Ежелгі дүние тарихы. 6-сынып.


І.Тест.

1. Алғаш рет шахмат пайда болған ежелгі мемлекет:

А) Үндістан

Ә) Қытай

Б) Кушан патшалығы

В) Ассирия

2. Ұлы Қытай қорғаны қандай көшпелі тайпалардан қорғану үшін салынған болатын?

А) үйсін Б) қыпшақ

Ә) оғыз В) ғұн

3. Қай мемлекетте алғаш рет қағаз жасады?

А) Ежелгі Үндістан

Ә) Ежелгі Қытай

Б) Ежелгі Парсы мемлекеті

В) Ежелгі Хетт

4. Буддизмнің Отаны:

А) Қытай Б) Үндістан

Ә) Жапония В) Греция

5. Азияның қай акмағында Ежелгі Қытай мемлекеті орналасты?

А) Кіші Азияда

Ә) Батыс Азияда

Б) Алдыңғы Азияда

В) Шығыс Азияда

6. Қай ғасырда біріккен күшті Қытай мемлекеті құрылды?

А) б.з.б. ІІІ ғ. Б) б.з.б. І ғ.

Ә) б.з.б. ІІ ғ. В) б.з.б. ІҮ ғ.

7. Ежелгі Қытайдағы алғашқы патшалық қалай аталды?

А) Чжан Б) Ле Бану

Ә) Цинь В) Чжоу

8. Ежелгі Қытай жазуы:

А) руна Б) иероглиф

Ә) петроглиф В) сына

9. «Нақылдар» өсиеттер кітабын жазған Ежелгі Қытай данышпаны:

А) Сыма Сянжу Б) Сыма Цянь

Ә) Кун-фуцзы В) Ляо Минь

10. Сейсмографты кімдер ойлап тапты?

А) үнділер

Ә) египеттіктер

Б) ассириялықтар

В) қытайлықтар

11. «Махабхарата» және «Рамаяна» жырлары қай елдің жырлары болып табылады?

А) Қытай Б) Үндістан

Ә) Жапония В) Греция

12. «Илиада», «Одиссея» поэмаларының авторы:

А) Сократ Б) Помпей Трог

Ә) Гомер В) Арситотель

13. берік тас қорғандары бар қамал:

А) акрополь

Ә) агора

Б) илот

В) демос

14. Спарта мемлекетін кімдер басқарды?

А) олигархия

Ә) аристократия

Б) демос

В) парламент

15. Қай уақытта Афины бай қуатты қала-мемлкет болды?

А) б.з.б. Ү ғ.

Ә) б.з.б. ІҮ ғ.

Б) б.з.б. ІІІ ғ.

В) б.з.б. ІІ ғ.

16. пелопеннес одағына қай жерлер кірді?

А) Афины мен Спарта

Ә) Аттика аймағы мен солтүстік Грекия

Б) оңтүстік Грекия мемлекеттері

В) барлығы дұрыс

17. афины одағына қай жерлер енді?

А) Афины мен Спарта

Ә) Аттика аймағы мен солтүстік Грекия

Б) оңтүстік Грекия мемлекеттері

В) барлығы дұрыс

18. Тұңғыш Олимпия ойындары қай жылы өтті?

А) б.з.б. 746 ж.

Ә) б.з.б. 771 ж.

Б) б.з.б. 676 ж.

В) б.з.б. 776 ж.

19. Грек мүсін өнері қай ғасырда ерекше дамыды?

А) б.з.б. Ү ғ.

Ә) б.з.б. ІҮ ғ.

Б) б.з.б. ІІІ ғ.

В) б.з.б. ІІ ғ.

20. Парфенон храмы қай құдайдың құрметіне тұрғызылған?

А) Зевс

Ә) Гера

Б) Афина

В) Афродита

ІІ. Кестені толтырыңдар:

Мүсін Қайда орналасты? Оның бейнесі
Зевс мүсіні    
Афины мүсіні    

Сынып: 6

Күні:

Пән: Ежелгі дүние тарихы

Тақырыбы:Ежелгі Македония

Мақсат-міндеттері:

Білімділік мақсаты – оқушыларға Македонияның пайда болған жері, ІІ Филип патшаның ішкі және сыртқы саясаты, оның ұлы Александр Македонскийдің жаулаушылық жорықтары туралы білім беру.

Дамытушылық мақсаты – оқушылардың ойлау, ой-толғаныс қабілеттерін дамыту. Оқушылардың аналитикалық ойлау және қорытынды жасай алу қабілеттеріне дағдыландыру.

Тәрбиелік мақсаты – осы сабақты өткізу барысында оқушыларға патриоттық сезімдерін дамыту, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін тудыру басты мақсат болып алынады. Құрал-жабдықтар: оқулық, оқылатын карта, суреттер, тірек-сызбалар мен кестелер.

Сабақ түрі: аралас.

Сабақ жоспары:

I кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру(10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру(15мин)

IV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту(10мин)

V кезең – бағалау кезеңі(5мин)

VI кезең – үй тапсырмасы(3мин)

Сабақ барысы:

Кезең Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті
І Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа келтіреді. Сосын тәртібін орнатып, балалардың кім жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де дайын отырады.
ІІ Мұғалім үй жұмысын сұрақтар қою арқылы тексереді: 1) Мектеп неше басқыштан тұрған? 2) Қай тап өкілдері оқыған? 3) Ежелгі Грекия мектебінде қандай білім негіздері оқытылған? 4) Б.з.б. ІІІ-ІІ ғасырларда Грекияда өмір сүрген ғалымдардың есімдерін атаңдар. Олар қандай ғылымдарға үлес қосқан? 5) Грек мәдениеті дүние жүзілік мәдениетке қандай үлес қосты? Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Бір оқушы тақырып бойынша мазмұнын айтады.
ІІІ Жаңа сабақты меңгеру жоспары: 1. Табиғат жағдайлары мен халқы. 2. ІІ Филиптің ішкі және сыртқы саясаты. 3. Александр Македонскийдің Шығысқа жорығы. Жаңа сабақты мұғалім әңгімелесуден бастайды. Сабақты мұғалім сұрақ қою арқылы бастайды. - Македония Грекияның қандай мемлекеттерін басып алды? Қайда және қай жылы гректер мен макендықтардың арасында соғыс болды? Бұл соғыс немен аяқталды? Гректерді македондықтарға қарсы кім басқарды? Кейін мұғалім картаның көмегімен оқушыларға Македонияның орналасқан жері мен табиғат жағдайлары туралы әңгімелеп өтеді. Ал оқулықтың қалған тақырып-шаларын оқушылардың өз беттерімен оқуларына тап-сырма береді.   Оқушылар мұғалімді зер салып тыңдайды. Кейін оқулықта берілген тақырыпшаларды оқиды, және мазмұнын айтуға кіріседі.
IV Тапсырма №1. Оқулықты пайдаланып, кестені толтырыңдар.  
Македондықтар дың орласқан жері Макендондықтар дың сипаты Македондықтар дың негізгі кәсібі
     

Тапсырма №2. Кестені толтыр.

Филипптің саясаты Филипп ісінің нәтижелері
Ішкі саясаты  
Сыртқы саясаты  
Оқушылар тақырыпты бекіту үшін берілген тапсырмаларды орындай бастайды. Кейін сұрақтарға жауап береді.
V Сабаққа қорытынды жасалады. Сабақ кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады. Оқушыларға баға қойылып, неге солай бағаланғанын айтады. Мұғалімді тыңдап, бағаланады.
VI § 25оқу, мазмұнын айту. Сұрақтар мен тапсырмаларды орындау. Египеттегі Александрия қаласына сипаттама жазып келу. Александр Македонский басып алған мемлекеттердің атауларын дәптерлеріңе жазып келіңдер. Оқушылар үй тапсырмасын күнділіктеріне жазады.

Наши рекомендации