Тақырып 13. ХІХ ғ. ІІ жартысы – ХХ ғ.басындағы Батыс Европадағы саяси және құқықтық ілімдер
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы саяси және құқықтық идеологияның негізгі белгілері мен басты бағыттары.
Батыс Европадағы марксизмнің саяси және құқықтық ілімі. Карл Маркс пен Фридрих Энгельстің саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуы. Мемлекет, құқық және экономиканың арақатынасы. «Коммунистік партия Манифесті». Мемлекет және төңкеріліс. Пролетариат диктатурасы мемлекеті идеясы. Марксизм мемлекеттің жойылуы шарттары туралы. Энгельс мемлекеттің пайда болу белгілері және нысандары, мемлекеттік және құқықтық қондырманың экономикалық базиске ықпалы туралы.
Позитивизмнің негізін салушылардың саяси және құқықтық тұжырымдамалары. Огюст Конттың саяси-құқықтық ілімі. Мемлекет пен құқықтың тарихи дамуы. Социократия теориясы. Субъективті құқық міндет және әлеуметтік қызмет ретінде.
Герберт Спенсердің саяси және құқықтық ілімдері. Мемлекеттің органикалық теориясы. Мемлекет функциялары мен органдарының дамуы, олардың типтері.
Заңдық позитивизм. Джон Остин (Англия). К.Бергбом және П.Лабанд (Германия). « Ұғымдар юриспруденциясы». Құқық заң ретінде. Мемлекеттің заңдық белгісі. Құқықтық мемлекет идеясы.
Әлеуметтік позитивизм. Рудольф фон Иерингтің (Германия) мемлекет және құқық туралы ілімі. «Мүдделер юриспуденциясы». Құқық заңдық қорғалған мүдде ретінде. Әлеуметтік күштер құқығы үшін күрес.
Людвиг Гумплович (Австрия) саяси және құқықтық ілімі. Күш көрсету теориясы. Мемлекет эволюциясы. «Қазіргі мәдени мемлекет».
Құқық және мемлекет туралы Фридрих Ницше ілімі. Мемлекет мәдени және әлеуметтік даму құралы ретінде, оның типтері. Құқықтың элитарлы тұжырымдамасы. Құқық, теңсіздік, жеңілдіктер. Соғыс пен бейбітшілікке көзқарастары. Төңкеріліс мәдениетке қауіп ретінде.
Маркстік ілім бойынша адамзат қоғамының өмір суруінің шарты — материалдық игіліктерді үнемі өндіріп отыру болып табылады. Маркстің айтуынша қоғам дамуы өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштердің дамуының сипаты мен деңгейіне сәйкес келуіне байланысты болмақ. Бұл тарихи прогрестің итермелеуші күші болып табылады.
Марксизм ілімІ бойынша, мемлекет алғашқы кезден-ақ қарама-карсылық пен кайшылыққа толы қоғамдык дамудың жемісі. Рулық коғамның ыдырауы мен мемлекеттің пайда болуының алғашқы белгілері туралы Ф. Энгельс "Семьяның, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы туралы" еңбегінде былай деп жазады: "Өзінің бүкіл экономикалық тұрмыс жағдайларынан келіп, еріктілер мен құлдарға, қанаушы байлар мен қаналушы кедейлерге белінуге тиісті қоғам — бұл қарама-қарсылықтарды кайтадан ымыраластыра алмайтыны былай тұрсын, қайта оларды барған сайын шиеленістіре түсуге тиісті қоғам пайда болды».
Мемлекет туралы Маркс пен Энгельстің ілімін одан әрі жалғастырған Ленин "Мемлекет туралы" еңбегінде "Қай жерде, қай кезде қоғам тап-тапқа бөлінсе, қай кезде қанаушылар мен қаналушылар пайда болса, сол жерде, сол кезде мемлекет пайда болды" деген қорытынды жасайды.
Лениннің сөзімен айтқанда, "мемлекет дегеніміз адам қоғамынан бөлініп шыққан басқару аппараты". Тек басқару ісімен ғана шұғылданатын, басқару үшін өзгенің еркін күштеуге бағындыратын айрықша зорлау, бағындыру аппараты — түрмелерді, адамдардың айрықша образдарын, әскерді, тағы сол сияқтыларды қажет ететін адамдардың айрықша тобы пайда болған кезде мемлекет те пайда болған күштеу тәсілі деп аталды.
Маркстік-лениндік ілімбойынша қоғамның дамуына байланысты, пролетариаттың экономикалық, саяси, әскери және мәдени күшінің артуына байланысты мемлекет құрыла бастады. Билік олардың пікірінше буржуазиялық мемлекеттен пролетариат диктатурасына көшеді, ол жалпы халықтық социалистік мемлекетке ұласады, ол дами келе ақыр соңында мемлекеттің құрып-бітуіне жеткізеді.
Мемлекетті тек тап үстемдігінің құралы ретінде ғана қарастырған маркстік-лениндік ілімнің негізін қалаушылар мемлекеттің басқадай қызметтеріне назар аудармады және оның ұйымдастыру, шаруашылық,, мәдени, сыртқы саясат мәселелерін қарастырмайды. Мемлекет және құқық туралы маркстік ілімге тарих өз бағасын берді. Олардың мемлекет және саясат туралы көптеген қағидалары уақыт талабына шыдай бере алмады. Дегенмен де, олардың саясат, мемлекет, құқық және заң туралы көзқарастары мен идеялары әлемдік саяси-құқықтық ілімдер тарихына мәнгіге енді және ғалымдардьің зерттеу тақырыбына айналды. Сонымен бірге, марксизмді жап-жақты оқып үйренбей, әлемнің XIX—XX ғасырлардағы саяси және рухани бейнесін көз алдымызға елестету де мүмкін емес.
Танымдық жағынан ХІХ ғ. екінші жартысындағы буржуазиялық саяси және құқықтық ілімдер метафизикалық әдістемені теріске шығарып, позитивизм негізінде дамыды. Мемлекет пен құқықтың позитивистік теориясы екі түрде көрініс тапқанын білу және түсіндіре алу керек. Біріншісі – заңдық позитивизм (буржуазияның заңдық дүниетанымының дәстүрлерін жалғастырушы формалды-догматикалық бағыт), әрекеттегі мемлекет механизмін зерттеумен, мемлекеттік мекемелер мен құқықтық жүйелердің белгілерін анықтаумен шектеледі. Өкілдері: Д.Остин, К.Бергбом, А.Эсмен, Г.Ф.Шершеневич. Екіншісі – әлеуметтік позитивизм, құқықты өзге әлеуметтік құбылыстармен тығыз байланыста қарастырады. Өкілдері ретінде Р.Иеринг, Г.Спенсер, Л.Гумпловичті атауға болады.
Әдебиеттер:1-16;18-20;22;30;31;73;106;109;113;136-148