Рмалы, соқпалы аспаптар

Бұл аспаптар туралы белгілі ғалым А.Мұхамбетова былай дейді: «Ударные инструменты использовались жителями аулов для передачи сигналов о предстоящей охоте, перекочевках, совершении религиозных обрядов. Их использовали на охоте и в военных походах. В знак прекра­щения войны противники обменивались ударными инструментами».[10]

Сондай аспаптардың бірі – дабыл.Ол кәзіргі оркестрлерде қолданы­латын үлкен барабанға ұқсайды, бел ортасы ағаштан жасалады да екі жағы терімен қапталады. Дабыл туралы эпос жырларында көп айтылады.

рмалы, соқпалы аспаптар - student2.ru
рмалы, соқпалы аспаптар - student2.ru

Дауылпаз бен шыңдауыл көлемі жағынан кішірек болып келеді, кәзіргі кездегі литаврға ұқсайды.Олардың бір бірінен айырмашылығы жасалатын материалында – дауылпаздың бел ортасы ағаштан жасалса, шыңдауылдыкі темірден жасалады. Екеуі де аңшылық пен жорықтарда қолданылған.

рмалы, соқпалы аспаптар - student2.ru Даңғыра мен кепшік –бубен тәрізді аспап. Екі жағы да терімен қап­талған.Даңғыраның ішіне темірден жасалған сылдырлақтар ілінеді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұрынғы кездебақсылардаңғыраны өз «ойын­дарында» пайдаланған. Кеп­шікте темір сылдырлақтар болмайды.

Асатаяқ – кәдімгі таяққа не­месе тақтайшаға ілінген қоңы­рау мен сылдырлақтар. Бұрынғы кезде оны да бақсылар қолданған деген мәліметтер бар. Кейін асата­яқ­ты ауыл аралап жүрген диуаналар (дервиштер) пайдаланған.

Қоңырауән, күй орында­ғанда қосымша үн беру үшін домбыраға, қыл қобызға, асатаяққа ілінеді. Әйелдер шаңқобызда ойғанда қоңырауларды саусақтарына таққан.

Шаңқобызтемірден, кей кездерде күмістен немесе басқа асыл заттардан жасалған. Иілген темірдің ортасында жіңішке тілшігі болады. Ойнаған кезде шаңқобызды тіске тіреп тұрып тілшігінсаусақпен шертеді. Тілшіктен шыққан дыбыстар тістер арқылы ауыз қуысына барып ұлғаяды. Орындаушы ауыз қуысының көлемін өзгерту арқылы дыбыстардың бояуын түрлендіріп отырады. Шаңқобызтабиғи обертондарға бай. Орындаушылар аспаптан шыққан үнге өзінің дауысын қосып екі-үш дауысты әуендер шығара алады.

рмалы, соқпалы аспаптар - student2.ru

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Ұрмалы және соқпалы аспаптар, олардың қолданатын салалары.

2. Бақсылар қолданған ұрмалы аспаптар.

3. Шаңқобыздың құрылымы, орындау тәсілі.

ІІ бөлім

Халық кәсіби композиторлардың шығармашылығы

Тақырып

Құрманғазы (1818-1889)

рмалы, соқпалы аспаптар - student2.ru

Құрманғазы Сағырбайұлы – ұлы күйші, батыс Қазақстан өңірінің көрнекті өкілі, көптеген домбыра күйлерінің авторы, әрі орындаушысы. Төкпе күй дәстүрінің тамаша жетістіктері ең алдымен Құрманғазының есімімен байланысты. Халық берген «күй атасыҚұрманғазы» деген атақ күйшіні аса жоғары қастерлеудің белгісі ғана емес, ол ең алдымен күйшінің ұлттық музыка мәдениетіне қосқан зор үлесінің айғағы.

Құрманғазы дәстүрлі домбыра өнерін көптеген жаңа жетістіктерге жеткізді, жанрлық, мазмұндық-бейнелік шеңберін кеңейтті, жаңа тәсілдер енгізіп орындаушылық дәрежесін көтерді. Осының бәрі Құрманғазының өнерін ұлттықмузыка мәдениетіндегі қайталанбас бірегей көрінісі ретінде танытады.

Наши рекомендации