Тақырып.Антика дүниесінің мәдениеті

Жоспар:

1.Ежелгі Грек мәдениетінің сипаты мен даму кезеңдері.

2.Ежелгі Грекия мәдениетінің мифологиясы мен космоцентризмі. 3.Құдайлар иерархиясы.

4.Гректің философиялық және саяси-этикалық ілімдерінің көрнекті өкілдері ( Пифагор, Демокрит, Сократ, Платон, Аристотель).

5.Ежелгі грек поэзиясының көрнекті өкілдері мен олардың шығармалары (Гомер, Гесиод т.б.)

6.Антика қоғамындағы білім беру мен тәрбие мәселелері.

7.Ежелгі Рим қоғамындағы құқық, шешендік өнер, қарым-қатынастар этикасы.

Рим қоғамының салт-дәстүрлері, әдеп-ғұрыптары.

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. “Антик – (көне, ежелгі)” деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген бұл терминді итальян ойшыл – гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп-төркіні “ежелгі”, “көне”, “қадым заман” мағынасын беретін “антиквос” деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттерінің мол, мәдени мұрасы еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады.

Ежелгі Грекия мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен – Гомер кезеңі деп аталады. Олай деп аталатын себебі, бұл дәуір жайындағы басты деректердің негізгі көзі – б.з.д. V111 ғ. туған «Илиада» мен «Одиссея» дастандары. Жалпы грек поэзиясына халықтың қиялынан шыққан бейнелерге жан-жақты қасиеттер мен белгілер берілгендіктен болар, оны кейінгі заманда суретшілер мен мүсіншілер өз туындыларында кеңінен пайдаланды. Ежелгі Элладаның ең ұлы мүсіншісі Фидийдің «Илиаданы ң оқығанда , «адамдар маған екі есе үлкен көрінедің деген сөзінің астарында терең мағына жатқан сияқты.

Грек ақындары, философтары, тарихшылары, мүсіншілері мен суретшілері Миф оқиғалары мен олардағы басты кейіпкерлерді өз шығармаларына арқау ете отырып, заман ағымына және онда қалыптасқан көзқарастарға сәйкес жаңа мазмұн, жаңа түр беріп отырды.

Грек мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д. V111- V1 ғ. аралығын қамтиды. Бұл кезең гректердің Мрамор және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру – ұлы отаршылдық кезеңі, бұл – құлиеленушілік құрылыстың кірігіу кезеңі, грек мемлекет-қалаларының өзара саяси -әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық -саяси оқиғаларға толы түбегейлі өзгерістер кезеңі.

Грекияда басты құдай, құдайлардың әкесі Зевс болып есептеледі, оның әйелі Гера-аспан құдайы және неке қамқоршысы.

Грекияда мүсін өнері сәулет өнерімен біте қайнасып дамыды.У ғ. ортасында Афиныда жұмыс істеген ұлы мүсінші Мирон бейнелеу өнерінің дамуына орасан зор әсер еткен таңғажайып мүсіндер жасады.

Ал, эллинизм дәуірінің мәдениеті – ертедегі грек құлиеленушілік қоғамының соңғы, аяқталған кезеңі болды. Грекия тарихындағы бұл тарихи кезең Александр Македонскийдің (б.з.д. 356-323 жж.) бүкіл Грекияны жаулап алуымен тығыз байланысты болды. Ол 10 жыл ішінде, б.з.д. 334 жылдан 324 ж. дейін, Кіші Азия жағалауынан Үндістан шекараларына дейін, қара теңізден араб сахараларына дейінгі ұланғайыр жерді басып алды. Ежелгі дүниеде дәл осындай орасан зор мемлекет ешуақытта да болып көрмеген болатын. Сөйтіп, грек мәдениеті тарихында эллинизм кезеңі басталды. Бұл дәуір Александр Македонский державасының барлық жерінде грек мәдениетінің таралу дәуірі болды, яғни бұл кезеңді Шығыс және Ьатыс елдері мәдениетінің тоғысу кезеңі десек қателеспейміз.

Этрустар мәдениеті Апенин түбегіндегі ең көне өркениет болып саналады. Б.з.д. І мыңжылдықта Орталық және Солтүстік Италияның жерінде Этрустық мемлекет – қалалар федерациясы құрылды. Этрустардың шыққан тегімен олардың тіл құпиясы осы уақытқа дейін толық ашылған жоқ. Көптеген ғалымдардың пікірінше, олар Италияға Кіші Азиядан б.з.д. ІX-VІІІғ. келген және олардың мәдениеті Италиян топырағында гүлдену шегіне жеткен. Этрустар егіншілікті жетік меңгерген. Оған дәлел ретінде олардың жасанды суландыру жүйесіне кеңінен пайдалануы мен батпақты жерлерді құрғатып құнарлы жерге айналдыруын айтсақ та жеткілікті сияқты. Грек аңыздарында этрустардан шыққан ер жүрек теңіз қарақшылары туралы айтылады. Б.з.д. VІІІ-V1 ғғ. Этрурия ықпалы Жерорта теңізі өңірінің бүкіл батыс жартысына тарады. Этрустар салған жолдар, көпірлер және қазған каналдар құрылыс техникасының жоғары дамығандығын көрсетті. Олар туралы Рим тарихшылары таңырқай жазған.

Кілт сөздері:Антика, мифология, эллинизм, этрустар

Наши рекомендации