Хіх- хх ғғ. басындағы орыс философиясы 3 страница
Экзистенциализм философиясында “шекаралық ақуал² деген категорияға көп көңiл бөлiнедi. Ол - өмiр мен өлiмнiң екi арасында қалу, үрей мен алаңдау, түңiлу мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлық т.с.с. Тек осындай адам өмiр сүруiне қауып тұскен жағдайда, оның жан-дұниесi терең сiлкiнiске ұшырағанда,“өмiрде-болу² тебiренiсiнiң негiзiнде ғана адам тез пiсiп-жетiлiп, өз өмiрiнiң қайталанбайтын ерекше қалыптасатын мән-мағнасын терең аша алады.
Экзистенциализм философиясы адамның еркіндiгiне ерекше көңiл бөледi. Еркіндік - “қажеттiктi тану², я болмаса, “табиғи дарынды iске асыру² емес, ол экзистенциямен, яғни, өмiр сүрумен тең. Адам дегенiмiз өзiн өзiнен жасайтын пәнде. Ол өзiнiң өзiндiк жоспар-бағдарламасы. Бұл дүниеде ешнәрсе адамды билей алмайды. Адамның себебi тек өзiнде ғана, ол өзiне “Causa sui². Ал еркіндік дегенiмiздiң өзi - таңдау. Адам еркін пәнде ретiнде ойына не келсе, соны iстей алады. Бiрақ, сонымен қатар, ол өз iстерiне жауапты өзi ғана беруi қажет. Сондықтан, Ж-П. Сартр “еркіндік дегенiмiз - адамға артылған адамгершiлiктiң ауыр жүгi²,- деген болатын. Адам экзистенциясының iргетасты ерекшелiктерiнiң бiрi - трансцендiлеу,яғни өз шегiнен өтiп кету. Сонда адам өз шеңберiнен аттап өтiп не нәрсеге жеткiсi келедi? Дiни экзистенциализм Құдайды трансценденттiкпен теңейдi. Олай болса, Құдаймен қосылуға ынтық болу, нағыз еркіндіктi содан iздеу, дiни трансцендiлеу болып есептеледi. Дiни экзистенциализмнiң көрнектi өкiлi Н.Бердяевтiң айтуына қарағанда, “адам табиғи дүниедегi үзiлгендiк², екi жақты, қайшылық пен қайғылыққа шомылған пенде. Сондықтан, оны түсiну - одан да жоғары тұрған - Құдайды талап етедi. Ал мұның өзi адамның Құдайға тәуелдi пенде екендiгiн көрсетпейдi. Философия адамның құдайлығын, Құдайдың адамгершiлiгiн көрсетуi қажет. Өйткенi, Христостың өзi адам болып туды. Құдай дегенiмiз - ол рух. Олай болса, тек қана рухани қарым-қатынас қана адамдардың терең мәнiн көрсетедi. Ал атеистiк бағытқа келсек, оның өкiлдерi - Ж-П. Сартр мен А. Камю - оны ештеңеге теңеп, ол экзистенцияның ең терең құпиясы деген пiкiрге келедi. Сонымен, экзистенция дегенiмiз өзiнiң шектелгенiн, яғни уақытша екенiн сезiнетiн, ештеңеге бағытталған адам өмiрi.
Экзистенциализмнiң ерекшелiктерiнiң бiрi - жеке адам мен әлеуметтiк болмысты бiр-бiрiне қарсы қою, осы адамзат болмысының екi жағының бiр-бiрiмен ымыраласпайтынын көрсету болып табылады. Олай болса, адам өмiрiнiң ерекшелiгi - өмiр сүру мен мәндiктiң, болу мен алудың, таным мен түсiнудiң арасындағы тебiренiс, таңдау. Мұның өзi адам болмысының трагикалық жақтарын көрсетедi.
Өзiнiң “Болмыс пен уақыт² деп аталатын көлемдi еңбегiнде М.Хайдеггер адамның өмiр сүруiн “Dasein² деген ұғыммен бередi. (оның қазақшаға тiкелей аудармасы “осы арадағы болмыс²). Мұндай ұғымды философияға еңгiзiп, ол адам болмысы - тарихи болмыс екенiн, ол яғни “қазiр және осы арада² өмiр сүрiп жатқанын көрсеткiсi келдi. Дүниеде адамнан басқа ешқандай тiршiлiк өзiнiң шектелгенiн, яғни өлетiндiгiн бiлмейдi. Олай болса, тек адамға ғана уақыттылық, ал сонымен бiрге өмiрде болу мәселесi тән. Бұл тұрғыдан алғандағы философияның негiзгi мақсаты - ол дәл қазiр өмiр сүрiп жатқан адамның iшкi тебiренiсiн зерттеу, содан шығатын өмiр тәжiрибесiн талдау болып табылады. Бұл М.Хайдеггердiң жасаған жаңа онтологиясы едi. Яғни, ол уақытпен шеңберленген адам болмысы, осы арада өмiр сүрiп, басқалармен бiрге коммуникацияға (қатынасқа) түсу.Алайда, индустриалдық қоғамда адамның болмысы өзiнiң бишынайылығымен тең. Конвейерден шыққан бiр-бiрiне ұқсас заттар сияқты, адамдар да орталанып, бiр тұлға екiншiнi жеңiл ауыстыра алады. Адамдар бiрiн-бiрi ауыстыра алатындықтан “басқа², ол “нақтылы басқа тұлға² емес, “қайсыбiр басқа², “жалпы бiр басқа². Мұндай жағдайда “ол да², “мынау да², менiң “өзiм де² шынайы субъект емеспiн. Мұндай тобыр адамын М.Хайдеггер “das Man² деген терминмен берсе, Н.Бердяев оны “объективацияланған дүние² дейдi.
Ал адамның шынайы болмысына келер болсақ, ол адамның тарихи пәнделiгiн, уақыт шеңберiнде шектелгенiн, сонымен қатар өзiнiң ерiктiгiн сезiнуiнде. Шынайы болмысқа жету үшiн адам күнделiктi күйкi өмiрден бас тартып, соңғы өмiрдiң шегi - өлiмге тiкелей қарай алатын жағдайға келуi қажет.Бишынайлы болмысты аттап өту үшiн адамдар бiр-бiрiмен қосылып “абсурдтық дұниеге², оның шектелгенiне, өлiмге, жалпы дүниенiң жетiлмегендiгiне, мәнсiздiгiне қарсы шығып көтерiлуi керек, - дейдi француз ойшылы А.Камю. Алайда, мұндай дүниеге түңiлуден туған бiрiгушiлiк бiрде-бiр адам болмысының мәселесiн, әрине, шешпейдi.
Дiни экзистенциализм бұл мәселенiң басқа шешiмiн ұсынады. Г.Марсельдiң ойынша, адамдар шынайы болмысты заттардың болмысымен теңейдi. Ал шынайы болмыс, негiзiнен алғанда, әрқашанда тұлғалық болмыс. Болмыс - “Ол емес², “Сен², сондықтан адамдардың Құдай алдындағы бiр-бiрiмен iштесуi, ең құпия тереңде жатқан тебiренiстерiмен бөлiсуi - шынайы болмыстың алғышарты. Ол ұшiн, яғни басқа адамның терең сырына жетiп шынайы болмыстық дәрежеге көтерiлу тек махаббат арқылы ғана iске асады.
Фрейдизм ағымы.“Өмiр философиясының² ХХ ғ беделдi ағымдарының бiрi - фрейдизм болып табылады. Негiзiн қалаушы Зигмунд Фрейд (1856- 1939 ж.ж.) -австриялық дәрiгер, психолог, философ. Негiзгi еңбектерi : “ Мен және Ол², “Тотем мен Табу²,т.с.с.
З.Фрейд жүйке ауруларын зерттеу мен емдеу жолында адам психикасында бейсаналықтың зор орын алатынын байқайды. Егер одан бұрын қайсыбiр невроз ауруларының себебiн ғалымдар сананың шеңберiнен iздеген болса, ол оны бейсаналықтан көрiп, жүйке ауруларын емдеудiң “психоанализ² әдiстерiн жасап, бiршама жетiстiктерге жетедi. Бұл оған шабыт берiп, ол психоанализдiң негiзгi қағидаларын бүкiл қоғам мен мәдениетке таратып, философия саласында ерекше ағымды тудырды.Сонымен, бейсаналықты ашу,оның құрылымын, адамның жеке өмiрiне, қоғамға тигiзетiн әсерiн зерттеу - Фрейдтiң ғылымға еңгiзген жаңалығы болды. Адамның көп ынта-тiлектерi мен iңкәрлерi бейсаналы түрде пайда болады екен. Олар сыртқа адамды гипноздаған кезде, я болмаса ұйқыдағы адамның түсiнде, байқамай айтылып қалған сөзде, кейбiр дене қозғалысында т.с.с. көрiнiп қалады.
З.Фрейдтiң ойынша, адамның психикасының үш деңгейi бар: оның ортасында “Ego² (латын сөзi,- “Мен² деген мағна бередi), яғни адамның өзiндiк сана-сезiмi орналасқан. Екiншi құрамдас бөлiгiн “Super ego² (өзiндiк сана-сезiмнен жоғары) деп атайды. Оған қоғамның тұлға алдына қоятын неше-түрлi талаптары, әлеуметтiк нормалар, әке-шешенiң бала алдына қойған талаптары мен бұйрықтары т.с.с. кiредi, ол тәрбие барысында адамның психикасына енгiзiлiп, соңынан оның барлық жүрiс-тұрысын қоғамның талабына сәйкес ретке келтiрiп отыратын iшкi механизм. Адам психикасының iрге тасы ретiнде ең терең жатқан және өте көне құрамдас бөлiгi - ол “Libido² (латын сөзi,- құштарлық, iңкәр, зауықтану,- деген мағна бередi), я болмаса оны қысқаша “Id² деген екi әрiппен бередi. З.Фрейдтiң ойынша, оған адамның барлық бейсаналы түрде өтiп жататын психикалық құбылыстарының бәрi де кiредi. Оларға инстинктер, күңгiрт сезiмдер мен түйсiктер, ындын-тiлектер т.с.с. жатады. Бейсаналықтың өзегiне З.Фрейд жыныс күш-қуатын (сексуалдық энергия) жатқызады. Ол бүкiл адамның психикалық жан-дүниесiне өзiнiң ықпалын тигiзiп, адамның “өздiгiн², ерекшелiгiн құрайды.З.Фрейдтiң ойынша, егер адам психикасының ең терең қабаты ләззат алуға тырысса, сана, керiсiнше, сыртқы дүниеге, жағалай ортаға бейiмделуге асығады. Осы себептi сана мен бейсаналықтың арасында әрдайым қайшылық пайда болады. Егер тәрбие барысында адамның жан-дүниесiне еңгiзiлген әлеуметтiк нормалардың талаптары өте күштi болса (Super ego), онда ләззат алуға бағытталған жыныс күш-қуаты сыртқа шыға алмай, бiр жағынан адамды невроз ауруларының түрлерiне әкелсе, екiншi жағынан, ол белгiлi бiр жағдайда сублимацияланып (sublimatio,-латын сөзi, - “биiкке көтеремiн²,- деген мағна бередi) , яғни жыныс энергиясы мәдени шығармашылыққа айналып, тұлға үлкен рухани туындыларды дүниеге әкелуi мүмкiн.
Жүре келе, З.Фрейд бейсаналықтың шеңберiнен екi негiзгi инстинктi бөлiп алады. Олар - “өмiр инстинктi² - эрос, “өлiм инстинктi² - танатос. Егер эрос инстинктi өмiрге деген сүйiспеншiлiктi, достықты, iңкәрдi тудырса, танатос - адамды өлiмге қарай итерiп, оның агрессивтiк, қанiшерлiк, қиратуға деген құмарлығын, адамдарды қорлауға бағытталған iс-әрекетiн тудыруы мүмкiн.
Дегенмен, З.Фрейд бейсаналықтың күш-қуаты қандай зор болғанымен, адам оларды ауыздықтап, саналы түрде басқара алады деп есептедi. Әңгiме адамды алаңдататын бейсаналық құбылыстарды сананың жарығына шығарып, оларды өз еркiңе көндiруге мүмкiндiк алуда болса керек.Қоғам өмiрiнде адамның күңгiрт инстинктерiн ауыздықтайтын құралы бар. Ол - мәдениет. Мәдениеттiң құндылықтары арқылы адамдар өзiнiң табиғатпен, өз-өздерiмен қарым-қатынасын ретке келтiрiп, деструктивтi күнгiрт инстинктерiн шектеп ығыстырады. Бiрақ, ығыстырылған күңгiрт күштер ешқашанда мүлде жойылмайды, олар қорлана келе, оқтын-оқтын бұрқырап шығып неше-түрлi бақытсыздыққа әкеледi. З.Фрейдтiң айтуына қарағанда, жыныстық құмарту мен қатыгездiк, мейiрiмсiздiк бiр-бiрiмен өте тығыз байланысты. Сонымен, екi негiзгi инстинктер әрдайым бiр-бiрiмен күресте болып, мәдениеттiң дамуының негiзгi бағыттарын анықтайды.
Сонымен, бейсаналықтың екi негiзгi инстинктiн мойындау, бiр жағынан, шығармашылық жолмен дүниенi қайта құру, екiншi жағынан, жасалған мәдениетке қарсы шығу, қирату - З.Фрейдтiң iзiн қуған ғалымдардың еңбектерiнде неше-түрлi қайшылықтарды тудырды. Олардың көбiн З.Фрейдтiң бейсаналықтың өзегiн жыныс энергиясына теңеуi қанағаттандырмайды.
Карл Густав Юнг (1875-1966 ж.ж.)басында өз ұстазының көзқарасында болғанмен, жүре келе бейсаналықты басқаша түсiне бастайды. Аурулардың көрген түстерiн сараптай келе, ол онда халықтардың тарихи аңыз-әңгiмелерiндегi кейiпкерлердiң бейнелерiн байқайды. Олай болса, адамның жеке басының бейсаналығынан басқа, одан да терең “ұжымдық бейсаналық² формаларының бар екенiн байқайды. Егер жеке адамның бейсаналық формалары сол адамның тәжiрибесiнен шыққан неше-түрлi психикалық, уақытында ұмытылып, я болмаса ығыстырылған тебiренiстерден тұратын болса, “ұжымдық бейсаналық²- бүкiладамзаттық тәжiрибенi қамтиды. Онда мыңдаған жылдардағы жиналған адамзат тәжiрибесiн, сонымен қатар, адамға дейiнгi жануарлық “жасырылған iздердi² байқауға болады. Олардың көбiн халықтардың мифологиясы, аңыз-хикаялары, дiни сенiмдеріндегi бiр-бiрiне ұқсайтын батырлар, дана ақсақалдар, Жер-ана, перiлер т.с.с. көркем бейнелерден байқауға болады. Оқтын-оқтын бұл бейнелер адамның түсiне келедi. Олардың бәрiн К.Юнг “архетиптер² деген ұғыммен бередi. Олардың нақтылы мазмұны жоқ символикалық бейнелер, тiрi тұлға өзiнiң өмiр шеңберiнде алған тәжiрибесiн сол символдарға толтырып, өз тұлғалық қасиеттерiн қалыптастырады.Архетиптер халықтың әдет-ғұрыптары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берiлiп отырады. Сонымен қатар, олардың көбi тiптi тұқым қуу механизмдерi арқылы созылып, әдет-ғұрыптар жойылып кеткеннiң өзiнде де өмiрде қайталана берiледi.
Егер З.Фрейд пен К.Юнг жеке адамның психикасын, оның адамның жүрiс-тұрысына тигiзетiн ықпалын зерттеген болса, онда А.Адлер (1870-1937 ж.ж.), К.Хорни (1888-1959 ж.ж.), Э.Фромм (1900-1980 ж.ж.)фрейдизмнiң негiзгi идеяларына сұйене отырып, қоғам өмiрiн зерттеуге тырысты.
А.Адлер фрейдизм iлiмiне «компенсация»(орнын толтыру) ұғымын кiргiзедi. Кейбiр адамның психикасында өзiнiң дене кемшiлiктерiн сезiнудiң негiзiнде “өзiне деген сенiмсiздiк²- толымсыздық сезiм пайда болады. Тұлға оны аттап өту жолында өзiнiң барлық шығармашылық мүмкiндiктерiн сыртқа шығаруға тырысады. Осы адамның өз-өзiн өмiрде нағыз болуға итерген iс-әрекетiн А.Адлер компенсация дейдi. Ал адам осы жолда “компенсациядан да үстем²() iс-әрекет жасаса, онда ол ұлылық дәрежесiне көтерiлуi мұмкiн (мысалы, Наполеонның денесiнiң кiшiлiгi, Гитлердiң аяғын сылтып басуы т.с.с. - олардың дене кемшiлiктерiн ұлы iстер арқылы компенсациялау әрекетiн тудырды деген пiкiр әдебиетте бар).
Неофрейдизмнiң ұлы өкiлi есебiнде американ философы Эрих Фроммды айтуға болады. Оның ойынша, тұлғаның ешқандай туа бiткен психикалық қасиеттерi жоқ. Тұлғаның барлық психикалық өзгерiстерi мен өмiрдегi көрiнiстерi оның қоғам өмiрiндегi қатынастарға тереңдеу деңгейiмен байланысты. Қазiргi қоғамдағы қатынастар “машиналанған², “компьютерленген² т.с.с. түрде болғандықтан, ол адамның шынайы мәнiн “жаттандырып² оны неше-түрлi невроз ауруларына әкеледi. Қазiргi қоғам адамның осы дүниедегi “болуының² орнына оған “алуды² ұсынады. Сол себептi ол тұлғаның “жинаушылық² , “нарықтық², “енжарлық² т.с.с. мiнез-құлқын тудырады. Тұлғаның жаттануының ең айқын көрiнiстерi - ол адамның еркіндіктен бас тартып қашуы, нашақорлықтың, iшiмдiктiң жолына түсiп батуы, қылмыстық т.с.с. Ал осы көрсетiлген кемшiлiктердi тудырған “ауру² қоғамды қалайша “емдеуге² болады? Э.Фроммның ойынша, ол үшiн ең бiрiншi қажет нәрсе - “гуманистiк жоспарлауды² қоғамға еңгiзу, дүниедегi байлықты жинау, қорлау, алу психологиясынан бас тарту, қоғамды басқару жүйесiндегi қалыптасып қалған шен иелерiнiң жаттанған басқару формаларының орнына “гуманистiк басқару² жүйесiн еңгiзу, соның арқасында қарапайым адамдардың әлеуметтiк өмiрге деген ынтасын ояту, дүниеде болуға бағытталған құндылықтар жүйесiн тудыру т.с.с. қажеттiктердi көрсетедi. Әрине, ұлы философтың бұл ойлары өтпелi кезеңдi өз басынан өткiзiп жатқан бiздiң қоғамға аса қажет ойландыратын нәрселер.
Позитивизм.Позитивизмнiң ( positivus - латын сөзi,- оң, дұрыс деген мағына бередi) негiзiн қалаған француз ойшылы Огюст Конт (1789 - 1857ж.ж.). Егер немiс классикалық философиясында пайда болған панлогистiк көзқарасқа Шопенгауер Ерiктi, ал Кьеркогер жеке адамның тебiренiстерiн қарсы қойса, Конт оған қарсы ғылыми деректерге негiзделген қағидаларды қарсы қоюға тырысады. Ғылымның негiзiнде Дүниеде белгiлi бiр тәртiп пен өрлеу барлығын көрсететiн тәжiрибелiк байқаудың негiзiнде алынған ғылыми деректер және соларды теоретикалық деңгейге көтерiп талдау iс-әрекетi жатыр.Конт адамзат ой-өрiсi өзiнiң даму тарихында 3 сатыдан өттi деген пiкiрге келедi. Олар: 1. теологиялық (жалғандық) саты - көне заманнан ХIҮ ғ дейiн ; 2. метафизикалық саты - ХIУ-ХУIII ғғ; 3.позитивтiк саты - ХIХ ғ бастап пайда болады. Теологиялық сатыда өмiр әлi ғылыми деректерге негiзделген жоқ, өмiрдегi барлық құбылыстар Құдайдың құдiреттi күштерi арқылы түсiндiрiледi. Метафизикалық сатыда адамның зердесiнiң дамуының негiзiнде барлық бұрынғы көзқарастар сыналып терiстеле бастайды, барлығына деген күмәндану, сенбеушiлiк пайда болады. Өмiрдi түсiндiру жолында абстрактылық алғашқы негiздердi iздеу басталады (материя, идея, форма, рух т.с.с.) үшiншi - позитивтiк сатыда - өндiрiске негiзделген қоғам пайда болып, альтруизм (өзiнен гөрi басқаның қамын ойлау) эгоизмдi (өзiмшiлдiк) жеңген уақытта нағыз ғылыми сатыға өрлеу мммкiндiгi пайда болды,- деп қорытады О.Конт.
Жоғарыдағы көрсетiлген ойларға сәйкес, Конт ғылымды сала-салаларға бөлу мәселелерiмен айналысып, бiршама жетiстiктерге жетедi. Оның ойынша, ғылым - тарихи ғасырдан ғасырға дамып тұрпайылықтан өтiп күрделенiп жатқан құбылыс. Әрбiр жаңа пайда болған ғылым саласы өзiнiң қажеттi алғышарты ретiнде өткен сатыға негiзделедi. Бiрақ, өткен сатының негiзiнде жаңа пайда болған ғылымды толығынан түсiнуге болмайды, оның өзiндiк заңдылықтары пайда болады. Конт “тарихи күрделену анықтамасына негiздей отырып ғылым салаларын былайша орналастырады: математика - астрономия - физика - химия - биология - социология. Осы тәртiпке сәйкес социология биология ғылымына негiзделгенмен, бiрақ, адамдардың өзара iс-әрекет етуiмен байланысты жаңа заңдылықтарға ие болады. Социология ғылымының негiзгi мақсатын ол тәртiп пен өрлеудi бiр-бiрiмен ұштастыру қажеттiктерiнен шығарады. Ал ол үшiн бүкiл адамзатты бiрiктiретiн жаңа дiн қажет. Ескi дүниежүзiлiк дiндер бiр-бiрiмен күресiп, адамзатты қайшылықтарға әкелдi және олардың қағидаларының көбi - жалған. Олай болса, жаңа ағарған дiн қажет - ол қазiргi өмiр сүрiп жатқан, бұрынғы тарихта болған және болашақта дүниеге келетiн адамдардан тұратын Адамзаттың өзi. Сондықтан, ол адамзатқа Құдай ретiнде қарап табынуға шақырды.
ХХ ғ басындағы жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтар (радиоактивтi сәулелер, электрон т.с.с.) осы уақытқа дейiнгi беделдi механистiк классикалық физиканың негiзгi қағидаларына үлкен соққы жасады. Электрон бөлшегiнiң тұрақты салмағының жоқтығы ғалымдарды таңғалдырды. Франция елiнiң сол кездегi iрi математик - ғалымы А.Пуанкаре “Олай болса материя жойылды²,- деген пiкiрге келдi. А.Эйнштейннiң салыстырмалы теориясындағы кеңiстiк пен уақыттың бiр-бiрiне өтiп, бiртұтастық дәрежеге келуiн қалай тұсiнуге болады? Мұндай сұрақтарды жалғастыруға болар едi. Бұл сұрақтарға жауап беру жолында позитивизмнiң екiншi сатысы дүниеге келедi. Оның аты “эмпириокритицизм² , яғни тәжiрибенi сынға алу деген мағына бередi. Негiзгi өкiлдерi - Эрнст Мах (1838-1916 ж.ж.) , Рихард Авенариус (1843-1896 ж.ж.) т.с.с.
Жоғарыда көрсетiлген жаратылыстанудағы қиындықтар бұл ағымда “тәжiрибе² деген ұғымды қайта қарауға әкеледi. Олардың ойынша, бұл ұғым материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қарама-қарсылығын жояды. Тәжiрибенiң құрамдас бөлiктерiн алып қарасақ, оның физикалық және психикалық элементтерден тұратынын байқаймыз. Егер бiрiншiсi - сыртқы тәжiрибенiң мазмұнын көрсететiн болса, екiншiсi - iшкiнi көрсетедi. Ал элемент дегенiмiздiң өзi нақтылай келгенде адамның түйсiктерi болып шықты. Олай болса, олар субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъект жоқ,- деген пiкiрге келедi. Мұны олар танымдағы “принципиалдық сәйкестiк² деп атады. Әрине, субъект, яғни танымдық қабiлетi бар адам бар жерде - объект, яғни танылатын жағалай дүние бар. Нағыз ақиқаттың өзi адамның жан-дүниесiнен өтiп, оның неше-түрлi тебiренiстерiн туғызып, адамның осы Дұниенi телегей-теңiз ретiнде қараса, соның бiр тамшысы ретiнде сезiнгенде ғана пайда болса керек. Сонымен қатар, танымның бұл жақтарын абсолюттеп шегiне жеткiзсек, әрине, субъективтiк идеализм жолына тұсiп кетуге әбден болады. Сондықтан, марксизмде мұндай көзқарас уақытында сынға алынған болатын(В.И.Ленин. «Материализм және эмпириокритицизм»).
Эмпириокритицизмнiң негiзгi қағидаларының бiрi “ойлаудың тиiмдiлiгi² мен ғылымда тек суреттеу идеалына жету. Ойлау тиiмдiлiгiн олар организмнiң өз-өзiн сақтау үшiн биологиялық қажеттiктердi өтеу жолындағы бейiмделуiнен шығарады. Ғылымдағы ойлау тиiмдiлiгi “субстанция, “себептiлiк², “алғашқы негiз² т.с.с. мазмұнсыз категориялардан бас тартуды қажет етедi,- дейдi олар. Олардың орнына ғылымдағы ашылған элементтердiң өзара байланыстарын суреттесе болғаны. Сол кездегi ғылымдағы ашылған күрделi жаңалықтарға философиялық-методологиялық тұрғыдан тұсiнiк бере алмаса да, олар ХХ ғ басында басталған ғылыми төңкерiске ғылыми қауымдастықтың көңiлiн аударды.
ХХ ғ 20-шi жылдарында пайда болған позитивизмнiң үшiншi сатысы – неопозитивизм. Негiзгi өкiлдерi - Мориц Шлик (1882-1936 ж.ж.), Рудольф Карнап (1891-1970 ж.ж.), Людвиг Витгенштейн (1889-1951 ж.ж.), Бертран Рассел (1872-1970 ж.ж.) т.с.с.
Неопозитивизм өкiлдерi белгiлi бiр толыққанды философиялық мектептi, ағымды құрмайды. Жалпы алғанда, ол философияның жеке ғылымдармен салыстырғандағы ерекше Дұниеге деген көзқарастық- методологиялық маңызы бар пән екендiгiн мойындамайтын әр-тұрлi кiшi-гiрiм ағымдардың жиынтығы десек те болады. Олардың ойынша, бұрынғы философия метафизиканың тартпалы батпағына батып жалған тексерiлмейтiн ұғымдардың iшiнен шыға алмай қалды. Мысалы, Б.Рассел тек қана сезiмдiк деректердiң шынтуайттығын мойындайды. Объективтi дүниенiң өмiр сүруiн мойындағанмен, ол оның негiзiн тек қана сенiмге негiздейдi - оны ғылыми жолмен дәлелдеу мұмкiн емес. Сонымен қатар, Б.Рассел эмпириокритицизмдегi сезiмдiк тәжiрибенi асыра тұсiнудi қолдамай, оны математикалық логика тұрғысынан толықтыру керек деген пiкiр айтты. Олай болса, философия дегенiмiз тәжiрибеден алынған негiзгi қағидаларды логикалық талдаудан өткiзiп қорытатын пәнге айналады. Осы логикалық позитивизмнiң келесi өкiлiн - Р.Карнапты алатын болсақ, ол математикалық логика арқылы бiлiмдегi негiзгi ұғымдардың мазмұнын, мән-мағнасын тексеруге шақырды. Ал оның негiзгi құралы - верификация (verificatio,- латын сөзi,- дәлелдеймiн деген мағна бередi) принципi. Тiкелей верификацияға келер болсақ, ол ғылымдағы белгiлi бiр қағидаларды өмiрдегi тәжiрибеге сәйкестiгiн анықтау болып табылады. Ал дамыған теориялардағы қағидаларға келер болсақ, оларды тек жанама түрде верификациялауға болады.Ол үшiн сол теорияның негiзiнде жатқан элементарлық, атомарлық, протоколдық сөйлемдерге шейiн жетiп, оларды өмiрдегi сезiмдiк тәжiрибеден шығатын деректермен салыстырып тексеру қажет. Әрине, мұндай жұмыстар философия саласында iстелуi керек. Олар бұл салада көп жұмыстарды атқарды . Бiрақ, қоғамдық-гуманитарлық пәндердi алар болсақ (әсiресе этика мен психологияны) верификация принципiнiң көп жағдайда әлсiздiгiн байқауға болады. Ал осының негiзiнде олардың бәрiн ғылымның шеңберiнен шығарып тастауға, әрине, болмайды. Бұл логикалық позитивизмнiң негiзгi кемшiлiктерiне жатады.