Периодтсыз ауа қозғалысы

Периодсыз соғатын желдердің қатарына құйын, дауыл және циклондарды (тайфун, ураган) жатқызамыз.

1. Циклон (гр. cyclon — айналушы, айналым) — атмосфераның қысымы төменгі аймағы. Желдің бағыты үлкен қысымнан кіші қысымға бағыттылады. Атмосферадағы қысымның кіші аймағының ең кіші қысымының ортасы циклон деп аталады.

Атмосфера әрекетінің орталықтарының бірі. Циклонда ауа қысымы ортасынан шетіне қарай артады. Циклонның диаметрі бірнеше мың шықырымға дейін барады. Циклондағы ауа массасы солтүстік жартышарда сағат тіліне қарсы, ал оңтүстік жартышарда сағат тілімен айналады.

Атмосферадағы ауа қысымы төмендеген кезде циклон қуаты азаяды. Циклондар Жердің айналу күшіне қатысты Кориолис күшінің әсерінен қалыптасады. Бауэр теориясына сүйенсек, Жер атмосферасында кем дегенде бір циклон не антициклон болады. Циклонның тропиктік және тропиктік емес түрі бар. Алдымен полюстерде қалыптасса, оңтүстіктегі тропиктік циклондар Жерорта, Балқан, Қара теңіздер үстінде айналады. Олар көбіне әлсіз болады да, аз уақытта антициклонға айналып кетеді. Циклон ауа райының өзгеруіне негіз болады. Оның орталығында ауа қысымы төмендегеннен кейін, жел орталыққа ауа массасын жеткізу үшін бір бағытпен еседі. Циклон қалыптасқан аймақта лезде бұлт түзіліп, жаңбыр не қар жауады. Жерде жылына жүзден астам циклон қалыптасып үлгереді. Олар атмосферадағы ауа айналымының тұрақты өзгеруіне себепкер болады. Әдетте циклонның орталығында жылы ауа массасы жиналады.

Ал оны суыту үшін жел құйын тәріздес циклонның ішіне суық ауа массаларын жеткізеді. Нәтижесінде жылы ауа жоғарыға көтеріліп, жаңбырға айналады. Бұлттармен айналып, желмен ашық аймаққа таратылады. Қоңыржай белдеуде орналасқан Қазақстан ауа райына полюсте пайда болатын циклондар әсер етеді. Ресей не Қазақстан аумағында солтүстік полюстен есетін желге кедергі болатын ешқандай үлкен тау жоталары болмағандықтан, біздің елдегі ауа райы айтарлықтай суық. Мысалы, Қазақстанның ендігінде жатқан АҚШ (Нью-Йорк, Бостон), Франция (Париж, Лион) және Канада (Оттава, Торонто) елдерінде салыстырмалы түрде бізге қарағанда жылы. Әрине оған Атлант мұхитындағы Гольфстрим жылы ағысының да әсері бар Синоптиктік картада бұл құбылыс жинақталған тұйық изобарлар түрінде бейнеленеді. Циклон көбіне атмосфераның жер бетіндегі қабатының ауа ағындарын параллель жылы және суық ауаға бөліп тұратын тұрақты атмосфера шебі үстінде қалыптасады.[1] Бұл шептен жоғары биіктік шеп зонасы орналасады. Циклон қамтитын өңірдің ені кейде 1000 — 3000 км-ге жетеді. Жаңа Циклон өткен кезде ауа райы бұзылып, жылы шептің жақындағаны (жел күшейеді, шарбы бұлт қоюланады) сезіледі. Жаңа Циклонның суық шебінің өтуі (будақ жаңбырлы бұлттан нөсер жаңбыр жауады) суық ауаның адвекция құбылысына жалғасады. Көбінесе Циклонның қалыптасуы бірнеше тәулікке созылады, бастапқыда қарқынды жылжиды (көбінесе батыстан шығысқа, кейде солтүстікке ауысады), соңынан баяулайды. Кейде жаңа термиялық ауытқулар (мысалы, Циклонға неғұрлым суық ауа массаларының кіруі) Циклон регенерациясын (қайта қалыптасуын) тудырады.

Циклондар — орталығында қысымы төмен облыспен бірге атмосфераның құйынды қозғалуы. Циклондар облысы едәуір кеңістікті, кейде бірнеше мың квадрат километрлік алапты қамтиды. Жердің өз осінде айналғанда қысымның әр түрлі болуына байланысты орталыққа карай ағылған ауа массалары Солтүстік жарты шарда оңға қарай, ал Оңтүстік жарты шарда солға қарай ауытқиды да, жоғары көтеріледі. Циклондардың орташа қозғалу жылдамдығы сағатына 35 км шамасында болады. Батыс Еуропа мемлекеттері мен бұрынғы КСРО елдеріне олар Атлант мұхиты жағынан келеді, ал оның жылжуы оңтүстік-батыс және батыс бағыттардан болып тұрады. Циклондар ауа райына көп әсер етеді де, көбінесе оңтүстік секторда бұлттар мен жауын-шашынды ала жүреді. Олардың жақындағанын:

  • батыста тарамдалып орналасқан қазбауыр бұлттардың пайда болуынан
  • барометрлік қысымның төмендеуінен
  • шығыс румбалық желдердің соғуынан
  • бұлттанудың жиіленуінен білуге болады.

Циклондар орталығы өткеннен кейін барометрлік қысым жоғарылайды да, жаңбырлы ауа райы ашық күндермен ауысады. Қыста олардың алдыңғы жағында температура жоғарылап, жазда төмендейді де, ал соңғы жағында керісінше болады. Циклондардың жылжуы қоңыржай ендіктердегі атмосфераның жоғарғы қабаттарында басым болып келетін шығыс бағытnағы желдердің әсерінен болады. Бьеркнестің пікірі бойынша, циклондар ауа фронттарынан, яғни әртүрлі ауа массаларының арасында бөлу бетінің болып тұруынан пайда болады. Бұл бөлу беттері батыстан шығыс0а қарай ауысып отыратын бұрылыстар және толқын тәріздес ауытқулар жасап отырады. Солтүстік жарты шарда жылы ауа массалары солтүстікке қарай жылжитын жерінде — циклондар, ал оңтүстікке қарай бұрылыс жасаған жерінде — антициклондар құрайды.

Антициклондарда ауа массасының қозғалысы сағат тілінің бағыты бойымен соғады. Олардың орталық бөлігінде ауаның қысымы өте жоғары болады.

Антициклон (грекше anti – қарсы, cyclon - айналым) – біркелкі қысым сызықтарымен тұйықталған, атмосфералық қысымы жоғары аймақ, яғни жоғарғы қысым жүйесі.

Қысым орталығынан шетіне қарай төмендей береді. Соған сәйкес жел антициклонның орталығынан шетіне қарай және Жердің өз осінің айналуының ықпалымен Солтүстік жарты шарда оңға, Оңтүстік жарты шарда солға қарай бұрыла соғады. Ені 2-3 мың , км-ге жетеді. Орталық бөлігінде ауа жоғарыдан төмен қарай құлдырайды да, барған сайын құрғай түседі.

Сондықтан Антициклон өткенде қыста суық, жазда жылы, ашық ауа райы қалыптасады. Тұрақты Антициклон Антарктиданың үстінде, екі жарты шардың субтропиктік ендіктерінде айтарлықтай жиі қалыптасады (Азор антициклоны, Солтүстік-Тынық мұхит антициклоны). Сонымен бірге қыста қоңыржай ендіктердегі құрылықтардың үстінде де пайда болады (мысалы, Сібір антициклоны).

Кейде антициклон деп кез келген қысым жоғары және біркелкі қысым сызықтарымен тұйықталмаған “қысым жотвсын” да айта береді. Анициклонда ауа қысымы ортасынан шетіне қарай төмендейді. Солтүстік жарты шарда антициклон ауасы сағат тілінің айналу бағытымен орталықтан сыртқа қарай ағады. Оңтүстік жарты шарда ауа сағат тіліне қарсы бағытта, сыртқа қарай ағады. Антициклон ортасында ауа жоғарыдан төмен бағытталғандықтан, онда атмосфера шептері болмайды. Ауа массасы төмен түскен сайын адиабатты түрде жылиды да температура инверсиясы пайда болады. Қазақстанға, көбіне, қыста шығыстан Сібір анициклоны тараса, жазда батыстан Азор антициклоны әсерін тигізеді. Құрлық үстіндегі антициклонның орталығында селдір бұлтты ауа райы орнығады және оның солтүстігінде жылы ауа массасы қалыптасып, жазда будақ бұлттар, қыста қатпарлы бұлттар бақалады.[1]

АНТИЦИКЛОН - ең күшті қысымы орталығында, ал ең аз қысымы шет жағында болатын тұйық концентрлік изобаралары мен оларға сәйкес келген сопақ желілері бар тропосферадағы жоғары қысымды атырап. Кейде (қыста Азияның үстінде) Антициклонның ортасында қысым 1070 мб- дан артуы мүмкін, әдетте, ол орташа қысым 1010—1015 мб (теңіз деңгейіне келтірілгенде) болған жағдайда 1025—1040 мб- ға тең келеді. Антициклонның мөлшері көлденеңінде 2—3 мың км және одан да астам болады. Жыл бойы әр жарты шардың үстінде бірнеше тоуліктен бірнеше аптаға дейін созылатын жүздеген Антициклон түзіледі. Кейде Антициклон кандай да бір ауданда, әсіресе материктер үстінде ұзақ уакьтт тұрақта- нады. Антициклон субтропиктік ендіктер (мысалы, Азор антициклоны, Солтүстік Тынық мұхит антициклоны) мен Антарктида, ал қыста қоңыржай ендіктердегі материктер үстінде жиі болады. Ауа массасының батыстан тасымалдануына сойкес Антициклонның басым бағыттары батыстан шығысқа қарай, қозғалу жылдамдығы 30—40 км/сағ-қа дейін жетеді. Жел Антициклонның орталығына қатысты Солтүстік жарты шарда сағат тілінің бағытымен, Оңтүстік жарты шарда сағат тіліне қарсы бағытта қозғалады да, орасан үлкен құйын түзеді.

Антициклонды ағыс

Солтүстік жарты шарда сағат тілі жүрісінің бағыты бойынша түзілетін, ал Оңтүстік жарты шарда оған қарсы бағытта ағатын теңіздер мен мұхиттардағы судың айналма ағысы.

Антициклондық жылжу

Ауа тасқынының антициклондық құйынын күшейтетін желдің горизонт бағытта қозғалуы. Антициклондық жылжу желдің жылдамдығы Солтүстік жарты шарда тек солдақ оңға қарай, ал Оңтүстік жарты шарда оңнан солға қарай баяулағанда ғана болады.

Наши рекомендации