Нердегі типтілік мәселесі. Типтік бейне.
Жоспары:
2.1 Типтік құбылыс, типтік шындық туралы түсінік.
2.2 Типтендіру түрлері және ерекшеліктері. Типтендірудің өнер заңдылығы (Гегель, Белинский) екендігі
2.3.Көркем бейненің танымдық-эстетикалық мәні. Әдебиет туралы ғылымның көркемөнер теориясы, эстетика, философия, тарих. тіл білімі т.б. ғылым салаларымен байланысы.
Әдебиеттер:
1. Белинский В.Г. Әдеби-сын мақалалар. Алматы, 1987.
2. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. Алматы, 1966.
3.Мақпырұлы С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. Алматы, РБҚ, 1994.
5.Әдебиеттану терминдерінің сөздігі .1998.
6. Бахтин М. Вопросы литератури «эстетики». М., 1975.
7. Гегель Г.В. Эстетика. В 4-х томах. Т.3. М., 1971.
Өткенде шығармашылық процесс барысын пайымдағанда типтендіру, көркем жинақтау секілді аса маңызды ұғымдар сырын түсіну, білу қажеттігін бастап айтқанбыз. Енді осы әңгімені жалғастырмақпыз.
Әдебиеттану ғылымында біріншіден, типтендіру немесе типизация, көркем жинақтау деген ұғымдар әдетте өзара мәндес түсініктерді ретінде қатар алынып қолданылып жүр. Бұл дұрыс.
Типтендірусіз, көркем жинақтаусыз өмір шындығы өнер шындығына, яғни көркем шындыққа айналмайды. Гегельдің «типтендірусіз көркем шындық жасалмайды» деуі, сондай-ақ, Белинскийдің «Типизм дегеніміз шығармашылық заңдарының бірі, онысыз шығармашылық жоқ» деп тұжырымдауы бұл мәселенің айырықша маңызын танытады.
Алайда, бір ескерер жайт типтендіру барлық өнер түрлеріне емес, реалистік өнерге ғана тән ерекшеліктердің бірі. Орыстың В.Днепров, Б.Сучков сынды ғалымдарының пікірінше типтендіру (типизация) өнердің реалистік арнада дамуының жоғары кезеңінде ғана байқалатын ерекшелік. Нағыз реалистік өнерге тән заңдылық. Типтендіру проблемасының ғылымда ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қатты көтерілуі, күн тәртібіне қойылуы тегін емес. ХІХ ғасыр реализмнің, реалистік өнердің Европада, орыс әдебиетінде айырықша дәуірлеген кезеңі төл әдебиетіміздегі Абай өлеңдеріндегі үздік көркемдік жинақтау үлгісін еске түсірейік. Абайдың сатиралық өлеңдеріндегі типтер, саяси-әлеуметтік лирикасындағы өмір шындығының терең бейнеленуі, мұның бәрі шынайы, кемелденген реалистік өнерге тән ерекшеліктер.
Типтендіру яки көркем жинақтау, сонымен өнер заңдылығы. Бұл қаламгердің жазатын тақырыбына, өзін толғандырған өмір мәселелеріне орай зерттеп-жинаған материалын (тарихи деректері, ауызекі әңгіме, шешендік сөз, архив құжаттары, кино-теледидар хабарлары, қойылымдары, баспасөз материалдары, өмірбаяндық жайлар, естеліктерді, түрлі құжаттар т.б.) шығармасында бейнелер уақытқа, кезеңге, кейіпкерлер болмысына, танытпақ идеясына, көзқарасына сәйкес лайықтап екшеп-елеуі, аса мәнді, қажетті деген дерек, фактілерді, оқиғаларды сұрыптауы. Сөйтіп осындай сүзгіден өткен, таңдалып-іріктелген материалдарды шығарманың сюжеттік-оқиғалық желісінде, көріністерде кейіпкерлер тұлғаларын даралау, мінездерін айқындау, бір-бірімен қарым-қатынасын бейнелеу мақсатында шеберлікпен қолдана білу. Өмір шындығынан алынып, сұрыпталып, жинақталған әрбір дерек, деталь, факт шығарма идеясына сай суреттеліп отырған оқиғалар желісінен, кейіпкерлерді қарым-қатынасы жүйесінен, тартыстан өзінің лайықты орнын алуы шарт. Көріп отырғанымыздай типтендіру, жинақтау процесі өмір материалына, яғни өмір шындығына негізделеді екен.
Суреткер әрине, кез келген өмір құбылыстарына, оқиғаларына көңіл аудара бермейді, оны қоғам тіршілігінде орын алған типтік шындық, типтік құбылыстар көбірек қызықтырады, міне ол осы жайларды барынша жан-жақты зерттеп, жинақтап, көркем шындыққа айналдырады.
Көркемөнер теориясында типтілік мәселесі, типтік құбылыс немесе типтік шындық деген ұғымдар бар. Бұлар өте келелі, ауқымды әрі маңызды мәселелер.
Типтендіру процесінің жай-жапсарын типтілік, типтік шындық ұғымдарымен сабақтастықта ғана толық түсінуге болады.
Ғылымда типтілік немесе типтік шындық, құбылыстар деп қоғам өміріндегі мынадай екі жағдайды айтады.
1) Өмірде, адамзаттың қоғамдық өмір-тіршілігінде бұрыннан бар, сан ғасырлар бойы қалыптасқан, халықтың, ұлттың өмірінің ажырамас көрінісіне айналған құбылыстар, адамдық қарым-қатынастар, салт-дәстүрлер, шаруашылық кәсібіне, жалпы өміріне байланысты орныққан түсінік-ұғымдар, ерекшеліктер, жайлар.
2) Қоғам өмірінің тыныс-тіршілігінде бүгін сиректеу кездессе де, даму, өркендеу болашағы мол құбылыстар, жағдаяттар да типтік құбылыстар қатарына жатады.
Енді нақтырақ тоқталайық.
Ұлттың, халықтың қоғамдық өмірінің бар саласында кең орын алған, оның тарихи өмір-тіршілігінің ажырамас белгі-көрінісіне айналған құбылыстар, көріністер дегеніміз не? Қазақ халқының тарихи өткен өмір өткелдеріне қатысты айтар болсақ, бұл жер дауы, жесір дауы, барымта, халықтық әдет-ғұрып, салт-сана, кәсібіне, тұрмысына байланысты қалыптасқан басқа да жайлар (саятшылық, мал бағу, қыз ұзату, келін түсіру т.б.).Халқымыздың өткен өмір жолдарын негізгі кәсібі мал болғандықтан жер дауынсыз, ескі ұғым, әдет-салт үстемдік еткендіктен жесір дауынсыз, ру мен ру арасындағы немесе билікке таласқан болыс-билер арасындағы бітпейтін бәсеке-бақталастықсыз, барымтасыз елестету қиын. Сондай-ақ ХУІІ-ХУІІІ ғғ қазақ еліне жасалған шапқыншылық жорықтар, үдере көшкен, азып-тозған халық тіршілігі, есін жиып елін жауға бастаған ерлер, батырлар жорығы, қанды шайқастар, қазақ елінің жеңісі, міне бұл жайлар да аталған ғасырларға тән типтік шындық, типтік көріністер. Одан бергі дәуірлердегі отаршылдық кезеңінің өз типтік көріністері, өз типтік шындығы тағы бар...
Кешегі социалистік қоғамның типтік шындығы (20-30 жылдардағы ұжымдастыру, байларды конфискелеу, 30-жылдар аштығы, репрессия, тап тартысы, бесжылдықтар, колхоздар, съездер, партия, комсомолдық іс-шаралар, салтанатты мерекелер, еңбекшілер шеруі т.б.) өз алдына бір басқа.
Типтік шындық, типтік көріністер белгілі бір қоғамның шындығынан туындап қалыптасады, орнығады. Алайда кейбір типтік көріністер мен құбылыстар қоғамдық өзгерістерге орай жойылып, өмірден кетіп, орнына жаңадан туындаған құбылыстардың (ұнамды, ұнамсыз)келуі де заңдылық.
Социалистік қоғам ыдырап, орнына нарықтық кезең, жаңа қоғамдық қарым-қатынастар орнады. Осыған сай қоғамымызда жаңа типтік құбылыстар, көріністер бой көтерді (жұмыссыздық, жабайы сауданың етек алуы, қылмыстың күшеюі, қарттар үйлері, жетімдер үйлерінің көбеюі, ақылы оқыту, жекеменшіктік кәсіп түрлері т.б.). Бұл бүгінгі қоғамдық өмірдің ұнамды, ұнамсыз типтік құбылыстары, шындығы. Бүгінгі заман, қоғам тақырыбына қалам тартқысы келген жазушы бұл типтік көріністерге көз жұма қарай алмайды. Бұл типтік шындық көріністерін зерттемей және шығармасында бейнелемей тұрып, жазушы бүгінгі аласапыран өмір шындығын шынайы таныта алмайды.
Сонымен, типтік шындық немесе типтік құбылыс, көріністер дегеніміз қоғам тіршілігінде кеңінен орын алған құбылыстар, бір сөзбен айтқанда заман шындығы екен.
Типтік өмір шындығы немесе құбылыстардың өнер үшін маңыздылығы неде? Неліктен қаламгерлер өз туындыларында типтік өмір шындығын, көріністерді бейнелеуге, танытуға баса көңіл бөледі? Қаламгер үшін мұндай құбылыстарды егжей-тегжейлі зерттеу және бейнелеу белгілі бір дәуірдің тынысын, сол кезеңдегі қоғам, халық өмірінің алуан маңызды қырларын қамти және оны шынайы таныту үшін керек. Әйгілі «Абай жолы» роман-эпопеясын алайық. Шығармада ХІХ ғ.ІІ жартысындағы және ХХ ғ. Басындағы қазақтың қоғамдық өмірінің алуан қырын танытатын қаншама типтік көріністер (жер дауы, жесір дауы, билер кесімі, ру мен ру арасындағы бақталастықтар, билікке таласу, болыс сайлауы отаршылдық әкелген билік-басқару жүйесіндегі және тұрмысындағы өзгерістер т.б.) көркем бейнеленуін тапқан. Және бұл типтік құбылыстардың бейнеленуі шығарманың реалистік сипатын ерекше арттырып тұр.
Сонымен типтендіру, көркем жинақтау типтік өмір құбылыстарына негізделеді екен.
Типтендіру жалпы алғанда екі бағытта (ортақ мақсаттағы) іске асырылатынын ұмытпау жөн. Біріншісі, жоғарыда айтылып өткендей өмір материалын сұрыптау және оларды шығарма сюжетінде, оқиғалар желісінде идеяға сай іске жарату. Екіншісі, көркем бейне сомдау процесінде оның характерін даралау мақсатында прототипті пайдалану, басқа да типтендіру амалдарын іске асыру.
Сөз өнерінде көркем бейнені мүсіндеу, характерін даралау процесінде қолданылатын типтендіру тәсілдері де алуан түрлі. Негізінен көркем бейнені тұлғалауда қолданылатын типтендірудің үш түрі бар. Соларға жеке-жеке тоқталып, мысалмен ой-пікірімізді дәйектейік.
1. Белгілі бір әлеуметтік топтың, қауымның шындығын, арманын, көзқарас-танымын бір көркем бейненің тұлғасында жинақтап таныту. Бұл көркем бейнені жасауда өте жиі кездесетін әрі өнімді тәсілдің бірі. Төл әдебиетіміздің арғы-бергі тарихына барласақ, мысалды көптеп табамыз. Әжібай, Жорға Нұрым, Құнанбай, Дәркембай, Базаралы, Шәкен мырза, Тәңірберген, Еламан, Жәдігер, Әзім... Бұлар көзқарақты оқырмандарға етене таныс әр заманның әлеуметтік типтері. Дәркембай бейнесі арқылы қарапайым халықтың қасиеті де, қасіреті де танылса, Базаралы да сол көпшіліктің, халықтың өкілі, оның өрелі, ірі, кесек әрекеттері, биік рухы, күрескерлігі, арман ойы халық аңсарымен тығыз қабысып жатыр. «Қан мен тердегі» тәңірсінген Тәңірбергенді алыңыз. Дүмді ортаның өкілі, ағасы болыс болған, солқылдаған бай мырзасы, еркін әрекет, биліктің иесі Тәңірберген бейнесі, оның замана желі басқаша соғып, кешегі елеусіз Еламандар тарих сахнасына шыққан, тап күресі қызған кездегі іс-әрекеттері, ақ әскеріне жолбасшы болуы, тарих дөңгелегін кейін бұрғысы келіп жанталасуы көп нәрсені аңғартпай ма?
2. Типтендірудің амал-тәсілі бір ұлтқа, халыққа тән озық ұлттық қасиет-сапаларды, таным-түсінікті бір көркем бейненің тұлғасында жинақтап беру. Бұл, әрине, ұнамды типтің, бейненің тұлғасы арқылы танылатын идеялық шешім. Жоғарыда аталған Дәркембай қарт, Абай, Базаралы, Қанағат би («Соңғы көш»), Сырбай.....
С.Мұқановтың «Сырдария» романындағы Сырбай бейнесіне тоқталайық. Сырбай даламыз қандай кең болса, көңіл-пейілі де сондай кең, бар болмысымен (ой-толғаныстары, таным-түсінігі, іс-әрекеті, өзгелермен қарым-қатынасы т.б.) қазақ халқының асыл мінезін танытатын ұлттық жиынтық бейне. Оның танымында, іс-әрекетінде бұған мысалдар көп. Мәселен, қарттың канал құрылысы басталғанда салтанатты жиын алдындағы құрбандық шалу ниетін алайық. Жаңа заман канал құрылысын бастарда өз жоралғысын (салтанатты митинг) жасаса, ұлттық таным иесі, халықтың ұлы арманы іске асатын болды деп қуанған Сырбай қарт бұл оқиғаға орай халық дәстүріне сай құрбандық шалып, істің сәтін тілемекші болады. Жалғыз ұлы Дәулет қан майданда жүргенін еске алып, «Жалғыз аяқ ас төгілсе, арты тықыр қалады-ау» деп уайымдап, баласының перзентті болуын тілейді. Келінінің аяғы ауыр екенін естігендегі оның ішкі ойын қаламгер былай береді: «Нәсіл деген сөзді «ұл» деп ұғатын ол қуанышты тілекпен ұл нмере сүюді күтті». Сырбайдың шаңырақ иесі-Ұл бала келсе дүниеге деп тілеуі де, канал құрылысы басталар сәтте құрбандық шалуға буыршынды әкеп қоюы да ұлттық әдет-салт, дәстүрімізге етене тән ой, әрекеті. Бабалар қашанда бір ұлы жорыққа аттанарда немесе бір игілікті істі бастарда құрбандық шалып, көпшіліктен бата тілеген ғой.
3. Типтендірудің сөз өнерінің арғы-бергі тарихында кеңінен қолданылатын тағы бір түрі-сатиралық типтендіру тәсілі. Сатиралық туындыға өмір-тіршіліктегі, Адам болмысындағы ұнамсыз, келеңсіз жайлар арқау болатыны мәлім. Автор қоғам өміріндегі, адам бойындағы келеңсіздіктерді ашып суреттеп-бейнелеп, олардан аулақ болуды, қоғамның мұндай міндерден арылуы қажеттігін көтереді. Осы мақсатына орай сатиралық туындыларда бейнеленетін мін, олқылық, ұнамсыз жайлар ұлғайтылып, әсіреленіп суреттеледі. Демек, сатиралық типтендіру процесінде әсірелеу тәсілі басым, жиі қолданылады. Мақсаты да айқын: ұнамсыз құбылыстарды ұлғайтып, жан-жақты ашып көрсету, сол арқылы ондай қылықтардан, құбылыстардан көпшілікті жирендіру.
Абай абыздың әйгілі сатиралық туындыларын-өлеңдерін еске түсірейікші. «Болыс болдым мінеки» өлеңінде ұнамсыз тип-болыс бейнесі әсірелеу тәсілі арқылы жасалған. Іліп алар иненің жасуындай бір жақсы қылығы жоқ, керісінше, барынша мақтаншақ, алғыш та бергіш парақор, жарамсақ, надан, екіжүзді жанның типін Абай әсірелеу тәсілін ұтымды қолдану арқылы оқыған көпшілік жиренердей етіп сомдаған. Гогольдің «Ревизор» комедиясындағы Хлестаковтан бастап, Дуанбасы және оның төңірегіндегі шенеуніктер бейнелері де сатиралық типтендіру (әсірелеу) тәсілімен мүсінделген. Әйгілі орыс сатиригі Салтыков-Щедрин «Бір мұжықтың екі генералды қалай асырағаны туралы» туындысында генералдардың жатып ішер жалқаулығын, ақсақтығын, тоғышарлығын танытуда сатиралық әсірелеуді шегіне жеткізе пайдаланған.
Әсірелеу, кеңірек алып қарастырғанда, шындықты бейнелеу, таныту тәсілі ретінде тек ұнамсыз құбылыстарды көрсетуде ғана қолданылмайды. Реалистік, романтикалық мазмұндағы басқа туындыларда да (жанрларда да) әсірелеу орнымен қолданылады. Кешегі кеңестік дәуірдің «Қатал әдебиет» («Строгая литература») аталған әдебиетінде де бұл тәсіл жиі әрі ұтымды қолданыс тапқанын Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» повесінен, С.Бабаевскийдің «Алтын жұлдызды жігіт» романынан т.б. көреміз. Бұл туындыларда әсірелеу ұнамды, озық құбылыстарды, социалистік қоғам артықшылықтарын насихаттау мақсатында қолданылған.
Әсірелеу тәсілі, әсіресе реалистік туындыларда орнымен, орайымен қолданылмаса, шығарма шырайына-шынайылығына көлеңке түсіреді, жасандылыққа жол ашылады. «Миллионерде» осындай кемшілік бар.
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ұлы туындысы – «Абай жолында» әсірелеудің әдемі, ұтымды үлгілері тұнып тұр. Қазақ қыздарының көрік-ажарын, жастық, махаббат сезімдерін, дала қарттарының даналығы мен даралығын бейнелеуде характер табиғаты мен идеяға сәйкес қолданылған шекті әсірелеу тәсілі сезіледі. М.Әуезов қазақтың көшпелі өмірінің көріністерін, сондай-ақ аталған кейіпкерлер бейнесін өзге суреттеу тәсілдерімен қатар әсірелеуді де гиперболизация деңгейіне жеткізбей, реализм арнасында ұтымды пайдаланған.
3.Көркем бейненің танымдық-эстетикалық мәні. Әдебиет туралы ғылымның көркемөнер теориясы, эстетика, философия, тарих. тіл білімі т.б. ғылым салаларымен байланысы.
Сөз өнері жайлы пайымдаулардың басы біздің заманымызға дейінгі дәуірлерден басталады. Адам баласының көркемдік талғамдары алғашында Ніл, Нигер; Хуанхэ мен Янңзы, Инд мен Ганг, Тигр, Ефрат өзендерінің жағалауларын мекендеген көне халықтардың өнері мен өмірлерінен бастау алады.
Ежелгі вавилондықтардың «Көрмегені жоқ кісі туралы» дастаны, үнді халқының «Махабхарата», «Рамаяна» сықылды б.э.д. 3-2 мыңыншы жылдардағы сөз өрнектерінің қазіргі көркемдік құны өз бигінде. Он тоғыз кітаптан тұратын «Илиада» мен «Одиссеяны» қосқанда сегіз есе артық «Махабхарата», он кітаптан тұратын «Ригведа» сияқты дастандардағы ісемдік жайлы толғамдар қаншама.
Эллада эстетикасының әлем әдебиетінен алар орны ерекше. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифағор мен пифагоршылардың (б.э.д. 4-ғасыр) дүниедеғі зат атаулының түп мәнін саннан іздеген түсініктерінен шығады. Мысалы, музыка сазы үн шығаратын шектің ұзын-қысқалығына байланысты (ұзындық екі есе қысқарса, дыбыс. - октава, екіден үшке қысқарса - квинтаға, үштен төртке қысқарса - квартаға көтеріледі) деп білген.
Гераклит Эфесский (б.э.б. 460-370 жж.) толғамдарына диалектикалық түсінік бар. Оның ұғымындағы әдемілік - сапа. Әдемілік тек нақты, затгы нәрсеге тән. Мысалы, адам мен маймылды салыстырсақ, адам әдемі, адам мен құдайды салыстырсақ, құдай керемет. К.Маркс «тұңғыш энңиклопедиялық ақыл иесі» атаған Демокрит (б.з.б. 469-399 жж.) әр нәрсенің әдемілігі оның мөлшерінде деп білген, мөлшерден артық, кем кету ұнамаған. Ол адамдар өнер-білімді тірі табиғатка еліктеуден тапқан деп есептейді: өрмекшіден тоқуды, қарлығаштан үй салуды, бұлбүлдан эн салуды.
Сократ ойларында идеализм басым. Ол әр нәрсенің ажары оның кажетке жарамдылығында, ал ажарсьіздығы жарамсыздығында деп түсінген. Сократша «Ақыл- ойды сату сұлулықты сатумен пара-пар». Ол софистерге, сөзді ақылы түрде үйретушілерге қарсы пікірде болған. Сократтың шэкірті Платон (б.з.б. 427-347 жж.) «Үлкен Иппий» диалогында: «жарамды нәрсе - пайдалы нәрсе, пайдалы нэрсені тәуір көресің, тэуір көрсең, қуанасың,.. яғни сұлу нәрсе - сүйкімді нәрсенің көзге көрінер, құлаққа естілер бөлігі» деген.
Аристотельдің (б.з.б. 384-322) «Поэтика» атты еңбегі - өнер туралы тұңғыш философиялық - эстетикалық трактат. Аристотель поэтиканы сөз өнерінің өзі деп түсінген, біздіңше, сөз өнері туралы ғылым не көркем шығармашылық.
Рим ақыны Квинт Гораций Флактың (б.з.б. 65-8 жж.) «Поэзия ғылымы» деген теориялық поэмасының алғашқы нұсқасы «Пизондарға хат» деп аталған. Пизон деген ақсүйектің екі ұлы болған, үлкені дарынсыз драматург екен. Сондықтан Гораций бүл еңбегін соларға айтқан ақыл түрінде жүйелілікпен жазған. Көркем шығарманың идеясына, композициясына көп көңіл боледі. - Егер-дейді ол, суретші адамның басына аттың желкесін жалғап, оның үстіне әлем-жәлем қауырсындар шаншыса немесе денесі жұп-жұмыр әдемі әйелдің кеудесінің жоғарғы тұсына балықтың басын қондырып қойса, бұған күлмей шыдап тұра алар ма едіңіздер, достар. Пизон әулетінің кітаптары да осындай оспадар суретке ұқсас, т.б. Ол өнер туындысының көркемдік сапасына ерекше назар аударды. «Поэзия - аса нәзік әрі биік зат. Тебе білмейтіндер жұртқа күлкі болмау үшін жопқа жуымайды. Жаңа жаза бастағандарға асықпауды, өңдеуді ұсынады».
Демосфен, Цицерон, Квинтиллиан сияқты шешендердің сөз өнеріне қатысты трактаттары. Ояну дәуірінің ұлы тұлғалары жеткілікті. «Ойлаймын екен, ендеше, тірі екенмін» деген Декарт Рене (1596-1650) өнер туындыларындағы әсемдік олардың бүкіл мазмұн-пішініндегі бірлікте, үйлесімде деп білді. Декарттың раңионализмнің Буало Никола (1636-1711) өзінің эстетикасы мен поэзиясына негіз етіп алды.
Мәдени жұртшылық классицизмнің әдеби манифесі ретінде таныған «Поэтикалық өнер» үш бірлікті негіз етті. Дегенмен Буало «Шындықтан асқан сұлу жоқ», «сөз аяғын үйқастырғанның бәрі ақын емес» деген өміршең ойларын да қалдырды. Дени Дидро (1713-1784) сарай аристократиясының сұлулық туралы талғамын сынап, суреткер еңбегіндегі шыншылдықты дәріптейді, эстетикаға реализм ұғымын енгізді. Реализмнің қиялға, ойдан шығару мен көркем жинақтауға арақатынасын белгіледі. Неміс ағартушысы Готхолдь Лессинг «Лаокоон», «Гамбург драматургиясы» еңбектерінде әдебиетті сарай маңынан ажыратып, қалың бұқарамен жақындастыруға күш салды.
Иммануил Канттың (1724-1804) эстетикасы - субъективті - идеалистік эстетика. «Байыптау қабілетіне сын», жэне «Таза санаға сын» еңбектерінде бүкіл дүниені «өзіндік затқа» жэне «өзіміздік затқа» бөліп, «өзіндік зат» дегенді тірі пенде- біліп болмайды дейді. Әдебиет пен өнерді де «өзіндік затқа» сайып, бұлардың құпия сырын әшейін долбар (апрори) арқылы ғана аздап жобаламаса, кез келген кісі дәл түсіне алмайды деп қорқытты. «Сұлулық - жалпы жұрттың ешқандай ұғым-түсініксіз рақатына айналған нәрсе».
Дүниенің түп діңгегі - «абсолюттік идея, абсолюттік рух» деп білген немістің атақты идеалист-философы Георг Фридрих Гегель (1770-1831) эстетика мәселелерін де өзі жүйелеген тезис-антитезис-синтез тұрғысынан байыптады. Ол «Эстетикасында» идея мен құбылысты, яғни мазмұн мен пішіннің арақатысы жайлы талдаған. Бұл арақатынастар диалектикасы өнердің үш сатысына символикалық, классикалық, романтикалық сай келеді. Көне шығыс архитектуралық мұралары, оның пікірінше, «идеал» анық емес, бұлдыр, ал ежелгі Греция мен Римдегі мүсін өнері көне дүние өнерінің классикалық түрі болып табылады, мұнда «идеал» анық, «идея» «құбылысқа», яғни көзбен көріп, қолмен ұстайтын нақты затқа айналған. Жаңа замандағы кескіндеу өнері, музыка, әдебиет өнердің романтикалық түрі больш табылады, мұндағы рухани «идеал» адамның сыртқы кескіні ғана емес, ішкі мінезіне, жан дүниесіне - сезіміне, көңіл күйіне айналған, сондықтан философияға жуықтаған. Гегельдің түсінігінше, өнердің предметі - әдемілік, ал эстетиканың предметі - өнер. Жалпы өнер атаулының бәрін Гегель «абсолюттік рухтың» өзіндік дамуындағы, өзін-өзі тануындағы белгілі бір кезең ғана деп түсінеді, «рух» затты, сондықтан өнердің идеялық, рухани өрісі тар. Күллі қасиеті мен мағынасы сөзге көшкен поэзияда киелі «абсолюттік рух» заттылық пен нақтылық шеңберінен шығып, өзінің ең биік қасиетін табады. Зат сөзге өтеді, ал сөз - «идеяның» көрініс, кейпі.
Адамзат өркениетінің негізі қаланған Тиғр мен Ефрат, Ганғ, Хуан-хэ мен Янцзы, Ніл мен Нигер өзендерінің маңы болса, әдеби-эстетикалық ой-пікірлердің алғаш дүниеге келуі осы жерді мекендеғен халықтардың көне мәдениет үлгілерінде жатуы заңды. Осы орайда көне қытайдың «Ән кітабы» Ши-ңзын және «Құбылту» кітаптарының (и-цзын) орны ерекше. Сондай-ақ б.э. бұрынғы II ғасырда дүниеге келген үнді халқының «Махабхарата», «Рамаяна», ескі Египет жұртының «Ағалы - інілі екеу туралы ертегісі», көне Вавилон жұртының «Көрмегені жоқ кісі» немесе «Гилгамаш туралы эпос» шығармаларында адам баласының сұлулыққа, қоршаған орта, табиғатқа, адамгершілік қасиеттер: жақсылық, жамандық, білімдарлық пен надандық, батырлық, ерлік, ақыл-ой, парасат туралы ойлары, ұғымдары, эстетикалық, көркемдік тұрғыдан әжептәуір биік дәрежеғе көтерілген. Сондықтан бұл дәуірді адамзаттың эстетикалық ой-пікірлерінің ояну кезеңі деп атаймыз. Эллада эстетикасы (б.э.б. ҮІғ.)
Гераклит өзінен бұрынғы (б.э.б. 530-470) Пифогорға қарағанда әдеміліктің негізі санда емес сапада деп дұрыс айтты. Гераклит ілімін өзі былай түсіндірген. Мәселен, «теңіз суы таза әрі лас», «балық ішеді, адам ішпейді». Философ әр нәрсенің әдемілігін тануда сапалық өлшемнің қажеттілігін дұрыс айтқан.
Демокрит (б.э.б. 460-370) әдемілікті белгілі өлшем арқылы тануды негіздеген. Өнердің табиғатқа еліктеуден туғанын алғаш айтқандардың бірі-осы Демокрит. Ол адамдар қарлығаштан үй салуды, өрмекшіден тоқуды, бұлбұлдан ән салуды үйренген деп санайды.
Эллада эстетикасында әдемілік туралы Платон (б.э.б.427-347) ілімінің маңызы зор. Платон эстетикасы барынша идеалистік сипатымен, сарындылығымен ерекшеленсе де, жалпы эстетикалық ой-пікірдің қалыптасуында өзіндік орны бар. Платонша: жарамды нәрсе-пайдалы нәрсе. Пайдалы нәрсе адамға қуаныш әкеледі. Сезіну, түйсік арқылы келген пайдалы нәрсенің бәрі адамға қуаныш әкелсе, ішу-жеу адамды рахаттандырғанымен-олар адам үшін пайдалы нәрселер ғана емес, ұнамды нәрселер, сұлулық пен әдемілікті сезіну Платонша осындай.
Квинд Гораңий (б.э.б.65-8 жылдар) эстетикасына көркемөнер туындыларының көркемдік сапасына ерекше мән беру, сондай-ақ көркем шығарманың композициясына айрықша тоқталу тән. Оньщ «Поэзия ғылымы» деп аталатын еңбегінде сөз өнерінің теориясы жайлы кейінгі үрпақ үшін айтылған бағалы ойлар көп.
Г ораций:
1 .Драмалық шығарманың қарапайымдылығы, 5 актіден аспауы.
2. Драмалық шығармадагы іс-әрекет, оқиғаньщ көркемдік шындыққа сай болуы.
3.Адамның іс-әрекетінің мінезіне сай суреттелуі.
Гораций көркем шығармадағы идеясыздыққа парасатты қарсы қояды. Көркем шығарманың формасына, пішін сұлулыгына ерекше мән береді. Форманың мазмұнга сай болуын негіздеді. Сондай-ақ көркем шығармадағы шығармашылық қиялды ескере отырьш, әсірелеудің тым ұшқырлығына қарсы болды. «Дельфинді орманға, қасқырды теңізге» әкеліп қоюға қарсы болды.
Аристотель (б.э.б.384-322жылдар) өзінің «Поэтикасында»: «Эпикалық және трагедияльщ поэзия, сондай-ақ комедия мен дифирамбылық поэзия басым бөлігі-мұның бәрі де, жалпы айтқанда еліктеу өнеріне жатады, бұлар бір-бірімен мынадай үш түрлі жағдайда: еліктеу не арқылы жасалады, болмаса не нәрсеге еліктейді, әйтпесе қалай еліктейді, міне осы тұрғыда ғана ерекшеленеді» - дейді. Аристотель табиғатқа еліктеуді көркем шығарма үшін творчестволық акт деп санаған.
Аристотель көркем шығармада сүреңсіз, сұрықсыз идеялар емес, өзінің мән-мағынасы жағьшан ақиқатқа барынша жақын құбылыстар жазылуы керек деді. Көркемсөздің ақиқат құбылыстарды көшіре салмайтынын, кез-келген немесе кездейсоқ құбылыстарды емес, керекті, мүмкін болған құбылыстарды жазуы керектігін айтты. Құбылыстарды мүмкіндігіне және қажеттілігіне қарай суреттеудің көркемөнердің негізгі шарттарының бірі болатынын негіздеді. Суреткер-деді Аристотель, - барды ғана жай бейнелеп қоймайды, болуы мүмкін жайларды ойынан тудырып бейнелейді. Қиял, өмірлік материалдарды көркем шығармада іріктеудің мәнін түсіндірді, ойдан шыгару, шығармашылық қиялды алғаш дұрыс үғынған, түсіндірген Аристотель болды. Аристотель поэзия мен ғылымды салыстыра келе, біреуін көркем, екіншісін ғылыми таным болады деп дұрыс айтты. Поэзияның ғылымға қарағанда философиялық сипатының мол болатынына ерекше тоқталды. «Поэтикада» көркемдік жинақтау мен типтендірудің теорияльщ негізі алғаш рет қаланды. Аристотель көркем әдебиеттің негізгі үш тектен (лирика, эпос, драма) тұратынын негіздеді.
Аристотель «Поэтикасында» трагедияға көп орын берілген. Ол трагедияны:
а) шырғалаң
ә) қасірет
б) мінез
в) ғажайып трагедиялары деп төртке бөледі.
Композиция, фабула, сюжет жайында салмақты ойлар айтты. Аристотельдің көркем шығармадағы мінез, даралау, сомдау, оқиғаның даму кезеңдері туралы айтқандары да аса құнды.
Көркем шығармадағы мінез қалыптастырудың шарттарына:
а) мінездің ізгіліктілігі
ә) мінездің айқындығы
б) мінездің нанымдылығы
в) мінездің тұтастығын жатқызды.
Бұлардың барлығы көркем әдебиеттегі басты категория - көркем бейненің теориясына қатысты аса мәнді қисындар болып табылады. «Поэтикада» катарсис жайлы айтылады. Аристотелыше «драматург қорқыныш пен күйінішті суреттеуі арқылы көрерменнің жанын тазалайды, адамдық мазмұнын тануға көмектеседі».
Аристотель эстетикасының маңыздылығы өмірдің басты мақсаты ақиқатты тану, ақиқатты адамның мінезі мен іс-әрекетін суреттеу арқылы тану деген даналық қағидасынан көрінеді.
Орта ғасырдың қоғамдық құрылысы феодализм болғандықтан қоғамдық сананың дінге негізделгені белгілі. Орта ғасыр эстетикасының теологиялық сипатта болатыны сондықтан. Дегенмен орта ғасырдағы эстетик-ойшылдардың пікірлерінде болашақ адамзат өркениеті үшін айтылған прогрессивті ой-пікірлер болды. Мәселен, Аврелии Августин Блаженский (354-430) сүлулықты қүдайдың сэулесі, қүдай-ең жоғарғы сүлулық дей отырып, сондықтан ол абсолютті сұлулық болады деп негіздейді. Оның тұжырымынша ең жоғарғы құндылық осы абсолютті сұлулықты тану болып табылады. Августин пікірінде сонымен бірге сұлулықты пішінмен байланыстыратын, сұлулықтың тұтастығын танитын, түр мен қозғалыс, сөз бейнелілігіндегі әсемдікті айтқандары әдебиет пен эстетиканың тарихы мен теориясы үшін аса құнды пікірлер.
Орта ғасыр дәуірінің кейінгі жылдарындағы Фома Аквинский (1225-1274) есімін айрықша айтатынымыз ол сұлулықтың объективті сипатын мойындады. Сұлулықты тану үшін негізгі үш шарт керек деді. Олар:
Тұтастық
Үйлесім
Айқындық
Ф.Аквинский іліміндегі құндылық, оның эстетикалық сезім мен интеллектіліктің (парасат) арасындағы байланысты тануы, айтуы еді.
Қорыта айтқанда әдеби-эстетикалық ой-пікірлердің қалыптасуы тарихында Европадағы орта ғасыр эстетикасының орны ерекше.
Әл-Фараби (870-950ж.ж.)
Әл-Фарабидің философиялық еңбектері: «Ақылдың мэні туралы трактат», «Данышпандықтың інжу-маржаны», «Ғалымдардың жазуы», «Философияны оқу үшін алдымен нені білу керек», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме» («Поэтика»), «Риторика», «Софиистика».
Әл-Фарабидің саяси-әлеуметтік, этикалық көзқарастарьш білдіретін еңбектері, «Қайырымды қала тұрғьшдарының көзқарастары», «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік саясаткерлердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жолында».
{Әл-Фарабидің әдебиет теориясы жайлы еңбектерінің қатарында «Өлең және ұйқас туралы», «Өлең ырғағы туралы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» т.б. атауға болады.
Әл-Фараби еңбектерінде әдебиет, өлең теориясы жөнінде күні бүгінге дейін құнын жоймай келе жатқан қүнды ой-пікірлер бар.
Өлең сөздерінің дәстүрлі, нұсқалы болуын
Өлең сөздерінің мағынасы өздері бейнелеп отырған зат пен құбылысқа сай болуын
Өлең сөздерінің ырғақты болуын ,
Өлең сөздерінің бірнеше бунаққа жіктеліп келіп отыруын
Өлең жолдарындағы буын, бунақ сандарының шектеулі болуын
Өлең жолдарьшдағы әрбір сөздің өз ретімен қолданылу тәртібі болуын
Өлең жолдарындағы ырғақ реті мен шумақ ырғақтарының тәртібі арасында үйлесімділік
болуын
Өлең сөздеріндегі буын, бунақ, ырғақ, шумақ бэрінің белгілі бір тәртіппен орналасуын Өлең жолдарының бірдей дыбысталатын сөздерге бітіп отыруын.
Өлең сөздердің үндестікке құрылуын т.б. негіздеп, дәлелдеп жазды.
Әл-Фараби ақындық түйіндеуді (жанр) мөлшері мен мазмұнына қарап топтастыруға болады дей отырып, өз кезіндегі араб-парсы поэзиясындағы сатира, комедия, поэтика, айтыс, жұмбақ т.б. жанрларды атаса, грек поэзиясынан трагедия, дифирамбы, комедия, ямб, хорей, драма, эпос, диаграмма, поэма, риторика, амфигеноссос, акустика т.б. деп бойы қарастырып, осылардың әрқайсысына анықтама берген.
Әл-Фараби өз еңбектерінде ақындардың үш типі болатынына айрықша тоқталған. Бірінші топтағылар - табиғи дарынды, бейнелілікке шебер, бірақ өлең өнерінің теориясынан сауаты төмен ақындар, екінші топтағылар - өлең теориясымен толық қаруланған, сөз бейнелігінде шеберлік таныта алатын ақындар, үшінші топтағылар - жоғарғы екі топқа еліктеушілер ғана.
Ауыз әдебиетінен бірнеше мысалдар.
Ұлттық эстетиканың қайнар көздеріне , негіздеріне ҮІ-ХІ ғасырлар арасын қамтитын барлық түрік халықтарына ортақ жәдігерліктерді айтуымыз керек.
І.Күлтегін мен Тоныкөк жырлары Стеблева И.Я «Поэзия тюрков ҮІ-ХІ веков» М., 1976.
Стеблева И.Я «Поэтика древнетюркской литературы и ее трансформаңия в ранне - классический период» М., 1976.
М.Әуезов пен Ә.Марғұлан пікірлері. Ә.Марғұлан тастағы жазуларды - Жоқтау үлгісі деп дәлелдесе, М.Әуезов қазақ эпостарымен тығыз байланыстылығын айтты. М.Жолдасбеков кандидаттық диссертаңия қорғап ,қазақ әдебиетінің бастауын Орхон - Енисей жазба ескерткіштерімен байланыстырды. М.Жолдасбеков «Асыл арналар» Алматы, 1986.
2. М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ат түрік»,Ж.Баласағүнның «Құдатғу білік», А.Яссауидің «Диуани хикметы» бүлар әлемдік эстетиканың орта ғасырлық тарихындағы баға жетпес туьшдылар.
3. М.Әуезов Шығармалар II т, Алматы, 1969, 136-6
4. Ә.Марғұлан «Ежелгі жыр-аңыздар» А., 1985
Ш.Уәлиханов: «Көкітай ханға берілген ас» Манас қырғыз(қазақ) араб поэзиясын салыстыруы
«Ыстықкөл сапарының күнделігі»
Мен Аягөзді сүйемін және оны таң тамаша көремін, бәлкім бұған бір кезде осы өзеннің бойында ғұмыр кешкен сұлу Баянның алтын айдарлы Қозы Көрпешке ғашықтығы жайындағы тамаша аңыздың да әсері аз емес-ті «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы жайындағы» жазбаларында:
«Дала көшпелілерінің поэзия мен шынайы сезімге бейім болуына өмір бойы табиғат құшағында жүруі -жасыл мәйек дала, ашық мөлдір аспан, қөші-қоны көп тұрмыс әсер етпейтініне кім кепіл».
Ш.Уалиханов қазақ өлеңін - жоқтау, жыр, өлең, қара өлең, қайым өлең деп беске бөлді.
Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»
А.Құнанбаевтың көркемөнер табиғаты,ән,өлең туралы айтқаны, оқырмандар, тыңдармандар жайлы айтқаны т.б.
Батыс Европадағы ояну (ренесанс) дәуірінің эстетикасы.
Батыс Европадағы Ояну дәуірі ХҮ-ХҮІ ғасыр арасын қамтиды,бұл дәуірдегі ғылым мен техниканың өсуі, географиялық жаңалықтардың жасалуы адам беделін шарықтатты. Ренессанс әдебиетінде гуманистік пафос басым болып келіп,көркем шығармаларда адам тағдыры,оның ,оның өмірінің шынайы көркем суреті әңгімелене бастады. Сервантес «Дон Кихот»,Шекспир «Гамлет» т.б.
Философтар мен ойшылдар Ояну дәуірінде көбінесе бейнелеу, сәулет өнері жайында ғылыми еңбектерді қөбірек жазса да, әдебиеттану, поэтика салаларын да назардан тыс қалдырмады. Аристотель «Поэтикасындағы» идеяларды әрі қарай жалғастырған еңбектер қатарында ХҮІ ғасыр Ояну дәуірінің туындыларын: Триссино мен Тассонның, Кастильветроның ақындарға басшылық жасау, бағыт беру үшін жазылған ғылыми еңбектің сондай-ақ Скалигердің «Поэтика» (1561) атты Европаға кең тараған поэзия тілін зерттеуге арналған еңбегін айтуға болады.
Қайта өрлеу, Ояну, Ренессанс дәуіріне негізінен «табиғатқа еліктеу» идеясын дамыту тән болды.Өмір шындығын,ақиқатты тарихи түрғыдан мүмкін болғанынша әдебиет тектерімен түрлерінің бәрінде бейнелеуге тырысуымен реализмге жақындады. Реализм деп аталмағанымен олардың көркем туындыларындағы қоғам жағдайының бейнеленуі арқылы эдебиеттің тәрбиелік маңызы, міндеті шешіліп отырды.
Ояну дәуірі - бір ғана Италияда данышпан суретші Леонардо да Винчиді, дана философ Джордано Бруноны, ұлы физик Галилео Галилейді дүниеге келтірді. Бұндай тұлғалардың өнерге қызмет етуінің өзі орта ғасырлық теологияға, мистикаға тойтарыс бере отырып, адам, оның ақыл – ой парасаты, оның ғылым мен техникадағы орны, оларды тудырушы екендігі жайлы да асқақ та ғұмырлы идеяларды дүниеге әкелді.
Ояну дәуірінде франңуз философы Рене Декарттьщ (1546-1650) орны ерекше. Рационалды философияның негізін салушы Р.Декарттың ілімі бойынша өнер туындыларындағы әсемдік олардың мазмұны мен пішініндегі бүтіндікте, симметрия мен гармониясында деп білді. Декарттың философиясы «ойлаймын екен тірімін» деген қағидаға негізделгендіктен абсолютизм, құрғақ идеалистіктен гөрі нақтылыққа, материалистік сипатқа жақын болды.
Халықшылдық эстетиканың тағлым-талаптары
І.Орыс революционер-демократтарының эстетикалық ой-пікірлері (В.Г.Белинский, А.Герңен, Н.Чернышевский, Н.Добролюбов).
Орыс революционер - демократтарьшың ой-пікірлері XIX ғасырдағы мәдениеті мен тарихында ғана емес, бүкіл дүние жүзінде айрықша орындарының бар екендіктеріне тарих куә. Эстетика ғылым, таным ретінде өмір құбылыстарын бейнелеушілік, өмірді барлық қырынан негіздеушілік, қызметінің шегіне XIX ғасырдағы Россия қоғамында жетті дер болсақ және осы арқылы көркем образ құпияларына терең бойлау ондағы объективтік, субъективтік бастауларды тану, шығармашылық процестегі дүниетанымның аса маңыздылығын түсіндірді, әдебиетті адамзат қоғамының тарихымен тығыз байланысты зерттеу мәселелері Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов еңбектерінде кеңінен етек алды.
Бұлар оларды қоғамға қызмет етуші деп санады да, өздерінің өнер, әдебиет, эстетика жайлы көзқарастарын саяси көзқарастарының құралы етті. Саяси көзқарастары жөнінен «Русьті қолына балта алуға шақырған» революционер-демократтар шаруалардың мақсат- мүддесін көздеді. Олар әдебиеттің қоғамдық қызметіндеғі бағыттылық үшін өмір құбылыстарын барлық қарама-қайшылықтарымен шынайы қалпында суреттеу үшін күресті. Олар суреткердің өзі өмір сүріп отырған қоғамға, заманға қызмет етуші еркіндігінен бөліп алып қарастырған жоқ. Революционер-демократтар суреткерді өз қоғамының азаматы, халқының ақыл-ой сезімімен бірліктегі тұлға деп таныды.
Революционер-демократтар эстетиканың негізгі мәселесін шешуге келгенде Гегельдің эстетикасының негізгі предметі идея дегеніне қарсы, эстетиканың негізгі предметі ақиқат өмір, өмір шындығы деді. Революционер-демократтар ақиқат өмірді, өмір шындығын сұлулықтың көзі, әдебиет пен өнердің нысанасы мен дерегі деп жан-жақты дәлелдеді. «Эстетическое отношения искусства к деятельности» (1855).
Өмірді бейнелеу революционер-демократтардың айтуынша - өмір құбылыстарының ең маңыздысын табу, ақыл мен қиялдың көмегімен сапасы жағынан мүлдем жаңа жинақталған бейнелер жасау. Жинақтаусыз өнердің болуының мүмкін еместігін жан- жақты дәлелдеген де революционер-демократтар болды.
Революционер-демократтар осылайша сыншыл реализмнің негізін салды. Сыншыл реализмді теориялық түрғыдан жан-жақты негіздеді.
Белинский (1811-1848)
«Әдеби арман», «А.Пушкин шығармалары», «Гоғольге хат» еңбектерінде ұлы сыншы сөз өнерінің шыншылдығын, халықтығын, қоғамды өзгертушілік күшін барынша насихаттады. Әдебиет пен өмірді ғасырдың ұлы мақсаттарына қызмет етуге жұмылдырды, адамзат баласын құлдық өмірден босататын, бостандыққа шығаратын құдіретті күш болуын талап етті. Әрбір жаңа шығарма Белинскийдің айтуы бойынша орыс өміріне қажеттілігіне қарай бағаланады.
«Әдебиеттің тегі мен түрі туралы» мақаласы.
«Диалектикалық материализмге әбден таяу келіп, тарихи материализмнің алдына келгенде тоқтаған» Герцен де өзінің саяси-әлеуметтік көзқарастарымен шын мағынасындағы революционер-демократ болды.
Герцен еңбектерінде «Өткендер мен ойлар», «Россияда революциялық идеялардың дамуы туралы» мақалаларында, әсіресе суреткер тұлғасы, оның халық, қоғам олармен байланысы деген мәселелерге айрьщша мән берілді. Ол суреткерді өз дәуірінің үні болуға, халық өміріндегі ең бір көкейкесті мәселелерді жазуға шақырды. Халық пен қоғам өмірін терең суреттей алған шығарма ғана әдебиеттен өз орйын ала алады, дәл осындай шығармаларда суреткер өзінің негізгі болмысын - халықтығын дәлелдей алады деді. Герцен әрбір суреткердің өз заманьш, өз қоғамын терең суреттеуі де оның қоғам келешегіне көзқарасьшың айрықша мәнділігін айтуы оның үлкен эстетик әрі әдебиетші екендігіне куә.
Г.Чернышевскийдің «Өнердің болмысқа эстетикалық қарым-қатынасы» делінетін еңбегінде бүтін бір эстетикальщ ілім жасалған. Бұл еңбекте әдебиеттің өмірдегі орны, мақсат-міндеттері айқьшдалды. Чернышевский өмір қандай жан-жақты болса, өнер де сондай күрделі, сондықтан суреткер өмір құбылыстарын түгел қамтып, оның күнгей жақтарымен бірге, көлеңкелі тұстарын да қамтып жазуы тиіс деп есептеді. Ол өнерді өмірдің оқулығы деп таныды. Шындықты танытуда өнер ғылым сияқты тереңдік пен парасаттылық танытуы тиіс деді. Суреткер кез келген ұсақ-түйекті емес, жинақтау, реттеу арқылы типтік бейне жасауы тиіс деді. Суреткер өз шығармасында суреттеліп отырған өмір құбылыстарына үкім шығаруы тиіс, адамның өмірді танып-білуге, өзгертуге, құмартқан мақсатына суреткер өз туындысымен үлес қосуы тиіс деді.
1. Н.Чернышевский эстетикасы бойынша - жазушының көркемдік әдісі - реализм, өмірді шьшшылдьщпен суреттеу - сұлулыққа барар жол. Әлеуметтік идеал ұғымы - осы.
2. «Әдемілік-адам, адамдығы әдемілік-өмір, адамның бақыты, адам рахаты не болса-соның бәрі адам үшін әдемі».
Н.А.Добролюбовтың эстетикалық ілімі, негізінен, эдебиет пен өнердің халықтығы жайында айтқан ойларымен негізделеді. Н.А.Добролюбовтың эстетикалық ілімі, негізінен, «дебиет пен өнердің халықтығы жайлы айтылған ойларымен дәлелденеді. Әдебиет халықтық болу үшін деді дана сыншы, әрбір көркем туынды, әдеби шығарма халықтың әдет-ғұрып, салт-санасын, тарихы мен тағылымын терең суреттеп жазуы тиіс, халық өмірі барлық қыр-сырымен өз кезіндегі қоғамдық қарым-қатынастармен тығыз байланыста суреттеліп терең қамтылуы тиіс. Сонда ғана «Әдебиет қоғамның қозғаушы күші» дәрежесіне көтеріле алады деді.
Тапсырма: 1.Өмірдегі типтік құбылыстар, көріністер дегеніміз не? Олардың өнер туындысында бейнелену себебі не?
2.Типтік бейне қандай тұлға? Мысал келтіріп дәлелдеу.
3.Типтендіру түрлері, ерекшеліктері (мысалдар келтіре айту).
Лекция.