы екіге бөлініп, осы күнге дейін созылып келе жатқан айырмашылықты тудырды. Мұның өзі де философияның өмірмен тығыз байланысты екенін, Адамзат өркениетінің түп-тамырында жатқанын көрсетсе керек.
Бұл ойды нақтылай келсек, көне Қытай философиясындағы Даосизм ағымында болмыс "дао" ұғымы арқылы беріледі. Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты, дао ұғымы да көп мағналы: бір жағынан ол аспанның құдіретті заңдылықтары ретінде түсінілсе, екінші жағынан, болмысты бейнелейді. Ал соңғының өзі екі мағнаға бөлінеді – ол "бірінші дао" – абсолютті болмыс, және "екінші дао", я болмаса "дэ" – көз алдымызда өмір сүріп жатқан өтпелі Дүние. Бірінші даоға қанша қарасаң да көре алмайсың, қанша тыңдасаң да ести алмайсың, оған ат қояйын десең де қоя алмайсың, өйткені оның аты жоқ,- деп қорытады,-көне Қытай ойшылдары. Демек, ол не?,- деген сұрақ дереу біздің ойымызға келеді. Ол – ештеңе, яғни,- жоқтық. Бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар содан шығып өмір сүруге келеді де, ақырында, соған барып өшеді. Тек ешқандай өзгеріске түспейтін, мәңгілік, абсолютті – бірінші дао ғана. Ал, Дүниеге келген заттарды, яғни, екінші даоны - дэні алатын болсақ, оның әрбіреуінің өз аты бар, олар өтпелі, мінді, салыстырмалы т.с.с.