Тақырып. Неміс классикалық философиясы
Жаңа дәуірден бастап дамыған қоғамның өндірістік қатынастары XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың басында Батыс Еуропа елдеріне көптеген өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Ғылымы, өндірісі мен техникасы жоғары дәрежеде дамыған Англия сол кездегі елдердің алдыңғы қатарына шықты. Капиталистік даму процесі біртіндеп еніп, елдегі әлеуметтік жіктелуді күшейте бастағандықтан, Францияда жаңадан көптеген саяси ілімдер мен көзқарастар туды. Соның негізінде революциялық идеялар белең алып, мұның ақыры саяси төңкерістерге алып келді. Ал осы кездегі Германия үшін капиталистік қарым-қатынастың кеңінен дамуы болашақтың ісі сияқты еді. Германияда осы кезде ғылым мен мәдениет, әдебиет пен өнер ерекше дамып, осы салаларда дүние жүзін таң қалдырған ұлы жаңалықтар ашылды. Сондықтан неміс ойшылдары Батыс Еуропадағы осы тарихи дамуды басынан кешіре отырып, ағылшындар және француздардың мәдени, рухани дамуының байлығын бойына сіңіре отырып, жаңа классикалық философияның озық үлгілерін берді. Классикалық неміс философиясы бүкіл философия тарихындағы мұраны игеріп, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымға сүйеніп, сол кездегі қоғамдық дамуды терең талдай отырып, жаңа диалектикалық әдістің, таным теориясының, логиканың шығуына түрткі болды. Классикалық неміс философиясы ойлау мен болмыстың диалектикалық байланысын аша отырып, танымдағы субъектінің рөлін айқындады. Сондай-ақ, ойлаудың болмысқа қатынасы арқылы таным теориясындағы объекті мен субъектінің диалектикалық арақатынасын ашып, теориялық ойлау формасын жаңа сатыға көтеріп, философиялық категориялардың атқаратын рөлін көрсетіп берді.
Неміс философиясы мынадай көрнекті философтарды жарыққа шығарды; Иммануил Кант, Иоганн Готлиб Фихте, Фридрих Вильгельм Шеллинг, Георг Вильгельм Фридрих Гегель, Людвиг Фейербах. Бұл ойшылдар философияны одан әрі дамытты.
Жаңа заман философиясындағы, әсіресе, оның таным теориясындағы пайым мен зерденің бір-бірінен алшақ кеткенін, ендігі жерде олардың ымыраға келмейтінін айқын көріп, соларға ерекше назар аударған классикалық неміс философиясының негізін қалаушы, әрі оның атасы – И. Кант (1724-1804) болды. Ол өзінің философиясын ең алдымен, бұған дейінгі дәуірде бір-бірінен алшақ кеткен логика, таным теориясы және диалектика туралы проблемаларды жан-жақты талдаудан бастады.
И. Кант философиясы екі негізгі кезеңге бөлінеді: сынға дейін және сын. Бірінші кезеңде Кант нақты білім қайшылықтарымен айналысады. Ол "Жалпы тарих және аспан теориясы" атты кітапты жарыққа шығарды, бұл кітапта ол Күн жүйесінің пайда болуы туралы ғылыми гипотезалық ой білдіреді. ХІХ ғасырда бұл гипотезаны француз ғалымы Лаплас одан әрі жалғастырды. ХХ ғасырда жердің пайда болуының қиыншылықтары бойынша ғылыми гипотезалардың бірі болып саналады. Сірә, бүгінгі күнге дейін жердің пайда болуы туралы теориялар әлі жоқ, гипотезалар ғана бар.
И. Кант бұдан да нақтылы қиыншылықтарды шешті, олар Жер тарихымен байланысты, Жер тарихының құйысы мен ағысының рөлі туралы сұрақтар. Ол Жердің жылдамдығы құйыс пен ағыс нәтижесінде тәулік бойы айналымы айқын қысқарады. Сонымен қатар оның қозғалыс және тыныштық қатынасы туралы ілімдері, жануар әлемінің генеалогиялық классификациясы оқуларына көптеген үлес қосты. Антропологиялық ғылым бойынша адам нәсілдері тарихы және т.б. туралы ой қозғады. Осылардың бәрі ғылымда коперникандық төңкеріске ұшырады. Ол өте қарапайым адам болды, өзінің ғажайып жетістіктеріне қызықсыз назарда болды. И. Канттың ең ұлы жетістігі болып ең алғаш метафизиканы әр қырынан қарастырды, жердің және біздің бүкіл галактиканың нағыз пайда болуын дәлелдеді. Бірақта И. Кант өзінің нақты ғылым бойынша зерттеулеріне қанағаттанбады. Ол гносеологияның қиыншылықтары мен танып білу теориясымен шұғылданды. Мен не білемін? Мен нені білуім керек? Мен неге үміттене аламын? Адам деген не? сұрақтарда И.Кант нағыз қажетті көкейкесті мәселелерді алдыға шығарады, ол мәселелер танып білудегі шекарамен, ғылым мен философия негізімен, әлем танудағы қадам мен қажеттіліктермен байланысты. И. Канттың "Сын философиясының" басты ағымы 1770 жылы басталды, оның мағынасы "Таза зердеге сын" (1788 ж.) және "Дәлелдеуді қажет ететін сын" атты трактаттарында айқын көрініс алады. Бірінші ісінде И. Кант өзінің танып білудегі оқуын көрсетсе, екіншісінде - әдеп, үшінсінде - жантану және табиғат туралы оқуларын көрсетеді. И. Кант сын кезеңінде ескі гносеологияға күмән келтіреді (сынға), бірақ та ол оның алдында болған және адамның білуі мен танып білуін адамның өзімен ғана құрыла алады, яғни гносеологиялық субъектпен. Бұл ғылым мен философиядағы екінші коперникандық төңкеріс болып табылады.
Ол «Таза зердеге сын» еңбегінде таным процесіндегі қайшылықтарды кеңінен ашып, олардан шығудың жолын көрсетті. Ұлы ойшыл адам баласының таным қабілетін: сезімдік, пайым және зерде деп үшке бөледі. Оның мақсаты жаңа дәуірдегі эмпиризм мен рационализмнің тар өрістілігінен шығып, оларды өзара ымыраластыру еді. Сондықтан ол априорлы (априорлы - латын тіліндегі тәжірибеден тыс пайда болған ұғым, ой, идея) синтетикалық пікірдің жаратылыстану саласында қандай орын алғандығын көрсету үшін білімдердің әртүрлі салаларын алды. Кант ең алдымен математиканы, жаратылыстануды және метафизиканы (философияны) априорлы синтетикалық тұжырым арқылы талдай келіп, таным процесінің қалыптасуы мен белгілі бір сатылардан өту жағдайын көрсетті. Осыдан математика - сезімділікке, жаратылыстану - пайымға, метафизика, яғни философия - зердеге қатысты екені анықталды.
Кант осылайша белгілеген адамның таным қабілетінің үш түрі философия тарихында ерекше рөл атқарады. Өйткені, бұл бір жағынан танымды біртұтас, бірақ ішкі қайшылыққа толы процесс деп қарау болса, екінші жағынан, философияны жаратылыстану саласымен тығыз байланыстыруға жасалған әрекет еді. Сондықтан Кант белгілеп берген адамның бұл таным қабілетінің үш түрі бүгінгі күнде де өз маңызын жоғалтқан жоқ.
Немістің классикалық философиясының дамуында маңызды рөлді Иоганн Готлиб Фихте(1762-1814 жж.) атқарды. Фихтенің субективтік идеализм атты философиясы Д. Беркли философиясына ұқсас. Субъектінің басты рөлі ретінде субъект және объект бірлігі, онда алғашқы болып табылады. Бүкіл әлем субъективтік қызметтің нәтижесінде қаралады. Я.И. Гете И.Г. Фихтенің субъективті идеалистік философиясын мысқыл түрінде былай деп жазды. "Өмірдің жазғаны осы: әлем меннен бұрын болған жоқ, оны мен құрдым".
Фихте Канттың заттардың өзінен-өзі өмір сүретіні жөніндегі идеясын сынға алды, неміс философиясында алғашқылардың бірі болып, И. Канттағы сияқты тек гносеология өрісінде көрініс беретін ғана емес, субъект белсенділігі идеясы онтология, болмыс, дүние өрісінде де көрініс беретінін айтқан. Фихте екі түрлі шындықты айтқан: біреу өзін-өзі құрайды, ал кейбіреулер сананың шығармашылық іс-әрекеті нәтижесінде пайда болады. Субъект мынадай шындықпен қарым-қатынаста болу керек және ол объект өмірі бар жеке өмірдің оқиғасы болады. Бұл объект субъект арасындағы байланысты адам қарым-қатынас жасайтын барлық шындыққа таратады және енді барлық дүние субъект шындық сана өрісі ретінде көрінеді. Тек осы өріспен ғана оның ғылыми ісі ілімі бар. Фихте өз философиясын осылай жазған.
Вильгельм Фридрих Йозеф Шеллинг (1775 – 1854) Фихте мен Гегельдің арасында аралық болып есептеледі. Табиғи және рухани тепе-теңдік оның философиясында маңызды орын алады. Бірақ, ол абсолютті түрде тепе-тең мәңгілік болса, ал табиғат бөлек, уақыт бойынша дамиды. Табиғаттың әртүрлі жағдайларында объект немесе субъект басым. Табиғатта даму орынды.
Ф. Шелингтің Абсолюті тепе-теңдігімен, жалғыз құдай туралы оймен сәйкес келеді. Бірақ, одан кейінгі философияға ерекше маңыз бен ықпалын тигізген Шелингтің натурфилософиясы болды.
Табиғат әлемдік рухы бар ғарыштық ағза болып табылады, ол рухани бастаудың болмыс баспалдағының қалыптасуы болып табылады. Соңғысы сияқты материя рухсыз болмайды. Қазіргі қоғамдық даму кезеңімен әлем мен адамның бір екендігінің маңыздылығы көрсетілген. Табиғат инерттілік емес, ол тірі қарым-қатынас бірлік принципі бойынша дамуды Шеллинг негізгі шығармаларында трансендентальдық идеализм жүйесінде дамудың мәнін ашып көрсетті.
Философия тарихында пайым мен зерденің әлеуметтік мәнін ашуға ұмтылып, оны ғылыми әрі диалектикалық негізде дамытқан классикалық неміс философиясының ірі өкілі Г.Ф. Гегель (1770-1831) болатын. Оның шығармашылығының даму кезеңі Германияның саяси-әлеуметтік жағдайының біршама үлкен өзгеріске түсіп, елдегі ішкі қайшылықтар белең алған тұста басталды. Сондықтан ол өзіне дейінгі барлық ойшылдардың, әсіресе, ХУII-ХҮIII ғасырлардағы ағылшын және француз ағартушыларының, сондай-ақ, неміс жерінде кеңінен өрістеген ғылым мен мәдениеттің, өнер мен әдебиеттің жетістіктерін толық зерттей отырып, оларды өз жүйесін жасауға кеңінен пайдаланды.
Гегель негізінен өзіне дейінгі философияны тек пайымның әдісінде ғана қалыптасқан деп айқындай отырып, зерденің сан-қилы шығармашылық кезеңдеріне айрықша мән берді. Ол өзінің алғашқы философиялық шығармаларында қоғам өміріне, әсіресе, дін мен саясат мәселелеріне айрықша назар аударды. Гегельдің осы алғашқы шығармаларының ішінен болашақ диалектикалық, зерделілік әдісті тудыруға негіз болған еңбектерінің бірі – « Кім абстрактылы ойлайды?» деген мақаласы. Бұл шағын ғана еңбек болғандығына қарамастан, таным теориясының келелі мәселелерін көтерді. Ол ең алдымен ұзақ жылдар бойы қалыптасып келген таным процесіндегі тек сезімділік пен танымға ғана сүйенген абстрактылы ойды қатты сынға алды.
Расында да Гегельге дейінгі дәуірде сезімділік, пайым - нақтылықтың бейнесі, ал абстрактылық - ойдың жоғарғы даму процесімен тығыз байланысты деген көзқарас айрықша орын алып келді. Міне, осындай ағат пікірге Гегель ашықтан-ашық қарсы шықты. Оның ойынша, абстрактылы ойлау сауатсыз, білімсіз, топас адамның әрекеті. Өйткені, абстрактылы ойлау қандай ғана болмасын мәселенің басын ашып бере алмайды. Ол тек сыртқы көрініске, одан соң сезімге ғана мойын ұсынады. Абстрактылы ойлау таным процесіндегі сыңаржақтылықтың нақты бір белгісі. Абстрактылы ойлаған адам өз ойына өзі мән бермей, каралып отырған мәселеге терең үңілмей, оның мәнін, тарихын ашып беруге дәрменсіз. Сондықтан Гегель абстрактылы ойлаған кейбір адамдарды мысалға ала отырып, олардың сауатсыздығын, надандығын, білімсіздігін көрсетті. Олай болса, таным процесі негізінен нақтылыққа ұмтылады. Нақтылық дегеніміз-көптеген анықтамалардың синтезі, көпжақтылықтың бірлігі. Яғни нақтылық қандай да мәселеге болмасын, объективті, тарихи, ішкі байланыстарды анықтау арқылы қарауды талап етеді. Ендеше, таным процесі әуелі абстрактылықтан басталып, нактылыққа қарай өрлейді. Бұл - таным процесіндегі негізгі принцип. Бұл принципті К.Маркс өзінің «Капиталын» жазу процесінде шебер пайдалана білді.
Таным процесінде логика мен диалектикаға ерекше назар аудара отырып, пайым мен зерденің өзара байланысын тереңнен зерттеген Гегель өзінің алғашқы еңбектерінің бірі «Рух феноменологиясында» зерделі ойдың негізін көрсетті. Бұл шығарма Гегель философиясының «ақиқаттың қайнар көзі және жасырын сыры» рухтың-көріну формаларын, яғни оның сана, өзіндік сана, рух, абсолюттік субъекті арқылы даму жолдарын суреттеп берді.
Гегель «Рух феноменологиясында» сананың қалыптасу және даму жолдарын қоғам өмірімен байланыстыра отырып айқындап берді. Сана әуелі қарапайым түрде (яғни жеке индивидтің санасы ретінде) басталып, сан ғасырларға созылған тарихи белестерден өтіп, қоғамдық санаға дейін көтеріледі. Оның бұл даму жолы, ең алдымен, қоғамдық өмірдің, тарихтың пайда болып, даму кезеңдерімен тығыз байланысты.
Зерделі философияға жаңа бет-бұрыс жасауға ұмтылған немістің ұлы ойшылы Л.Фейербах (1804-1872) болды. Оның 1841 жылы жарық көрген «Христиан дінінің мәні» деген еңбегі философия тарихындағы жаңа дәуірдің бетін ашты деуге болады.
Фейербах классикалық неміс философиясының ақырғы буыны еді. Ол өз жүйесін И. Кант қалыптастырған жолдан тайдырып, жаңадан философиялық жүйе жасады.
Ол өзінің философиясын «болашақтың философиясы» деп атады. Оның ойынша, философия ойлар мен рухтар дүниесінен босап шығып, жаңа патшалыққа қарай, яғни адамның қайғы-қасіреті қабаттаса қорланған дүниеге қарай бет бұруы тиіс. Демек, философия ендігі жерде өзінің ойларын таза зерденің ықпалынан адамға, антропологияға қарай алып шығуға тиіс. Ол өзінің «Болашақ философиясының негізгі қағидалары» деген еңбегінде құдай туралы, яғни теологиялық ілімнен шығып, адам туралы ілімді тудыру керек дейді.
Осындай жаңа ілімді тудыру үшін ол классикалық неміс философиясында қалыптасып қалған ілімдерге қарсы шықты. Содан да болар, Фейербах «жаңаша философияның», яғни Гегель философиясының аяқталуының бейнесі іспетті. Бұл философияның тарихи қажеттілігі мен оны ақтаудың негізі, көбінесе, оны сынаумен байланысты болды.
Сөйтіп, Л.Фейербах жаңа философияның негізін қалай отырып, алдымен Гегельдің кең таралған жүйесін сынауға кірісті. Ол оған қарама-қарсы ой мен болмыстың арасындағы тепе-тендік қатынасты ашуда табиғатты негізгі объекті етіп алып, соның мәнін анықтауға тырысты.
Табиғат перзенті - адам философияның негізгі субъектісі. Алайда, Фейербах объекті мен субъекті туралы мәселені табиғат пен адамның арасындағы қарым-қатынас деп қараумен шектелді. Гегельдің ойлау мен болмыстың теңдігі туралы мәселесін Фейербах материалистік негізде шеш-пекші болды. Сол себептен ол адамның болмысын нақты өмір сүретін объективтік шындық деп қарады. Бұл классикалық неміс философиясына қарама-қарсы дүниетаным болатын. Егер Гегель табиғатты идеяның жатсынуы деп қараса, Фейербах оны барлық ғылымның, адамзаттың шығу тегі деп есептеді. Ендеше, адам баласының болмысын біз ойлау процесі арқылы ғана анықтай алмаймыз.
Рас, ол ойлау мен болмыстың байланысы диалектикалық екенін мойындады. Өзінің философиясында болмысқа анықтама бере келе, ол оның ойлаусыз өмір сүруі - материя екендігін, шындықтың субстраты екендігін айқындады. Сөйтіп, Фейербах өз заманындағы философиялық негізде материя туралы ұғымды нақтылады. Егер ХVІІ-ХҮIII ғасырлардағы философ-материалистер материяны субстанция ұғымы арқылы анықтауға тырысса, Фейербах оған сезімділік пен зерденің негізгі пәні ретінде қарады. Оның ойынша, егер материя болмаса, біздің зердеміз ешбір сезімділікке, белгілі бір әсерге ие болмас еді. Онда ойлауда да ешқандай мән қалмайды. Ендеше, материяны жоққа шығару дегеніміз зердені жоққа шығарумен бірдей. Фейербах материяның негізгі өмір сүру формалары - уақыт пен кеңістікке де айрықша көңіл бөлді. Ол «Уақыт пен кеңістік құбылыстың жай формалары ғана емес, олар - болмыстың, сондай-ақ, ойлаудың түп тамырлы жағдайы, зерде формаларының заңдары. Шын мәнісіндегі ойлау уақыт пен кеңістіктегі ойлау» деп көрсетті.