Философиялық трактаттарда, әдеби шығармаларда экзистенциалистер адам өмірінің таргедиялық жақтарын көрсетуге тырысқан. Негізі мәселесі адам оның өмірі, бостандығы, жауапкершілігі. |
Өкілдері: М. Хайдеггер, А. Камю, Н. Бердяев, Ж.П. Сартр, К. Ясперс, Г. Марсель, т.б. |
Экзистенциализмнің пайда болуының себептері: - әлеуметтік-экономикалық себептер (1-ші және 2-ші дүние жүзілік соғыстар мен соғыс салдарынан туындаған әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар); - рухани адамгершілік себептер (адам психикасына әсер еткен себептер); - идеялық себептер (Кьеркегор, Шестов, Шопенгауэр, т.б. философтардың идеялары). |
Карл Ясперс (1883-1969жж.)неміс философы, психиатр, экзистенциалист.Гейдельберг университетінің психология және философия профессоры. 1948 жылы Базель университетінің профессоры. Шығармасы«Дүниетанымдар психологиясы».Оның пікірінше, адам өз «Менің» таба алмаған күйде өмір сүреді. Тек өмірінің соңында өмір мен өлімнің – шекералық жағдайында – адам өзін танып, өзімен байланыста орнатады. Карл Ясперстің пайымдауынша, философиялық ойлау дағдарысты кезеңде адамға шындықты тануға мүмкіндік береді. Болмыстың бірінші түрі заттық болмыс немесе әлемдегі болмыс. Бұл кезеңде шекаралық жағдай физикалық, моральдық немесе интеллектуалды апат жағдайында болды. Адам өз өміріне қанағаттанбағандықтан экзистенция әлеміне енеді. Экзистенция туралы философиялық ойлану адамға білім ретінде қабылданбайды. Ясперс ойлаудың екі түрін көрсетеді: 1) философиялық; 2) ғылыми ойлау. Ясперс түсінігі бойынша, қарым-қатынас философиялық ақиқаттың өлшемі деңгейіне көтеріліп, ақылмен теңдестіріледі. Тек қарым-қатынас қана адамға шынайы мән мағына берді. Моральдық-әлеуметтік және интеллектуалды зұлымдық Ясперс ең алдымен, пікірталасқа, сұхбатқа деген қабілетсіздікті көрсетеді. Трансценденттіктің заттық көрінісін Ясперс «шифр» деп атады. Шифрлар сенімде пайда болып қабылданады. Діни сенім шфрларды рәміздерге айналдырады, ал философиялық сенім мұны жасай алмайды. Ясперс бойынша, сенім – біздегі бар білім емес, сенім – адамды алға жетелейтін сенімділік. Ясперс кеңістік пен уақытағы жалпыадамзаттық қарым-қатынастың мүмкіндігіне деген сенімі, барлық уақытағы ойшылдардың достығы ретіндегі философиялық дәстүрді сезіне білумен байланысты. Осы уақыттардың байланысты тарихтың әмбебап мағынасын айқындаған осьтік уақытпен байланысты. Ясперс осьтік уақыт ретінде б.д.б. 800-200 жж. арасындағы уақытты көрсетеді. Бұл уақыт ежелгі Грек философтары, Көне өсиет пайғамбарлары, Зороастр, Конфуций және Дао, Буддизм және Жайнизмнің негізін қалаушылар өмір сүрген уақытты қамтиды. Бұл Батыс пен Шығыс мәдениетінің ортақ бастауларын көрсетеді. |
Г. Марсель (1889-1973 жж.) француз философы, драматург, католиктік экзистенциализмнің негізін салушы. Шығармалары: «Болу және ие болу». Өз философиясын христиандық сократизм деп атаған. Марсель дінді рационалды түрде негіздеу мүмкін емес деп санады. Ол болмыс мәселесін жеке адамның тіршілік тәжірибесімен байланыстырды. Ол шынайлықты болмыстың нақты әлемі және иелік етудің шынайы емес әлемі ретінде қарастырды. Марсель үшін болмыс құпия әлем. Ол адамды затқа айналдыратын техника әлемін сынға алды, орта ғасырлық дәстүрлі қатынастарды мұрат етті. Ол ілімін христиандық сократизм деп атады. |
Жан-Поль Сартр (1905-1980 жж.) француз философы, жазушысы, атеистік экзистенциализмнің өкілі. Шығармалары: «Болмыс және еш нәрсе», «Экзистенциализм бұл – гуманизм»және т.б.Экзистенциалды философиясының басты сұрағы – таңдау мәселесі деп есептеді.Философиясының басты ұғымы «өзің үшін болмыс». Адамның өін толық тануы осы «өзің үшін болмыста» іске асады. Адам өзін – басқаның оған қатынасы арқылы таниды; Адам өмірінің маңызды шарты, желісі, белсенділігінің негізі – бостандық; Адам өз бостандығын таңдау арқылы көрсетеді; мұндай өмірлік маңызды таңдау Сартрдаэкзистенциалды таңдау деп аталады. Адамда бостандықпен қатар жауапкершілік мәселесі туындайды, «Менімен болып жатқанның бәрі - менікі». Адам жаупты болмайтын бір ғана нәрсе бар ол – оның дүниеге келуі, ал қалғанының бәріне өзі жауапты. Сартр адам шындығының болмыстық формаларының көріністерін талдады. Сартр бойынша, болмыстың түрлері: 1) өзіңдегі болмыс; 2) өзің үшін болмыс, 3) өзге үшін болмыс. Бұл біртұтас адам өмірінің үш қыры. |
Альбер Камю (1913-1960 жж.)француз философы, жазушысы, 1957 ж. Нобель сыйлығының лауреаты.Шығармалары:«Бөгде», «Сизиф туралы аңыз», «Бүлікшіл адам».Философиясының мәселесі – адам өмірінің мағынасыздығы. Адам өмірі – абсурд. Оның екі дәлелі бар: - өліммен жүздесу - өмірде маңызды деп көрінетіндер (мансап, байлық, байланыстар) мәнін жоғалтып, мағынасыздыққа айналады; - дүние мен табиғатпен астасу – адам миллиондаған жылдар өмір сүріп келе жатқан табиғат алдында шарасыз екендігін сезіну. Камю бойынша өмір мағынасы – сыртқы дүниеде емес, адам тіршілік етуінде, бар болуында. |
Мартин Хайдеггер (1889-1976 жж.) негізгі шығармасы «Болмыс және уақыт». Хайдеггер бойынша экзистенциализмнің адам өмірінің қайғылы жағдайын көрсетуден және оған рақымшылық жасаудан көрінеді. Оның экзистенциалистің зерттеулері төмендегі мәселлерді қамтыды: - адам өмірінің мәнін ашу; - жаттану және оның сыртқа шығатын феномендерін көрсету; - ажал феноменін ашу; - үрей мәселесін ашу. Осы мәселелердің барлығын жинап адам мәселесіне айналдырады. Хайдеггердің ойынша, адам алдындағы өмір-ештеме емес . Адам алдында тек қана ажал бар. Ештеме дегеніміз - ажал. Сондай-ақ адам тіршілігінде екі қорқыныш түрі бар. Олар: 1) күнделікті қорқыныш; 2) онтологиялық қорқыныш. Күнделікті қорқыныштың себебі күн сайын тіршілікте кездесетін материалдық қажеттіліктерден (үй,мал-мүлік, ақша т.б.) туындайды. Ал онтологиялық қорқыныш адамның алға қойған мақсатына жете алмауынан, рухани күйзелістерден туындайды.Ол техника адам өмірінің мәнің өзгертеді деп санады. 1950 жылы Рим папасы экзистенциализмді айыптады. Жалпы алғанда, экзистенциализм индивидуализмді тәрбиелеудің философиялық негізі тұлғаның шығармашылық тыныштығы мен қоғам алдындағы жауапкершілігі мен дұрыс әрекет жасауын айқындайды. |
Постмодернизм (лат pos t- кейінгі, соңғы, модернизм-заманауи дегенді білдіреді). АҚШ пен Францияда кең тараған. Еуропалық мәдени дәстүрде постмодернизмнің пайда болуын Француздық мәдени құбылыс ретінде бағалайды. Ал, кейбір зерттеушілер АҚШ-пен байланыстырады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінің мәдениетінің түрлі салаларында елеулі өзгерістер орын алды. Модернистік қоғам индустриалды кезеңде пайда болады. Ал постмодернистік қоғам постиндустриалды тұтыну қоғамына тән. Постмодернизм ақпараттық қоғам, жүйелік қоғам, урбандалу және жаһандану сынды ұғымдармен байланысты. |
Постмодернизмнің көрнекті өкілдері: Ролан Барт, Жак Лакан, Жак Деррида, Жорж Батай, Жиль Делез, Мишель Фуко, Ричард Рорти т.б. |
Ролан Барттыңдүниетанымына маркстік ілім ықпал етті. Ролан Барт зерттеулерінде тіл және оның құрылымына ерекше мән берді. Ол тіл теориясы мен мәдениет семиотикасын зерттей отырып, әпсананы зерделеуге мән берді. Барт семиотикалық талдау әдісін мәдениетті зерттеуге бұрды. Мәдениеттің негізінде тілдің терең құрылымдық негіздері жатқандықтан, мәдениетті зерттегенде ең алдымен тіл және оның құрылымдарын талдауға назар аудару керек деп санады. Ол әпсана ұғымын зерттегенде заманауи қоғам өмірі де аңызға толы екендігін айқындайды. Қазіргі заманғы Батыс қоғамның идеологиясы бұхаралық санаға манипуляция жасайтын миф болып табылады. |
Мишель Фуконың дүниетанымына Батыс философиясының бағыттары ықпал етті. Ол білім мен таным, билік мәселелерін қарастырды. Фуко үшін білім билікке деген ырықтан пайда болып, биліктің құралына айналады. Зерттеушілер Фуконың шығармашылығын білім археологиясы және билік генеалогиясы деп екіге бөледі. Фуконың пайымдауынша әрбір дәуірдің өзіндік тарихи пайымдаулары мен пайымдау ережелері болады. Фуконың шығармалары: «Сөз және заттар», «Ақиқатқа деген ырық: білім, билік және құмарлықтың арғы жағында». |
Жиль Делезпостмодернизмнің дамуына елеулі үлес қосты, Фукомен достық қарым-қатынаста болған. Делез Батыс Еуропаның көрнекті философтары және Еуропалық философияның тарихына қатысты еңбектер жазды, шығармалары «Капитализм және шизофрения», «Ницще және философия». Оның шығармашылығына Ницщенің дүниетанымы зор ықпалын тигізді. Шығармаларында қоғам тарихы мен әлем құрылымы және адам өмірінің мәні мен маңызы туралы философиялық ой-толғаныстар жасайды. Делез философиядағы тұлғалардың дүниетанымындағы айырмашылықтарға ерекше мән береді. Сондай-ақ мәдениет және оның шығу тегін зерттеуде мәдени ерекшелік (гендерлік, нәсілдік, ұлттық, жас ерекшеліктерге байланысты) ұғымына мән береді. |
Жак Дерридаөз философиясының негізгі пәні ретінде тіл ұғымын алды. Ол Батыс мәдениетіндегі сөз бен хат ұғымдарының арақатынасын зерттеді. Батыс мәдениетіндегі сөз, дыбыс, дауыс ұғымдарының жазу мәдениетіннен басымдығын айқындайды. Жазу мәдениеті билік басындағылардың күш көрсету құралы ретінде, отырықшылдық қоғамындағы саяси жүйеде пайда болады. Жазу мәдениеті адамзат қоғамында билеуші топтың: абыздардың, аристократтардың, буржуазияның қолында болған. Қазіргі кезде бұхаралық ақпараттар құралдары қоғамдық пікірге ықпал етуші күш ретінде көрініп отыр. Деррида бойынша Батыс Еуропалық метафизиканың негізгі категориясы «қатысу» ұғымы болып табылады. Қатысу ұғымы арқылы философия үшін үш маңызды түсінікке көңіл аударады: 1) қатысу – болмыстың формасы ретінде; 2) қатысу – тіл формасы ретінде; 3) қатысу – уақыт формасы ретінде. Бұл ұғымдар Батыс еуропалық адам үшін тіршілік тәсілі ретінде қарастырылады. Ал тіл болса адам өмірінің іргелі өлшемі болып табылады. Жак Деррида шығармалары «Грамматология», «Әдебиет және өзгешелік». |
Жан-Франсуа Лиотар «Постмодерн шарттары» «Дискурс, фигура» шығармаларында қазіргі қоғамдағы білім және оның мәртебесін зерттейді. Лиотар үшін білім – қоғамда болып жатқан үдерістерді түсінуге мүмкіндік беретін бірден-бір шынайылық болып табылады. Білім қазіргі қоғам үшін қуатты әлеуеттік институт ретінде саясатқа, экономикаға, әскерге ықпал етеді. Мемлекет және ірі корпорациялар ғылымға орасан зор қаражаттар бөле отырып, ғылыми зерттеулердің тиімділігін талап етеді. Білім-ғылым-өндіріс байланысы қоғамдағы білімнің рөлінің өсуіне алып келеді. Білімнің құндылығы капитализм және техника дамуымен бірге қарастырылады. Білімнің коммерциализациялануы, яғни білім товарға айналып, алып-сату құралына айналады. Енді білімнің құндылығы оның пайдалылығы мен табыс әкелуімен өлшенеді. Ғылым қоғамда негізгі өндіріс күшіне айналады. Техникалық білмнің өлшемі, оның тиімділігі мен өнімнілігі болып табылады. Постмодерндік қоғамда университеттер ірі корпорациялармен бірігіп, оқу бағдарламалары мен жоспарларын құрады. Қоғамдағы ғалымдардың мәртебесі де өзгеріп, олар ірі бизнес құрылымдардың тапсырыстарын орындаушыларға айналады. Білім мәртебесінің өзгеруі студенттер мәртебесінің өзгеруін алып келеді. Компьютерлік және интернеттік дәуірдегі студент үшін дерексіз метафизикалық білімнің орнына,көзбен көзіп,қолмен ұстайтын көп ақша табуға және жайлы жұмыс орнын табуға көмектесетін практикалық білімдер қажет. Студент үшін интернеттен дайын материалдарды алу маңызды. Интернет адамзат қоғамындағы кітап оқу мәдениетін ығыстырып шығаруы әбден мүмкін. Газет журналдардың орнына олардың электронды нұсқаларын оқу тиімді деген түсініктер постмодерндік мәдениеттің белгілері.. |
Жан Бодриардыңдүниетанымына маркстік ілім ықпал еткенін айта кеткен жөн. Оның алғашқы еңбектерінде саяси экономика, тұтыну және айырбас, өндіріс мәселелері қарастырылды. Кейінгі шығармаларында Бодриар маркстік көзқарастан алшақтай бастайды. Шығармалары «Тұтыну қоғамы», «Өндіріс айнасы немесе тарихи материализмнің жұтаңдығы», «Рәміздік алмасу және ажал», «Симулякрлар және симуляция». Бодриар бұхаралық қоғам, жарнама, сән, ақпарат, теледидар ұғымдарын зерттеген. Қазіргі Батыс қоғамында социо-мәдени шындық ретінде тұтыну ұғымы шығады. Тұтыну жаңа әлеуметтік тәртіп ретінде құндылықтардың жаңа жүйесін жасап, адам мінез-құлқына ықпал етеді. Бодриар бойынша гипершындық шынайы дүниенің арғы жағындағы шынайлықты бенедейді. Бұл жаңа әлемде объекті маңызды рөл атқарады. Бодриар мәдениеттің төрт типін атап көрсетеді, бұл мәдениеттердің негізінде белгіге қатысты төрт қатынас бар: 1) феодалдық мәдениетте белгілер және олардың мағынасын қасиетті күштер (құдай, ата-баба рухы т.б.) анықтайды, мұнда сыни көзқарасқа орын жоқ, белгіге түрлі түсіндірмелер беру бидғат ретінде қатаң жазаланады; 2) ренессанстағы тәртіптегі белгі – көшірме тұптұсқаға қарағанда құнды болып табылады, мұнда белгілерге қатысты түсіндірмелер пайда болады; 3) капиталистік қатынастың белгісі – өндіруші, жасаушы өндіріс болып табылады, мұнда жаңа әлеуметтік тәртіп өндіру қабілетіне, күшіне қарай өлшенеді, адам жұмыс күші ретінде қарастырылады. Капиталистік қоғамның әлеуметтік негізін тап құрайды, қоғамдық өмірдің рухани негізі ретіндегі діннің орнын негізінде әпсана жатқан идеология алмастырады, дәстүрді қастерлеу және өткенді құрметтеудің орнына, ескінің көзі ретіндегі өткенді сынау және үнемі жаңаруға ұмтылу орын алады; 4) постиндустриалды ақпараттық қоғамның белгісі – симулякр немесе симуляция болып табылады. Симулякр басқа белгіге көңіл аудару болып табылады. Индустриалды қоғамның әлеуметтік негізі таптың орнына қоғамның жаңа негізі бұқара алмастырып, постиндустриалды қоғамның бұқаралық мәдениеті салтанат құрады. Постиндустриалды қоғамдағы әлеуметтік өзгерістің көзі апат болып табылады. Бұл қоғамда пиар акциялар, ақпараттық жанжал, қарым-қатынас экстазы орын алады. Постиндустриалды қоғамда белгі белгімен ауыстырылып, референттің айқындау аясынан шығып кетеді, ал бұл симулякр болып табылады. Бодриар философиядағы диалектикалық ілімді сынайды. Диалектика және оның заңдары қазіргі қоғамға қатысы жоқ. Оның ойынша, әрбір жүйенің өзіне тән «ажал нүктесі» болады, оған жету бұл жүйе үшін апатты жағдайды тудырады. Соғыс жүйесінде ядролық соғыста жеңімпаз бен жеңілуші болмайды, бұл әлемдік апатқа алып келеді. Ақпарат жүйесіндегі «ажал нүктесі» мағына мен білімнің апатына алып келеді, эконмика жүйесінің «ажал нүктесі» тұтыну апатына алып келеді. Кез-келген жүйедегі апат бұл қарама-қарсылықтардың ең жоғарғы шиеленісуі болып табылады. Бұл шиеленіс жүйенің толық күйреуімен аяқталады. |
Кезеңі | Қарастырған мәселесі | Өкілдері |
Алғашқы кезеңі – XI – XҮІІ ғғ. бұл кезеңді: Ерте кездегі орыс философиясы немесе орыстың ортағасырлық философиясы деген атауларға ие болады. Кезеңнің ерекшелігі: Киевтік Русьтің 988 ж. христиандық дінді қабылдауымен байланысты. Орыс философиясы славян халқының мәдениеті мен дүниетанымының ерекшеліктерімен және Византиялық православиялық философия және Антикалық философиялық идеялармен байланысты болды. | ü адамгершілік және мораль; ü христиандықты уағыздау; ü мемлекет, құқық, ü табиғат ü орыстық руханиятты сақтау; ü азатттық үшін күрес; ü мемлекет құрлысы, ü таным. | Орыс мәдениеті мен философиялық дәстүрінде ІХ ғасырда Кирилл мен Мефодий жасаған жазба тілі өзіндік рөл атқарды. Иоанн Дамаскийдің «Білім қайнары», Иоанн Болгарскийдің «Алты күн» Владимир Мономах «Поучение» митрополит Илларион«Ізгілік пен заң туралы сөзінде» Монах Филарет (ХVІ) «Москва – үшінші Рим» Климент Солятич «Пресвитер Фомаға жолдама» Филипп Пустынник «Плач» |
Екінші кезеңі XVIII ғ. ағартушылық дәуір философиясы | ü саяси-әлеуметтік мәселелер ü соғыс және бейбітшілік; ü таным; ü құндылықтар; ü ағартушылық, ü деизм, ü басыбайлылыққа қарсылық. | Феофан Прокопович, В.Н. Татищев, Дмитрий Кантемир, М.В. Ломоносов «Жер қабаттары туралы», «Жылу мен ыстықтың себебі туралы толғаныстар», А.Н. Радищев «Тобылдағы досқа хат», «Еркіндік ордасы» «Ф.В. Ушаковтың тұрмысы», «Петербургтен Москваға саяхат», «Адам, оның өлімі мен мәңгілігі» |
Үшінші кезеңі ХІХ ғ. орыс философиясы Декабристер, батысшылдар мен словянофилдер, революцияшыл-демократиялық, либералды философия | Декабристер: ü табиғи құқық, ü құқықтық құрлыстың қажеттілігі, ü басыбайлылықты жою, ü адамның жееке бас бостандығы, ü самадержавиені республикамен алмастыру | Декабристер: П.Пестель Н. Муравьев, М.Лунин, В. Кюхельбекер, И. Кереевский |
Тарих философиясы ü Тарихқа, мемлекеттер мен халықтар тарихына әсер ететін алғышарт – география деп санады. ü крепостнойлықтың, орталық биліктің деспоттығының тереңінен тамыр жаюы Ресей территориясының кеңдігінен деп есептеді. ü католиктік Батысты Ресейге үлгі ретінде ұсынды және Ресейдің Батыстан ерекшелігі оның ғаламдық миссиясында жатыр деп есептеген. | П.Я. Чаадаев Философиялық хаттар“ „Жындының апологиясы“. |
Славянофильдер ü Ресейдің өз болмысымен дамуын үгіттеді. Ресей ешқашан Батысқа бет бұрмай, ондағы индивидуализм, рационализм, екіге бөлінушілік сияқты идеяларды ескермеуі қажет дегенді ұсынды. ü қоғамдық дамудың принципі православия, халықтық самодержавиясы болуы керек. ü Русьтің еркіндік пен адамдар арасындағы ортақ құндылықтарды ардақтайтын соборлық туралы ой Русьтің еркіндік пен адамдар арасындағы ортақ құндылықтарды ардақтайтын соборлық туралы ой. ü қоғамның тұтастығының негізі ретінде ортақ адамгершілік құндылықтарды мойындайтын азаматтардың еркіндігі мен ерекше жеке ерекшеліктерін сабақтастыратын әлеуметтік өмірқоғамның тұтастығының негізі ретінде ортақ адамгершілік құндылықтарды мойындайтын азаматтардың еркіндігі мен ерекше жеке ерекшеліктерін сабақтастыратын әлеуметтік өмір. ü Ресейдің ерекше рөлі христиандық шіркеудің ақиқат ілімі, православияны ұстануында жатыр. Әрбір мәдениет халық ұстанатын дінмен айқындалыды. | А.С. Хомяков, К.С. және И.С. Аксаковтар, Ю.В. Самарин, А.Н. Островский. |
Батысшылдар ü Ресейдің дамуын Батыс Еуропаның тарихи жетістіктерін игерумен байланыстырды. ü Олар Батыстық даму жолы - бұл жалпы адамзат өркениетінің жолы деп айқындады. Олар үшін рухани идеал –католиктік сенім. ü Батысшылдар арасынан орыстың революцияшыл демократтары шықты. | П.Я. Чаадаев, Грановский, К.Д., В.Г. Белинский А.Г. Герцен «Кім жазықты», «Табиғатты зерттеу туралы хат», «Табиғаттағы адамның орны туралы» |
Революцияшыл-демократиялық философия ü әлеуметтік-саяси бағытылығы болды. ü саяси және экономикалық құрлысты терістеп, өз ойларын ұсынды | Н.Г.Чернышевский «Философиядағы антропологиялық принцип», Ф.М. Добролюбов, Д.И. Писарев, т.б. |
Халықшылдар ХІХ ғасырдың 60-70 жж. ü орыс халқының төлтумалығына сүйене отырып, капитализмге соқпай социализм орнату идеясы ü Орыс социализмінің экономикалық және рухани негізі орыс шаруаларының қауымы деп есептеді. | Н.К.Михайловский, М.А.Бакунин, П.Л.Лавров |
Діни философия ü орыстың келешегі капитализмде, социализмде де емес ұлттық дәстүрде деп түсінді. ü Дін –мемлекет тарихымен қатар, адам тағдырында да маңызды рөл атқарады. ü еркіндіктің жолы – Жаратушының бұйрығына мойынсыну. ü Құдай әлемдегі адамгершіліктің түпкі негізі болып табылады. (Достоевский( | Ф.М. Достоевский «Қылмыс пен жаза», «Нақұрыс», «Ағайынды Карамазовтар», Л. Н. Толстой |
Либералды философия ü Ілімінің негізі - Құдайды абсолютті бастама мен әлемдік дамудың мақсаты ретінде қарастырған біртұтастану идеясы болды. Әлемнің алғашқы бейнесін Құдайлық даналық – София кейпімен түсіндірген. софия – бұл әлемнің жаны. Әлем жаны Жаратушы мен жаратылысты байланыстырып, Құдай, Әлем және Адамзатты біріктіреді. ü Құдайадам идеясы барлық индивидттер ұмтылатын мұрат болуы тиіс. ü соборлық, біртұтастану және адамның абсолютті құндылығы. Соборлық дегеніміз-адамдардың бір-біріне және құдайға деген сүйіспеншілігі негізінде бірігуі. ü адамның діни және әлеуметтік өмір сұраныстарын христиандық дін атқаруы тиіс деп есептеді. | В. Соловьев (1853-1900 жж.) “Өмірдің рухани негізі”, “Ресей және Бүкіл әлемдік шіркеу”, “Табиғаттағы сұлулық”, “Сүйіспеншіліктің мәні” |
Төртінші кезеңі ХХ ғ философиясы | Діни философия ü дін мәселесі, шіркеуге біріктіру, бұл арқылы қайғы-қасіреттен арылу (С.Н. Булгаков) ü Шіркеу қоғамның рухани орталығы ретінде адамдарды діни негізде біріктіреді. Бірқұдайлық пен аскеттік өмір салтынажасау арқылы,әлемді өзгертуге қабілетті рух бостандығына үміт ету (Н.А. Бердяев) ü дүние өзара байланыстар мен қайшылықтардын тұратын тұтастық бұл – Құдайдың жалғыздығы мен беріктігінің белгісі (П.А.. Флоренский) | Діни филсофиясы (ХІХ ғ. аяғы –ХХ ғ. басы) өкілдері С.Н. Булгаков, П.А.. Флоренский, Н.А. Бердяев : “Бостандық философиясы”, “Шығармашылықтың мәні”, “Өзіндік таным”. |
Космизм ü адам мен ғарыштың берік байланысы ü тіршілктің үздіксіз эволюциясы ü адамның ғарыштық табиғаты және жасырын рухани күщі, ü адамның рухани мәнәнің ажалсыздығы; ü ғарыш сансыз көп монадалардан тұрады, жер бетіндегі өркениет монадалардың өзара байланысы, өмірі арқылы іске асады (Н.В. Бугаев) ü ноосфера – адамзат пен табиғат арасындағы байланыстан туындағын ақыл-парасат сферсы. Ноосфера кеңейеді, болмастың басқа сфераларын қамтып, ғарышқа таралады (В.И. Вернадский) ü болмастың жоқтан бар болмайтынды, материяның мәңгілігі және негізі атомдар. Жер бетіндегі өркениеттен де басқа өркениеттер бар, өйткені космос – жанды. Адамзаттың космосты толық игеру, болашақта планетааралық өркениеттердің қатынасы болатындығына сену (К.Э. Циолковский) ü космостық биология - тіршілк сферасы дамудың ішкі себептері, ғарыштық сфера сыртқы себептері болады. Жер бетіндегі өзгеріске әсер ететін – Күн. (А.Л. Чижевский) | Н.В. Бугаев, В.И. Вернадский, К.Э. Циолковский, А.Л. чижевский |
Маркстік философия ü қоғамдық саяси құрылымды өзгертуге байланысты практикалық бағыт ü диалектикалық материализмді насихаттау ü тарихтың материалистік түсінігін жалғастыру ü әлемнің танылатындығы мен объективті шындықтың тіршілік принциптерін ұстану. | Г.Плеханов «Социализм және саяси күрес” В.И. Ленин |
Ғылыми-жаратылыстық философия ü Материалистік – болмысты жаратылыстану ғылымдар тұрғысынан қарастырды. Атаомдар құрылысының күрделігін, көптүрлілігін анықтады. Сананы материалистік тұрғыдан тұсіндірді. ü Саяси-әлеуметтік бағыты қоғам мен табиғатты көпфакторлы біртұтас құбылыс деп қарады. Қоғам дамуына ықпал ететін географиялық, климаттық, экономикалық және т.б. факторлар, қоғам объективті заңдарға тәуелді. | Материалистік бағыт Сеченов, Менделеев, Тимирязев. Саяси-әлеуметтік бағыт Мечников, Ковалевский |
Кеңестік дәуір философиясы ü кеңестік дәстүрдің мықтылығы | Н.И. Бухарин, А.Багданов, А.Ф. Лосев, Л. Гумилев, М. Мамардашивили. В. Асмус, Ю. Лотман |