Жаңа заман философиясы

XVI-XVII ғғ. Батыс Европадағы дамыған елдерде феодалдық қоғамдық қатынастар біртіндеп ыдырап,капиталистік өндірістік қарым-қатынастар өмірге келіп,жаңа қоғамдық тап-буржуазия дербес әлеуметтік күшке айнала бастады. Батыс Европада буржуазиялық революцияның алғы шарттары пайда болды. XVIғ.аяғында Нидерландияда , XVII ғ. ортасында Англияда буржуазиялық революциялар жүзеге асты. Батыс Европа елдері үшін XVII ғасыр- капитализмнің қалыптасу кезеңі, ал жаңа қоғамдық қарым-қатынастар – XVI ғғ., XVII ғасыр – рационализмнен туып , қалыптасу кезеңі болса , XVIII ғасыр – ағартушылық ғасыры, ал XIX ғасыр – классика ғасыры болды. XVII ғасырдағы ғылыми революция - адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып – білуге деген құлшысының жемісі болды.Ғылымдардың дамуы ең алдымен материалдық өндіріс практикасына негізделді.

Жаңа заман философиясында екі негізгі бағыт болды:Эмпиризм– эмперио – тәжіребе - білім тәжіребеге сүйенеді деп есептейтін ілім.Рационализм таным білім процесі ақыл-ойдан басталады деп есептейтін ілім.

Жаңа заман философиясында материалистік немесе эмпиризм бағытының негізін салушы Ф.Бэкон (1561-1626жж.)-ағылшын ойшылы. Негізгі еңбектері : «Ғылымдар табысы», «Жаңа органон», «Жаңа Атлантида». Ф.Бэкон – материалист, сондай-ақ ол – эксперименттік ғылымдардың негізін салушы. Оның қолданған әдістері: индукция(ойдың жекеден жалпыға қарай жылжуы). Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға, діни, идеалистік көзқарастарға қарсы болды. Оның пікірі бойынша,адамның негізгі мақсаты – табиғат күштерін игеруі.Оның негізгі принцип– «Білім-күш». Ол үшін ғылым заңдарын танып білу , соларға сәйкес әрекет ету. Табиғаттың сырын заңдылықтарын білген адам өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсінуге болды. Материяның қасиеттері көп , солардың ішінде негізгі – қозғалыс – материяның кеңістіктегі орын ауыстыруы Оның пікірінше, дүниені дұрыс танып, жалған пікірлерден азат болу үшін төрт түрлі елестерден құтылу қажет: 1) адам табиғатына тән елес(тек елестері), 2) әркімнің өзіне тән елес, 3) базар елестері, 4) театр елестері. Олардан құтылудың басты жолы – тәжірибе жасау, нақты зерттеу жүргізу, қалыптасқан ұғымдарды сол күйінде алмай, тесере білу.

Р.Декарт(Картезий) (1596-1560)-француз ойшылы. Негізгі еңбектері: «Тәсіл туралы ойлар», «Философия бастамасы».Ол өз заманының философиясы мен білімдерінің жай-күйіне риза болмай, оны ешбір күмән туғызбас білім негізінде қайта құруға ұмтылған. Мұнда күмәнсіз тұжырым есебінде ол: «Мен ойлаймын, демек, өмір сүремін» деген пікірді алған. Математиканы білімнің идеалы есебінде санап, философияны да осы математикаға сай түрде құрмақ болған. Егер Бэкон бұл жолда тәжрибеге сүйенсе, Р.Декарт ақыл-ойға жүгініп, дедуктивтік әдісті(ойдың жалпыдан жекеге қарай жылжуы,”туа біткен идеялар”) ғылыми танымның басты әдісі деп санаған. Ол аналитикалық геометрияны жасаған және механиканың негізін қалағандардың бірі болып табылады. Сонымен бірге ол физиканың, психологияның, физиологияның дамуына үлкен үлес қосқан. Оның философиялық көзқарасына дуализм тән, ойткені ол үшін ойлау мен материя бір-біріне тәуелсіз екі бөлек субстанцияны құрайды.Декарт: Адам- ақыл-ойы бар зат.

Бэконның материализмін қорғаушы, одан әрі дамытушы Томас Гоббс (1588-1679жж.)-ағылшын.Негізгі еңбектері : «Левиафан», «Адамзат туралы ілімнің философиялық элементтері». Қияли метафизиканы жойып, философияны тек танымның жолына қарай алғашқы бұрушылардың бірі. Оның ойынша философия себептерді олардың салдарынан, немесе салдарларды олардың себептерінен дұрыс ой түйіндеу арқылы тану деп түсінді. Сол себепті оның мақсаты: салдарларды алдын ала көре білуге, сол арқылы оны пайдалануға үйрету. әлем механикалық қозғалыс заңдарына бағындырылған денелердің жиынтығы. Материя мәңгі бірінші,ал жеке денелер екінші. Ал қозғалыстың барлық формаларын бір ғана механикалық формаға жатқызады. Қозғалыс деп ол дененің кеңістікте жай орын ауыстырып жылжуын түсінді. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптасады. Таным дегеніміз – олардың бір-бірімен қосылуы және бір бірімен ажырауы. Ол таным процесінің бірден бір ғылыми әдісі тек қосу мен алуға негізделген математикалық әдіс қана бола алды деген тұжырым жасады. Материя және денелер өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады. Сондықтан геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміз есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы ( қосу, алу, бөлу, көбейту). Гоббстың философиясында негізгі орын алатын саяси ілім,”қоғамдық шарт ”теориясы, оның негізгі принципі: «Адам адамға қасқыр», «Бәрінің бәріне қарсы соғысы».

Бенедикт Спиноза (1632-1677).-нидерланд ойшылы. Негізгі еңбектері: «Этика», «Құдай-саяси трактат», «Саяси трактат», «Зердені жетілдіру туралы трактат». «Этика» - Спинозаның ең басты шығармасы саналады. Мқнда оның метафизикасының басты мәселелері қарастырылып, өз шешімін тапқан. «Этиканы» Спиноза геометриялық әдіспен құрастырып, дәлелді түрде мазмұндаған. Спиноза философиясының негізгі өзегі құдай мен табиғатты бір нәрсе деп тану, сондықтан да табиғат жаратылған емес, мәңгі бар, оны ғылыми тұрғыда тануға болады. Бұл пантеистік пікір болатын.Таным процесі үш сатыдан тұрады. Біріншісі – сезімдік таным, екіншісі-рационалдық таным, үшіншісі-интуиция. Бұл сатыда заттардың мәнін түсініп-білу арқылы, олардың түпнегізін(құдайды) білуге мүмкіндік аламыз.

Г.Лейбниц (1646-1716).-неміс ойшылы. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы жаңа тәжірибелер», «Монадология».Г.Лейбництің философиялық ілімін монадалар туралы ілім немесе «монадология» деп атайды. Дүниенің негізін шексіз көп монадолар, яғни бір-бірімен алдын-ала берілген гармониялық қатынаста болатын рухани субстанциялар құрайды. Монадалар субстанция ретінде бір-біріне тәуелсіз, бірақ әрбір монадаға белсенділік тән: ол түйсінеді, қабылдайды, оған ұмтылыс тән, ол өзінің ішкі принципі бойынша әрекет жасайды. Монада біртұтас, ол бөлшектенбейді, ол бөліктерден құралмаған, сонымен бірге ол ешқандай да механикалық себептермен түсіндіруге болмайтындай құбылып, өзгеріп, сан қилы күйге түседі. Әрбір монада бір-біріне тәуелсіз болғанымен, құдай біртұтас дүниені жаратқанда монадалар қызметін алдын ала үйлестіріп қойған, сондықтан олардың әрекеті шашыраңқы емес, өзара жарасымды келеді.

Дж.Локк (1632-1704) –ағылшын.Эмпирикалық философияның негізгі өкілі. Философияның өзекті мәселесін таным теориясымен шектеген алғашқы ойшылдардың бірі. Таным теориясын сананың эмпирикалық көріністеріне құрған. Дж.Локктың таным теориясы негізгі үш қағидадан тұрады:1.адамда туа біткен идеялардың болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжрибе арқылы пайда болады.2.адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта, немесе ақ қағаз сияқты, ол тек тәжрибе арқылы мазмұнға толады.3. ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын таза түйсік.Танымның негізі ретінде түйсікті мойындау сенсуализм деп аталады. Психиканың қалай қалыптасуын түсіндіру үшін Локк идеялардың екі түрін қарастырды. Олар:Бірінші сапалы идеялар. Денелердің түр, сан, қозғалыс, тыныштық сияқты қасиеттері жатады. Олар тек қана тәжірибе арқылы қалыптасады, ой белсенділігін талап етеді.Екінші сапалы идеялар. Денелердің иіс, бояу, дәм сияқты қасиеттері жатады. Рефлексия арқылы пайда болған қарапайым ұғымдар.Сапаны осылайша екіге бөлгені кейінгі субъективтік идеализмге жол ашты.Осы кезеңде суб.идеалистік көзқарас ұстанған ағылшын ойшылдары Беркли, Юм болды.

XVII-XVIII ғасырлар өзінің ағартушыларын да туғызды. Олар – П.Гассенди(1592-1655), Вольтер (1694-1778). Жан-Жак Руссо(1712-1778), И.В.Гете(1749-1832) т.б. Олардың пайда болуына, ең алдымен, капиталистік қоғамның қалыптасуы, соған сәйкес жаратылыстану ғылымдарының, математиканың, физиканың, механиканың, физиологияның, медицинаның,т.б. дамуы және олардың адам санасына ғылыми ұғымдарды ұялату нәтижесі себепші болды. Олар діни соқыр сенімге қарсы тұрып, ғылымның еркін дамуын, еркін ой болуын жақтады. Олардың басты мәселелері – адам тағдыры, оны рухани қыспақтан босату, саяси еркіндік, гуманизм мәселелері еді.

Ф.Вольтер (1694-1778).француз. Негізгі шығармалары: «Философиялық хаттар», «Метафизика туралы трактат», «Ньютон философиясының негіздері», Вольтер көбінесе әлеуметтік-саяси, әлеуметтік философия саласында ой түзген. Француз ағартушыларының бас тұлғасы деуге болады. Философияда Вольтер деизмдіқолдады, яғни жалпы мағынада жаратушының барлығын мойындау, ол табиғаттың алғашқы қозғаушы күші, бірақ қоғам өміріне араласпайды деген мағынаға саяды. Оның ойынша ол күштің табиғатын, қандай екенін, атрибуттарын біле алмаймыз. Ол жеке оқшау нәрсе емес, барлық нәрселерде, барлық құбылыстарда. Декарттың туа бітті идеялар туралы қағидасын мойындамай, ол Локктың сенсуалистік таным теориясына жақын көзқарастарды ұстанды. Ұғымдар, идеялардың бастау көзі түйсіктер мен сезімдерде екендігін жақтайды.

Ж.Ж.Руссо (1712-1778).-француз. Негізгі еңбектері: «Қоғамдық келісім туралы», «Эмил немесе тәрбие туралы».Оны қызықтырған көбінесе әділетті қоғамдық құрылыс, қоғамның, мемлекеттің түпкі табиғаты, этикалық, эстетикалық тәрбие, ғылым мен мәдениеттің тарихтағы ролі. Руссо қоғамды, мемлекетті адамдардың өзара келісімінің нәтижесі деп қарайтын бағыттың өкілі. «Адам ерікті, бас бостандығы бар болып туылған, бірақ ол барлық жерде құрсаулы»,-дейді философ. Руссо қоғам заңдарын бәрінен жоғары қояды.Адам бас бостандығымен туады, бірақ өз еркімен «қоғамдық келісімге» бой ұрғаннан кейін, олар өздерінің жекеленген жігер-еркін біріктіреді. Сөйтіп мемлекет пайда болады. Мемлекеттің негізгі міндеті – бейбітшілік пен әдептілік сақтау. Руссоның теңсіздік, «қоғамдық келісім» туралы пікірлері көп елдің саяси, рухани өміріне мемлекеттік құқық, тәрбие, т.б. тұрғысынан үлкен әсер етті. Философияда Руссо негізінде деист болған; құдай бар, бірақ ол табиғаттың өз ішіндегі Рух, тек сол ғана бәрін жандандырып отырады, Рух сияқты жеке жандар да өлмек емес.Руссо тарихта алғаш болып өркениет пен мәдениетті қарсы қойды.

XVIII ғасырдағы француз материализмі. Өкілдері: Дидро, Ламетри,Гельвеций, Гольбах т.б. Бұл XVIII ғ. ағылшын материализмі сияқты механикалық, метафизикалық материализмге жатады. Негізінде олар дінді, оның уағыздаушыларын қатты сынға алды, сатиралық сөздермен мазақ етті. Бірақ қоғамдық құрылысты түсіндіруде олар идеалистік шеңберден шыға алмады. Француз философиясы өкілдерінің бірі- Жюльен Офре де Ламетри ( 1709-1751). Мамандығы – дәрігер. Ол Р.Декарт физикасын қолдаушы болған. Ламетри «Адам - машина» деген еңбегінде тіршілік процестерін тәжрибе арқылы зерттеуді талап етті.Сезіну тек ұйымдасқан денелерде ғана байқалады деді. Ол органикалық дүние – жануар, адам – бәрі бір-бірімен тығыз байланыста болады және органикалық өмір – органикалық емес дүниеден, өсімдік – органикалық дүниеден, жануарлар - өсімдіктен, адам жануардан жаралғанын айтты. Бірақ адамды білімді машина деп санады.Осы ғасырда Үлкен француз энциклопедиясы жасалды (ред.- Д.Дидро).

Бақылау сұрақтары:

1. Ренессанс деген не? Қай уақыт аралығы?

2.Қайта өрлеу дәуірінің әлеуметтік утопиясы өкілдерін ата.

3.Қайта өрлеу дәуірінде саясат, құқық мәселелерімен кім айналысты?

4. Гелиорталықтық жүйені жасаған кім? Әлемнің шексіздігі туралы идеяларды дамытқан кімдер?

5.Қайта жаңғыру дәуірінде нені жаңғыртты?

6. Жаңа заман философиясының негізгі мәселелері.

7.Эмпиризм деген не? Негізін қалаған кім? Жаңа замандағы эмпириктерді ата.

8.«Қоғамдық шарт » идеясын кімдер дамытты?

9. Жаңа замандағы рационалистерді ата.

10.Жаңа заманда өркениет пен мәдениетті қарсы қойған кім?

11. «Бәрінің бәріне қарсы соғысы» кімнің философиясында?

Негізгі әдебиет:

1.Ғабитов Т. Философия. Алматы, 2004.

2.Мырзалы С. Философия. Алматы, 2008.

3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2006.

Қосымша әдебиет:

1. Жаңа дәуірдегі философиясы. ӘФМ. 20 томдық. Т.6. А;2006

2.Жаңа дәуірдегі француз философиясы. ӘФМ. 20 томдық. Т.7. А;2006

Дәріс 6. Неміс классикалық философиясы-2 сағат

Мақсаты: Неміс классикалық философиясы жалпы сипатын, пайда болуының алғы шарттарын, әлемдік философиядағы орнын ашып көрсету.

Негізгі ұғымдар мен сөздер:антиномия, априорлық, апостериорлық,абсолют идея, диалектика, объективті идеализм, субъективті идеализм, транценденталды.

1. И.К.Философиясындағы гносеология және этика.

2. Гегельдің диалектикалық әдісі және философиялық жүйесі.

3. Фейербахтың антропологиялық материализмі.

Неміс классикалық философиясыабстрактілі философиялық мәселелерді қарастырумен шектеледі. Неміс классикалық философиясында философия,ғылым таным теориясы, методология,логика диалектика ретінде қарастырылып,дамыды.

Неміс философиялық философиясыө-И.Кант, И.Г.Фихте, Ф.В.Шеллинг, Г.В.Гегель және Л.Фейрбах ілімдерінен туатын философиялық кезең. Неміс классикалық философия ХУІІІ ғ. Аяғынан бастап ХІХ ғасырдың бірінші жартысына созылады және ол марксизмге дейінгі философиялық ой-пікірдің дамуындағы ең жоғары саты болып табылдаы. Оның қайнар көздері-Ағартушылығының идеялық мұрасы, Декарттың, Спинозаның, Лейнбництің рациолнализмі.

Неміс классикалық философиясының негізгі бағыттары: дуалистік (И.Кант), субъективті-идеалистік (И.Г.Фихте), объективті идеализм (Ф.В.Шеллинг, Г.В.Гегель) және материализм (Л.Фейрбах) көрініс тапқан.

Неміс классикалық философия негізін салушы И.Кант болды. Оның басты еңбектері: «Жалпыға бірдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» , «Әлемнің табиғи тарихы мен теориясы», «Таза ақыл-ойды сынау», «Практикалық ақыл-ойды сынау».

Канттың творчествосы екі кезеңге бөлінеді:

1. Сынға дейінгі кезең (1770 ж. дейін).

2. Сын кезеңі. Бұл кезеңнен бастап адам қалай дүниені танып біледі деген мақсат қояды.Сынға дейінгі кезеңде Кант атақты астроном, биолог, табиғи зерттеуші идеясын дамытты. Күн системасының табиғи жолмен пайда болғаны жайында гипотеза жасады. Физикада Кант өзінің қозғалыс пен тыныштықтың салыстырмалылығы туралы ілім жасады.

Канттың философиясы үш ілімге бөлінеді: этика, эстетика және таным-білім теориясы. Кант философияда, таным теориясында «коперниктік төңкеріс» жасады. Кант объектісінің оның субъектісін бөлді. Субъектіде ол екі дәрежеде болады деп санайды. Олар эмприкалық (адамның психологиясының ерекшеліктері) және трансцендентальды. Білім ұғым-түсініктер байланысының көрінісі ретінде ой-толғамдарды бейнеледі. Ол ой пікірлерді аналитикалық синтетикалық деп екіге бөлді. Аналтитикалық білім жаңадан білім бермейді. Синтетикалық ойлар алдын-ала жасалған тәжірибеге сүйенген ой-пікірлер болуы мүмкін. Сыни кезіңдегі Канттың пікірінше, философияның болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерін қарастырмастан бұрын адамның танып біліп мүмкіндігінің шекарасын белгіліп алу керек.Таным объектісін анықтау үшін Кант дүниені екіге бөледі:

1. Өзіндік зат (ноумен). 2. Құбылыстар әлемі.(Феномен).

«Өзіндік затты» адам ешқашан танып біле алмайды. «Өзіндік зат» объективтік шындық. Адам «құбылыстар әлемін» ғана танып біледі.Құбылыстар әлемі объективтік шындыққа жатпайды, адам санасында өмір сүреді.Канттың дуалистік позициясы осында.Бұл позицияны материалистерде, идеалистерде сынаған. Кант тәжиребе дейінгі білімді априорлық білім деп атады. Ал, тәжиребеден алынған білімді апостериолық білім деп есептеді. Кант бойынша, априолық білімде деректерде ылға да кездейсоқ элементі басым болады, олардан біргі толық білім болмайды. Ал шынайы әмбебаптык және қажетті білімдер осындай фактіліерге негізделе алмайды. Олай болса, шынайы білім тәжірибеге қатынасы жоқ, әуел бастан-ақ адам санасында априорлы (төжіребиен дейінгі) қалыптасқан сезім мен ақыл-ойдың түрлеріне байналысты болуы керек. Кант бойынша, кеністіқ және уақыт сезімдік түйсінуі априолық білімге жатады.

Кант бойынша, таным - аса күрделі, қайшылықты, диалектикалық процесс, ол үш сатыдан өтеді. Олар: сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой. Сезімдік түйсіну сатысында біздің білім сезім мүшелерімізге "өзіндік заттардың" қөріністері әсер етеді де, осы деректер негізінде туйсіктердің бей-берекет жиынтыгы пайда болады. Олар сезімдік түйсінудің априорлы түрлері - кеңістікпен уақыттың арқасында белгілі бір жүйеге келіп, реттеледі. Сараптаушы парасат сатысында - априорлық категориялар себептілік, сапа, сана, қажеттілік арқасында жаңа ғана реттелген туйсіктер жиынтығы түжырымдалып, өзіне тистілі зандылыққа бағынып, жана білім пайда болады. Кант таным процессінің екі сатысының негізінде алынғаи білім трансцендентальдык білім деп атайды. Танымның үшінші сатысы - трансценценттік танымда - таза ақыл-ой заттардың көрініс әлемімен шектеліп қалмай, олардың ар жағында не бар екінін білуге, басқаша айтқанда, өзіндік заттардың" табиғатын, мәнін түсінуге үмтылады да, антиномияларға тап болады.

Кант бойынша, таза ақыл-ой адамның ерік-жігірін практикалық іс-әрекеттін айқындауға мүмкіндік береді. Айталық, адам жеке түлға ретінде табиғат заңдылықтарынын төмен тұрғандықтан сыртқы әлемнің әсерінен шыға алмайды, сол себепті ол ерікті де емес, ал даралық қасиеттерінің ерекшіліктеріне, өзінің ылғи да танып-білуге ұмтылу кабілетіне қарасақ, ол - өзінің практикалық ақыл-ойына сүйеніп, еркті іс-әрекет жасайды. Бұл жағдайда адам барлық жүртқа бірдей әдептілік заңы - әдептілік императивке /үзілді-кесілді императив/ басшылыққа алады. Бұл әдептілік қағидасы бір сөзбен айтқанда: «Өзіне қаламайтың нәрсені басқа біреуге жасама». Үзілде-кесілде императив жатсынуға тәуелді емес, себебі ол - өз заңына сүйеніп, өзінше өмір сүреді. Үзілді-кесілді императивке Кант қүқық, мемлекет, саясат мәселелерін де қарастырады. Оның пікірінше, қоғамдық өмірде әлеуметтік қарама-кайшылық елеулі орын алады.

Кант адамды «дүниедегі ең басты зат» деп есептеп, философиялық негізін қалады. Философ негізгі еңбектерімен адам баласын толғандырып келе жаткан төрт мәселеге баса назар аударды.

  1. Мен нені біле аламын?
  2. Мен нені істеуім керек?
  3. Мен неге ұміт арта аламын?
  4. Адам деген не?

Канттын төрт антиномиясы :

  1. Құдай бар ма, әлде жоқ па?
  2. Дүниені танып білуге бола ма,әлде болмай ма?
  3. Дүние шекті және біртұтас – Дүние шексіз және бөлінеді.
  4. Еркіндік бар ма, әлде жоқ па?

Фихте Иоган Готбил (1762-1814жж.). Негізгі еңбектері: «Ғылым туралы ілім», «Адамның міңдеті»

Фихте Кант философиясындағы «өзіндік заттты» танып-білуге болмайды деген пікірді мойындамайды және оны сынға алады. Оның пікірінше, алғашқы бастама барлығын қамтыйтын, анықтаушы нақтылық – «абсолюттік Мен». «Мен» өзінің дамып отыратын іс-әрекеттінің арқасында өзінің алғашқы бастама кезеніндегі /сана -субъект/ ақыл-ойдың нақтылығына қарама-қарсы Менге /табиғат - объект/, одан кейін өз дамуының үшінші сатысы - екеунің өзара қарам-қатынасына айналады. Бұл жердегі «Мен» - рух, жігер, әдептілік, сенім ұғымдары, басқа «Мен» - табиғат және материя үғымдары болады. Олардың өзара қатынастары синтез - бұрмалаушылыққа қарсы қүресіп жатқан адамның жігерін көрсететін үғым. Басқа «Мен» (табиғат) нақты өмір сүріп қана қоймай, Менге әсер етіп, кейбір жағдайларда оның іс-әрекетін де айқындайды. Басқа Меннің әсерімен болған іс-әрекетті біз танып-біле алмаймыз, бірақ бұл әсерді тікелей сезінеміз. Фихтенің практикалық ілімі /этика, мемлекет, құқық тіралы ілім/ негізгі үғымы - бостандық ұғымы. Фихте этиканы - адамның ішкі дүниесіне бағытталған бостандыққ деп, ал құқықты - адамдар арасындағы сыртқы қатынастарды реттейтің әлеуметтік құбылыс деп санайды.

Шеллинг Фридрих Вильгельм (1775-1854жж.). Негізгі еңбектері: «Транцендентальдық идеализмнің жүйесі, адам бостандығынның мәні туралы».Шеллингтің пікірінше, материя дегеніміз рухани зат. Бірак, санамыз жоқ табиғат адам санасының пайда болуынан бұрын өмір сүрген. Санасыз жоқ табиғаттан саналы адамға айналу процессі көптеген бірден-бір жоғары даму сатыларынан өтеді. Табиғаттың даму себептерін оның озіндегі, шындығында да өмір сүретін, қарама-қайшылықтарды табу арқылы түсініп, зерттеп білуге болады. Шеллинг табиғат дамуын, кейбір жағдайда диалектикалық түрғыдан қарастырғынына қарамастан оларды шын мәнінде механикалық қозғалыс, немесе механиқалық даму деп есептеген. Бұл ілім бойынша, субъективтілік алғашқы бастама, кайнар көзі, абсолют ретінде барлык мәнділіктің, нақтылықтың жалғыз ғана негізі. Табиғат пен рухтың тепе-тендік идеясы Шеллинг философиясынын басты және негізгі проблемасы болып табылады. Абсолюттік ақыл-ойда субъект және объект бір-бірімен ажарамастай бір. Шеллинг құдайды жеке тұлға - адамның айырмашылығы: құдай жеке тұлға, бостандық ретінде шексіз болса, адамда бұл аталған қүбылыстарда шектеулі.

Гегель Георг Вильгельм Фридрих(1770-1831жж). Негізгі еңбектері: «Рухфеноменологиясы», «Логика-ғылым», «Қүқық философиясы», «Дін философиясы», «Философия ғылымының энциклопедиясы». Гегельдің философиялық жүейсі объективтік идеализмге жатады. Гегель өз философиясының бастамасы ретінде абсолютікидеяны алды. Абсолют- құдай барлық заттарда бар, бірақ тек таза ақыл-ойда ғана өзіне өзі тән, болады. Абсолюттік идея- нағыз шындық, болмыс және барлық материалдық денелердің түпнегізі және мәні. Оның негізгі атрибуттарының бірі - әмбебапжалпылық. Ол тұрақты және мәңгі. Абсолюттік идеяға әректшілдік тән, себебі ол - таза ақыл-ой, ақыл-ой әрекетшіл болмаса өмір суре алмайды. Осы қасиетінің арқасында ол жай ақыл-ой болып қалмайды, материалдық денелерге айналады. Рух өзінен табиғат туралы таза ойын босатып, заттандырады жөне сол заттандырылған табиғаттың өзінде өзінің басқа болмысы ретінде сақталады. Сөйтіп, ол өзінің шын болмыс қалпынан басқа болмыс қалпына көшіп, озінің диалектикалық мәнін корсетеді. Таза ақыл-ой дамыуның диалектикасы табиғаттың, қоғамның, адамның ойлау қабілеттінің жалпы заңы болып табылады. Осыдан келіп Гегель табиғаттың, қоғамның, адам ақыл-ойының әр түрлі даму кезін абсолюттік идеяның әр түрлі даму сатысына саяды деген түжырым жасайды. Даму процесі, Гегель пікірінше, белгілі бір кестемен жүзеге асады: тезис (нақтылану), антитезис (нақтылауды теріске шығару) және синтез (терістеуді терістеу). Айталық, материалдық денелердің пайда болуы тезис болса, олардың күйреуі - антитезис, ал қүйреп бара жатқан денелердің озінің кейбір элементтерін сақтай отырып, басқа бір материалдық денелерге айналуы - синтез болады. Табиғат пен қоғамның дамуының қайнар қезі - абсолюттік идеяның өзіндік дамуы.

Гегель пікірінше, сезімдік тәжиребе арқылы кездейсоқ, бір-бірмен байланыссыз нақты қүбылыстарды ғана танып-біле аламыз. Ал заттарға тән жалпылықты, мәнді біз тек ақыл-ой күші арқылы ғана білеміз. Онда, адамдарда емес, олардан тыс, объективті рухтың, басқаша айтқанда, жалпы рухани тәжірибенің арқасында біле аламыз. Себебі жеке адамның өсіп-дамуы - жалпы адамзат тарихының рухани дамуының кішігірім бөлшектері ғана. Ал, қоғамның рухани дамуы белгілі зандылықтарға /таза ақыл-ойдың логикасына/ сәйкес артып отыратындықтан, оны жеке адамрда танып-біле алмайды. Адамзат тарихы, оның зандылықтары дегеніміз қоғамның ілгері қарай дамуы негізінде жеке түлғалардың ең жоғары принципі - бостандық идеясы үздіксіз ұмтылуы. Гегельдің бұл концепциясы бойынша, бостандық сәулесі бозарып келе жатқанда тарихпен басталады. Бостандық идеясы үш сатысынан өтті. Біріншісі - алғаш рет Шығыс. Екіншісі - Ежелгі Греция. Үшіншісі - герман халықтарынаң арасында христиан дінің тарауынан басталады.

Гегель логикада заттану дамыуының синтезі мен нәтижесі ретінде көрсітті. Таным процессі идеялардың өзін-өзі тануының сатылары арқылы берілген. Бірақ логика категориялары жалпыға бірдей ерекшеллікке не жалпы тиянақты білм сияқты. Даму сатысында бола тұра әрбір категория ғарыштың бейнесін көрсетеді. Таным абстрактылы тепе-тендіқтен басталады, ол өзінің қалыптасу кезінде сапалық пен сандық қатыснастарға және олардың нақты бірлігіне тіреледі.

Гегель диалектиканың үш негізгі заңын ашты.Қарама қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы. Бұл заңы дамудың қайнар көзін көрсететі.Терістеуді терістеу заңы. Бұл заң даму процесі қалай алға басатынын көрсетеді. Бұл заң бойынша даму процесі спираль /бұранда/ тәрізді алға басады. Санның сапаға ауысу заңы. Сапа, Гегель бойынша, заттардың айқын белгісін, тек осы арқылы зат тек белгілі бір зат бола алатындығын көрсетті.Гегель бойынша, диалектиканың категориялары: Мән және құбылыс.Жалпылық, өзгешілік және жекешілік.Мазмұн және түр.Себеп пен салдар.Қажеттілік және кездейсоқтық.Мүмкіндік және шындық.Бүтін және бөлік.

Субъективтік диалектика Гегель бойынша, ол ойлау диалектикасы. Канттан кейін классикалық неміс философиясын дамытқан И.Г.Фихтенің және Ф.Шеллингтің идеалистік ой-пікірлері өзінің логикалық жалғасын Гегель философиясынан тапты. Гегельдің диалектикасы неміс классикалық философиясының жоғарғы жетістігі болып табылады.

Фейербах Людвиг(1804 - 1872 жж). Негізгі еңбектері: «Христиан дінінің мәні», «Діннің мәні», «Гегельге қарсы сын».Фейербах Гегельдің қарама-қайшылықтар бірлігі қағидасын, оның диалектикасын жоғары бағалап, жас гегелшілер қатарында болды.Фейербах материализмінің ерекшелігі - антропологизм.Антропологизм бойынша, адам философияның, ең басты бірден бір
және әмбебап пәні ең жоғарғы өлшемі. Бірақ, Фейербахта адам
мәселесін толық материалистіқ көзқарас жүргізе алмады. Фейербах
бойынша, адам - жеке индивидке тән абстракты жай ғана биологиялық тіршілік етуші. Фейербах Гегель бірлікті идеалды түрде ғана түсінеді, ал оның диалектикасы өмір шындығынан тыс жатыр деп сынға алып, идеализмді діннің рационалданған түрі, сондықтан философияңың бірден-бір міндеті дінге қарсы күресу деп түжырымдайды. Құдай - адамға тән қасиеттерді, мәнді одан бөліп алып, жеке өз мәні ретінде қалыптасқан ұғым деді. Шындап келгенде, қүдай деп жүргеніміз адамның өзі. Фейербах материализмінің ең күшті жағы – оның дінмен ашық қүресуінде, діннің гносеологиялық түптамырын ашып беруінде болды. Ал адамның өзі физиологиялық және психологиялық бірліктен тұрады. Оны ажыратып, бөліп қарау тек абстракцияда ғана мүмкін. Жан мен тән, рух пен дене бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Адамның мәні - ақыл-ой жігер, жүрек және физиологиялық процестерге жатпайтын езіндік ерекшіліктері бар дененің ұйымдасу қабілетімен тағыз байланысты. Адам - табиғаттың ең жоғары нәтижесі, соңдықтан оны табиғаттан бөліп қарауға болмайды. Демек, жаңа философияның негізгі міндеті табиғатты зерттеп, оның адамға тигізер әсері негізінде, адамның осы өмірдегі мән-мағынасын түсіну. О дүниеде ешқандай өмір жоқ болғандықтан, адамдар бірігіп, осы дүниеде қалай жақсы өмір сүрүге болатын жолдарды іздестірулері керек. Фейербах құдай бар дінді жойып, онын орнына құдайсыз жаңа дін жасауды колданды, ол адамға деген шын сүйіншілігінің өзі дін болуы тиіс деді. Осындай жақсылыққа апаратын жол, қүдайға жалбарынуды уағыздайтын діннің орнына, адамдарның бір-бірне сенімін арттыратын сүйіспеншілік діні деп есептейді «Адам сүйіспеншіліктің объектісі, себебі, ол сана қабілеті бар және не сүйіспеншілікті қабілетті тірі организм. Бұл ұрпақтардың заны» дейді Фейербах. Таным теориясында Фейербах эмпиризм және сенсуализмді жақтады да, агностицизмге қарсы шықты.

Бақылау сұрақтары:

1.Неміс классик философтары субстанция мәселесіне қатысты қайсысы қандай позиция ұстанды?

2. Диалектикалық әдісті алғаш жасаған кім, қай тұрғыдан?

3. И.Кантты таң қалдырған екі нәрсе?

4. Үзілді-кесілді императивті қалай түсінесіз?

5. Махаббат діні кімнің философиясында?

Негізгі әдебиет:

1.Ғабитов Т. Философия. Алматы, 2004.

2.Мырзалы С. Философия. Алматы, 2008.

3. Кішібеков Д., СыдықовҰ. Философия. Алматы, 2006.

Қосымша әдебиет:

1.Кант пен Гегель философиясы. ӘФМ.20 томдық т.8. А.,2006.

Дәріс 7. Марксизм философиясы-1сағат

ХІХ- ХХ ғғ. басындағы орыс философиясы-1сағат

Марксизм философиясы

1. Марксизм философиясының алғышарттары.

2. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.

ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Европа елдерінің көпшілігінде капитализм жедел қарқынмен дами бастады. Тарихи аренаға жаңа әлеуметтік топтар буржуазия мен жұмысшылар келді. Буржуазияның жүгенсіз байлыққа ұмтылуы халықтың жағдайын төмендетіп жіберді. Бұл өз кезегіндегі шиеленіске әкеліп соғып, көптеген саяси-философиялық ілімдердің пайда болуына әсер етті. Солардың бірі марксизм. Негізгі өкілдері: Карл Маркс(1818-1883 жж.) (негізгі еңбегі: «Капитал», «1844 жылғы экономикалық-философиялық қолжазбалар»), Ф.Энгельс пен К.Маркс екеуінің бірігіп жазған еңбектері: «Неміс идеологиясы», «Қасиетті отбасы», «Фейербах туралы тезистер», «Философияның қайыршылығы» т.б. Марксизмнің келесі өкілі Ф.Энгельс (1820-1895 жж.) (негізгі еңбегі: «Табиғат диалектикасы», «Анти-Дюринг» т.б.). К.Маркс пен Ф.Энгельстің идеяларын басшылыққа алып, оны ары қарай дамытуға тырысқан В.И.Ленин болды. Негізгі еңбегі «Философиялық дәптерлер», «Материализм мен эмпириокритицизм» т.б.

К.Маркс неміс ойшылы диалектикалық және тарихи материализмнің ғылыми саяси экономиканың негізін қалаушы. Маркстың Л.Фейербах шығармаларымен танысуы оның дүниеге көзқарасының қалыптасуына үлкен әсер етеді. 1842 жылы «Рейн газетінде» жұмыс істеп, кейін сол газеттің редакторы болған. Газетте жұмыс істеп жүріп ол қоғамдағы материалдық қатынасты, жеке меншік мәселелерін жақсы ұғады. Бұл Гегельдің «құқық философиясын» сыни қарауға итермелейді. Соның нәтижесінде «Гегельдің құқық философиясына сын» жөніндегі мақаласында саясат экономиканы емес, экономика саясатты анықтайтын және пролетариаттың тарихи рөлін тұңғыш рет ашып көрсетеді, әлеуметтік революцияның болмай қоймайтындығы туралы, жұмысшы табының қозғалысын ғылыми дүниетаныммен ұштастыру туралы тұжырымға келеді.

1844-1848 жж. К.Маркстің философиялық шығармаларының қауырт кезеңі болды. Бұл кезде К.Маркс адам мәні мен оның өмірінің мәні, гуманизм, еңбектің рөлі, еңбектің жаттануы, дін мен философияның қоғамдағы рөлі, сана мәселесі және т.б. мәселелерді қарастырады. Бұл проблемалардың бәрі қосылып марксизмде «Жас маркстың гуманизмі» деген атпен белгілі. К.Маркс өзінің «Философиялық-экономикалық жазбаларында», «Фейербахтың тезистері», «Неміс идеологиясында» адамның әлеуметтік және тарихи табиғаты жайлы, оның мәні жайлы былай дейді: «адамның мәнділігі жекелеген индивидке тән абстракт емес. Ол өз болмысында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады». Мұнда адамды абстрактылы түсінгені үшін Фейрбахты сынаған. Марксизм адам мәнінің ұғымын оның жұмыс істеуі мен дамуының қоғамдық шарттарымен, саналы қызыметімен байланыстырды, бұл еңбектің барысында адам тарихтың әрі алғышарты, әрі жемісі болып шығады.

Маркстің философияға қосқан негізгі екі жаңалығы болды: тарихта материалистік тұрғыдан түсіну және қосымша құн құпиясы.

К.Маркс өзінің «Саяси экономикаға сын» туралы еңбегінде тарихты материалистік тұрғыдан түсінуді анық көрсеткен. К.Маркс пен Ф.Энгельс ескі материализмді метафизикадан, диалектиканы идеализмнен аластатып материализм мен диалектиканы қосып материалистік диалектика қолданды. Сол арқылы тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру мүмкін болды. Маркске дейінгі философтардың бәрі де, соның ішінде материалистер де қоғам өмірін түсінуде сыңаржақ көзқараста болды, өйткені олар соқыр күштер әсер ететін табиғатқа қарағанда қоғамда өз істерінде идеалдық сезім-түйсіктерді басшылыққа алатын саналы адамдар өмір сүретіндігін баса айтып, негізінен солармен шектелді. Тарихи материализмнің жасалуы қоғамдық ойдың дамуындағы түбірлі төңкеріс болды. Ол бір жағынан, тұтас дүниеге-тек табиғатқа ғана емес, сонымен қатар қоғамға да жүйелі наным көзқарасты қалыптастыруға әсер етсе, екінші жағынан қоғам өмірінің барлық жақтарының дамуының материалдық негізін ашуға мүмкіндік берді. Қоғам дамуы табиғи-тарихи процесс екендігі туралы негізгі идеясын Маркс қоғам өмірінің әртүрлі саласынан, экономикалық саланы барлық қоғамдық қатынастардан өндірістік қатынастарды негізгі және барлық басқа қатынастарды айқындаушы ретінде бөліп алып қарастырады. Қандай да болмасын қоғамға тән негізгі бастама қажетті өндіріс құралдары екеніне сүйене отырып, адамдардың осы құрал-жабдықтарды өндіру барысында белгілі бір қатынасқа - өндірістік қатынасқа түсуімен байланыстырып, осы өндірістік қатынастардың жиынтығы белгілі бір қоғамның реалды базасын жасайтындығын, ал оның саяси-заң қондырмасын қоғамдық сананың алуан түрлі формалары қалыптастыратындығын көреміз.

Қоғамдық болмыстың алғашқылығын, ал қоғамдық сананың екіншілігін, одан тәуелділігін тұжырымдағанда Маркс пен Энгельс мынадай жағдайды басшылыққа алды: адамдар ғылыммен, өнермен, философиямен, саясатпен т.б. айналысу үшін алдымен ішуі, жеуі, киінуі, баспанасы т.б. болуы тиіс, ал бұлар болу үшін оларды өндіру керек. Бірақ олар бұл қарапайым ақиқатты тұжырымдау мен тоқтап қалған жоқ, өйткені ол Маркс пен Энгельске дейінгілерге әлдеқашан ақ белгілі еді. Сондықтан Маркс пен Энгельс ол қарапайым ақиқаттың астарында не жатқанын, оның ішкі мәнін аша білді: адамдардың бүкіл өмірі, тіршілігі сайып келгенде материалдық игіліктер өндіру тәсіліне тәуелді екенін ашты. Олай болса, бұл қоғам өмірінің негізі-еңбек. Өндірістік еңбексіз қоғам өмір сүре алмайды, тіпті ол пайда болмаған да болар еді. Марксизм еңбекті эпистемалогиялық ұғым ретінде негіздеді. Адам еңбектің арқасында ойлауға, тануға, санасының қалыптасуына және дамуына қабілетті болды.

Өндіріс процесінде адамдар арасында орнайтын қатынастар (өндірістік қатынастар) адамның еңбек қызметінің нәтижесі және формасы. Олардың даму заңдылығы адамның санасымен анықталмайды, сайып келгенде өндіргіш күштердің даму сипатымен деңгейімен анықталады. Өндірістік қатынастар адамдардың өндірістік қызметінің процесінде қалыптасқанымен олардың санасы мен еркіне тәуелсіз болады. Бұл қатынастар қоғам өмірінің негізін құрайды.

К.Маркс «1844 жылғы экономикалық-философиялық қолжазбалар» атты еңбегінде еңбектің жаттануы жайлы және оны тек коммунизм кезеңінде жоюға болатыны туралы идеясын ұсынады. Еңбектің жаттануын Маркс төрт қырынан қарастырды.

І. Жұмысшылар өндірістік процесс кезінде табиғи материалдарды пайдаланып, өнім алады. Бірақ табиғи материалдар да, еңбектің жемісі де оған тимейді, жат болады, себебі алғашқысы - еңбек құралы ретінде өмір сүруге қажетті заттар ретінде меншік иесінің билігінде болады. Сөйтіп олар жұмысшыны өзіне бағындырады.

ІІ. Еңбек процесінің өзі жұмысшы үшін еріксіздікпен тең. Басқаша күн көруге мүмкіндігі болмағаннан кейін, ол өз еркінсіз еңбек етуге мәжбүр болады. Ондай еңбектен ол ешқандай ләззат ала алмайды, бірақ сол жұмыста тапқан табысы арқасында өзінің, еңбектен бос уақыттағы жануарлардыкі сияқты мақсат-мүдделерін қамтамасыз етуге мүмкіндік алады. Ал оның негізгі адамдық ерекшелігі - еңбектену, одан ләззат алу -қасіретке айналады.

ІІІ. Еріксіз еңбек жұмысшылардан оның әулеттік өмірін тартып алады. Шын мәнінде адам әулетінің өмірін жалғастырушы болып есептелетін еңбек пен өндіріс, жұмысшы үшін жалпы адам әулетінің емес, жеке басының өмірін сақтаудың құралына айналады. Осы себептен ол өндіріс пен табиғатқа өзіне жат, қауіпті құбылыстар ретінде қарайды. Демек, олардан «әулеттік өмірдің», адамдық мәнінің аластатылғандығы.

ІҮ. Еріксіз еңбек адамдар арасында бірін-бірі аластатушылықты тудырады. Бір жағынан- жұмысшылар еңбек ету мүмкіндігі үшін бір-бірімен бәсекеге түссе, екінші жағынан – олардың еңбегінің нәтижесін иемденгендер де оған жат. Осындай аластатушылық тек жұмысшыларға ғана тән емес, ол капиталистер арасында да болатын құбылыс.

К.Маркс пен Ф.Энгельс жұмысшы табының азаттық күресінің ғылыми теориясын жасады. Олар жұмысшы табының ұйымдаспаған, бытыраңқы стихиялық көтерілістерін ұйымдасқан сананы қозғалысқа айналдыру қажеттігін, ол үшін жұмысшы қозғалысын ғылыми-социалистік теориямен біріктіру керектігін және мұны біріктіретін ғылыми теориямен қаруланған ұйымшыл жұмысшы партиялары екенін дәлелдеді.

Пролетариат өзін азат ету үшін бүкіл еңбекші халықты азат ету қажеттігін, ол үшін адамды адамның қанауын тудыратын экономикалық негіздерді жойғанда ғана бүкіл қоғамды әлеуметтік бостандыққа жеткізуге болатыны жайлы қорытынды жасады.

Ф.Энгельс (1820-1895 жж) Маркспен бірігіп марксизмнің негізін жасаған. Ф.Энгельс «Отбасының жеке меншіктің және мемлекеттің шығу тегі» деген еңбегінде қоғамдағы от басымен әйел статусының меншік формаларымен өндіріс тәсілдері эволюциясы ықпалымен тарихи даму барысында өзгерістерге ұшырағанын дәлелдеуге тырысады. Энгельс отбасымен неке формаларының эволюциясы қандай жолмен жүзеге асатынын, әйелдер эксплуатациясы мен маргеналдануының күшейгенін жан-жақты ашып берді. Ф.Энгельс экономика негізіндегі гендерлік рольдердің (еркек және әйел) айырмашылығы туралы пікір талас қалыптасуына ықпал етіп әйел статусы мен оның эмансипациясы, дәстүрлі неке институтының өзгерісімен әйелдердің еркектерге бағыныштылығын жою туралы мәселелерді көтерді. Ф.Энгельс сондай-ақ табиғат диалектикасы, болмыс субъстанциясы ретіндегі материя туралы идеяларды материя қозғалысы формаларының классификациясын материя атрибуттары ретіндегі уақыт пен кеңістік туралы жағдайды, әлемнің материалдық тұтастығы туралы идеяларды жасап шығарды. («Анти-Дюринг», «Табиғат диалектикасы»). Ф.Энгельстің пікірнше диалектика бұл табиғаттың қоғамның және адамзат ойлауының жалпы байланысымен дамуы туралы ілім. Диалектикалық даму-бұл материалдық үдер істердің, қоғамдық жүйелердің, сондай-ақ теориялық иедеялар өзгерісінің күрделі, қайшылықты, үдемелі үдерісі. Сонымен, бүкіл әлем бұл өзгерістер мен алмасулардың үнемі және шексіз үдерісі, ал осы өзгерістердің қайнар көзі қарама-қайшылықтардың күресі болып табылады. Ф.Энгельс «Анти-Дюрингте» диалектикалық дамудың жалпы заңдары сипаттамасына арнайы тоқталады: қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы, сандық мөлшерден сапаға көшу заңдылығы, терістеу заңы.

Марксизм ілімі бойынша ,дүние жүзілік мәдениеттің дамуы 5 қоғамдық –экономикалық формацияға бөлінеді:

1.Алғашқы қауымдық кезең.

2.Құл иеленушілік кезең.

3.Феодалдық кезең

4.Капиталистік кезең.

5.Коммунистік кезең.

Маркс ілімі бойынша формацияның қалыптасуы процесінде негізгі ролді өндірістік қызмет атқарады.

К.Маркспен Ф.Энгельс ілімін марксизм жауларынан қорғай отырып ғылым мен қоғамда болған өзгерістерге терең философиялық талдау жасай отырып ары қарай ілгері дамытқан В.И.Ленин (1870-1924 жж.) болды.

В.И.Ленин марксизмның философиялық бөлімінің мәселелерімен қағидаларын бұрмалаудан қорғап, әрі қарай дамытуға көп көңіл бөлді. 1908 жылы жазылған философиялық еңбегі- «Материализм және эмпириокритицизмде» ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жаратылыстануда басталған революциялық төңкерістің диалектикалық-материалистік мәнін ашып берді, өйткені ол революция материя, қозғалыс, кеңістік пен уақыт т.б. жағдайындағы жаратылыстану – ғылыми түсініктерге елеулі өзгерістер енгізді. Физикада ашылған жаңалықтар, мәселе атомистік теорияда ғасырлар бойы үстем болып келген көзқарастарға қайшы келді. Бұл фактілерден көптеген ғалымдар материя жойылды, зат, құбылыс деп жүргендеріміз біздің түйсігіміздің қабылдауымыздың нәтижесі екен деген субъективтік-идеалистік қорытынды шығарды. В.И.Ленин бұл субъективтік- идеалистік көзқарасты бекерге шығарып қана қойған жоқ, махизм, эмпириокритицизм, т.т. деп аталатын жаңа идеалистік ағымдардың айтқандары жаңалық емес екенін олардың төркіні сонау ХVІІІ ғасырың басында Д.Ж.Берклимен Д.Юм негізін салған субъективтік идеализм екенін дәлелдеп берді.

В.И.Ленин «Философиялық дәптерлерінде» материалистік диалектиканың заңдарымен категорияларын жете зерттеудің тамаша үлгілерін көрсетеді. Марксистік философияда Ленин тұжырымдаған диалектика, логика және таным теориялары бірлігінің принципі диалектиканың негізгі элементтерін талдау идеализмнің гносеологиялық тамырлары туралы, ғылыми абстракциялардағы шындықты бейнелеудің қайшылықты сипаты туралы ілімі, диалектикалық материализмнің таным теориясын одан әрі дамыту бағдарламасы-мұның бәрі шын мәнінде марксистік философия қазынансына қосылған баға жетпес үлес болып табылады.

Маркстік философия тек теория жүзінде ғана қалған жоқ. Ол 1917 жылы қазан революциясынан кейін Россияда және басқа көптеген елдерде практикалық көрініс тапты. Егер Маркстің өзі айтқан «Практика ақиқаттың өлшемі» деген қағидасын ескерсек, марксизмнің қоғам дамуы туралы тұжырымдамаларының практика жүзінде дәлелденбегендігі белгілі болып отыр. Соған қарамастан бұл ілімнің көптеген елдерде әлі күнге дейін өміршеңдік көрсетуі, марксизмге тек біржақты қарауға болмайтындығын, оған объективті тұрғыдан баға беру қажеттігін талап етеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Маркстың философиясы қай бағытқа жатады?

2. Маркстың адамға берген анықтамасы?

3. Қоғамдық –экономикалық формациялар деген не?

4. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну дегеннің мәні неде?

Наши рекомендации