Тақырып. Ежелгі дүние философиясы.Қазақтардың алдыңғы философиясы. Ежелгі шығыс философиясы. Антика философиясы.
Дәрістер кешені
1-тақырып . Философия пәні мақсаты және қызметтері.
- Философия туралы түсінік. Философия бүкіл ғылыми жүйелердің атасы.
- Философия пәні, құрылымы және атқаратын қызметі.
- Дүниетаным және философия.
- Қазіргі кезеңде философияның алатын орны.
Философия рухани мәдениеттің ең көне және адамзат ілімінің жауапты бөлімі. Оның тарихы 25 – ғасырға созылады, философия ежелгі шығыс (үнді қытай) елдерінде пайда болып өзінің классикалық деңгейінде ежелгі Греция еліне жетті. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде философия деген термен пайда болды, ғалымдардың ішінде өзін алғашқы философпын деп атаған грек математика ойшылы Пифагор ( б.э.д 580 -500). Ал ғылымның ерекше саласы деп философия терминін енгізген Платон 428 -347. Философия грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ежелгі дәуірде даналық бұл асқақтық мәні бар құбылыс. Философияның негізгі тақырыбы дүние және адам туралы. Алғашқы философтар универсалды энциклопедист ғалымдар мысалы: Фалес 624 – 547ж. ол ірі математик геометрия негізін қалағн астраном гидротехник болған ол тек философия проблемасымен айлалыспаған сонымен қатар физика медицина математика техника логика т.б. Алғашқы философтар өздерінің еңбектерінде мынадай сұрақтарға жауап іздеді: дүниенің мәні неде, дүниенің құрлымы, құрылыс неде, дүние шектеулі ме, әлде шексіз бе, жақсылық пен жамандық деген не?
Ежелгі дәуірде күні бүгінге дейін дүниетанымдық сұрақтарды негіздеу дүниетенымның негізгі принциптерін қалыптастыру философияның кәсіби ісі.Фиолсофияның теориялық білімге және ерекшелігіне анықтаған философ ойшыл Аристотель б.э.д 384 – 322. Дүниетаным адамның тәртібі мен қызметінің принциптерімен анықталды оның идеялары мен моральдық нормалары әлеуметтік және саяси оринентацияларын қалыптастырады.
Адамзаттың рухани даму тарихында дүниетанымның мынадай түрлерін ажыратамыз (мифология) діни философия. (өмірлік практикалық)
Ең алғашқы дүние танымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Бұл гректердің екі сөзінен құралған : mifos – аңыз, logos – ілім. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді. Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін нәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Философия дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Егер дін мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қарау негізінде дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, оны ғылымдардың ғылымы деп те атаған. Өйткені, ол кезде әлем туралы барлық алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым ретінде дараланып, бөлінбеген соң, ол туралы пікірлерді философия өз бойына жинақтаған болатын. Сондықтан да философ әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті.
Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілім ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологияляқ жол сілтейтін әдістемелік рөл де атқаруда.
Философия пайда болғаннан бастап дүниені тұтас және бірліктегі құбылыс деп қарастырады дүниенің тұтастығын оның заңдарымен байланыстырады. Философия табиғаттын даму заманының қоғам және ойлау проблемаларын зерттейді қолданыста мынадай философиялық категорияны пайдаланады. Болмыс, сана, қозғалыс, шексіздік т.б. Философия дүниенің мәні және адам туралы білім «Дүние және адам» қарым қатынастарын зеттейді осы тұста болмыс және ойлау физикалық және психикалық материалдық және идеалдық рух және табиғат объективтік және субъективтік, яғни философия универсалды ілім.Философияның негізгі сұрағының екі жағы бар:
1. Ең алғашқы материя және сана?
2. Дүниені тануға бола ма?
Философияда екі бағыт қалыптасты, материализм және идеализм.Материализм бағытын ұстаушылар материя алғашқы санаға қарағанда ал идиализм сананы бірінші кезекке қояды. Дүниені танылады деген философтар материалистер ал дүние танылмайды деген ілімнің өкілдері агностицизм философия тарихында материализм мынадай бағыттарын ажыратамыз:
1 Ежелгі ойшылдардың материализімі (Демокрит, Гераклит, Эпиркур).
2. Метафизикалық материализм (16 – 18ғасыр өкілдері Бэкон, Спиноза, Дидро т.б.)
3. Диалектикалық материализм.(К.Маркс Ф.Энгельс).
Идеализмнің екі негізгі түрін ажыратамыз.
1. Объективтік (Платон, Гегель, Неотомистер)
2. Субъективтік идеализм өкілдері ( Беркли, Юм, Мах, Экзистенциалистер).
Философияның тарихи 2 әдісі бар Диалектика және Метофизика диалектиканың негізгі принципі даму принципі және жалпылама байланыс принципі философияның екі функциясын ажыратамыз дүниетанымдық және методолоиялық.
Ақыр соңында, философтар әрбір тарихи кезеңдерде жеке – жеке емес, топ болып, кездейсоқ емес, белгілі қоғамдық заңдылықтарға сай дүниеге келген. Себеп олардың өмір талабы күн тәртібіне қойған сұрауларға жауап іздеуден туындағандығы.
Сонымен, философия дегеніміз материя мен сана, таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой – санасының дамуы барысында жинақталған, жүйеленген ғылыми ой – пікірдің теориялық жиынтығы.
тақырып. Ежелгі дүние философиясы.Қазақтардың алдыңғы философиясы. Ежелгі шығыс философиясы. Антика философиясы.
- Ежелгі Шығыс философиясының ерекшелігі.Қазақтардың алдыңғы философиясы
- Ерте грек философиясы (Фалес, Гераклит)
- Ерте грек философиясындағы онтологизм (Демокрит)
- Адамға бетбұрыс Сократтың философия туралы ілімдері .
- Ерте грек философияның жүйелік принципі (Аристотель, Платон)
Қазақтардың алдынғы философиясы. Ежелгі Шығыс философиясы. Антика философиясы
Қазақтардьң алдыңғы философиясы. Қазақтардың философиялык дүниетанымының калыптасу алғышарттары. Қазақстан территориясында ежелгі мәдениет формаларының қалыптасуы және ауысуы. Протоқазақтардың алдыңғы философиясы. Протоқазактардың дәстүрлі сенімдері. Тәңірге, Жер-Суға, Ұмайға сиыну. Қазақтардың өзіндік философиялық көзкарасының калыптасуына көрші өркениеттердің әсері.
Көшпелі өмір салтының негізгі сипаттамалары: табиғатпен біртұгастык, үздіксіз жаңару мен козғалыска үмтылыс, ой еркіндігі, адамгершілікті жогары кою. Қазак халкының философиялык ойлауының вербалдык-дискурстік сипаты.
Қазактардың философиялык дүниетанымының негізгі категориялары: «дүние», «өмір», «өлім», «араласу», «намыс», «парыз», «канағат», «кісілік», «ізгілік», «жаксылык», «жамандык», «бакыт».
Философия ежелгі шығыс елдерінде б.з.д. 1 мыңжылдықтың ортасында ежелгі үнді қытай елдерінде пайда болды. Ежелгі Шығыс философиясы тарихи философиялық процесте дербес өзіндік ерекшелігі бар бағыт. Ол сол аймақтың діні, мәдениетімен байланысты. Ертедегі философияның қалыптасуы екі түрлі проблема төңірегінде өрбіді.
1. аспан, ай, күн, жер осылардың шығу тегі байланысы.
2. адамгершілік адамдар арасындағы қарым – қатынас.
Философия қашанда олардың, себептерін іздестіреді. Әрине, оны екі түрлі – материалистік және идеалистік тұрғыдан түсіндіруге болады. Ол - өз алдына жеке проблема.
Ежелгі Шығыс философиясының көне түрі үнді философиясы ол брахманизмге оппозициядан басталады. Б.э.д 7 – 6 ғасырларда брахманизм ішінен джайнизм және буддизм пайда болады осы бағыттардын негізінен үнді елінде 4 – кастаға бөлінді.
1. Әскери (кшатрий)
2. Абыздар (брахмандар)
3. Басы бос қоғам мүшелері. (вайшилер)
4. Төменгі каста (шудралар)
Шудралар теңсіздік, жұпыны жағдайда болды. Оларда меншік те болмады. Шудралар қоғам ісіне араластырылмады. Брахмандар әбден масайрап, үстемдік құрып кетті. Өйткені, брахманизм мифологиялық көзқарасқа негізделген, былайша айтқанда, оның төрт түрлі ведасына немесе құдайларды дәріптеу мен оларға арналған ғұрыптарға тірелген болатын.
Джайнизм – этикалық ілім. Оның негізгі – адам жанын тән қыспағынан, құлқын құлдығынан босату. Джайнизм – материяны жансыз дүние затына жатқызады. Әрбір зат субстанция ретінде қаралады, оған материядан басқа кеністік, уақыт, қозғалыс, тыныштық та кіреді. Ал жанның басты белгісі, джайнизм бойынша – сана. Джайнизмнің ұстаған тәртібі буддизмнен де қатаң.
Буддизм – біздің заманымызға дейінгі 4 – 5 ғасырларда діни ілім ретінде дүниеге келді. Буддизм христиан, ислам діндері сияқты дүниежүзілік ірі діндерге жатады. Оның негізін салған Сиддхартха Гаутама Будда(б.з.д. 623 – 524). Буддизмде төрт басты мәселе бар:
1.Өмір азапқа толы;
2.Ол азаптардың себебі бар ;
3.Азаптарды тоқтатудың мүмкіндіктері бар;
4.Азаптан құтылудың кезі бар.
Ежелгі Қытай философиясы біздің заманымыздан бұрын пайда болды, ол идеологиясы мен саясатында екі бағыт айқындала бастады: консерваторлық және прогресшілдік, бірі – мистикалы, екіншісі – атеистік бағыттар. Ертедегі Қытай философиясянда конфуцийлік бағыт басты рөл атқарды. Оның негізін салған нақты адам – Конфуций (б.з.д. 551-479ж). Ертедегі Қытай мәдениетінің дамуында оның атқарған рөлі ерекше. Конфуций қатаң тәртіп болуын жақтады. Өз өмір – тіршілігінде Конфуций төрт принципті қатаң ұстады:
1. Бос қиялға салынбау.
2. «Мен білемін» дегендіктен аулақ болу.
3. Қасарыстық көрсетпеу
4. Өзінің жеке басы жайлы ойламау.
Ол бірнеше кітаптар құрастырды («Өлендер кітабы», «Көктем және күз» жылнамасы, « Сұқбат және пікір айту», т.б.). Конфуцийдің « Ұлы ұғынуы кітабы» 75 қатардан тұрады. Оған 1546 түсіндірме жасалған.
Мақсат – императордың билігін заңдастыру еді. Оның ұстаған жолы:
1. әділеттік
2. табиғатты сүю
3. әдет – ғұрыпты сақтап, сыйлау
Мо – Цзы (б.з.б. 479-400ж) философиясы пайда болды. Ол күні бұрын белгіленетін өмір жоқ, әрбір адам тағдыры оның іс - әрекетінен, «жаппай сүйіспеншілігінен» туындайды, деді. Біздің барлық біліміміз екі нәрсеге – сезімге (у – лу) және ойлауға (син) байланысты дейді.
Идеализм мен мистикағарсы күресте даоцизм ілімі, былайша айтқанда, Дао жөніндегі Дао – Цзы (4 – 5ғ.) ілімі дүниеге келді. Дао – мәнінде, мәнсіз, түссіз, шексіз, мәңгі қозғалыстағы тіршілік атасы. Оның пікірінше, табиғат пен адамдарды басқаратын – Көк Аспан емес, Дао. “Дао – заттардың табиғи өну, өсу, өшу, ол цзы субстанциясымен бірге әлемнің негізін құрайды, - деді – Бүкіл әлем сол заңға бағынады”. Лао – Цзы пікірі бойынша, адам заттардың табиғи даму процесіне араласпауы қажет.
Лао Цзы ілімі қайшылықтары көп ілім. Бір жағынан, ол керітартпа рөл атқарып, ескілікті көксесе, екінші жағынан, ілгері ж.руді жақтайды, дамуды қолдайды .Сөйтіп, Шығыс философиясы жағында қорытып айтқанда мына мәселелерге тоқталған жөн: алғашқы Қытай философиясы Конфуций мен Дао, данышпан бастаушысы Лао – Цзы төңірегінде топталды.
Европалық философияның дамуы ежелгі Грециямен байланысты. Антикалық философия б.з.д. 5 – 6 ғасырларда қалыптасты. Алғашқы ойшылдардың көтерген проблемалары қоршаған ортаны, өсімдік, жер, күн, жұлдыз.
Ежелгі грек философта“жаратылыстанушылар. Грек философиясының ерекшелігі табиғат, әлем, космос мәнін бірлігін түсіну. Алғашқы грек философтарын физиктер деп атаған. Грек философиясының негізгі сұрағы. Дүниенің бастауы неде? Егер мифологияда бұл сұрақ шешілсе (дүниені құдай жаратты) ал философтар супстанционалдық бастауы яғни дүние неден пайда болды, неге пайда болды? Деген сұраққа жауап іздеді. Грек философиясының негізін қалаушы Фалес әр түрлі заттар мен табиғат құбылыстарының мәңгі бастауы – су, сол сияқты Анаксимен дүниенің алғашқы негізі ауа деді. Анаксимандрдың апейрон туралы пікірі материяны философиялық тұрғыдан қазіргі пайымдауға жақын келеді. Апейрон шексіз деген сөз. Грек философы Гераклит өз шығармасының “ Табиғат” туралы, дүниенің генетикалық бастауы от деп қарастырды, ал әлем космос деп түсіні. Ерте грек философиясының дамуында өзіндік үлес қосты Элей мектебінің философтары (Парменид, Зенон, Ксенофон ).Бұл табиғаттың басты тақырыбы – болмыс. Ежелгі грек философиясының дамуына антологиялық бағыт Демокрит ілімі өзіндік із қалдырды, яғни дүниенің бастауы – атом. Грек философиясында адамға бетбүрыс бағыты Сократ есімімен байланысты. Адам проблемасы алғашқы көтерген софистер.