Марксизмнің тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру принциптері
Марксизм философиясының пайда болуының тікелей әлеуметтік алғышарты — өнеркәсіптік жұмысшы табының дамуы және оның революциялық қызметінің өсуі болып табылады. Марксизм философиясының дүниеге келуінің ғылыми себептері де болды. Марксизм философияның пайда болуына үлкен үш жаңалық әсер етті: 1) Клеткалардың ашылу заңы; 2) Энергияның сақталу заңы; 3) Дарвинның эволюциясы;
Бұл кездегі ұлы ғылыми жаңалықтар табиғатта да, қоғамда да барлық құбылыстар бір — бірімен тығыз байланыста және ұдайы даму үстінде болатынын дәлелдеді. Марксизм философиясының негізін қалаушылар: К.Маркс, Ф.Энгельс болып табылады.
XVII-XVIII ғасырлардағы буржуазиялық революциялар бірқатар еуропалық елдерде ғасырлар бойы мызғымас берік сияқты болып келген феодалдық қоғамдық қүрылысты қиратқаны белгілі. Буржуазияның саяси өкіметті жеңіп алуы капитализмнің дамуына, әсіресе XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басыңдағы өнеркөсіптік революцияның нөтижесіңде жылдамдата дамуына жол ашты. Мүның қажетті нәтижесі, бір жағынан, ірі машиналы индустрия, екінші жағынан, ең революцияшыл тап пролетариаттың дамуы болды.
Бірақ капитализм дамуының нөтижесінде еңбек өнімділігінің артуы және қоғамдық байлықтың өсуі еңбекшілердің түрмысын жақсартпады. Керісінше, қоғамның бір бөлігінде, буржуазияның қолында мол байлық жиналып жатса, екінші бөлігінде енбекшілердің, әсіресе пролетариаттың қайыршылығы арта түсті. Ұсақ өңдірушілердің жаппай пролетариаттануы, жүмысшылардың, оның ішіңде әйелдер мен балалардың еңбегін аяусыз қанау, төзгісіз түрғын үй жағдайлары, адам айтқысыз штрафтар мен қысым көрсетулер, әсіресе оқтын — оқтын қайталанып отыратын зкономикалық дағдарыстар кезінде (1825 жылдан бастап) арта түсетін жүмыссыздық — мұның бәрі капиталистік өмір шындығының бұрын болмаған көріністері — еңбекшілердің ашу — ызасын тудырады.
Жүмысшы табының азаттық күресінің ғылыми теориясын К.Маркс пен Ф.Энгельс жасады. Олар жүмысшы табының ұйымдаспаған бытыраңқы стихиялық көтерілістерін үйымдасқан саналы қозғалысқа айналдыру қажеттігін, ал ол үшін жүмысшы қозғалысын ғылыми — социалистік теориямен қосу, оны қосатын ғылыми теориямен қаруланған ұйымшыл жүмысшы партиялары екенін дәлелдеп берді.
Пролетариат өзін азат ету үшін бүкіл еңбекші халықты азат етуі қажеттігін, ал бүл үшін адамды адамның қанауын тудыратын экономикалық негіздерді жойғанда ғана бүкіл қоғамды әлеуметтік бостаңдыққа жеткізуге болатыны жайында қорытынды жасады. Маркс пен Энгельс бұл қорытындыны бүкіл қоғам өмірін, ең алдымен капитализмнің дамуын өздері жасаған ғылыми — философиялық көзқарас — диалектикалық жөне тарихи материализмді басшылыққа ала отырып зерттеудің нәтижесінде жасады.
К.Маркс пен Ф.Энгельстің өткеннен қалған философиялық мұраны сын көзбен қайта өңдеуі және өздері жүзеге асырған философиядағы революциялық төңкерісі өзара байланысты біртұтас процесс. Оның негізгі мазмұны — дүниеге ғылыми — философиялық көзқарасты қалыптастыру, одан әрі дамыту болды.
Әрине, Маркс пен Энгельс диалектикалық материализмді бірден жасап, жұмысшы табының ғылыми көзқарасының негізін бірден қалаған жоқ. Олар өздерінің теориялық және қоғамдық — саяси қызметінің бас кезінде идеалист болды, Гегель философиясынан революциялық жене атеистік қорытындылар жасамақ болған гегельшілдер мектебінің солшыл өкілдеріне (жас гегельшілдерге) қосылды. Бірақ басқа жас гегельшілдерге , қарағанда, Маркс пен Энгельс тіпті өздерінің алғашқы шығармаларында — ақ революцияшыл демократтар ретіңде, қалың еңбекші бұқараның мүдделерін қорғаушылар ретінде көрінеді.
Өткен замандардың философтары көтерген, бірақ шеше алмаған сұрақтарға жауап табу үшін Маркс пен Энгельс ең алдымен теориялық және саяси қызметтің бастапқы дұрыс тірек пунктін табуы қажет болды.
Олар үшін ондай бастапқы пункт адамды адамның қанауының барлығына қарсы, әлеуметтік езгі мен теңсіздіктің экономикалық және саяси негіздеріне қарсы күрес болды. Еңбекші адамды құлдыққа түсірудің қандайын болсын дәйекті революциялық түрғыдан терістеудің нәтижесінде ғана материалистік диалектиканыжасауға болатын еді. Әбден кедейленген, нағыз революцияшыл еңбекші таптың тұрмыс жағдайын, мақсат — мүддесін күрес негізі етіп алғанда ғана тарихты материалистік түрғыдан түсіну мүмкін еді, ал бұл қоғам дамуындағы шешуші күш еңбекші бүқара және ол жүзеге асыратын материалдық өндіріс екенін ашуға көмектесті.