Тақырыбы: жалпы мағлұматтар
Жүктемелік желіде синусоидалды емес токтар мен кернеулердің бар болуы салдарынан ол ықпал ететін гармоникалар әсер ететін жиіліктер диапазонында аз кернеулер мен токтармен қалыпты жұмыс істейтін түйіндес желілерге кедергі келтіретін ықпал жасайды. Кедергі келтіретін ықпалға байланыс, радиобайланыс, темір жол автоматикасының рельсті тізбектері мен құрылғылары ұшырайды. Олардың біріншілері тонды және тон үстілік жиіліктер диапазонында, екіншілері тонды жиіліктер диапазонында, үшіншілері 50,75,125,175,225,275,325 Гц жиіліктер диапазонында жұмыс істейді.
Айнымалы ток жолдарындағы жүктемелік желідегі ток қисығының пішіні бір фазалы-тұрақты ток электровоздарында екі жарты периодты түзеткіш агрегаттардың болуы себебінен бұрмаланады. Сондықтан жүктемелі желінің тогы амплитудалары гармоника номері артқан сайын кемитін тақ гармоникалық құраушылардан тұрады. Тартылған сыйымдылық пен индуктивтілікке ие жүктемелік желі подстанцияның жүктемелік трансформаторының индуктивтілігін есекере отырып тербелмелі контур ретінде қарастырылуы мүмкін. Электровозды түзеткіштің вентилдерінің коммутациясының аяқталған мезетінде осы контурда тербелістер пайда болады, белгілі бір жиіліктерде онда қорытқы гармоникалардың амплитудасынан асатын резонансты құбылыстар туындайды.Осы себепті айтарлықтай амплитдаға негізгіге жақын амплитудалар ғана емес резонанстаушылар да ие болады.1.1 суретте Бірінші гармоникадан үлестермен ток қисықтарында номерлі гармоникалық құраушылардың мазмұны көрсетілген (бұл қисықтар тақ гармониктер үшін * мәндері бойынша құрылған).
Тұрақты ток жолдарындағы жүктемелі желідегі түзетілген ток және кернеу әрқилы жиіліктері және амплитудалары бар айнымалы құраушылардан тұрады. Алты пульсті түзету 300 Гц-ке еселі гармоникалардың туындауына әкеледі. Түзеткіш агрегаттың жүктемесінің өсуімен қатар коммутация бұрышы өседі, осының салдарынан осы гармоникалардың амплитудасы өседі. Басқарылатын түзеткіштерде кернеуді тиристорлы реттеуді қолдану сонымен қатар гармоникалардың амплитудаларының артуына әкеледі.
Айнымалы токтың жүктемелік желісіндегі резонанстық құбылыстарды ескере отырып бірінші гармониканың үлестеріндегі токтың гармоникалық құраушыларының мазмұны.
Егер жүктемелік жүк энергожүйені қоректендірушінің қуатының айтарлықтай үлесін құраса және қоректендіруші кернеудің қисығы синусоидалы емес (тіптен норма шектерінде), жеткілікті үлкен амплитудалы ондағы гармоникалар түзетілген кернеуде 300 Гц-ке еселілердің айтарлықтай артуын туғызады.Біріншілік желінің жүктемелі подстанцияларын қоректендіретін фазалық кернеулердің ассиметриясы түзетілген керенуде жиіліктері 100,200,400 Гц гармоникалардың пайда болуына әкеледі. Вентилдердің коммутациясы мезетінде жиіліктері 5-20 кГц өшетін тербелістер пайда болады.Сонымен қатар түзеткіштер дұрыс жұмыс істемеген кезде түзетілген кернеуде қосымша гармоникалар пайда болады.
Ток пен кернеудің қисықтарында көрсетілген гармоникалар айнымалы және тұрақты токтың жүктемелік желісінде тоналды жиіліктер диапазонында болады және жоғарыда аталған түйіндес желілерге кедергі келтіретін ықпал жасайды, осының нәтижесінде олардың қалыпты жұмысын бұзатын немес күределендіретіншулардың кернеуі пайда болады. Шу кернеуі немесе псофометрикалық деп әртүрлі жиілікті нақты индукцияланған кернеу сияқты кедергі келтіретін ықпал жасайтыгн байланыс желілерінің бір ұшындағы ( екі ұшы да желінің толқындық кедергісіне тең актив кедергілерге тұйықталған) жиілігі 800 Гц кернеу аталады.Әртүрлі жиілікті кернеулербайланыс және радиотарату желілерінде бірдей емес шу туғызады. Сондықтан әртүрлі гармоникалармен индукцияланған кернеу псофометрикалыққа,яғни әртүрлі жиілікті кернеудің салыстырмалы кедергі келтіретін әсерін ескеретін акустикалық әсер коэффициентінің (гармониканың реттік номері) көмегімен 800 Гц-ке келтіріледі (5.1 кесте,).
5.1 кесте. Жиілікке коэффициентінің тәуелділігі.
Жиілік, Гц | Жиілік, Гц | Жиілік, Гц | Жиілік, Гц | ||||
16,66 | 0,056 0,71 8,91 35,5 89,1 | 72,4 43,7 26,3 15,9 6,3 1,9 |
Дәріс 10