Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары

Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес, Кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымы - бұл субъектiлердiң дамуына жәрдемдесетiн және оларға кәсiпкерліктің дамуы үшiн қажеттi қызмет көрсететiн және кәсiпкерлiк ортаның тыныс тiршiлiгiне орта мен жағдайды қамтамасыз ететiн ұйымдар мен бiрлестiктердiң жиынтығы. Олардың қызметтеріне жеке кәсіпкерлік істі ұйымдастыруға жәрдемдесу, коммерциялық негізде құқық, маркетинг, инжиниринг және менеджмент аясындағы ақпаратпен қамтамасыз ету, материалды-техникалық, қаржылық және т.б. ресурстармен қолдау көрсету кіреді. Экономикалық дамудың осы кезеңiнде мемлекеттiң негiзгi рөлi кәсiпкерлiктi қолдаудың инфрақұрылымдарын жасау болуы тиiс. Қазiргi уақытта кәсiпкерлiктi қолдау саласында көптеген түрлi институттар бар, қолдаудың базалық қағидаттары, нысандары мен тетiктерi қалыптасқан.

Институттардың құрылымының функционалдық бағытына байланысты инфрақұрылымдар былай айқындалады:

қаржы институттары;

қоғамдық ұйымдар, салалық қауымдастықтар;

бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер;

ақпараттық-талдамалық маркетингтiк, консалтингтік, оқыту орталықтары;

халықаралық институттар.

Мемлекет бастамасы бойынша құрылған қаржы институттары мынадай ұйымдардан көрiнедi:

"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамы және оның өңiрлiк бөлiмшелерi;

лизингтiк компаниялар;

микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары.

"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" (бұдан әрi - Қор).

Қор қызметiнiң негiзгi мақсаты - өз қаржы қаражатын және мемлекеттiң шағын кәсiпкерлiктi дамытуға бөлген қаражатты тиiмдi пайдалану.

Қордың барлық облыс орталықтарында және Астана қаласында бөлiмшелерi бар. Қордың несие портфелi өз қаражаты, республикалық бюджет қаражаты және Еуропа Қайта Құру және Даму Банкi және Азия Даму Банкi қарыздары есебiнен 2005 жылғы 1 қаңтарда 15,4 млрд. теңге құрады. ЕҚКДМ-мен қарыз туралы келiсiмге сәйкес 2005 жылы үлкен қаржы ресурстары кетуi күтiлуде. Қордың қаражаты шағын кәсiпкерлiктiң қалыптасу процесiнде оң рөл атқарды, бiрақ соңғы қарыз алушы үшiн пайыздық ставкаларды нақты төмендетудi қамтамасыз етпедi және ұзақ мерзiмдi өндiрiстiк жобаларды iске асыруға жәрдемдеспедi.Қор қызметi басталғаннан берi қазiргi уақытта тек ғана өз қаражаты есебiнен 6,3 млрд. теңге сомаға 577 жоба қосымша қаржыландырылды. Аталған қаражат бойынша ағымдағы берешек 5,9 млрд. теңге құрайды. Берiлген қаражаттың салалық құрылымы мынадай: қаржыландырудың негiзгi көлемi өнеркәсiптiк өндiрiске - 39 %, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеуге - 29,5 %, қызметтер мен көлiк саласына - 23 % келедi. Қордың шағын кәсiпкерлiк субъектілерін қаржылай қолдауы республиканың барлық өңiрлерiнде 250 мың жұмыс орнын құруға мүмкiндiк бердi.

Қордың проблемалары: бұл - оларда кепiлдiк қаражаттың жеткiлiксiздiгi салдарынан шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн инвестициялық қаражаттың қолжетiмсiздігі.

Микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдары елдiң кредит беру жүйесiнiң 3-шi деңгейi болып табылады және банк секторы мүдделілігінiң бiрқатар объективті факторларын (мол әкiмшiлiк шығыстар, кредиттiк тарихтың, рентабелдi жобалар және өтімділіктi қамтамасыз етудiң болмауы) қамтымаған кәсiпкерлердiң қаржы қызметтерiне қажеттілігін қанағаттандыруға тартылған. Ұсақ кәсiпкерлер үшiн өз капиталы, гранттары мен бағдарламаларға қатысушылардың жарналары есебiнен кредит берудi жүзеге асыратын микрокредиттік және микроқаржы ұйымдары кредиттiк қатынастар жүйесi деңгейiн мемлекет тарапынан аз реттелушi болып табылады. Сонымен қатар, жоғары операциялық және үстеме шығыстар, қарыз берушiлердiң нысаналы топтарына қызмет етумен байланысты тәуекелдердi ескере отырып, аталған операциялардың қызметi басқа кредиттiк мекемелердiң қызметiмен салыстырғанда шығын көлемi көп болып табылады. Сондай-ақ микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдары өз қызметiнде микро кредиттер берумен қатар өз тәуекелдерiн төмендету үшiн әлеуеттi қарыз алушыларды шағын бизнестi жүргiзу жөнiнде оқытумен және консультациялық көмектер көрсетумен айналысады. Осылайша экономикалық мiндеттердi шешумен қатар микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдары кәсiпкерлiк бастаманы дамытуға, халықтың экономикалық белсендi бөлiгінiң өз-өзiн жұмыспен қамтуын қамтамасыз етуге оның жалпы өмiр сүру деңгейiн арттыру мен кредиттiк мәдениетке баулуға бағытталған әлеуметтiк мiндеттердi шешуге тартылған. Сондай-ақ микрокредит беру саласын дамыту мiндеттерiнiң бiрi ұсақ қаржы делдалдарын заңдастыру және көлеңкелi сектордан шығару болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк статистикалық тiзiлiм мәлiметтерi бойынша микрокредиттiк ұйымдардың саны 2005 жылғы 1 қаңтарда 177 бiрлiкті құрады, олардың нақты жұмыс iстейтiндерi 40,7 % (72 бiрлiк) құрайды, уақытша бостары - 10,2 % (18 бірлiк), бiр ұйым тарау процесiнде, қалғандары қалыптасу сатысында.

Микрокредиттiк және микроқаржы ұйымдарының проблемалары - осы уақытқа дейiн микрокредит беру жүйесiнiң дамуын тежейтін негiзгi факторлар микрокредит беру жүйесiнiң дамуына тұжырымдамалық қағидаттарды, әлеуеттi инвесторлар үшiн микрокредиттiк ұйымдардың одан әрі тартымдылығын арттыру үшiн аталған саланы мемлекет тарапынан кешендi қолдаудың болмауы.

Микрокредит беру саласын дамыту проблемалары, бұл:

одан әрi орналастыру үшiн қорлардың тапшылығы мен қымбаттылығы;

микрокредиттiк ұйымдарының қаражатының жеткiлiксiздiгi;

микрокредиттiк ерекшелiкпен таныс бiлiктi кадрлардың жетiспеушiлiгi;

микрокредиттiк жүйеге қатысушылар үшiн әдiстемелер мен оқыту бағдарламаларының болмауы;

техникалық және ресурстық базаның болмауы;

микроқаржы саласының жағдайын, үрдiстерi мен оның дамуының перспективаларын, олардың дамушы құрылымына жетекшiлiк ететiн бiрыңғай органның және оларды бағалау әдiсiнiң болмауы; дамыған мониторинг жүйесiнiң, iшкi бақылаудың болмауы; қаржы ресурстарын тартуға қиындықтар туғызатын отандық банктер мен басқа да банктiк емес ұйымдардың микрокредиттеу ұйымдарымен әлсiз өзара іс-әрекеті; микрокредиттiк ұйымдардың мемлекеттiк басқару органдармен және мемлекеттiк даму институттарымен ынтымақтастығының пысықталмаған кестесi. Қоғамдық ұйымдар мен салалық бiрлестiктер (қауымдастықтар) азаматтық қоғам қалыптастыру мәселелерiнде әлеуметтiк проблемаларды шешуде мемлекет пен азаматтар арасындағы байланыстырушы рөл атқарады және кәсiпкерлiк ортада қоғамдық қатынастарды реттеу тетiктерiнiң бiрi болып табылады. Қазақстандық үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар салыстырмалы түрде әлi жас. Қазiргi ұйымдардың көпшілігі соңғы бес жылдың iшiнде тiркелген және кәсiпкерлiктi дамыту жобаларын iске асыруда жеткiлiктi тәжiрибе жинақтаған жоқ, мемлекеттiк органдар үшін де, және нысаналы аудитория үшiн де байсалды әрiптестiк имидж құрған жоқ. Сондықтан үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар бытыраңқы, бiр-бiрiмен байланыссыз әрекет етедi, олардың қызметi бiр бiрiне қайшы келедi. Қазақстандық үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдардың едәуiр бөлiгi шетелдiк және халықаралық донорлық ұйымдардың гранттары үшiн бәсекелеседi, осыған байланысты олар шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерiнiң нақты проблемалары мен қажеттiлiктерiне емес донордың миссиялары мен бағдарламаларымен үндес жобаларды әзiрлейдi және iске асырады.

Қазiргi уақытта экономиканың басым салаларын дамытуда және нақты шағын және орта кәсiпкерлiк субъектілерін алғанда мемлекет мүддесiнiң жүйесiне жалғауға қабiлеттi барабар үкiметтiк емес ұйым жоқ. Осыған байланысты, YEҰ-ның қызметi қалың бұқарада нақты жобаға бекiтусiз және мiндеттердiң нақты қорытындамасынсыз жалпы мәселелердi шешуге тiреледi, жергілiктi атқарушы органдар үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдарды тең құқықты әрiптес ретiнде қарамайды және шешiм қабылдаудың нақты процесiне тартпайды.

Бизнес-инкубаторлар, индустриялық және технологиялық парктер. Қазiргi уақытта Қазақстанда 44 бизнес-инкубатор мен инновациялық орталықтар қызмет етедi. Олардың мүлдем барлығы дерлігі жергілiктi атқарушы органдардың бастамасы бойынша құрылды және өздерiнiң қалыптасу кезеңiнде.

Бизнес-инкубаторлар - өз алаңдарына арнайы жеңілдiк жағдайда iріктелген шағын кәсiпорындарды орналастыратын және оларға консалтингтік, оқыту, бухгалтерлiк және офистік қызметтер, оқыту бойынша қызмет көрсететiн құрылым. Бизнес-инкубаторлардың негiзгi мақсаты оның аумағында орналасқан шағын кәсiпорындардың орнықты қызмет етуiн қамтамасыз ету болып табылады.
Ең көп бизнес-инкубатор Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында құрылған. Мұны келесі кестеден көруге болады.

1-кесте

Облыс аты Кәсіпкерлерді дарлау орталықтары Бизнес- икубаторлар Саны
1 Ақтөбе облысы 3 8
2 Атырау облысы 6 1
3 Ақмола облысы
4 Алматы облысы 1 1
5 Шығыс Қазақстан облысы 1 2
6 Батыс Қазақстан облысы 2 2
7 Жамбыл облысы 1
8 Қарағанды облысы 2 2
9 Қостанай облысы 2 1
10 Қызылорда облысы 1 8
11 Маңғыстау облысы 1 1
12 Павлодар облысы 2 4
13 Солтүстік Қазақстан облысы 2 1
14 Оңтүстік Қазақстан облысы 1 8
15 Астана қаласы 1 1
16 Алматы қаласы 1 1


1-кесте Қазақсандағы бизнес-инкубаторлар мен даярлау орталықтарының саны

Бизнес-инкубатолар нәтижелілігінің негізгі көрсеткіші қызмет ету уақытында шығарылған кәсіпорындар мен сол кәсіпорындар құрған жұмыс орындарының саны болып табылады.

Бизнес-инкубатор жұмысының негізгі критерийлері:

- шығарылған экономикалық тұрақты кіші кәсіпорындар саны;

- құрылған жаңа жұмыс орындарының саны;

- салық түрінде және басқа да түрде бюджетке түскен қаржы қаражат түсімі

Негізiнен жоғары оқу орындарының базасында немесе ғылыми-зерттеу институттарының базасында осы жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуетiн пайдалану және технопарк аумағында орналасқан инновациялық кәсiпорындарды құру және дамыту арқылы әзiрленген технологияларды коммерциализациялау мақсатында құрылған технопарктер бар.

Көптеген бизнес-инкубаторлар инфрақұрылымның аталған нысанын құру тұжырымдамасының халықаралық практикасына сәйкес емес: офистiк және өндiрiстiк үй-жай ұсынумен заңды тұлғаны ұйымдастырумен шектеледi және өзiнiң нақты мiндетiн әлсiз орындайды не мүлде орындамайды:

бизнес-инкубаторлардың менеджерлерi мен ұйымдастырушыларының теориялық және практикалық даярлығының әлсiздігіне;

билiктiң жергілiкті органдары тарапынан бизнес-инкубаторларды түсiну мен қажеттi қолдаудың болмауына;

қаржы қаражаты мен ақпараттың болмауына әкелiп соғады.

Технопарктер қаржылық дербестікке жеткен жоқ және мемлекет пен басқа ұйымдар тарапынан қолдауды қажет етедi.

Технопарктер – бұл жоғары оқу орындар негізінде немесе ғылыми – зерттеу институттар негізінде бұл ЖОО ғылыми потенциалын өңделген технологиялар арқылы шағын инновациялық кәсіпорындар территориясында орналасатын технопарктерді дамыту үшін ұйымдастырылатын құрылымдар технопарктер үлкен университтетті орталықтарда жасалады.

2007 жылға дейінгі кезеңде технологиялық парктердің құрамынан Қазақстанның әртүрлі өңірлерінде және Қазақстанның жетекші техникалық, аграрлық және медициналық жоғарғы оқу орындарының жанынан кем дегенде 12 арнайы технологиялық бизнес-инкубаторлар және технопарктер жанындағы 8 оқу орталықтарын құру болжанған болатын.

Технологиялық бизнес инкубаторлар Қазақстан Республикасының қазіргі кезде мынадай жоғарғы оқу орындарының базасында құрылып жатыр:

- Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті;

- РМКМ Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

- Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті;

- Қазақстан-Британия техникалық университеті АҚ;

- РМКМ Жәңгірхан атындағы Батыс-Қазақстан агротехникалық университеті;

- РМКМ Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті.

Солардың бірі, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ технопаркі Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетімен бірлесіп 2004 жылдың тамыз айында құрылған.

Технополистерді және технопарктерді жасау мақсаты инновациялық қызмет субъектілерін ұйымдастыру болып табылады. Олар елдің инновациялық инфрақұрылымның бөлігі болып табылады және ғылыми – зерттеулер нәтижесін қолдану үрдісін тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді.

Технополистердің және технопарктердің қызметтерінің міндеттері:

өндіріске отандық және әлемдік ғылыми – техникалық прогресстің ауыстырымдылық жетістіктерін енгізу;

жаңа инновациялық өндірістерді жасауға қатысу;

ғылми – технологиялық зертеулерді және инновациялық өндірістерді инвестирлеу;

жаңа ойларды жетілдіру;

отандық және шетелдік инвестицияларды инновациялық өндірістерге қарату үшін қолайлы жағдайлар және инфрақұрылымдар жасау;

ғылыми –техникалық кадрларды даярлауға бағытталған әсіресе жаңа технологиялар және инновациялық өндірістер облысында тез бейімделуге қатысу; шағын инновациялық кәсіпорындар қызығушылығымен құрастырылатын инновационды инфрақұрылымдарды дамыту және жетілдіру;

ғылыми –зерттеу, тәжірибелі – конструкторлы оқу ұйымдарының және кәсіпкерлі ортадағы қызметкерлердің күш – жігерін біріктіру;

экономика, менеджмент, маркетинг саласында кәсіпкерлердің құқықтық, экономикалық және басқарушылық білім деңгейлерін арттыру, даярлау және оқыту, ғылыми және технологиялық ақпаратты тарату,

инновациялық кәсіпкерлікті дамытуда және ұйымдастыруда материалды техникалық көмек көрсету;

инновациялық кәсіпкерлерге маркетингті, кеңес берушілік және басқарушылық қызмет көрсету;

инновациялық өнімге мемлекеттік сұранысты орындау бойынша тендерлерге қатысу. Технополис немесе технопарктердің құрылымдық міндеттері:

лабораторлы зерттеу –конструкторлы өндірісті базасы;

шағын бастамалы инновациялық фирмаларөндірістік мекемелеріне жеңілдікті шартта 3 жылдан кем емес мерзімге ұсынылатын шағын бизнес инкубаторлары;

сервистік компаниялар және фирмалар технопарк компанияларына ақпаратты, заңды, потентті, лицензиялы, инжинирленген, маркетингті, бухгалтерлі, қаржылық, жарнамалық жэәне т.б. қызметтерді ұсынады.

Ақпараттық-талдамалық, маркетингтiк, консалтингтiк, оқыту орталықтары.

Өндірістік аймақта көптеген шағын кәсіпорындар орналасатын және бір өндірістік территорияда қызмет ететін объекті болып табылады.

Өндірістік аймақтың негізгі мақсаты – бұл шағын кәсіпкерлікті белсенді дамыту және отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету, әсірсе олардың бастапқы қызметі сатысында. өндірістік аймақ ұйымы бизнесті дамытуға мүмкіндік береді, және олардың тұрақты қызмет атқаруы үшін экономикалық және ұйымдық жағдайлар жасайды.

Өндірістік аймақ міндеттері:

Қызмет етіп тұрған шағын кәсіпорындардың санын көбейту;

Тұрғындардың еңбектілігімен қамтамасыз ету және жұмыссыздық деңгейін төмендету;

Импортты ауыстыратын бәсекеге қабілетті өнімді өндіру;

Барлық өндірістік аймақтық кешеннің барлық қызметтерінен және ұйымдастырумен байланысты көптеген басқа сұрақтарды шешу және ШОК қолайлы жағдай жасау.

Өндірістік аймақ территориясында шағын кәсіпорындар орналасады, олардың әрқайсысы бөлек блок – сегментте орналасады, онда өз ұйымын ұйымдастырады және оған қарасты өндірістік мекеме шеңберінде өз қызметтерін жүзеге асырады.Көптеген шағын кәсіпкерліктерді бір өндірістік аймаққа орналастырудың бірден –бір шарты, олардың салалық және технологиялық тұрғыдан біріге алуы. Барлық өндірістік аймақтың кешенді басқару арнайы органмен – басқарушылық компаниямен және кешеннің бас менеджерімен жүзеге асырылады.

Өндірістік аймақтық компанияның басқарушылық қызметтері:

ШОК – арендаторларына өндірістік мекемені жалға беру, кеңселік мекемелермен қамтамасыз ету; Қажетті құралдармен ШОК – арендаторларын қамтамасыздандыру (оргтехника, байланыс құралдарымен, кітапханамен); Секретарлық қызметпен, аудармашылар қызметімен және корреспонденция, байланыспен қамтамасыздандыру; Бизнес –жоспар және маркетинг стратегиясымен, қаржыландыру сұрақтары бойынша қызметтер кешенін қамтамасыздандыру;

Бухгалтерлік, заңдық және басқа да кеңес берушілік – қызметпен қамтамасыздандыру;

Кәсіпкерлерді ШОК – жалға берушілер жұмысшыларын оқытуды ұйымдастыру;

Семинарлар, дөңгелек стол, тәжірибемен ауысуды ұйымдастыру;

Жиналыстар үшін конференц – залдарды ұсыну;

Мекемені күзету және жинау;

Консалтингтiк компаниялар - шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне мынадай бағыттар бойынша қызметтер көрсетедi:

құқықтық қамтамасыз ету:

аудит және бухгалтерия;

маркетингтiк зерттеулер;

бизнес-жоспарлау;

салық заңнамасы;

кедендiк рәсiмдер және т.б.

Консалтингтiк компаниялардың қызметтерi қымбат және әрбiр шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң оларды пайдалануға мүмкiндігі жоқ. Консалтингтiк қызметтер рыногi тiптi iрi қалаларда толық емес, ал орталықтан алыс өңiрлерде мүлдем дерлік жоқ.

Халықаралық институттар. Бүгiнгі күнде қазақстандық шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ресурстық, әдiстiк және ақпараттық қолдау көрсететiн Қазақстан Республикасының аумағында 150 астам аккредиттелген шетелдiк халықаралық ұйымдар әрекет етуде.

Қазақстанда халықаралық ұйымдар мен шетелдiк қорлардың өкiлдiктерi іске асыратын жобалар мен бағдарламалардың көп түрлігінен хабардар және талдайтын және Қазақстан Республикасының Үкiметi мен қолдаудың шетелдiк институттары арасындағы тиiмдi керi байланысты қолдайтын бiрыңғай орган жоқ.

Көптеген шетелдiк ұйымдар үшiн олардың жұмыстарының басты нәтижесi тапсырыс берушіге бөлiнген қаражатты "игеру" нәтижелерi туралы сындарлы есеп болып табылатыны практикаға айналды (бұл ретте тапсырыс берушiден басқа ешкiмге жұмыстардың нәтижелерi ұсынылмайды, орындалатын жұмыстар туралы тек органдар, яғни қандайда бiр жоба оған қатысты iске асырылса ғана ақпарат алады). Қазақстанда түрлі шетелдiк және халықаралық институттар бастамашы болған қайталанатын жобаларды халықаралық ұйымдар жиi iске асырады.

Құрамына мемлекеттік органдар мен республикалық қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi кiретiн Қазақстан Республикасының Үкiметi жанынан 2002 жылы Шағын және орта кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылды. Комиссия консультативтiк-кеңес орган болып табылады және оның шешiмi ұсынымдық сипат алады. 2002-2003 жылдары мемлекеттiк органдар жанынан құрамына олардың қызметкерлерi және кәсiпкерлер қауымдастықтары мен қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi кiретiн Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту мәселелерi бойынша сараптама кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) құрылды. Кеңестiң шешiмi ұсынымдық сипат алады. Комиссия мен Кеңестiң негiзгi мiндеттерi шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.

Шағын және орта кәсiпкерлiктiң субъектілері мен қолдаудың инфрақұрылымдары арасындағы негiзгі проблема - бұл қатысушылар арасында өзара iс-әрекеттi бастайтын және ұйымдастыратын бiрыңғай үйлестірушi орган немесе институттың болмауы.

Балтабай Әйгерім Б-14-1п/я оқу тобы

Наши рекомендации