ТАҚЫРЫП. Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті. Номадалардың ежелгі мәдениеті
Жоспар:
1. Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетін кезеңдерге бөлу.
2. Қауымдық құрылыс мәдениетінің материалдарық және рухани негіздері.
3. Ежелгі адамдардың дүниетанымы. Миф және оның ежелгі адамдар өміріндегі ролі.
4. Діннің алғашқы формалары ( анимизм, магия, фетишизм, тотемизм, шаманизм).
Алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті қашан және қай жерде пайда болды? Бұл сұрақтарға нақты жауап беру оңайлыққа соқпайды, өйткені адамның қалыптасу процесінің тарихы тереңде, сонау көне заманда жатыр. Ақиқатқа жүгінсек, қазіргі антропология ғылымының өзі де адамзат баласының қалыптасып, дамуына байланысты туындайтын көкейкесті мәселелерге егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғашқы еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 млн. жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті
Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі. Тас дәуірінің өзі дүниежүзілік ғылымда бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Көне тас дәуірі (палеолит) “Палеолит”термині гректің “палайос” – көне, “литос” – тас деген сөздерінен алынған, орта тас дәуірі (мезолит), жаңа тас дәуірі (неолит). Археология ғылымы саласындағы мұндай ғылыми тұжырым XІX ғасырда қалыптасқан. Тас дәуірі бұдан 2,5 – 2,6 млн. жылдай бұрын басталып, б.з.б. екі мыңыншы жылдықтың басына дейін созылған.
Алғашқы қауымдық құрылыстың екінші және үшінші кезеңдері – қола ғасыры – б.з.б. екінші және бірінші мыңжылдықтардың басын қамтыса, темір дәуірі шамамен б.з.б. бір мыңжылдықтың ортасынан басталады. Алғашқы қауымдық құрылыс өнерінің бастапқы кезеңінің басты ерекшелігі – синкретизм (гректің “қосылу” деген сөзінен шыққан) болды. Алғашқы адамдардың өзін қоршаған дүниені танып – білуі стихиялық жағдайда өтті және олар табиғат күштерінің алдында өте дәрменсіз болды. Тағылық жағдайында өмір сүрген маймыл тәріздес адамдар – пикантроптар, синантроптар және т.б. жануарлар дүниесінен біртіндеп бөлініп шыға бастайды. Сөйтіп олар үшін тіршіліктің жаңа кезеңі басталды. Ертедегі адамдар тобыры біріге жүріп, өздеріне баспана, мекен-жай үшін үңгірлерді, апандарды жануарлардан тартып ала бастайды. Олар табиғаттың дайын өнімдерін теріп жеп, аңшылықпен айналысты. Алғашқы қауымдық құрылыстың кемелденген кезеңі – неолит дәуірі. Бұл рулық құрылыстың орнығып,тас индустриясынның шарықтаған кезеңі. Бұл тұста, әсіресе өте сапалы етіп жасалған тас балталардың көмегімен алғашқы қауым адамдары ағашты кесіп үй салды, қайықтар жасады. Жаңа тас дәуірінде адамдар саз балшықты күйдіріп, оны су өткізбейтін қатты затқа айналдыруды үйреніп, оны одан әрі жетілдіре түсті.Өмір сүру қажеттілігінен туындаған бұл саладағы өз өнерін біртіндеп жетілдіре берді.
Неолит дәуірінде қалыптасқан бейнелеу өнерінің сан-алуан туындылары мен иероглифтер дүниенің төрт бұрышында кеңінен таралған. Олардың басым көпшілігі Африка құрылығында табылса, стилі жағынан өте ұқсас болып келетін материалдық мәдениеттің ескерткіштерін Испанияда, Онега көлінде, Ақ теңізде, Сібірде, Өзбекстанда және т.б. жерлерден кездестіруге болады.
Палеолит дәуіріндегі өнерге қарағанда неолит дәуірі өнерінің өзіндік өрнегі, өзіндік ерекшелігі бар.Ең бастысы- аңдар бейнесін жай ғана емес, қозғалыс үстінде көрсетуге тырысушылық байқалды. Жартастағы графикалық алғашқы қауымдық бейнелеу өнерінде тұңғыш рет әсем нәзіктікке талпыныс айқын байқалады.Оған дәлел ретінде Шығыс Испания жерінен табылған ағашта жабайы ара жинап жатқан әйелдің бейнесін жоғарыда атап өткен көне тас ғасырының ересек «Венераларменң салыстырып көрелікші.
Неолит дәуіріндегі шаруашылықты жүргізудің екінші саласы егіншілікпен және мал өсірумен тығыз байланысты болғандықтан, оны «өндіретін экономикаң деп атаған. Неолиттік техниканың жетілуі нәтижесінде бай қоныстар, деревнялар пайда бола бастады, қауымдар тайпаларға бірікті, сөйтіп мемлекеттің пайда болуына даңғыл жол ашылды. Тас ғасырындағы пайда болған өркениеттің ошағы- көне Египет болды.Осы бір жаңадан туындаған шаруа шаруашылықтарының басты белгілері – аграрлық экономика, қол еңбегі, рулық және қауымдық ұйым, ал діндер-анимизм болды. Анимизм дегеніміз рух пен жанның өмір сүретіндігіне деген сенім.
Діннің ең көне түрі сиқыршылық болатын болса, оның басты түрлерінің бірі-фетишизм болып саналады.Фетишизм- табиғат заттарымен қатар адам қолынан шыққан материалдық заттардың құдіретіне де сену, яғни зат бейнесіндегі рухани күштерге табыну.Адамзат даналығы мен кемеңгерлігінің арқасында мәдениет жаңа сатыға көтерілді. Өз кезегінде алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті – дүниежүзілік мәдениеттің негізін қалауда орасан зор роль атқарды. Ол негіздер - әлеуметтік ұйым, тіл, өнер, салт-дәстүрлер, наным-сенімдер, білім, туысқандық қарым-қатынастар және т.б. болды.Дәуірлер ағымындағы бұл мәдени байланыстар-адамзат тіршілігінің басты мән- мағынасына айналды.
Кілт сөздері:Дін, фетишизм, анимизм, тотемизм, палеолит, рулық.