Хіх- хх ғғ. басындағы орыс философиясы 5 страница
Енді Шығыс философиясынан Батысқа назарымызды аударсақ, көне Грек ойшылдарының ішінде алғаш рет болмыс категориясын терең талдаған Парменидке келіп тоқталамыз. Ол кісінің атақты сөздері – Тек қана болмыс өмір сүреді, бейболмыс тіпті де жоқ. Яғни, Дүниеде бар нәрсе – бар, жоқ нәрсе – жоқ. Бір қарағанда, қисынды сөздер! Бірақ, осы ойды айтқаннан кейін, Парменид, қозғалысты, Дүниеге келу мен кетуді жоққа шығарып, терістеуге мәжбүр болды. Өйткені, бір нәрсенің Дүниеге келуі дегеніміз не? – Ол болмыста бұрын жоқ еді, енді, міне, Дүниеге келді. Ал, Парменидке келер болсақ, ол жоқтың аты жоқ дейді, яғни, Дүниеге келуді мойындамайды. Сол сияқты, Дүниеден өтуді де, яғни, бардың жоққа айналуын да мойындамайды, өйткені, бар нәрсе бар, ал жоққа келер болсақ - жоқ. Ал, Дүниеге келу мен кетудің өзі қозғалыс арқылы жүрмей ме? – Олай болса, болмыста қозғалыс та жоқ. Яғни, болмыс дегеніміз ешқашанда өзгермейтін, кемеліне келген, абсолютті, өз-өзіне тепе-тең.
Әрине, мұндай көзқарастың өмірдегі тәжірибеге сай келмейтіні әрбіреуге жақсы таныс. Бұл дүниеде қозғалмайтын, өзгермейтін ешнәрсе жоқ. Олай болса, Парменид бұл Дүние нағыз болмыс емес, оған – ой елегі арқылы ғана жетуге болады,- деген пікір айтады. Яғни, ойлау мен болмыс бір-біріне тең. Сонымен, Парменидтің болмысы ой арқылы жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, дөңгелек, өз-өзіне тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты.
Сонымен, сонау көне заманнан бастап, Батыс пен Шығыс болмысты әр-түрлі түсініп, соған негізделген әр-түрлі Дүниеге деген көзқарасты қалыптастырды.
Шығыс бейболмыстың өмір сүруін мойындап оның іргетастығын анықтағаннан кейін, бұл Дүниені сол бейболмыстың көмескі бейнесі ретінде ғана түсініп, оның өтпелігіне аса назар аударады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейболмысқа өтетін Дүниені адамның өз еркіне көндіруі тіпті мүмкін емес, оны өзгерту, жетілдіру де мағнасыз нәрселер. Сондықтан, негізгі мақсат – адам өз ішкі өміріне үңіліп, тек соған назарын аударып, соны ғана жетілдіруі қажет. Осындай көзқарастың негізінде Шығыста интраверттік (іntra,-лат. сөзі – ішкі деген мағна береді) мәдени бағыт қалыптасты.
Ал енді Батысқа келер болсақ, Парменидтің бейболмысты теріске шығаруы, сонымен қатар идеалды, еш мінсіз, жетілген, мәңгілік Болмыстың бар екенін мойындауы – бүкіл Батыс өркениетінің қалыптасып, бүгінгі күнге дейін дамуының астарында жатқан іргетасты көзқарас екеніне оқырманның ерекше назарын аударғымыз келеді. Соңынан пайда болған христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі – адамды Құдай өз бейнесіне ұқсатып жаратты да осы жаратылған Дүниенің әміршісі қылды деген қағиданың өзі де Парменидтің болмыс ілімімен ұштасып жатқан жоқ па? Ал енді марксизмнің өзін, осы тұрғыдан алып қарағанда, Батыс Еуропа ой-өрісінің қисындық шегі деп бағалауға болатын сияқты, өйткені, коммунизм – кемеліне келген, адамдардың барлық қажеттіктері толығынан өтелген, соның негізінде әлеуметтік біркелкілік орнаған қоғам. Яғни, ол - жер бетінде адамның шығармашылық іс-әрекеті арқылы орнатылған идеалдық қоғам.
Дүниенің материалдық бірлігі –материалистік философияның негізгі прициптерінің бірі. Жалпы алғанда бұл прицип, дүниедегі әр түрлі заттар мен құбылыстардың негізінде, ешқандай рух пен санаға тәуелсіз, бір материалдық бастаманың жатқанын мойындау. Ежелгі грек философтары бұл бастаманы бір затпен теңестірді:сумен (Фалес), отпен (Гераклит) және т. б. Демокрит атомдармен теңестірді, яғни әрі қарай бөлінбейтін кішкентай заттармен.
Жаңа заман кезінде пайда болған Ньютондық картезиандық парадигма – И. Ньютон мен Р. Декарт идеяларына негізделген. Декартың айтуынша дүниенің бір біріне тәуелсіз екі түп негізі бар: материалдық және рухани. Материалдық түп негіздің басты қасиеті –оның кеңістікте созылыңқылығы, рухани түп негіздің негізгі қасиеті-ойлау қабілеті. Бұл екі түп негіз бір біріне тәуелсіз, параллельдер. Бұдан шығатыны материалдық әлемді объективті сипаттауға болады, онда бақылаушы адамның субъективтілігіне орын жоқ.Декарт пен Ньютонның ілімдерінен шыққан дүниенің ғылыми бейнесінде Құдайға орын жоқ. Дүниенің рационалдық – механикалық бейнесі дүниені бізге жалғыз, заңдарға ғана бағынатын әлем ретінде суреттейді. Онда рух , еркіндік те жоқ, ол соқыр мылқау. Алып ғарыштық кеңістіктер,оларда өте қатаң, анық траекториялармен материя массаслары қозғалып жүр. Онда мақсат та, мән де жоқ. Оған адам мен оның санасының ешқандай қажеті жоқ. Ньютонның механикалық әлемі оның – кішкентай, бөлінбейтің тұрақты пішіні мен массасы бар бөлшектер, бір – бірімен тартылу заңы арқылы байланысқан. Болмыс классикалық евклидтік геометрияның үш өлшемді кеңістігіне ұйымдасқан, ол тұрақты, абсолют. Ол үлкен бір заттар орналасқан сыйымдылық, оларға ешқандай қатысы жоқ. Уақыт та, дәл, сондай, абсолют, материяға ешқандай қатысы жоқ. Ол ылғи тұрақты, біркелкі ағынмен тек алдыға қарай жылжиды. Тұтас алғанда әлем, өте үлкен, қатаң детерминацияланған, яғни себеп пен салдардың үздіксіз тізбегінен тұратын сағаттық механизм. Бұл тібектің кезкелген бөлігі туралы мәлімет алсаң, оның өткенін де, бүгінін де ешқандай қатесіз суреттей аласың.Бұл әлем адам дүниесі, оның тағдыры, мақсаты, мәні, құндылықтар дүниесінде ешқандай шаруасы жоқ. Адамның өзі абсурд, не үшін пайда болғаны түсініксіз құбылыс.
Енді материя түсінігінің қалай қалыптасқандығына келсек, ежелгі дүниеден бастап, чарвактар (төрт элемент) , ежелгі гректер белгілі бір зат, Левкипп пен Демокриттің өзі материяны атомдармен, яғни кішкентай заттармен тенестірді.
XVIII ғасырда француз материалисі Гольбах «Табиғат жүйесі» деген еңбегінде: «...бізге қатысты жалпы алғанда материя, біздін сезімімізге әсер ететіннің бәрі» деп жазды. Ол материяның абстракция екеніне түсінік берді, бірақ біздің сезімімізге не әсер ететінін түсіндерген жоқ.
XIX ғасырдың аяғына қарай дүние құрылысының барлық принциптері ашылып болғандай көрінді: клетка табылды, энергияның сақталу заңы ашылды, Дарвин тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарасын ұсынды, Менделеев элементтердің периодтық жүиесін жасады. Барлық болмыстың, адам болмысынын да, заттар болмысынын да негізі болып атомдар, әрі қарай бөлінбейтің зат бөлшектері саналды. Материя ұғымы, зат ұғымымен теңестірілді. Масса, материя мөлшерін шамасын көрсетті. Материя кеңістік пен уақыттан тәуелсіз қарастырылды. Айналып келгенде, XIX ғасырдын классикалық физикасында ежелгі ілімнің кемшіліктері тән болды: яғни материяны алғашқы өзгеріссіз түпнегіз ретінде қарастыру және оны затпен тенестіру.
Қазіргі ғылым дамуының деңгейіне сәйкес келетін, материя анықтамасын берген В.И. Ленин. Материя дегеніміз адамға түйсіктері арқылы мәлім болатын, түйсіктерге тәуелсіз өмір сүре отырып сол арқылы көшірмесі алынып, суреті салынып, бейнесі жасалатын объективті шындықты белгілейтін философиялық категория.
Қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі. Қозғалысты – материя атрибуты деп түсінсек қана, дүниенің әртүрлілігін материялдық бірлігі арқылы түсіндіре аламыз. Қозғалыс пен материяның арақатынасы туралы әртүрлі көзқарастар болды. Дүниенің механикалық бейнесінде қозғалыс деп тек механикалық қозғалысты, яғни кеңістікте орын ауыстыруды ғана түсінсе, XX ғасырдың басында философия мен жаратылыстануда болған «энергетизм» бағытының өкілдері табиғаттағы барлық құбылыстарды энергияның өзгеруі деп қарастырып, оның ешқандай материалдық негізі жоқ деп, қозғалысты материядан бөліп алмақшы болды. Диалектикалық материализмде қозғалыс ретінде кез – келген сандық, сапалық өзгерістер түсінілінеді Және материяның қозғалысының себебі оның ішкі қайшылылығы болып табылады. Олар мынадай қарама – қарсылықтар: тұрақтылық пен өзгермелік, тартылыс пен тебіліс, қарапайымдылық пен күрделілік, т. б.
Дүниеде қозғалыстағы материядан басқа ештене жоқ және ол кеңістік пен уақыт бойынша болады. Материя қозғалысын түрлерге бөлуге болады. Оны алғаш тұжырымдаған Ф. Энгельс. Ол материя қозғылысын 5 түрге бөледі: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік. Тірі емес табиғаттағы негізгі сапалық өзгерістер материяның физикалық және химиялық қозғалыстарының қатынастарымен аңықталады, тірі табиғатта негізінен биологиялық қозғалыс басымырақ. Қозғалыстың әлеуметтік түрі қоғамға тән.
Энгельс берген қозғалыс классификациясы қазірдін өзінде құндылығын жоғалтқан жоқ. Бірақ ғылым жетістіктеріне байланысты біршама байытылып, нақтыланды, дәлденді десе болады. Мысалы, XVIII, XIX ғасырда механикалық қозғалыс тек макроскопиялық денелердің кеңістікте орын ауыстыруы деп түсінілсе, қазір кеңістікте орын ауыстыру «элементар» бөлшектерден бастап барлық материя түріне тән екені анықталды. Қазіргі ғылым механикалық қозғалысты барлық физикалық процесстердің іргетасы ретінде қарастыруды қойды. Керісінше денелердің механикалық қозғалысы «элементар» бөлшектердің өзара ауысуының, әлсіз, күшті, электромагниттік және гравитациялық әсерлесу нәтижесінде болатыны белгілі болды.
Материя қозғалысының түрлерін түсіну үшін мыналарды ескеру қажет:
1. Қозғалыстың әр түрлі ерекше, бірақ өзара байланыста. Түрлердің кез – келгені сәйкес жағдайда басқасына айналуы мүмкін. Олардың негізі дүниенің материалдық бірлігі болып табылады.
2. Қозғалыстың қарапайым түрлері одан гөрі жоғары түрінің іргетасы болып табылады. Мысалы, тіршіліктің физико – химиялық негізін таппай тұрып, өмірдің мәнін түсіну қиын.
3. Материя қозғалысың жоғары түрлері сапалық жағынан ерекше болғандықтан, оларды төменгі түрлерімен теңестіруге болмайды. Мұндай теңестіру «механицизм» деп аталады. Бұл бағытты жақтаушылар барлық табиғи және әлеуметтік құбылыстарды классикалық механика заңдары арқылы түсіндірмекші болған.
Материя қозғалысының түрлері туралы сұрақты диал –мат. тұрғыдан шешу, ғылымды классификациалауға мүмкіндік береді. Негізгі фундаментальды ғылымдар қозғалыстың негізгі түрлерін қарастырса, қозғалыстың түрлерінің бір-біріне өтуін, олардың байланысын қарастыратын да ғылымдар бар. (мыс:биохимия,биофизика,астрофизика т. б.) Материя қозғалысы кеңістік пен уақыт бойынша жүзеге асады.
Материалдық денелердің созылыңқылығы, басқа заттар қатысты белгілі бір орын орын алуы кеңістіктің философиялық түсінігін береді. Кез келген құбылыстың ұзақтығы, басталуы, аяқталуы, кезеңдері, күйлері болады. Материалдық процестердіңбір-біріне қатысты белгілі ретпен өтуі, ұзақтығы, кезеңдері болуы уақыттық философиялық түсінігін береді.
Былай қарасаң ап-айқын сияқты кеңістік пен уақыт ұғымы ежелден бастап күні бүгінге дейінгі философиялық дискуссиялардың өзегі болып табылады. Философия тарихында кеңістік пен уақыт туралы көзқарастардың эволюциясы негізінде екі басты коцепция қалыптасты.
1. Субстанциялық (түпнегіздік) концепция кеңістік пен уақытты өз бетімен өмір сүретін, материалдық объектілерден тәуелсіз түп негіз ретінде қарастырды. Бұл идея кезінде Демокрит тұжырымдаған, кейін Ньютон абсолют кеңістік пен уақыт концепциясында толық аяқталды.
2. Салыстырмалы (реляциондық) концепция кеңістік пен уақытты ерекше түп -негізтүрінде емес, заттардың өмір сүру тәсілі ретінде қарастырады. Бұл концепцияның негізін салған Аристотель, ол кеңістік пен уақытты материядан бөліп қарастыруға болмайды деген. Лейбниц те кеңістік пен уақыттың өз алдына болмыс бастамасы екеніне тойтарыс берді. Гегельдің негізгі қосқан үлесі, ол кеңістік пен уақыттың қозғалыс сәттері екенін айтты.
Диалектикалық материализм кеңістік пен уақыттың салыстырмалық концепциясын мойындайды.
Өткен ғасырда орыс математигі, евклидтік емес геометрияны жасаушы Н. И. Лобачевский кеңістіктің қасиеттері әрқашанда және барлық жағдайда тұрақты емес, олар материяның қасиеттеріне байланысты өзгереді деген өте батыл тұжырым жасаған болатын. XX ғасырдың басындағы физикада жасалған күрт өзгерістер кеңістік пен уақыттың қозғалыстағы материяға, оның қасиеттеріне тәуелді екенін толық дәлелдеп берді. Мысалы, қара иірімдер тұсында кеңістіктің өзгеретіні. Әсіресе, А. Эйнштейннің салыстырмалық теориясы осы жөнінде үлкен жаңалық әкелді. Ол микробөлшектердің кеңістіктегі қозғалысы сәуле жылдамдығына жақындаған сайын оның массасының шексіз ұлғая беретінің және уақыттың баяулай түсетінін дәлелдеді.
Диалектика(грек. - әңгімелесу, пікір таластыру) – табиғаттың, қоғамның және танымның барынша жалпы заңдары туралы ілім, және соған негізделген ойлау мен іс - әрекет әдісі. Философия тарихында диалектиканың үш негізгі түрі қалыптасты:
1.антикалық, қарапайым, стихиялы, жеке бақылауларға, күнделікті тәжірибегенегізделген (Гераклит, Платон, Аристотель, Зенон, т. б.)
2. неміс классикалық, Кант, Фихте, Шеллинг, әсіресе Гегель жасаған.
3. материалистік, негізін К. Маркс пен Ф. Энгельс қалаған.
Диалектикалық материализм екі бөлектің материализм мен диалектиканың бірлігі болып табылады.Материализм дүниенің негізі материя екенін анықтаса, диалектика материялдық әлемнің дамуда екенін қарастырды.
Диалектиканың элементтері дегеніміз оның категориялары, принциптері және заңдарының тұтас, даму үстіндегі жүйесі. Осылар арқылы даму үстіндегі реал дүние барлық жағынан сипатталады.
Диалектиканың категориялары – қоғамдық практика негізінде қалыптасатын, реал дүние мен танымның жалпы, негізгі жақтары мен қатынастарын белгілейтің ұғымдар (ойлаудың түрі).
Диалектикалық материализмнің негізгі категориялары – материя, сана, қозғалыс уақыт, кеңістік, сапа, мөлшер, сан, қайшылық, себеп, салдар, қажеттілік, кездейсоқтық, мазмұн, түр және т. б. Бұлар универсал (әмбебап) категориялар болып табылады.
Белгілі бір философиялық категориялардың байланысы диалектиканың заңдары түрінде көрінеді. Бұлардың ішіндегі ең негізгі қарама – қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы. Бұл заң дамудың ең негізгі жағы – оның көзі қайшылық (қарама – қарсылықтың бірлігі) екенін ашады.
Қарама – қарсылықтар дегеніміз, өзара үздіксіз байланыстағы, бір жағдайда бірін – бірі жоққа шығаратын, белгілі жағдайларда бір – біріне айналатын (оң – теріс, ассимиляция – диссимиляция, материалдық – идеалдық, теория – практика, т. б.) сәттер, нәрселер. Нақты қарама – қарсылықтардың бірлігі (теңдігі) қайшылықты (диалектикалық) құрайды. Қысқаша бұл заңды былай өрнектеуге болады: бірліктің қарама – қарсылықтарға бөлінуі, олардың күресі, және оның жаңа бірлікте шешілуі.Бұл арқылы даму,әр түрлі қайшылықтардың пайда болу,өсу, шиеленісу және шешуші процесі ретінде көрінеді. Бұл қайшылықтардың ішіндегі дамуда шешуші, даму көзі рөлін атқаратыны ішкі қайшылықтар болып табылады.
Сандық және сапалық өзгерістердің бір-біріне айналу заңы дамудың жалпы механизмін, яғни ол қалай болотынын көрсетеді. Бұл заңдағы негізгі категориалар – сапа, сан, мөлшер, секіріс.
Сапа-заттың сол екенін білдіретін негізгі қасиеттері
Қасиет-заттың басқа заттармен әсерлесуі түрінде көрінетін белгілі бір жақтары .
Сан заттың өзгерісі белгілі бір шекке жетпейінше зат басқа затқа айналмайтын анықтаушысы заттың сандық анықтаушысыны жататындар оны құраушы элементтер саны, көлемі, өзгеру жылдамдығы, қасиеттерінің көріну дәрежесі т.б.
Мөлшер – затың сандық және сапалық анықтаушыларының тұтас бірлігін өрнектейді. Мөлшер оған дейінгі сандық өзгерістер сапалық өзгеріске айналатын шекара.
Секіріс – бұрыңғы құбылыстың сандық өзгерістерінің бірқалыптылығының үздіксіздігінің үзілуін, қарама – қарсылыққа айналуын, қайшылықтардың шешілуін, ескінің жоғалып, жаңаның пайда болуын білдіретін философиялық категория.
Осы категориялардың арасындағы байланыс сандық және сапалық өзгерістердің бір – біріне өту заңын өрнектейді. Бұл заңның мәні мынада. Сандық өзгерістердің біртіндеп жинақталуы белгілі бір уақытта заттың түбірімен сапалық өзгерісін тудырады (секіріс), ол жаңа сапаның, жаңа заттың пайда болуына әкеледі. Бұл, өз кезегінде сандық өзгерістер туғызады (мысалы; атом ядросы зарядының шамасының өзгеруіне байланысты бір химиялық элементтің екінші химиялық элементке айналуы).
Терістеуді терістеу заңы дамудың бағытын, сабақтастығын көрсетеді. Бұл заңның негізгі категориясы «терістеу». Терістеу дегеніміз а) затты негізінен сыртқы күштер мен факторлардың әсерінен жоғалуы, яғни тұтас жүйе түрінде өмір сүруін тоқтатуы, дамуының аяқталуы (сырттай терістеу, деструкция); б) терістеудің дамуы ішкі сәті ретінде, терістелетің заттың оң жақтарының сақталып қалуы түрінде.
Терістеуді терістеу заңы – дамудың алдыға жылжу, сабақтастық, циклдік сипатын және оның бағытының «бұрама» (спираль) түрінде (дөңгелек емес, түзу сызық емес) болатының көрсетеді, яғни жоғары сатыда төменгі сатының кейбір қасиеттерінің қайталанатынын көрсетеді.
Даму сонымен өткен сатыларды қайталау, түріндегі процесс ретінде көрінеді. Циклдық даму түрі «триада» бастапқы саты – оны терістеу –терістеуді терістеу (тезис – антитезис – синтез; теория –және т. б.). Бұл заңның әсері дамудың кез келген сәтінде емес, тұтас салыстырмалы, біршама аяқталған процесте байқалады.
Диалектиканың принципі дегеніміз оның барлық заңдары мен категориаларының бірлігі болып табылады олар өзара байланыста, оларды бір-брінен бөліп алуға , бір-біріне қатаң түрде қарсы қоюға болмайды.
Синергетика ұғымы қазіргі ғылыми пікір таластарда, ғылым философиясының соңғы онжыл ішіндегі зерттеулерінде кең орын алып отыр. Терминнің өзі ежелгі грек тілінен аударғанда қатысу, көмектесу немесе қатысушы, көмектесуші деген мағына береді. Ғылыми зерттеуде келісімді әрекет, бірігіп қолдану деген мағынада пайдаланылады. Синергетиканың пәні өзін - өзі ұйымдастыру, спонтанды структурогенез болып табылады. Синергетика – дүниенің қазіргі бейнесін қамтиды: тұрақсыз, орнықсыз дүние концепциясын, дамудың белгісіз, көпальтернативтілігі, хаостан тәртіптің пайда болуы. Дүниенің қазіргі ғылыми бейнесі қозғалмалы, қайшылықты. Онда жауаптан қөрі сұрақ көп. Олтаңқалдырады, тұйыққа тірейді. Бірақ, танымға ұмьылған сана ізденісінің шегі жоқ. Сондықтан, жақын арада, тағыда таңқалдыратын жаңа идеялар ұсынылып, жаңалықтар ашылатытына күмән жоқ.
Бақылау сұрақтары:
1.Дүниенің ғылыми бейнесінің даму сатылары.
2.Болмыс ұғымы, болмыстың түрлері.
3.Материя түсінігінің қалыптасуы.
4.Қозғалыс, кеңістік, уақыттың қазіргі түсініктері.
5.Диалектиканың негізгі және негізгі емес заңдары .
6. Дүниенің постклассикалық емес бейнесі және синергетика .
Негізгі әдебиет
1.Ғабитов Т. Философия.- Алматы,2001
2.Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ. Философия.- Алматы, 2006
3.Тұрғынбаев Ә.Философия. – Алматы, 2005
Осымша әдебиет
1.Ғылым мен техника философиясы.ӘФМ. 20 томдық. Т.10. А.,2006
2. Таным теориясы. / Қазақ халқының философиялық мұрасы. 20 томдық. Т.18.А.,2006
Дәріс 12. Гносеология: жалпы мәселелері-2 сағат
Мақсаты: Философияның тағы бір негізгі саласы гносеологияның жалпы мәселелерін, танымның деңгейлерін, кезеңдерін, түрлерін сипаттау. Философиядағы сана мәселесінің ерекшелігіне, оның шығуы туралы ғылыми және концепцияларға талдау жасау.
Негізгі ұғымдар мен сөздер:Гносеология, эпистемология, мән және құбылыс, мазмұн мен түр, бүтін мен бөлік, агностицизм, ақиқат, гипотеза.
1.Таным философиялық мәселе түрінде.
2. Ғылыми танымның ерекшелігі.
Дүние тану деген не, оның негізгі формалары қандай, білмеуден білуге, үстірт білімнен терең білімге өтудің заңдылықтары қандай, ақиқат деген не және оған жетудің жолдары қандай, ақиқаттың критериі не-бұларды және бұлардан басқа да көптеген философиялық мәселелерді таным теориясы немеес гносеология қарастырады.
«Гносеология»-гректің» gnosis-білім және logos-сөз, ілім деген сөздерінен шыққан. Шетелдік әдебиетте бұл терминмен қатар «эпистемология» термині қолданылады-бұл терминмен әдетте олар ғылыми таным теориясы дегенді білдіреді.
Таным теориясының мәселелері философияның тууымен бірге пайда болды. Таным процесінің аталған мәселелерімен алғаш айналыса бастаған ертедегі грек философтары Демокрит, Платон, Аристотель және басқалар болды. Кейіннен бұл мәселелермен айналысқандар Ф.Бэкон, Р.Декард, Дж.Локк, Б.Спиноза, Г.Лейбинц, И.Кант, Д.Дидро, К.Гельвиций, Г.Гегель, Л.Фейербах, А.И.Герцен және көптеген басқа философтар өз үлестерін қосты.
Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып-білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір қоғамда, қоғамның практикалық қажеттілігіне сәйкес жүріп жатады. Ендеше, адамзат дамуында адам танымы қоғамдық, тарихи сипатта болады. Таным – адам санасын дамытудың негізі. Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуді таным теориясы деп атайды. Философияның негізгі мәселесін дұрыс немесе теріс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және иделаистік теория) қалыптасады.