ХХ ғасырдағы Европа елдері мен АҚШ-тағы саяси және құқықтық ілімдер
Сұрақнама:
- ХХ ғасырдың негізгі құқықтық теориялары
- ХХ ғ. саяси ғылымның саяси-құқықтық концепциясы
- Ұлттық-социализмнің саяси-құқықтық идеологиясы
- КСРО-дағы саяси және құқықтық ойлар
Тапсырмалар:
1. «ХХ ғасырдың саяси және құқықтық ойларының белгілері және негізгі бағыттары» тақырыбы бойынша конспект дайындау
- «КСРО-дағы саяси және құқықтық ойлар» мәселесін ауызша талдау
Әдістемелік нұсқаулар:
Тақырыпты оқу барысында осы жылдарды сипаттайтын негізгі дүниежүзілік тарихи құбылыстар мен оқиғалар тізімін білу керек. Оларға монополистік капитал дәуірі, империализм, социалистік төңкеріліс, екі жүйенің қарсы тұруы, отарларды азат ету, «шынайы социализм» дағдарысы, капитализмнің трансформациялануы және Батыста «әлеуметтік мемлекеттің» құрылуы жатады.
Аталмыш кезеңде саяси ойлардың ролі өзгеретіндігіне назар аудару керек. Бұны саяси партиялардың қоғамдық өмірдің маңызды және үнемі әрекет етуші факторына айналуымен түсіндіруге болады. Әрине, саяси ойдың саяси мүдде мен күреспен байланысы бұрынғы кезеңдерде де болған, бірақ ХІХ ғасырдың соңынан бастап бұл жалпы тәртіпке айналып, тұрақты сипат алады. Осыған байланысты ХХ ғасырдың саяси ойшылдарының арасында саясаткерлер мен қоғамдық қайраткерлер ерекше орын ала бастайды. Саяси-құқықтық ой жеке іс болудан қалып, қоғамдық маңызы артады.
Тақырып бойынша жұмыс ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы саяси және құқықтық ойлардың негізгі бағыттары мен концепцияларын зерттеумен байланысты болуға тиісті. Осы концепциялар мен бағыттардың тарихи және теоретикалық тамырларын, кейінгі дамуын және қазіргі маңызын ашу керек. Тиісті саяси-құқықтық концепцияның зерттеу барысында олардың гносеологиялық және аксиологиялық аспектілері байланысын, қалыптасу логикасы мен механизімін, құқық, мемлекет және саясат аймағында жалпы адамзаттық құндылықтардың таралуы мен дамуы қарастырылады.
Әдебиеттер:1-16;18-20;22;30;31;76;83;84;101;106;109;111;
114;118;121;123;125;127;129;130;136-148
№15. ХХ ғ. Қытайдағы, Үндістандағы және жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі саяси және құқықтық идеялар
Сұрақнама:
1. Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалысының саяси және құқықтық идеялары (М.Ганди, Д.Неру)
- Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалысының саяси және құқықтық идеялары (Сун Ятсен, Мао Дзэдун)
- Посткеңестік кеңістіктегі жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси-құқықтық идеялары
- Қазақстанда тәуелсіз мемлекет қалыптасуы мен дамуы кезеңіндегі саяси және құқықтық идеялар
Тапсырмалар:
1. « Ұлт-азаттық қозғалысының саяси-құқықтық идеологиясының жалпы сипаттамасы» сұрағы бойынша конспект жасау
- «ХХ ғасырдағы Шығыс елдерінің саяси және құқықтық ойлары» тақырыбы бойынша пікірталасқа дайындалу
Әдістемелік нұсқаулар:
Сабаққа дайындалу барысында ұлт-азаттық қозғалысына тән саяси ойлардың бағыттары мен міндеттерінің жан-жақтылығын атап өту керек. Саяси және құқықтық аймақтарда Шығыс дәстүрі күшті мемлекеттік билік идеяларында көрініс табатынына назар аударамыз. Осы шығыстық саяси мәдениетке тән қасиет Батыспен жақындасуға тырысқан саяси қайраткерлер мен ойшылдарға да тән. Шығыстың саяси ойлары Саяси және құқықтық ілімдер тарихы курсы бағдарламасына сәйкес екі үлкен мемлекет Қытай мен Үндістанды мысалға ала отырып қарастырылады. Үндістанға тәуелсіздік үшін күрестің бейбіт жолы, қоғамдық өзгерістердің бірізділігі, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың біркелкі дамуы тән. ХХ ғасырдағы Үндістандағы көрнекті саяси қайраткер және идеолог ретінде тәуелсіздік үшін күрестің көсемі Махатма Ганди мен тәуелсіз мемлекеттің бірінші премьер-министрі Джавахарлал Неруді танимыз. Олар капиталистік құрылымды терістеп, әлеуметтік әділеттілікті бекітуге тырысқан. Ганди мұрасында ежелгі ұлттық дәстүрлер, үнді өркениетін жаңғырту тілегі айқын көрінеді. Неру батыс пен шығыс мәдениеттерінің синтезі арқылы прогреске жетуге ниеттенді.
Қытайдың азаттық қозғалысында 1905 жылы Сунь Ятсен басшылығымен құрылған «Біріккен одақ» мүшелері ядросын құраған төңкерілістік-демократтық күштер басым болды. Қытай төңкерілісі көсемі ұлттық типтегі социализмге бой ұрған. Қытайдың Коммунистік партиясының идеологиясының қалыптасуына әсер еткен жағдайлар мен факторларды білу қажет. Қытайдың Коммунистік партиясының басшысы Мао Дзэдун марксизмді жартылай отар аграрлық мемлекет жағдайына КСРО тәжірибесін есепке ала отырып жақындатуға тырысты. Азаматтық соғыс логикасы оны күштеуді абсолюттендіруге және күрестің қатал нысандарына әкеліп соқтырды. «Мәдени төңкеріліс» кезеңінде де осы бағыт негізсіз қолданылды.
Қазақстандағы және посткеңестік кеңістікте пайда болған жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси және құқықтық идеяларын оқып-зерттеу барысында қайта құру мен КСРО-ның құлауы кезеңіндегі оқиғалардың хроникасын білу керек. Қазақстанда егемендіктің де-юре қалыптасуы мемлекеттік тәуелсіздік, егемендік ұлттық-мемлекеттік құрылыс туралы идеялар қалыптасуы қалай және қандай тарихи, саяси жағдайда жүзеге асқанын білу маңызды. Қазақстанның 2030 жылға дейін даму концепциясының саяси-құқықтық идеяларын оқып-зерттеуге үлкен назар аудару қажет.
Әдебиеттер: 1-16;18-20;22;31;48;64;75;83-84;88;97;99-100;
104;109;118;126;127;131;133;136-148