Тақырып 3. Ғылым қызметтері
Дәріс мақсаты:қазіргі замандағы ғылыми таным мағынасын және ролін анықтаушы ретінде ғылым қызметтерін талдау.
Жоспар:
1. Ғылым қызметтері.
2. Ғылым және қазіргі замандағы жаһандық мәселелер.
3. Ғылым және қазіргі білім беру жүйесі
Негізгі түсініктер:ғылым қызметтері, жаһандық мәселелер, білім беру жүйесі.
Ғылым қызметтері.Ғылымның маңызды қызметі қоршаған ортаның заңдылықтарын түсіндіретін және ашуға мүмкіндік беретін шынайы білімді тудыру және көбейту болып табылады. Бұл қызметті танымдық, білім беру, технологиялық, адам әрекетінің рационализациясы ж.т.б. секілді өзара тығыз байланысқан жеке қызметтер арқылы нақтылауға болады.
Қазіргі замандағы ғылым жайлы оның адам және қоғам өмірінің басқа да аумақтарымен ара-қатынасында орындайтын әлеуметтік қызметтердің үш тобын бөліп қарастыруға болады. Бұл, біріншіден, мәдени-дүниетанымдық, екіншіден, ғылымның тікелей өндіруші күш ретіндегі қызметі, үшіншіден, әлеуметтік күш ретіндегі қызметі (ғылыми білімдер және тәсілдер қазіргі таңда қоғамның даму барысында туындайтын сан алуан мәселелерді шешуде кеңінен қолданылады).
Ғылымның қазіргі таңдағы жаһандық мәселелерді шешудегі әлеуметтік күш ретіндегі қызметі өте маңызды.
Ғылым және қазіргі жаһандық мәселелер.Техногенды өркениет тудырған адамзат өмір сүру қаупіне әкелген жаһандық мәселелердің арасынан үш басты мәселені алып қарастыруға болады[2].
Алғашқысы - адамзаттың барлығын талқандау қаруының үздіксіз әмбебаптандырылуы жағдайындағы тірі қалу мәселесі. Қазіргі заманның екінші мәселесі жаһандық көлемде экологиялық дағдарыстың ұлғаюы. Үшінші мәселе жатсыну үрдісінің жан жақты және өсіп келе жатқан жағдайында адамның биоәлеуметтік құрылым ретіндегі тұлғалық сипатын сақтап қалу қажеттілігі.
Ғылымның дамуы ғылым мен техниканың жетілмегенімен байланысты келеңсіз нәтижелерге әкеледі деген көзқарас кеңінен тарауда. Басқа көзқарас бойынша, жаһандық көлемдегі негативты салдар - бұл ғылыми жетістіктерді жауапсыз тұрғыда пайдалану. Осыған байланысты ғылым философиясында ғалымның тек теоретик емес, практик ретіндегі жауапкершілігі мәселесі қойылуда.
Қазіргі ғылым философиясында ғылым феноменін жаңа мағынада түсінуде қажеттілік туындап отыр, ғылымның өмір сүруінің қазіргі формасын бастапқымен немесе ғылымның идеясымен ара қатынасын белгілеу қажеттілігі жатыр. Бұл ғылымның құндылықты-мәндік мазмұнын, оның мақсатын және мәнін талдауға әкеледі. Ғылым философтары ғылымды дәйек және идея ретіндегі осылардың арасындағы сәйкессіздікті ашық айтады.
Жаһандық мәселелерді шешу ғылыми-техникалық дамудан бас тарту емес, оған гуманисттік өлшем беру, бұл, өз кезегінде гуманисттік бағдарлар мен құндылықтарды ендіретін ғылыми рационалдылықтың жаңа түрінің келу мәселесін алға қояды.
Қазіргі жаһандық мәселелерді шешуде ғылым философтары мына мәселелерге көңіл аударғанды жөн көреді.
Ғылыми-техникалық прогресс жаһандық мәселелердің пайда болуының көзі болып табылғандықтан, демек, осы мәселелерді шешу жолы тек техниканың әмбебаптандырылуы негізінде мүмкін болады.
Жаһандық мәселелердің ушығуының негізгі себебінің бірі ретінде мәдениеттің дегуманизациясын айтуға болады, сондықтан дағдарыстан шығудың жолы гуманизмге толықтай қайта келу, яғни адамның өз болмысы үшін жауапкершілігінің туындауынан басталады.
Жаһандық мәселелер қоғам мен табиғат ара-қатынасының алауыздығы нәтижесінен болғандықтан, жаһандық мәселелерді шешу жаратылыс ғылымдарының жаңа жетістіктерін бірге қосуды мүмкін етеді, бұл техникалық прогресстың антропогенды нәтижелерін жоюға мүмкіндік туғызады.
Ғылым және қазіргі білім беру жүйесі.Ғылым және қазіргі білім беру жүйесіне келер болсақ,бір маңызды мәселені есте сақтау қажет - қазіргі білім беру үрдісінің негізінде әлемнің ғылыми бейнесі жатыр және білім беру аумағы ғылыми апробацияланған және ұсынылған әдістемелерден құралған. Ғылым білім беру үрдісіне бағытталған әсер етеді және білім беру құрылымының өзгеруін санкциялай алады, өйткені оның барлық құрамдас бөлшектеріне таралған: мақсаты, тәсілі, нәтижелері, принциптері, формалары жәні әдістері. Білім беру үрдісі "бастапқы территория" ретінде алға шығады, дәл осы жерде индивид пенн ғылым қауышады.
Ғылым мен білім берудегі анағұрлым жалпылық - адамзаттың келер ұрпаққа білім жиынтығын трансляциялау арқылы адамзаттың тірі қалуына бағдар жасау.