Азақстандағы аштықпен емдеу орталығы

Аштан өлмейсiң,

Астан өлесiң!

Шалқар Әбiшұлы

Қазақстанда ашығу iлiмiнiң орталығы: Оңтүстiк Қазақстан облысы Шымкент қаласы. Бұнда аштық ұстау жолыменен, адам ағзаларындағы жыйналып калған улы заттардан, (улардан, тұздардан, кұм мен тастардан т.б. қоқыстардан) табиғи жолмен тазалау тәсiлi, бiр кадам алға басқан. Бұл игi iске бас-көз болып жүрген азамат: Қазақстан Республикасы Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесi, ақын, жазушы «Аштықпен емдеу орталығының (АЕО)» директоры Қыстаубайтегi Шалқар Әбiшұлы. Осы азаматты ұйымдастыруымен және өзiнiң қаржылай көмегiмен 1992 жылы аталмыш орталық өз жұмысын бастап, күнi-бүгiн қызметiн абыроймен атқарып келедi.

Дәрi-дәрмексiз емдейтiн «Аштықпен емдеу орталығы» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлiгiнің арнайы рұқсатын алып, облыстық денсаулық сақтау басқармасында есепте тұрғандыктан, бұл ауруханада барлық медициналық тәртiптер қатаң сакталған. Ауруларға барлык жағдайлар жасалған. Кез-келген сырқат адамдар өздерiнiң ауруларының түрлерiне карай, орталықтың жоғарғы дәрежелi дәрiгерлерi мен тәжiрибиелi мейiрбикелерiнiң күнделiктi бақылауларымен, бұл жерде 3-5-7-10-15-21 тәулiкке дейiн аштық ұстап жата алады.

– Бұл орталыққа қандай науқастар келуге болады? Оларды қандай әдiспен емдейдi?

– Ешкандай дәрi-дәрмексiз, аштықпен емдеумен қатар, ұзақ жылдар бойы созылып келе жаткан созылмалы ауыр науқастардың: сусамыр, қан қысымы, қан аздығы т.б. көптеген аурулардың түрлерiн халықтық басқадай емдеу әдiстерiменен емдеп, бүйректегi, қуықтағы, өттегi кұмдар мен тастарды, пышақсыз (операциясыз) түсiрiп, денедегi барлық iсiктердi, жараларды, күйiктердi жазады.

«Аштықпен емдеу орталығының» кай жерде екенiн бiлгiлерi келген адамдарға: Директоры Шалқар Әбiшұлы Қыстаубайтегінің ұялы телефоны: +7 701 770 23 13;

«Аштықпен емдеу орталығының» мекен жайы:

Қазақстан Республикасы, Оңтүстiк Қазақстан облысы, пошталык индексi: 160002, Шымкент қаласы, Гагарин көшесi, № 56 үй. Бас дәрiгерiнiң жұмыс телефоны: (87252) 56-57-04, орынбасарының телефоны: (87252) 56-05-95, анықтама телефондары: 56-10-06, 56-23-21. Аурулардың жататын орындарынын бәрi 2-кiсiлiк орын. Күнделiктi төлем ақысы бiр орынға 1500 тенге, (люксте – 3000), бұл бағанын нарықтық қатынастың өзгеруiне байланысты, өзгерiп тұруы мүмкiн. Орталықта жатып емделген адамдарға, еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама (бюллетень) берiледi.

17 сәуір жексенбі күні кешкі сағат 19-да ашығуға кірістім

Ақылдыға – ишарат, ақымаққа – таяқ.

Қазақ мақал-мәтелдері

Ашығушы Әсет Ризаұлының жалпы жағдайы:

Салмағым 98 кг. Сол қолымның қан қысымы 160/100, ал оң қолымның қан қысымы 168/105. Қан тамырымның 1 минуттағы соғысы 82. Бойым 174 см, негізгі салмағым 74...80 кг аралығында болуы керек. Өкінішке орай 24 кг артық салмақ жүкті күндіз-түні көтеріп жүрмін.

Өзімнің көңіл күйім, сезінуім: өзімді онша жақсы сезінбеймін, нашар сезінемін, артық салмақ жерге қарай басып, денем ауыр тартып, тынысым тарылып, қимылым баяулап, жүрек соғысым жиілеп, жалқаулық желкеме мініп алып диванға ұрмай-соқпай жатқызып, теледидардың алдына жіпсіз байлап қойды.

Не жұмыс істегім, не кітап оқығым, не таза ауада жүріп жаттығу жасағым, не рухани істер істегім келмейді. Осының салдарынан настық басып, жан емес тәнім билеп, нәпсінің құлына айланып кеткенімді өте жақсы сезініп түсінудемін. Осы қалыпқа өзім саналы түрде келдім. Алдыңғы ашығуларымда бұдан да сорақы қалпымды ұзақ мерзімдік ашығудың көмегімен жазылып алғанмын.

Ағзаның әрбір артық салмағының 1 см кубына, сенсеңіз де, сенбесеңіз де тамақтандыру және жақсы қалыпта ұстап тұру үшін 1 км (капилляр) өте ұсақ түтікшелер қажет. Сондықтан артық салмақ, жүрек пен тыныс алу мүшелеріне ауыр жүк. Тамырдың соғуы мен қан қысымының көтерілуі қауіпті шепке дейін көтеріліп зардапқа ұрындырады, мен осыны өз басымнан өткізудемін.

Соңғы кезде жүрегім тағы шаншып ауыра бастады, күніне бір қорап темекі тартамын, бұдан бұрын арақты 2...3 айда бір аңыратып тұрып ауырып құлағанша сілтейтінмін. Осыдан он шақты жыл бұрын аузым құрғамай, үзбей ішетінмін.

Жалпы түр тұлғам, келбетім: Бет әлпеті қара қошқылданып түнеріп кеткен, ойы дұрыс емес, бұрыс, екі көзі құтырған иттің көзіндей қанталап, қарны қабақтай, беті табақтай, бұғағы салақтап жүрген, жүрісі баяу, санасы жартылай ояу, көңілі қаяу, о дүниеге таяу пендені бұрын кездестірсеңіз соны мен деп білерсіз.

Наши рекомендации