Азактардың алдыңғы философиясы. Ежелгі Шығыс философиясы. Антика философиясы

Қазактардың алдыңғы философиясы. Қазақтардың философиялық дүниетанымының калыптасу алғышарттары. Қазақстан территориясында ежелгі мәдениет формаларының қалыптасуы және ауысуы. Протоқазақтардың алдыңғы философиясы. Андрондық және беғазы-дәндібай мәдениеттерінің құрылымындағы көзқарастык элементтер. Протоқазақтардың дәстүрлі сенімдері. Тәңірге, Жер-Суға, Ұмайға сиыну. Қазақтардың өзіндік философиялык көзқарасының қалыптасуына көрші өркениеттердің әсері.

Көшпелі өмір салтының негізгі сипаттамалары: табиғатпен біртұтастық, үздіксіз жаңару мен қозғалыска ұмтылыс, ой еркіндігі, адамгершілікті жоғары қою. Қазақ халкының философиялык ойлауының вербалдык-дискурстік сипаты.

Қазақтардың философиялык дүниетанымының негізгі категориялары: «дүние», «өмір», «өлім», «араласу», «намыс», «парыз», «қанағат», «кісілік», «ізгілік», «жақсылык», «жамандық», «бақыт».

Ежелгі Шығыс философиясы. Ежелгі Шығыс философиясының әлемдік философиядағы орны.

Руханилықтың шығыстық дәстүрі - ежелгі Шығыс философиясының ерекше белгісі.

Веда мәдениетінің аясында ежелгі Үнді философиясының калыптасуындағы діннің рөлі. Ведалардағы дүние, адам, өмір туралы алғашқы философиялық түсініктер. Самхиттер, брахмандар, Араньяктар - Ведалардың құрамдас бөліктері. Упанишадалардағы философиялык сананың элементтері. Ежелгі Үндінің ортодоксалды және ортодоксалды емес философиялық мектептері. Буддизм философиясы. Адамның өз күшімен адамгершілікті түлға болып қалыптаса алу кабілетінін жария ету. Адам рухын сыртқы материалдық дүниеге карсы кою. Үнді философиясының әлемдік адамзаттық ойға мықты әсері.

Қытай философиясының прагматикалык сипаты. Қытай жазуының ескерткіштері: «И цзин», «Ши цзин», «Шу цзин» - Қытай философиясының бастауы. Дүниемен, қоғаммен және өзіңмен үйлесімділік - ежелгі Қытай философиялық ойының басты философиялық принципі.

Қытай философиясының негізгі мектептері. Жэнь, чжун юн, цзюнь-цзы, дао, ди, инь және ян, ли, сяо, тянь-ся, ци, у-вэй категорияларының заттардың иерархиялык тәртібін орнатудағы рөлі.

Конфуций ілімі - этикалык-әлеуметтік ілім және ерекше мемлекеттік саяси концепция. Ақсүйектік даналық пен қарапайым халықгың сенімдері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етудегі даосизм философиясының рөлі. Мо-цзының таным теориясы және этикалык-саяси идеялары. Қытай практицизмін калыптастырудағы Мо-цзының он принципі. Легизм адамдардың барлығына ортақ заңдардың негізінде қоғамды қайта өзгерту туралы.

Ғылыми білімнің калыптасуы - ежелгі Египетте философиялык ой дамуының ерекшелігі. Адамның мәні туралы сұрақгың қойылуы. «Өлілер кітабы». Ежелгі Египет философиясының ежелгі Грецияның және бүкіл әлемнің ғылымы мен философиясына эсері.

Антикалық философия. Ежелгі Греция философиясының генезисі. Экономикалык қатынастар еркіндігі - рухани мәдениеттің өркендеу негізі. Ежелгі грек полисінің өміріндегі философияның айқындаушы рөлі. Философияның Милет мектебі. Фалес, Анаксимандр, Анаксименнің натурфилософиялық ілімдері және Европа ғылымы мен философиясының қалыптасуы.

Элея мектебі. Парменид: Ғалам туралы көзқарастар. Ксенофанның дүние туралы түсініктеріндегі пантеизм бастаулары. Эфестік Гераклит философиясының карама-қайшылықтылығы. Антикалық философиядағы атомизм. Эмпедокл «барлық заттардың тамырлары» болып табылатын төрт стихия туралы. Анаксагор: табиғат - мэңгі және ете ұсақ бөлшектердің шексіз көптігі. Демокрит: дүниеде бәрі атомдардан және олардың қозғалысынан тұрады.

Пифагордың сандар және олардағы сәйкестік туралы ілімі. Бүкіләлемдік үйлесімділік - Қүдайдың жетілген көрінісі. Софистер мектебі. Софистер -даналық пен асыл қасиеттерге үйретушілер. Риториканы мемлекеттік істерде жеңіске жете білу ретінде түсіну.

Сократ: адам мәселесіне бұрылыс. Сократтың рационалдық этикасы. Философия - ақылсыну емес, асыл қасиетке ие және әділ адамды калыптастыру құралы. Ақиқат білімге жетудің Сократ ұсынған әдістері: ирония, майевтика, дефиниция. Сократтың логикасы.

Платон: идеялар - ақиқат болмыс. Платонның мінсіз мемлекет туралы ілімі. Платонның этикасы. Ақыл-ойлы, аффектілі, құмарлық билеген жан - асыл касиеттердің және адамдардың әртүрлі типтері.

Аристотель философиясының энциклопедизмі. Оның категориялар, материя және формалар туралы ілімі. Аристотель логиканың танымдағы әдістемелік маңызы туралы. Жан және акыл-ой туралы ілім - Аристотель этикасының негізі. Адам - саяси мақұлық.

Грек демократиясының IVғ. соңындағы дағдарысы жэне эллинизм философиясының қалыптасуы. Мызғымастық және салмақтылық - стоиктердің өмірлік идеалдары. Адам және оның бақыты - Эпикурдың философиялык пайымдауының негізгі нысандары. Гедонизм: рахаттану - өмірдің жалғыз мәні. Киниктер философиясы - табиғилык пен жеке еркіндікті уағыздау. Диогеннің аскетизмі. Сенека философияның адам өміріндегі рөлі туралы. Марк Аврелийдің мәңгілік туралы пайымдаулары. Марк Туллий Цицерон философиясының практикалык сипаты. Пирронның скептицизмі. Алғашқы философ әйел Ипатияны жазалау - адамзат ойы тарихындағы ғажайып антика дәуірінің аякталуы.

Наши рекомендации