Тақырыбы: Гальваникалық ықпалдың ерекшеліктері
Гальваникалық ықпалдың заңдылықтары кәдімгідей электрлік және магниттік ықпалдардан айтарлықтай ерекшеленеді. Неғұрлым елеулі ерекшеліктер келесілер болып табылады.
1. Гальваникалық ықпалға жерлестірілген түйіндес желілер (бір өткізгішті тізбектер, жерге төселген металл жабдықтар және коммуникациялар, кабелдер) ұшырайды. Шынымен де, ықпал байқалуы үшін жерлестірудің ең аз дегенде екі нүктесі немесе рельспен гальваникалық контакт және жерлестірудің ең кем дегенде бір нүктесі керек.
2.Гальваникалық ықпалдарды сонымен қатар токтардың рельстерден жерге ағуы нәтижесінде туындайтын кезбе токтар туғызады. Жердің жекелеген нүктелерінің потенциалдары бұл жағдайда контактілік желідегі токқа, рельстердің кедергілеріне, рельстер-жер жүйесінің аралық кедергісіне, жердің меншікті өткізгіштігіне тәуелді. Жердің біртекті болмауы салдарынан және рельстерде токтардың өзгеруінен жердің рельстерге жақын маңындағы потенциалдары уақытқа тәуелді және жер бетіне қатысты ретсіз өзгереді.
3. Гальваникалық ықпалда кернеудің ең үлкен шамасы түйіндес желіні темір жол осіне перпендикуляр орналастырғанда, бір өткізгішті желінің жерлестірушілердің бірі нөлдік потенциалмен алыстағы нүктеде болған жағдайда болады.
4.Жақындасудың еніне, жердің өткізгіштігіне және 100 А контактілік желінің жерлестіргішінің тереңдігіне тәуелді * шамасын бағалауды «Қорғаныс Ережелері»[1,2] графиктері бойынша жүргізуге болады.Есептеулерді жүктемелік желінің жұмысының екі режимі қысқаша тұйықталу мен мәжбүр режимдері үшін жүргізеді. Айнымалы токта егер жердің меншікті өткізгіштігі 0,1 См/м-ден жоғары болса, сонымен қатар жүктемелік желіде сорушы трансформаторлар болғанда гальваникалық ықапалды ескермеуге болады.
5.Тұрақты токта электрофикациялағанда гальваникалық ықпалдың негізгі қауіптісі жер асты жабдықтарының электркоррозиясы болып табылады.
Гальваникалық ықпалдың көрсетілген ерекшеліктеріне байланысты бұл бөлімде тұрақты токтың жүктемелі желісінің ықпалы қарастырылады.
Электрофикацияланған темір жолдарда рельсті жол электрлік локомотивтерді қоректендірудің бір өткізігіші болып табылады. Рельстер шпалдар, контактілік желінің тіректері, кейде әртүрлі металл жабдықтар арқылы жермен жалғасқан, сондықтан локомотивті қоректендіретін желіге рельстер ғана емес, оларға параллель жалғанған жер мен онда орналасқан әрқилы жер асты жабдықтары да жалғанады. Токтың рельстермен ағуы онда кернеудің түсуі мен жерге қатысты потенциалдардың туындауын туғызады.Осылайша, рельстермен электрлік жалғанған барлық металл жабдықтар сондай потенциал алады.Тұрақты ток жолдарында жерге қатысты металл жабдықтардың потенциалдары уақыттың кейбір мезеттерінде кейде 100 В- шектен шығатын мәндерге дейін жетеді. Мұндай кернеулер белігілі бір жағдайларда қауіпті болуы мүмкін.
Кезбе токтар деп аталатын жермен ағатын токтар ішінара тұрақты токпен электрофикацияланған темір жолдарға жақын орналасқан әрқилы металл жабдықтарға (жер асты құбыр өткізгіштері және кабелдер, жағар май қоймасы, контактілік желінің фундаменті және негізі және т.б.) келеді және олардан ағып шығып электркоррозия туғызады, осылайша шаруашылықтың әртүрлі салаларына үлкен зиян келтіреді. Кезбе токтардың жер асты жабыдқтарына зиянды әсерлерін азайту үшін әртүрлі қорғаныстар жасалған. Бір қорғаныстар кезбе токтарды (жерге тармақталатын токтар) азайтуға бағытталса, келесілері жер асты жабдықтарын кезбе токтардан қорғауға бағытталған. Осылайша, бірінші қорғаныстар кезбе токтардың болуының алдын алса, екіншілері – тіптен бар кезбе токтармен күреседі.
Әдетте, жер асты жабдықтарының коррозиясын екі түрге: негізінен ортамен анықталатын жер жамылғылық ( немес көбнесе химиялық деп атайтындай) және кезбе токтардың әсерінен туатын электрохимиялық коррозия деп жіктейді.
Жерде және жер асты жабдықтарында электрофикацияланған кезбе токтардың ағу көрінісі әрқилы.
Дәріс 7