Базар жырау дастандарындағы фольклорлық сипаттар және көркемдік шешім.
АЙТЫС – қазақ халқының төл өнері. ХІХ ғасырдың І жартысындағы айтыс өнерінің зерттелуі
С.Мұқанов: «Айтыс - халық өмірін бейнелейтін көркем әдебиет саласының бірі. Одан халықтың қуанышы да қайғысы да, саяси-шаруашылық тұрмысы да, мәдени дәрежесі де, замана идеологиясы да, әдет-ғұрпы да жалпы әлеуметтік жеке адамдардың қарым-қатынастары да, заманына лайық өрбіген тартыстың формалары да көрінеді.Айтыс жанрынан ең мол сақталған сала – ХІХ ғасырдағы айтыстар» ХІХ ғ І ж айтысты зерттеуші ғалымдар: А.Байтұрсынов, Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, Х.Сүйіншәлиев, Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов т.б. М.Әуезов: «Өзге жұрттың әдебиетінде айтыс өлеңдердің осы сияқты түрлері болғаны рас. Бірақ мұның бірде-бірі қазақ айтысындай көпке тарап, көп жұрттың барлығын бірдей ермек қылатындай болған жоқ. Қазақтікі сияқты әдебиет тарихының бөлімі болуға жарайтындай болып етек алып тараған емес» М.Әуезов бөлуі: Ру жарысы (Біржан мен Сара айтысы), Дін білімі (Шөже мен Кемпірбай айтысы), Жуандық, зорлық (Сабырбай мен Тасыбай айтысы), Бас мінесу (Мұрат пен Жантолы айтысы), Қайым қара өлең (Мұрат пен Жантолының айтысы) Ә.Қоңыратбаев айтыстың түрлеріне қайым айтысты қосады. «Қайым айтыс – айтыстың қарапайым айтушыға байланысты саласы. Келе-келе қалыптасқан ақындар айтысының авторлық айтыстың табиғатында қайым элементі жоқ».
Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
Ақын — поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері. Ауыз әдебиетінде ақын өлең, жыр-дастандарды шығарушы да, айтып таратушы да болған. Оларды халық әдебиетінің дәстүрлерін сақтайды деген мағынада біздің заманымызда “халық ақыны” деп атайтын болды.
Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі. «Жырау - өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі жырау атауы-«жыр» сөзінен туындайды». Ел ертеңі жайлы болжам жасап, данышпандығымен дараланып жүрген жыраулар хан сарайында отырып, алдағы болар қауіп-қатерді болжап отырды. Жыраулар поэзиясының негізгі сарындағы туған жер, ұлт-азатық күрес, сонымен қатар насихат, өнеге ғибрат, нақыл сөз үлгілерін көптеп кездестіреміз.
«Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. Сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды». Жыршылар кейде өз жанынан белгілі бір тарихи оқиғаларды дастан етіп жырлағандықтан жыраулар деп те аталып жүрген. Қазақ халқы жыршыны әнші, шешен, жырау адамдармен қатар қойып, қадірлеген. Жыршылар өздері жырлайтын шығармаларын, толғауларын белгілі бір аспаппен сүйемелдеп (домбыра, қобыз) кейде әуенге салып жырлаған.
Базар жырау дастандарындағы фольклорлық сипаттар және көркемдік шешім.
Базар «Мың бір түннің» оқиғ. сол қалпында алып жырламайды. Ертегілік, ел аузындағы әңгіме хикаяларға сүйене отырып өзгерте, өңдей баяндайды. Экспозицияда Бағдад шаһары мен оның патшасы көрініс берген. «Әмина қыз» дастаны Базардың әділдік, адалдық, қайырымдылық сияқты адамзат өнегесі мол мәнді туындының бірі. Шығыста Басты орын алатын мотив « әйел көптеген шығыс х – ң (үнді, араб, парсы, грек т.б) фольклорына кездесетін дәстүрлі сарынға саналады. Шығыс тақырыбына ұқсас «Айна тарақ» жанрлық түрі жағынан новеллалық дастандары. С. Қасқабасов «Көлемі жағынан «Тотынама» әңгімесіне қарағанда қазақ ертегісі кішірек. Кейбір шағын өзгерістер болмаса ертегінің сюжеті барлық жағынан да шыққан төркінімен дәл келеді. «Айна Тарақтың» аяқт шығ–ң мотифтермен қатар, қазақ ертег көбірек тән « бақытты финал». « Мақпал қыз» дастаны. Ел арасына айтып таратушылар Жиембай, Сәрсенбай, Құлбосын, Жүніс, Жалғасбай сынды Сыр бойының белгілі ақын – жыраулары Ә. Қайнарбаев 1939 ж Тіл әдеб инст. Қорына өткізген. Дастанның 5 нұсқ жазып алған. XVIII ғ 2 жарт мен XIX ғ басында Ақтөбе Сыр аумағында өткен қазақ қарақалпақ арасындағы тарихи оқиғалар басты өзек болған. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың қысымына шыдай алмаған қарақалпақтар Арқадан Жаңадарияға ығысып, 1792 – 1795 ж Ерәлі сұлтан шабуыл- н соң одан әрі ығысуға мәжбүр болған. Қазақпен етене жақын туыс халықтың Жаңадария бойынан бір жола ірге көтеруіне олардың Сырдың төменгі сағасындағы Шекті руларымен болған барымта кесірінен шыққан ірі қақтығысы да қатты әсер еткен. Өзге жыр нұсқаларында ұшыраспайтын: ... Қыз Мақпал ғашығы еді сал Сегіздің, Бір – бірін қалап кеулі сүйген жастан, Сан сегіз – төртқара, Әлім тайпасынан, Қыз Мақпал Шөмекей дейді, руы – Аспан.
Базар жар жоғы жүз тармақтай болатын шығын ғашықтық жырдың көлемін мың жолға дейін ұзарта отырып, дастанның авторлық версиясын жасайды. Дастандағы сәтті көріністердің бірі-кейіпкерлердің өзара айтысатын тұсы. Жырдың халықтық нұсқаларында бұл эпизод үзік кейде ұшыраса, Базар жырауда көптеп кездеседі.