Тақырып 10. Ғылыми дәстүрлер және ғылыми революциялар
Дәріс мақсаты:ғылыми дәстүрлер мен ғылыми революциялар арасындағы байланысын ашу, олардың ғылыми рационалдылық түрлерінің ауысуына ықпалы.
Жоспар:
1. Ғылыми дәстүрлер жәні жаңа білімнің туындауы.
2. Ғылыми революциялар типологиясының мәселелері.
3. Жаһандық революциялар және ғылыми рационалдылық түрлерінің аусуы.
Негізгі түсініктер:ғылыми дәстүрлер, ғылыми революциялар, ғылыми рационалдылық.
Ғылыми дәстүрлер және жаңа білімнің тууы.Ғылымдағы дәстүрлер – ғылыми білімді трансляциялау, сақтау және жинақтау механизмы. Дәстүрлер ғылымның толықтай әлеуметтік институт ретіндегі іргелі тірегін құрайды. Дәстүрлермен ғылымда әлемді тануға деген тұрақталған нақты көзқарас байланысты. Ол ғалымдардың ұрпақтарымен өндірілген жаңа ғылыми міндеттерді қою әрекеті еді. Дәстүрлер болуына қарай бөлінеді – олар мәтіндер, монографиялар, оқулықтарда көрсетілген немесе вербалды әрекеттер негізінде нақты сипаты жоқ болып келеді. Вербалды емес (немесе анық емес) білімдер мысалдар ретінде оқытушыдан оқушыға, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп отырады (Майкл Полани «Анық емес білім»).
Ғылымдағы жаңалықтар тек дәстүрлер негізінде мүмкін бола алады.
Ғылыми революциялар типологиясы мәселелері.Ғылыми революциялардың төмендегі негіздері бар төрт түрін айтады:
- Жаңа іргелі теоретикалық концепциялардың туындауы;
- Жаңа тәсілдерді жасап шығару;
- Зерттеудің жаңа объектілерін ашу;
- Жаңа әдістемелік бағдарламаларды қалыптастыру.
Сонымен қатар, басқа да негіздер бойынша ғылыми революциялар түрін ерекшелейді:
- өзгермелі ғылыми білімнің сегменты бойынша: жаңа тәсілдердің ашылуы, жаңа парадигмалардың пайда болуы;
- қамту аумағы бойынша: жаһандық революциялар, жеке (жекеленген ғылымдарда), кешенді (Дарвин теориясы ж.т.б.).
Ғылыми революциялардың қалыптасу механизмі Томас Кунның «Ғылыми революциялар құрылымы» атты еңбегінде сипатталған. Оның көрсеткіштері:
- Іс жүзіндегі парадигмаға қанағаттық танытпау;
- Парадигмалды теорияның «қатты өзегіне» қол тигізу;
- Тексеріліп жатқандардың ізделіп жатқан эксперименттерден асып түсуі;
- Ғылым негіздемесіне деген жоғарғы қызығушылық.
ЖаҺандық революциялар және ғылыми рационалдылық түрлерінің ауысуы.Ғылым тарихы мен философиясында төрт жаһандық ғылыми революцияларды айтады:
- классикалық жаратылыстанудың туындауы;
- жаратылыыс-ғылыми революциясы;
- классикалық емес рационалдылықтың қалыптасуы;
- постклассикалық емес рационалдылықтың қалыптасуы.
Әлем бейнесі мен танымның идеалдарын қайта қарастыру олардың табиғатына сын көзбен қараудан басталады. Егер де бұрын олар зерттеліп отырған ақиқаттың өз мәнін бейнелесе, ендігі жерде олардың саналы түрдегі өтпелі сипаты бейнеленеді. Мұндай түсінік әлем бейнесіне деген қатынасты зерттеліп отырған ақиқатқа және таным идеалдарының тарихилығын түсінудегі сұрақтардың қойылуын меңзейді. Философиялық талдау ғылыми ізденістің ескі негіздемесін сынаудың қажетті шарты болып табылады.
Сыни қызметпен қатар, философия конструктивті қызметті де атқарады, жаңа негізгі зерттеулерді өндіруге көмек көрсетеді. Әлемнің бейнесі де, түсіндіру мұраттары мен негіздемелері, ұйымдары да таза күйде жаңа эмпирикалық материалдан индуктивті жол арқылы алына алмайды. Осы материалдың өзі оны бейнесін көрудің кейбір тәсілдеріне сай ұйымдасып түсіндіріледі, ал бұл тәсілдер әлем бейнесін және таным идеалдарын түсіндіреді. Жаңа эмпирикалық материалды тек жаңа ақиқаттың ескі көрінісін түсіну арқылы ғана елестете аламыз, дегенмен бұл көріністің қандай екенін өзі көрсетіп отырмайды.
Әлем бейнесінің және мұраттардың қайта құрылуы ерекше идеяларды қажет етеді, ол ақиқат жайлы ескі түсініктердің элементтерін қайта топтастыруға мүмкіндік жасайды, жинақталған дәйектер мен парадокстарды ассимиляциялауға шешуге кқмектеседі. Осындай идеялар ғылымның танымдық жағдайларындағы философиялық талдау аумағында қалыптасады. Олар зерттеулердің қарқынды дамуын қамтамасыз ететін жалпы эвристика ролін атқарады.