Кәсіптік тәжірибенің жиынтық мәліметтері 1 страница
ӨО 00 | Өндірістік оқыту | |
ӨО 01 | Оқыту-өндірістік шеберханалардағы тәжірибе | |
ӨО 02 | Кәсіби дағдыны қалыптастыру тәжірибесі | |
ПП 00 | Кәсіптік тәжірибе | |
КТ 01 | Кәсіби дағдыны қалыптастыру және бекіту тәжірибесі | |
КТ 02 | Мамандықтың профилді тәжірибесі | |
КТ 03 | Біліктілік тәжірибесі | |
Барлығы | ||
Е | Емтихандар: | |
аралық аттестаттау | ||
қорытынды аттестаттау | ||
кәсіби дайындығының деңгейін бағалау және біліктілікті иемдену**** | ||
Міндеттік оқытуға қорытынды сағаттар | ||
К 00 | Оқу жылы бойынша оқу тобына берілетін 100 сағаттан артық емес консультациялар | |
Ф 00 | Аптасына 4 сағаттан артық емес факультативтік сабақтар | |
Барлығы | ||
Қорытынды |
Ескерту: ЖБП – Жалпы білім беретін пәндер; ЖГП – Жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП - Әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – Жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП – жұмыс берушілердің талаптары бойынша білім беру ұйымдары анықтайтын пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ – кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру; К – консультация; Ф – факультативтік сабақтар.
*Семестр бойынша бөлу оқыту формасына, мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқаларға байланысты өзгертіледі.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 268 бұйрығына 51-қосымша
0708000 – «Пайдалы қазбаларды байыту (көмір байыту)» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары бекітілген деңгей
Оқу мерзімі: 1 жыл 10 ай
Индекс | Пәндер мен кәсіби модульдердің оқу циклдері | Пәндер мен кәсіби модульдер бөлімдерінің атауы | Қалыптас тыру құзыретінің коды |
ЖБП 01 | Жалпы білім пәндері | БҚ 1.1 | |
ЖГП 00 | Жалпы гуманитарлық пәндер | ||
ЖГП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - іскерлік қазақ тілі негізін; - кәсіптік лексиканы; - мамандық бойынша грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен); оқылатын мәтінді талдау; монологиялық және диалогиялық тілді жүргізу қолынан келуі керек. | Кәсіби қазақ тілі (оқудың қазақ тілінде жүрмейтін топтарында): қазақ тілінің синтаксисі; мамандық бойынша терминология; кәсіби бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздік көмегімен); кәсіби қарым-қатынас; тілді дамыту. | БҚ 1.8 |
ЖГП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - іскерлік орыс тілінің негіздерін; - кәсіптік лексиканы; - мамандық бойынша грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен); мәтінді талдау; монологиялық және диалогиялық тілді жүргізу қолынан келуі керек. | Кәсіби орыс тілі (оқудың орыс тілінде жүрмейтін топтарында): орыс тілінің синтаксисі; мамандық бойынша терминология; кәсіби бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздік көмегімен); кәсіби қарым-қатынас; тілді дамыту. | БҚ 1.8 |
ЖГП 0.2 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - кәсіби қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен) қолынан келуі керек. | Кәсіби шетел тілі: кәсіби қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал; тіл қызметінің әр түрлі түрлері және тіл формалары (ауызша, жазбаша, монолог пен диалог түрінде); кәсіби-бағытталған мәтіндерді аудару техникасы. | БҚ 1.8 |
ЖГП 0.3 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін; дене тәрбиесінің мазмұны мен ұйымдастырылу формаларын; дұрыс тамақтану принциптерін білуі керек; әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларын орындау және спорттың жеке түрлері бойынша нормативтерді тапсыру қолынан келуі керек. | Дене тәрбиесі: маманды дайындаудағы дене шынықтырудың ролі; дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері; дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері. | БҚ 1.9 |
ӘЭП 00 | Әлеуметтік-экономикалық пәндер | ||
ӘЭП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - конфуциандылықты, даосизмді, ежелгі Қытай өнерін; - Ежелгі Үнді мәдениетінің ерекшеліктерін және оның басты жетістіктерін; - ислам пайда болуын, оның ерекшеліктерін, басты догмаларын; - христиан білімінің негізгі принциптерін және оның құнды бағыттарын; - Ашель мәдениетінің ерекшеліктері - әдебиетінің дамуы, пәлсапасы; - көшпенділердің өмірі және құндылық жүйесі туралы; - орта ғасырдағы қазақ этнасының мәдени негізі туралы; - Қазақстанның орта ғасырдағы мәдениетіне түрк және араб мәдениетінің ықпалы туралы; - білім, ғылым және мәдениеттің дамуының басты кезеңдерін және материалдық негізін білуі керек; - ежелгі Азия мәдениетінің ерекшеліктерін аша білу; - мәдениеттану ұғымдарын еркін қолдану; - көшпенділердің материалды және рухани және мәдениетінің ерекшеліктерін, оның қоғамдық мәдениеттегі орнын көрсете білу қолынан келуі керек. | Мәдениеттану: мәдениеттану және оның қоғам өміріндегі ролі туралы; мәдениеттің құрылуы; мәдениет және өркениет; Конфуций және Дао мәдениетінің түрі; мәдениеттің Үнді-буддалық түрі; Ислам мәдениетінің әлемі; мәдениеттің христиандық түрі; батыс Европа мәдениеті және оның қазіргі кезеңдегі дүние жүзінің дамуына ықпалы; Африка мәдениетінің ерекшеліктері мен бірегейлігі; көшпенділік өркениетінің ерекшеліктері мен бірегейлігі; орта ғасыр дәуіріндегі Қазақстан мәдениеті; XVII-XIX ғасырлардағы қазақтардың мәдени дәстүрлері; XX-ғасырдағы Қазақстан мәдениеті; қазіргі замандағы мәдениет. | БҚ 1.2 |
ӘЭП 0.2 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - әлемнің пәлсапалық діни және ғылыми көрінісі, адам өмірінің мәні туралы; - ғылымның және ғылыми таным ролін, оның құрылымы, түрлері және әдістерін, әлеуметтік және этикалық мәселелері туралы білуі керек; - адамның тәртібіндегі саналы және санасыз мінез-құлығын, санасының мәнін анықтай алу; - адамдар арасындағы қарым-қатынасының өнегелік нормаларын реттей алу қолынан келуі керек. | Философия негіздері: пәлсапа пәнінің қызметі мен функциялары; материализм және идеализм – пәлсапаның басты сұрағы; әлемдік пәлсапалық ойдың басты белгілері; адам табиғаты және оның тіршілік ету мәні: адам және Құдай; адам және ғарыш; адам, қоғам, өркениет, мәдениет; тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігі; құндылықтардың акмеологиясы және табиғаты; адами таным және қызметі; ғылым және оның ролі; ғаламдық мәселелер алдындағы адамзат. | БҚ 1.2 |
ӘЭП 0.3 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - саяси жүйе мен саяси тәртіп туралы ұғымдарды; - биліктің бөліну принциптерін; - саяси партияларды қоғамдық ұйымдардан айыра білуді; - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қарым-қатынас туралы білуі керек; - үкімет маңыздылығын, саясат субъектілерін, саяси қарым-қатынас және процестерді (Қазақстанда және тұтас дүние жүзінде) аша білу; - қоғам мен тұлғаның дамуы және қызмет етуінің заңдылықтарын айыру қолынан келуі керек. | Саясаттану және әлеуметтану негіздері: саясаттану пәні, саяси үкімет және билік қарым-қатынастары; мемлекет – саяси жүйенің басты институты; саяси жүйе және саяси тәртіп, саяси партия және қоғамдық ұйымдар; көппартиялық; сыртқы және ішкі саясат; Қазақстандағы билікті ұйымдастыру; әлеуметтану ғылым ретінде; әлеуметтанудағы кластық және стратификациялық көзқарастар; тұлға ролі және оның мінез-құлқы. | БҚ 1.2 |
ӘЭП 0.4 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - экономикалық теорияның жалпы жағдайын; - еліміздегі және шет елдердегі экономикалық жағдайларды; - макро және микроэкономикалық негіздерін, салық, ақша-несие, әлеуметтік және инвестициялық саясатты білуі керек; - өз кәсіби қызметінде бағыт алу үшін қажетті экономикалық ақпараттарды табу және пайдалану қолынан келуі керек. | Экономика негіздері: мақсаттары, басты ұғымдары, қызметі, мәні, принциптері; меншік формалары мен түрлері, меншікті басқару; жоспарлар түрі, олардың басты сатылары, мазмұны, стратегиялық жоспарлануы; жоспарларды экономикалық негіздеу және болжауды әзірлеу әдістері; бизнес-жоспарлау; экономикалық талдау; халық тұтынымы тауарларын және қызметінің нарықтық жағдайларын талдау; нарықтық инфрақұрылым. | БҚ1.3 1.4 |
ЖКП 00 | Жалпы кәсіби пәндер | ||
ЖКП 01 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті сызбаларды рәсімдеу ережелерін; көріністердің сызбаларда орналасуын; сызбалардағы проекциялық көріністерін; қималарды және тіліктерді; алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын қосылымдарды білуі керек; жабдықтарға қызмет көрсету мен жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға арналған қарапайым сызбаларды оқу; машиналар мен механизмдерге арналған тетіктерді және қосалқы бөлшектерді дайындау мақсатында эскиздер мен техникалық суреттерді орындау қолынан келуі керек. | Сызу: сызбаларды рәсімдеу ережелері; сызбалардағы геометриялық құрылулар; сызбалардағы проекциялық көріністер; бір және үш жазықтыққа тік бұрышты проекциялау, қарапайым геометриялық фигуралардың изометриялық және диаметриялық проекциялары; сызба және бөлшектің изометриялық проекциясы; геометриялық фигуралардың жаймалары; сызбалардағы көріністердің орналасуы; қималар мен тіліктер; тік бұрышты және аксонометриялық осьтердегі түрлерінің, қималар мен тіліктерінің қажетті және жеткілікті сандарын қолдана отырып, бөлшектер сызбасын орындау; машинажасау сызуы; металды конструкциялардың қарапайым сызбасын оқу; алмалы-салмалы қосылымдар; алынбайтын-салынбайтын қосылымдар; құрастыру сызбасы, жұмыс сызбасы, бөлшек эскизі, бөлшектің техникалық суреті, құрастыру сызбасы бойынша бөлшектеу. | БҚ 1.1 |
ЖКП 02 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті машиналар мен механизмдер жіктеуін; бөлшектерді қосу түрлерін; айналу қозғалысының беріліс түрлерін; деформацияның негізгі түрлерін; шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулерін білуі керек; бөлшектер мен жиналмалы бірліктерді айыра білу; беріліс сандарын анықтау; серпімділік пен кернеуінің ішкі және сыртқы күштерін айыру қолынан келуі керек. | Техникалық механика негіздері: механизмдер мен машиналар жіктеуі; механизмдер бөліктері; механизмдер кинематикасы (механизм және машина, кинематикалық жұптар және тізбектер, кинематикалық жұптар типтері); бөлшектер мен жиналмалы бірліктер; жіктелуі, арналуы және оларға қойылатын талаптар; бөлшектерді қосу түрлері (алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын); айналу қозғалысының беріліс механизмдері; айналу қозғалысы берілісінің түрлері (механикалық, белдікті, фрикционды, тісті, тізбекті, бұрамалы): арналуы, сипаты, құрылымы, белгіленуі және кинематикалық схемасы; беріліс саны; абсолюттік қатты дене; деформацияның негізгі түрлері және олардағы кернеулерді бөлу; сыртқы күштер және олардың түрлері; серпімділік пен кернеудің ішкі күштері; істегі, шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулер. | БҚ 1.8 |
ЖКП 03 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті электрлік және магниттік тізбектерін; ауыспалы тоқтың электрлік тізбектерін; магнитті тізбектерін; электрлік құрылғыларын; электрқуатының өндірілуін, таратылуын және қолданылуын; электржетекті және электравтоматиканы білуі керек; электржабдықтарын және автоматика құралдарын жөндеуге арналған электрсхемаларын оқу; электржабдықтарын жөндеу барысында электрөлшеуіш аспаптарын қолдану қолынан келуі керек. | Жалпы электртехника: электрлік және магниттік тізбектер; ауыспалы тоқтың электрлік тізбектері; электрлік құрылғылар; электрөлшеуіш аспаптары; электронды аспаптар мен құрылғылар; трансформаторлар; электрлік машиналар мен аппараттар; электрқуатын өндіру, тарату және қолдану; электр станциялары, желілері және электрқуатымен қамтамасыз ету; электроника негіздері. | БҚ 1.8 |
ЖКП 04 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті ОС WINDOWS түрлерін; WORD мәтіндік редакторын; EXCEL электронды кестелерін; Corel DRAW векторлық редакторын; вирустардан қорғануын; WinZip архиваторын; ОС DOS; Norton Commander сыртқабықша бағдарламасын; бағдарламалық тілдерін; автоматты реттеу негіздерін; автоматты реттегіштердің жұмыс істеу принципін, функциялық және құрылымдық схемаларын білуі керек; жұмыста және күнделікті өмірде дербес компьютерді қолдану; автоматты түрде басқарудан қолмен басқаруға және кері келтіруге көшуді жүзеге асыру қолынан келуі керек. | Өндірісті ақпараттандыру және автоматтандыру негіздері: ақпаратты кодтау; сандық жүйелер; бір жүйеден екінші жүйеге ауысу; екілік арифметика; формалды, математикалық логика; модель түсінігі; модельдер типтері; алгоритм түсінігі; алгоритмдер типтері; бағдарламалау тілі; бағдарлама, оны құрылымдау; автоматты реттеу; реттелетін параметр; реттеу объектісі, оның қасиеттері, схемалар; автоматты реттеуіштер, олардың жіктелуі, арналуы, құрылымы, жұмыс істеу принципі, функциялық және құрылымдық схемалары, реттеу органдары; басқарудың автоматты жүйелерінің қосымша құралдары; процесті автоматты түрде басқарудан қолмен басқаруға және кері келтіруге көшудің тәртібі. | БҚ1.1 1.8 |
ЖКП 05 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті металдарды, қорытпаларды, олардың құрылымы мен қасиеттерін; тот басумен күресу тәсілдерін; металдарды, қорытпаларды және басқа да материалдарды өңдеудің түрлерін білуі керек; металдар мен қорытпаларды түрлері және қасиеттері бойынша айыра білу; байыту кәсіпорындарында жұмыстарды орындау барысында әр түрлі материалдарды арналуы бойынша пайдалана білу қолынан келуі керек. | Материалтану: металдардың, қорытпалардың құрылымы мен қасиеттері; металдарды тот басу; пластмассалар, ағаштар, рәзеңке және лакпен сырлайтын бұйымдар; материалдарды өңдеу тәсілдері; дәнекерлеу, кесу түрлері; әрлеу және электрфизикалық материалдар. | БҚ 1.1, 1.6 |
ЖКП 06 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті денелердің жағдайын және заттардың газ түріндегі күйлерінің табиғатын; термодинамика, Бойль-Мариотт, Шарль-Гей-Люссак, Дальтон, Гесс заңдарын; электрлиттік диссоциация процестерін; электрлиттер және олардың электрөткізгіштігі; металдарды электрхимиялық тотығудан қорғау тәсілдерін білуі керек; металдарды электрхимиялық тотығудан қорғау тәсілдерін жұмыста қолдана білу қолынан келуі керек. | Физикалы және коллоидты химия: денелердің кристалдық және аморфтық күйлері; заттардың газ түріндегі күйлерінің табиғаты; идеалды және реалды газ туралы түсінік; заттардың сұйық күйлері; идеалды және реалды ерітінді туралы түсінік; қатты заттың сұйықтықта еруі; термодинамика, Бойль-Мариотт, Шарль-Гей-Люссак, Дальтон, Гесс заңдары туралы түсінік; электрхимия; электрлиттік диссоциация; электролиттер мен электрөткізгіштік туралы түсінік; металдардың электр химиялық тотығуы және одан қорғану тәсілдері. | БҚ 1.1, 1.3, 1.7 |
ЖКП 07 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті талдау химиясы мен сапалық талдаудың теориялық негіздерін, сандық талдау әдістерін; талдаудың физика-химиялық әдістерін білуі керек; байыту процесіне арналған минералдар ерітінділеріне сапалық және сандық талдау жүргізу; катиондар тобын айыра білу қолынан келуі керек. | Талдаудың химиялық және физика-химиялық әдістері: талдау химиясы мен сапалық талдаудың теориялық негіздері; катиондардың аналитикалық топтары туралы түсінік; аниондар; талдаудың гравиметриялық, титрометриялық, физика-химиялық әдістері туралы түсінік; титрлеудің қышқылдық-қоспалық әдісі; титрлеудің тотығу-қалпына келтіру әдісі; тұндыру және кешендік пайда болу әдісі. | КҚ 1.2, 1.26, 1.61, 1.63, 1.64 |
АП 00 | Арнайы пәндер | ||
АП 01 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті байыту бойынша пайдалы қазбалардың құрамы мен жіктелуін; байыту әдістерін; жабдықтардың конструкциялары мен жіктелуін; байыту фабрикалары цехтарының орналасуын білуі керек; технологиялық көрсеткіштерді, сапашарттарды анықтау; байыту өнімдерін танып білу; өз жұмыс орнындағы технологиялық процестерді тексеру қолынан келуі керек. | Пайдалы қазбаларды байыту: байыту бойынша пайдалы қазбалардың құрамы мен жіктелуі; сапашарттар; байыту әдістері және олардың технологиялық көрсеткіштері; байыту өнімдері; жабдықтардың конструкциялары мен жіктелуі; техника-экономикалық параметрлер. | КҚ 1.3, 1.4, 1.9, 1.11, 1.15, 1.16, 1.17, 1.18, 1.23, 1.24, 1.25, 1.30, 1.31, 1.32, АҚ 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.6, 1.14, 1.15, 1.17, 1.18, |
АП 02 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті электрлі машиналары және аппараттардың типтерін, электржетекті басқару тәсілдерін; жұмыс орындарын жарықтандыру параметрлерін білуі керек; өз жұмыс орнындағы электрлі машиналары мен аппараттарды басқару және оларға қызмет көрсету қолынан келуі керек. | Байыту фабрикаларындағы электр жабдықтар: байыту фабрикаларында қолданылатын электрлі машиналар және аппараттар; машиналар мен механизмдердің электржетектерін басқару; байыту фабрикаларын жарықтандыру; бекітілген деңгей біліктілігі маманы қызмет көрсететін электр жабдықтар. | КҚ 1.17, 1.18, 1.28, 1.33, 1.37, АҚ 1.6, 1.8, |
АП 03 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті шанақ және қойма шаруашылығын, олардың құрылымы мен арналуын, тасымалдағыштар және қоректендіргіштердің түрлерін; реагенттерді тасымалдау мен сақтау тәсілдерін білуі керек; көмір байыту фабрикаларының тасымалдағыш құрылғыларын басқару және шанақ пен қойма шаруашылықтарына қызмет көрсету қолынан келуі керек. | Тасымалдау құрылғылары және қоймалар: көмір байыту фабрикаларының шанақ және қойма шаруашылығы; реагенттерді тасымалдау және сақтау; шанақ қақпақтары; қоректендіргіштер; көтергі-тасымалдау құрылғылар; конвейерлік және элеваторлық тасымалдағыштар; гидравликалық және пневматикалық тасымалдағыштар. | КҚ1.13, 1.31, 1.37, АҚ 1.9, 1.24 1.27, 1.36 |
1.2 0708000 – «Пайдалы қазбаларды байыту (көмір байыту)» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білімнің жоғарыланған деңгей біліктілігіне арналған білім беру оқу бағдарламасының құрылымы
Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай
Индекс | Пәндер мен кәсіби модульдердің оқу циклдері | Пәндер мен кәсіби модульдер бөлімдерінің атауы | Қалыптас тыру құзыретінің коды |
ЖБП 00 | Жалпы білім пәндері | БҚ 2.1 | |
ЖГП 00 | Жалпы гуманитарлық пәндер | ||
ЖГП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - іскерлік қазақ тілі негізін; - кәсіптік лексиканы; - мамандық бойынша грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен); оқылатын мәтінді талдау; монологиялық және диалогиялық тілді жүргізу қолынан келуі керек. | Кәсіби қазақ тілі (оқудың қазақ тілінде жүрмейтін топтарында): қазақ тілінің синтаксисі; мамандық бойынша терминология; кәсіби бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздік көмегімен); кәсіби қарым-қатынас; тілді дамыту. | БҚ 2.1, 2.4 |
ЖГП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - іскерлік орыс тілінің негіздерін; - кәсіптік лексиканы; - мамандық бойынша грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен); мәтінді талдау; монологиялық және диалогиялық тілді жүргізу қолынан келуі керек. | Кәсіби орыс тілі (оқудың орыс тілінде жүрмейтін топтарында): орыс тілінің синтаксисі; мамандық бойынша терминология; кәсіби бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздік көмегімен); кәсіби қарым-қатынас; тілді дамыту. | БҚ 2.1, 2.4 |
ЖГП 0.2 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - кәсіби қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды білуі керек; кәсіптік бағыттағы мәтіндерді оқу және аудару (сөздік көмегімен) қолынан келуі керек. | Кәсіби шетел тілі: кәсіби қарым-қатынас үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материал; тіл қызметінің әр түрлі түрлері және тіл формалары (ауызша, жазбаша, монолог пен диалог түрінде); кәсіби-бағытталған мәтіндерді аудару техникасы. | БҚ 2.1, 2.4 |
ЖГП 0.3 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздерін; дене тәрбиесінің мазмұны мен ұйымдастырылу формаларын; дұрыс тамақтану принциптерін білуі керек; әр түрлі дене шынықтыру жаттығуларын орындау және спорттың жеке түрлері бойынша нормативтерді тапсыру қолынан келуі керек. | Дене тәрбиесі: маманды дайындаудағы дене шынықтырудың ролі; дене шынықтырудың әлеуметтік-биологиялық және психофизиологиялық негіздері; дене және спорттық өзін-өзі жетілдіру негіздері. | БҚ 2.7 |
ӘЭП 0.0 | Әлеуметтік-экономикалық пәндер | ||
ӘЭП 0.1 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - конфуциандылықты, даосизмді, ежелгі Қытай өнерін; - Ежелгі Үнді мәдениетінің ерекшеліктерін және оның басты жетістіктерін; - ислам пайда болуын, оның ерекшеліктерін, басты догмаларын; - христиан білімінің негізгі принциптерін және оның құнды бағыттарын; - Ашель мәдениетінің ерекшеліктері - әдебиетінің дамуы, пәлсапасы; - көшпенділердің өмірі және құндылық жүйесі туралы; - орта ғасырдағы қазақ этнасының мәдени негізі туралы; - Қазақстанның орта ғасырдағы мәдениетіне түрк және араб мәдениетінің ықпалы туралы; - білім, ғылым және мәдениеттің дамуының басты кезеңдерін және материалдық негізін білуі керек; - ежелгі Азия мәдениетінің ерекшеліктерін аша білу; - мәдениеттану ұғымдарын еркін қолдану; - көшпенділердің материалды және рухани және мәдениетінің ерекшеліктерін, оның қоғамдық мәдениеттегі орнын көрсете білу қолынан келуі керек. | Мәдениеттану: мәдениеттану және оның қоғам өміріндегі ролі туралы; мәдениеттің құрылуы; мәдениет және өркениет; Конфуций және Дао мәдениетінің түрі; мәдениеттің Үнді-буддалық түрі; Ислам мәдениетінің әлемі; мәдениеттің христиандық түрі; батыс Европа мәдениеті және оның қазіргі кезеңдегі дүние жүзінің дамуына ықпалы; Африка мәдениетінің ерекшеліктері мен бірегейлігі; көшпенділік өркениетінің ерекшеліктері мен бірегейлігі; орта ғасыр дәуіріндегі Қазақстан мәдениеті; XVII-XIX ғасырлардағы қазақтардың мәдени дәстүрлері; XX-ғасырдағы Қазақстан мәдениеті; қазіргі замандағы мәдениет. | БҚ 2.2, 2.4 |
ӘЭП 0.2 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - әлемнің пәлсапалық діни және ғылыми көрінісі, адам өмірінің мәні туралы; - ғылымның және ғылыми таным ролін, оның құрылымы, түрлері және әдістерін, әлеуметтік және этикалық мәселелері туралы білуі керек; - адамның тәртібіндегі саналы және санасыз мінез-құлығын, санасының мәнін анықтай алу; - адамдар арасындағы қарым-қатынасының өнегелік нормаларын реттей алу қолынан келуі керек. | Философия негіздері: пәлсапа пәнінің қызметі мен функциялары; материализм және идеализм - пәлсапаның басты сұрағы; әлемдік пәлсапалық ойдың басты белгілері; адам табиғаты және оның тіршілік ету мәні: адам және Құдай; адам және ғарыш; адам, қоғам, өркениет, мәдениет; тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігі; құндылықтардың акмеологиясы және табиғаты; адами таным және қызметі; ғылым және оның ролі; ғаламдық мәселелер алдындағы адамзат. | БҚ 2.2, 2.4 |
ӘЭП 0.3 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - саяси жүйе мен саяси тәртіп туралы ұғымдарды; - биліктің бөліну принциптерін; - саяси партияларды қоғамдық ұйымдардан айыра білуді; - әлеуметтік құрылым, әлеуметтік қарым-қатынас туралы білуі керек; - үкімет маңыздылығын, саясат субъектілерін, саяси қарым-қатынас және процестерді (Қазақстанда және тұтас дүние жүзінде) аша білу; - қоғам мен тұлғаның дамуы және қызмет етуінің заңдылықтарын айыру қолынан келуі керек. | Саясаттану және әлеуметтану негіздері: саясаттану пәні, саяси үкімет және билік қарым-қатынастары; мемлекет – саяси жүйенің басты институты; саяси жүйе және саяси тәртіп, саяси партия және қоғамдық ұйымдар; көппартиялық; сыртқы және ішкі саясат; Қазақстандағы билікті ұйымдастыру; әлеуметтану ғылым ретінде; әлеуметтанудағы кластық және стратификациялық көзқарастар; тұлға ролі және оның мінез-құлқы. | БҚ 2.2, 2.4 |
ӘЭП 0.4 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - экономикалық теорияның жалпы жағдайын; - еліміздегі және шет елдердегі экономикалық жағдайларды; - макро және микроэкономикалық негіздерін, салық, ақша-несие, әлеуметтік және инвестициялық саясатты білуі керек; - өз кәсіби қызметінде бағыт алу үшін қажетті экономикалық ақпараттарды табу және пайдалану қолынан келуі керек. | Экономика негіздері: мақсаттары, басты ұғымдары, қызметі, мәні, принциптері; меншік формалары мен түрлері, меншікті басқару; жоспарлар түрі, олардың басты сатылары, мазмұны; стратегиялық жоспарлануы; жоспарларды экономикалық негіздеу және болжауды әзірлеу әдістері; бизнес-жоспарлау; экономикалық талдау; халық тұтынымы тауарларын және қызметінің нарықтық жағдайларын талдау; нарықтық инфрақұрылым. | БҚ 2.3, 2.4, 2.6 |
ӘЭП 0.5 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы: - азаматтың құқығы және міндеттері, оларды іске асыру механизмдері туралы; - Конституция мәні, биліктің бөліну принциптері, парламент және үкімет қызметі туралы; - құқықтың субъектілері мен объектілері туралы; - құқық бұзу және қылмыс туралы білуі керек; - өз кәсіби қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалана білу қолынан келуі керек. | Құқық негіздері: құқық – ұғым, жүйе, көздері; құқықтың ежелгі, орта ғасырдағы, Жаңа замандағы дамуы; құқықтың Қазақстандағы даму тарихы; ҚР Конституциясы – мемлекеттің басты заңы, құқықтық жүйенің өзегі; адам құқығының жалпыға ортақ Декларациясы – халықаралық саяси құжат; құқықтық мемлекет – заң үстемділігі және азаматтық қоғам; құқықтың басты салалары; ҚР сот жүйесі; құқық қорғау органдары. | БҚ 2.4 |
ЖКП 00 | Жалпы кәсіби пәндер | ||
ЖКП 01 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті сызбаларды рәсімдеу ережелерін; көріністердің сызбаларда орналасуын; сызбалардағы проекциялық көріністерін; қималарды және тіліктерді; алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын қосылымдарды білуі керек; жабдықтарға қызмет көрсету мен жөндеу бойынша жұмыстарды орындауға арналған қарапайым сызбаларды оқу; машиналар мен механизмдерге арналған тетіктерді және қосалқы бөлшектерді дайындау мақсатында эскиздер мен техникалық суреттерді орындау қолынан келуі керек. | Сызу: сызбаларды рәсімдеу ережелері; сызбалардағы геометриялық құрылулар; сызбалардағы проекциялық көріністер; сызба және бөлшектің изометриялық проекциясы; геометриялық фигуралардың жаймалары; сызбалардағы көріністердің орналасуы; қималар мен тіліктер; тік бұрышты және аксонометриялық осьтердегі түрлерінің, қималар мен тіліктерінің қажетті және жеткілікті сандарын қолдана отырып, бөлшектер сызбасын орындау; машинажасау сызуы; машинажасаудың қарапайым сызбасын оқу; алмалы-салмалы қосылымдар; алынбайтын-салынбайтын қосылымдар; құрастыру сызбасы, жұмыс сызбасы, бөлшек эскизі, бөлшектің техникалық суреті, құрастыру сызбасы бойынша бөлшектеу. | БҚ 2.1 |
ЖКП 02 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті машиналар мен механизмдер жіктеуін; бөлшектерді қосу түрлерін; айналу қозғалысының беріліс түрлерін; деформацияның негізгі түрлерін; шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулерін білуі керек; бөлшектер мен жиналмалы бірліктерді айыра білу; беріліс сандарын анықтау; серпімділік пен кернеуінің ішкі және сыртқы күштерін айыру қолынан келуі керек. | Техникалық механика негіздері: механизмдер мен машиналар жіктеуі; механизмдер бөліктері; механизмдер кинематикасы (механизм және машина, кинематикалық жұптар және тізбектер, кинематикалық жұптар типтері); бөлшектер мен жиналмалы бірліктер; жіктелуі, арналуы және оларға қойылатын талаптар; бөлшектерді қосу түрлері (алмалы-салмалы және алынбайтын-салынбайтын); айналу қозғалысының беріліс механизмдері; айналу қозғалысы берілісінің түрлері (механикалық, белдікті, фрикционды, тісті, тізбекті, бұрамалы): арналуы, сипаты, құрылымы, белгіленуі және кинематикалық схемасы; беріліс саны; абсолюттік қатты дене; деформацияның негізгі түрлері және олардағы кернеулерді бөлу; сыртқы күштер және олардың түрлері; серпімділік пен кернеудің ішкі күштері; істегі, шекті қауіпті және шекті жол берілген кернеулер. | БҚ 2.1, 2.4 |
ЖКП 03 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті электрлік және магниттік тізбектерін; ауыспалы тоқтың электрлік тізбектерін; электрлік құрылғыларын; электрқуатының өндірілуін, таратылуын және қолданылуын; электржетекті және электравтоматиканы білуі керек; электржабдықтарын және автоматика құралдарын жөндеуге арналған электрсхемаларын оқу; электржабдықтары мен автоматика құралдарына қызмет көрсету және жөндеу барысында электрөлшеуіш аспаптарын қолдану қолынан келуі керек. | Жалпы электртехника: электрлік және магниттік тізбектер; ауыспалы тоқтың электрлік тізбектері; электрлік құрылғылар; электрөлшеуіш аспаптары; электронды аспаптар мен құрылғылар; трансформаторлар; электрлік машиналар мен аппараттар; электрқуатын өндіру, тарату және қолдану; электр станциялары, желілері және электрқуатымен қамтамасыз ету; электржетек және электроника. | БҚ 2.1, 2.4 |
ЖКП 04 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті ОС WINDOWS түрлерін; WORD мәтіндік редакторын; EXCEL электронды кестелерін; Corel DRAW векторлық редакторын; вирустардан қорғануын; WinZip архиваторын; ОС DOS; Norton Commander сыртқабықша бағдарламасын; бағдарламалық тілдерін; автоматты реттеу негіздерін; автоматты реттегіштердің жұмыс істеу принципін, функциялық және құрылымдық схемаларын білуі керек; жұмыста және күнделікті өмірде дербес компьютерді қолдану; автоматты түрде басқарудан қолмен басқаруға және кері келтіруге көшуді жүзеге асыру қолынан келуі керек. | Өндірісті ақпараттандыру және автоматтандыру негіздері: ақпаратты кодтау; сандық жүйелер; бір жүйеден екінші жүйеге ауысу; екілік арифметика; формалды, математикалық логика; модель түсінігі; модельдер типтері; алгоритм түсінігі; алгоритмдер типтері; бағдарламалау тілі; бағдарлама, оны құрылымдау; автоматты реттеу; реттелетін параметр; реттеу объектісі, оның қасиеттері, схемалар; автоматты реттеуіштер, олардың жіктелуі, арналуы, құрылымы, жұмыс істеу принципі, функциялық және құрылымдық схемалары, реттеу органдары; басқарудың автоматты жүйелерінің қосымша құралдары; процесті автоматты түрде басқарудан қолмен басқаруға және кері келтіруге көшудің тәртібі. | БҚ 2.1, 2.2, 2.4 |
ЖКП 05 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті металдарды, қорытпаларды олардың құрылымы мен қасиеттерін; тот басумен күресу тәсілдерін; металдарды, қорытпаларды және басқа да материалдарды өңдеудің түрлерін білуі керек; металдар мен қорытпаларды түрлері және қасиеттері бойынша айыра білу; байыту кәсіпорындарында жұмыстарды орындау барысында әр түрлі материалдарды арналуы бойынша пайдалана білу қолынан келуі керек. | Материалтану: металдардың, қорытпалардың құрылымы мен қасиеттері; металдарды тот басу; пластмассалар, ағаштар, рәзеңке және лакпен сырлайтын бұйымдар; материалдарды өңдеу тәсілдері; дәнекерлеу, кесу түрлері; әрлеу және электрфизикалық материалдар. | БҚ 2.1, 2.2 |
ЖКП 06 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті денелердің жағдайын және заттардың газ түріндегі күйлерінің табиғатын; термодинамика, Бойль-Мариотт, Шарль-Гей-Люссак, Дальтон, Гесс заңдарын; электрлиттік диссоциация процестерін; электрлиттер және олардың электр өтімділігін; металдарды электр химиялық тотығудан қорғау тәсілдерін білуі керек; металдарды электр химиялық тотығудан қорғау тәсілдерін жұмыста қолдана білу қолынан келуі керек. | Физикалы және коллоидты химия: денелердің кристалдық және аморфтық күйлері; заттардың газ түріндегі күйлерінің табиғаты; идеалды және реалды газ туралы түсінік; заттардың сұйық күйлері; идеалды және реалды ерітінді туралы түсінік; қатты заттың сұйықтықтарда еруі; термодинамика, Бойль-Мариотт, Шарль-Гей-Люссак, Дальтон, Гесс заңдары туралы түсінік; электр химия; электрлиттік диссоциация; электрлиттер мен электр өтімділігі туралы түсінік; металдардың электр химиялық тотығуы және одан қорғану тәсілдері. | БҚ 2.1, КҚ 2.3, 2.5, 2.11, 2.39, 2.54, 2.64, АҚ2.17, 2.35, 2.40 |
ЖКП 07 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті талдау химиясы мен сапалық талдаудың теориялық негіздерін, сандық талдау әдістерін; талдаудың физика-химиялық әдістерін білуі керек; байыту процесіне арналған минералдар ерітінділеріне сапалық және сандық талдау жүргізу; катиондар тобын айыра білу қолынан келуі керек. | Талдаудың химиялық және физика-химиялық әдістері: талдау химиясы мен сапалық талдаудың теориялық негіздері; катиондардың аналитикалық топтары туралы түсінік; аниондар; талдаудың гравиметриялық, титрометриялық, физика-химиялық әдістері туралы түсінік; титрлеудің қышқылдық-қоспалық әдісі; титрлеудің тотығу-тотықсыздану әдісі. | БҚ 2.1, КҚ 2.21, 2.22, 2.24, 2.25, 2.63, 2.64, АҚ 2.17, 2.35 |
ЖКП 08 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті кристаллография, минералогия және кен жыныстары жіктелуінің негізгі ережелерін; көмірдің және оның құрамындағы жыныстардың химиялық және физикалық қасиеттерін; көмір кен орындарын қазу тәсілдерін; байыту кезіндегі көмірдің текстуралық-құрылымдық қасиеттерін білуі керек; байытуға арналған көмірдің текстурасы мен құрылымын анықтай алу қолынан келуі керек. | Геология және кен ісі негіздері: Жер және жер қыртысы дамуының басты заңдылықтары; экзогенді және эндогенді геологиялық процестер; кристаллография; минералогия; жаратылысы бойынша кен жыныстарының жіктелуі; байыту кезіндегі көмірдің текстуралық-құрылымдық ерекшеліктері; көмірдің және оның құрамындағы жыныстардың физикалық қасиеттері; көмір кенорындарының типтері; көмір кенорындарын ашық және жерасты тәсілдерімен қазу. | БҚ 2.1, 2.3, КҚ2.25, АҚ2.11, 2.16, |
ЖКП 09 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті гидравлика және гидродинамика, жылу техникасы негіздерін; көмір байыту фабрикаларын сумен қамтамасыз ету схемаларын; сумен қамтамасыз етуге арналған жабдықтарды; байыту фабрикаларының ауажеткізу принциптерін; компрессорлар мен ауаүрлегіш машиналардың типтерін; қазандық қондырғыларды және олардың қосалқы құрылғыларын білуі керек; сорғыларды, компрессорларды және ауаүрлегіш машиналарды, қазандық қондырғыларды басқару, оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу қолынан келуі керек. | Гидравлика негіздері, жылу техникасы мен байыту фабрикаларындағы су-ауалы шаруашылық: гидравлика және гидродинамика негіздері; көмір байыту фабрикаларын сумен қамтамасыз ету; сорғылар және сорғы станциялары; көмір байыту фабрикаларына ауажеткізу, компрессорлар мен ауаүрлегіш машиналары; көмір байыту фабрикаларында вакуум мен желдетуді пайдалану; жылу техникасы негіздері; қазандық қондырғылар және қосалқы құрылғылар. | КҚ 2.4, 2.5, 2.14, 2.28, 2.51, 2.57, АҚ 2.2, 2.19, 2.22, 2.25, 2.27 |
ЖКП 10 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті стандарттау, метрология және өнім сапасын тексерудің негізгі ережелерін; физикалық шамалардың бірліктерін; өлшеулердің түрлері мен ауытқуларын; өлшеуіш құралдарының техникалық сипаттамаларын; өнім сапасын тексеру және бағалау әдістерін білуі керек; стандарттардың санаттарын, түрлерін айыра білу; өлшеулерді жүргізу кезінде өлшеуіш құралдарын қолдану және ауытқуларды анықтау; өнім сапасын тексеруді жүргізу; өнімді аттестаттау, сертификаттау және сынауды жүргізу қолынан келуі керек. | Стандарттау, метрология және өнім сапасының негіздері: стандарттау аумағындағы негізгі түсініктер мен анықтамалар; стандарттардың санаты мен түрлері; метрология аумағындағы негізгі түсініктер мен анықтамалар; физикалық шамалардың бірліктері; өлшеулердің түрлері мен ауытқулары; өлшеуіш құралдары және олардың техникалық сипаттамалары; өнім сапасын тексеру; өнім сапасының деңгейін бағалау; өнімді аттестаттау, сертификаттау және сынау. | КҚ 2.9, 2.19, 2.21, 2.22, 2.25, 2.45, АҚ2.17, 2.35 |
АП 00 | Арнайы пәндер | ||
АП 01 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті байыту әдістерін және олардың технологиялық көрсеткіштерін білуі керек; байыту процестерін әр түрлі әдістерде жүргізу; өз жұмыс орнындағы технологиялық процестерді тексеру қолынан келуі керек. | Пайдалы қазбаларды байыту: байыту әдістері және олардың технологиялық көрсеткіштері; дезинтеграция және шаю арқылы көмір қабаттарын дайындау; байытудың гравитациялық процестері, тұндыру, ауыр ортада байыту, шоғырлау үстелдерінде байыту, гравитациялық талдау; флотация; байытудың арнайы әдістері. | КҚ2.21, 2.30, 2.36, 2.41, 2.48, 2.49, 2.54, 2.60, 2.61, 2.63, АҚ2.17, 2.35, 2.36 |
АП 02 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті көмір байыту технологиясын; байыту үшін көмірді дайындаудың технологиялық процестері, көмір байыту және қосымша жұмыстардың схемаларын білуі керек; байыту процесін автоматты тексеру және реттеу қолынан келуі керек. | Көмір байыту процесін инженерлік қамтамасыз ету: көмір байытудың технологиясы; көмірді ұнтақтауға дайындаудың ұсату схемалары; ауыр ортада байытудың, тұндырудың, флотациялаудың схемалары; қосымша процестерге арналған схемалар мен жабдықтар. | КҚ2.17, 2.18, 2.19, 2.51, 2.52, 2.65, АҚ 2.8, 2.9, 2.13, 2.19, 2.30, 2.31 |
АП 03 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті электр жетек теориясының негіздерін; электрлі машиналары мен аппараттарының типтерін; жарықтандыру параметрлерін; диспетчерлік басқару схемаларын білуі керек; көмір байыту фабрикаларының машиналары мен механизмдерін электр жетекпен басқару; электрлі машиналары мен аппараттарын қарап шығу, қызмет көрсету және жөндеу жүргізу қолынан келуі керек. | Байыту фабрикаларындағы электр жабдықтар: электр жетек теориясының негіздері; көмір байыту фабрикаларында қолданылатын электрлі машиналары мен аппараттар; электр жетекпен басқару; көмір байыту фабрикаларын электр қуатымен қамтамасыз ету; көмір байыту фабрикаларын жарықтандыру; көмір байыту фабрикаларында диспетчерлік басқару. | КҚ2.26, 2.38, 2.66, АҚ2.38, 2.39 |
АП 04 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті көмір байыту фабрикаларының әр түрлі тасымалдау құрылғылары құрылымын, іс-әрекет принципін, қолданылу аумағын; шанақ және қойма шаруашылығын білуі керек; тасымалдау құрылғыларын басқару және оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу қолынан келуі керек. | Тасымалдау құрылғылары және қоймалар: үздіксіз жұмыс істейтін тасымалдау құрылғылары; өз салмағының әсерімен тасымалдау; гидравликалық, пневматикалық және арқанды тасылым; көмір байыту фабрикаларының шанақ және қойма шаруашылығы; реагенттерді тасымалдау және сақтау. | КҚ2.14, 2.17, 2.35, АҚ 2.4, 2.6, 2.22, 2.27, 2.31, 2.34, 2.39 |
АП 05 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті көмір байыту өндірісін автоматты басқару және реттеудің негіздерін; басқару мен реттеудің автоматтандыру жүйелерін құру принциптерін білуі керек; көмір байыту өндірісінің әр- түрлі процестерінің автоматтандыру схемаларын оқу; автоматтандыру құралдарына қызмет көрсету қолынан келуі керек. | Өндіріс процестерін автоматтандыру: негізгі түсініктер және анықтамалар; автоматты басқару мен реттеу жүйелерінің жіктелуі; типті динамикалық тізбектер; реттеу процестерінің тұрақтылығы мен сапасы. | КҚ2.30, 2.45, 2.51, 2.52, 2.55, 2.66, АҚ2.19, 2.25, |
АП 06 | Пәнді зерделеу нәтижесінде оқушы міндеті еңбек заңнама негіздерін; зақымдану мен кәсіби аурулар жіктелуін; еңбекті қорғаудың басқару жүйесін; өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтарын; жұмыстарды жүргізу барысындағы қауіпсіздік техникасын білуі керек; қауіпсіздік Ережелерінің талаптарын ұстану; жазатайым оқиға болған жерді тергеу мақсатында ешкімнің бас сұқпауын қамтамасыз ету; зақымданған адамға алғашқы көмек көрсету қолынан келуі керек. | Еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану: зақымдану және кәсіби аурулар; ауырлық дәрежесі мен зардап шеккендер саны бойынша жазатайым оқиғалар жіктелуі; өндірістегі және тұрмыстағы жазатайым оқиғаларды тергеу тәртібі; өндірістік қауіптіліктер мен зияндылықтар; байытудың әр-түрлі процестерін жүргізу барысындағы қауіпсіздік шаралары. | БҚ 2.5, КҚ2.16, АҚ2.14, 2.33, 2.40 |
1.3 0708000 – «Пайдалы қазбаларды байыту (көмір байыту)» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білімнің орта буын маманы біліктілігі деңгейіне арналған білім беру оқу бағдарламасының құрылымы