Төрт команданың рольдері

Бөлім 1. Әлемдік Чемпионаттағы Британдық Парламенттік дебаттың негізгі ережелері

БПФ дебатының базасы – төрт команда, сегіз пікірсайысшы

Әрбір дебат раундына төрт команда қатысады, ал әр команда құрамында екі дебатер бар.

Үкімет үстелдері Оппозиция үстелдері
Бірінші үкімет (БҮ) Бірінші оппозиция (БО)
Екінші үкімет (ЕҮ) Екінші оппозиция (ЕО)

Сурет 1. БП дебат раундындағы төрт команда

Дебаттың әр жағында екі команда ойнайды. Бір жақта Бірінші Үкімет (БҮ немесе 1Ү) және Екінші Үкімет (ЕҮ немесе 2Ү) командалары ойнаса, екінші жақта Бірінші Оппозиция (БО немесе 1О) мен Екінші Оппозиция (ЕО немесе 2О) командалары ойнайды. Кейбір кездері дебаттың екі жағын “үстелдер” деп атайды, яғни “үкімет үстелі” және “оппозиция үстелі” болады. Дебаттағы бірінші екі команда (БҮ және БО) дебаттың “бірінші жартысы”, ал үшінші мен төртінші командалар (ЕҮ және ЕО) дебаттың “екінші жартысы” деп аталынады; кейде оларға сәйкесінше бірінші және екінші үстелдер деген атау да беріледі.

Барлық төрт командадағы дебатерлер өздерінің сөздерін айтады (әр ойыншы бір рет шақырылады), бұл келесі ретпен жүзеге асырылады:

1. БҮ командасының бірінші ойыншысы (“Премьер-министр”)

2. БО командасының бірінші ойыншысы (“Оппозиция лидері”)

3. БҮ командасының екінші ойыншысы (“Премьер-министрдің орынбасары”)

4. БО командасының екінші ойыншысы (“Оппозиция лидерінің орынбасары”)

5. ЕҮ командасының бірінші ойыншысы (“Үкімет мүшесі”)

6. ЕО командасының бірінші ойыншысы (“Оппозиция мүшесі”)

7. ЕҮ командасының екінші ойыншысы (“Үкімет хатшысы”)

8. ЕО командасының екінші ойыншысы (“Оппозиция хатшысы”)

Раунд барысында раундтың бас төрешісі төрағалық етеді, оның жұмысына раундтың өту барысын қадағалау, ойыншыларды өздерінің сөздеріне шақыру және дебат ережелерін сақтау жатады. Әдетте әлем чемпионаттарында бас төреші дебат нәтижелерін саралап анықтайтын адамдардың бірі болады. Турнирдің финалында алдын ала таңдалып қойған церемониймейстер немесе басқа адам бас төрешілік ете алады, бірақ оның міндетіне төрешілік ету жатпауы да мүмкін. Сонымен қатар әр раундында уақытты қадағалайтын таймкипердің (timekeeper) болуы керек, осы жұмысты бас төреші, төреші немесе жеке адам атқара алады.

Сөздер ұзақтығы

Сөздерді айту үшін 7 минут беріледі. Бірінші, алтыншы және жетінші минуттардан кейін таймкипер сигнал (үстелден ұру, қоңырау немесе шапалақ, әдетте жетінші минуттан кейін қоңырау мен үстелден ұру қатарынан екі рет жасалады) береді. Идеалды жағдайда ойыншыларға 7 минутта өздерінің сөздерін аяқтау керек болса да, олар сөйлемді аяқтау немесе қорытынды жасау үшін өз сөздерін жалғастыра алады. 7 минут 15 секунд өткен соң ойыншы айтқанды төреші ескермеу керек. Раундтың бас төрешісі немесе таймкипер уақыт 7 минут 15 секундтан асқан соң ойыншыға оның уақыт лимитінен қатты асып бара жатқаның ескерту мақсатында әр 10 секунд сайын өз қалауы бойынша қатарынан үш рет қайталанатын сигнал бере алады. Егер ойыншы 8 минуттан кейін де өз сөзін жалғастырса, онда төреші ойыншының орнына отыруын сұрап, барлық қатысушыларды тәртіпке шақыру керек.

Төрт команданың рольдері

Әр команданың дебаттағы өзінің атқаруға тиісті рольдері болады, сондықтан ойыншылар осыны барынша эффективті орындауға тырысу қажет.

I. БҮ тақырыпты анықтап алып, өздерінің жағын қолдайтын аргументтерді беріп, оппозицияның аргумерттеріне қарсылық білдіру керек.

II. БО бірінші үкіметтің ұсынған кейсін (БҮ ұсынған аргументтер жиынтығы) жоққа шығарып, олардың жағы дебатты жеңу керектігін дәлелдейтін өздерінің конструктивті аргументтерін ұсыну қажет.

III. ЕҮ ойынға бірінші үкіметтен өзгеше, бірақ оған қарсы келмейтін қосымша аргументтерді әкеліп, тақырыпты қолдайтын анализ жасап, оппозицияның аргументтері мен анализіне жақсылап тұрып қарсылық айтуы керек. Үкімет хатшысы үкімет үстелдері атынан толық раундты қорытындылап, жаңа аргументтерді енгізбеуге тиісті.

IV ЕО тақырыпты жоққа шығару үшін бірінші оппозициядан өзгеше, бірақ оған қарсы келмейтін қосымша аргументтер ұсынып, анализ жасап, үкімет командаларының аргуметтері мен анализіне қарсы тұру керек. Оппозиция хатшысы оппозиция үстелдері атынан толық раундты қорытындылап, жаңа аргументтерді енгізбеуге тиісті.

Бөлім 2 – де командалардың рольдері туралы көбірек мәлімет бар.

1.4 Ақпарат пункттері (Points of Information)

Әр сөздің бірінші және соңғы минуттары “қорғалған уақыт” болып саналады, сол кезде сөйлеп тұрған дебатерге ақпарат пункттерін ұсынуға болмайды. Қалған бес минут (екіншіден алтыншыға дейін) ішінде ақпарат пункттері ұсыныла алады.

Дебат контекстінде ақпарат пункті – бұл сөйлеушінің үстелінен айырмашылығы бар, үстелде отырған кез-келген ойыншының формаға келтірілген репликасы. Ақпарат пункті 15 секундқа дейін жалғаса алады. Ол сөйлеп тұрған ойыншыға бағытталған комментарий немесе сұрақ формасында бола алады. Белгілі бір ақпарат пункттерін қабылдау, яғни репликаны айту құқығын беру шешімі сөйлеп тұрған ойыншының өз еркінде болып табылады. Әр ойыншы өзінің сөзі кезінде кем дегенде бір ақпарат пунктін қабылдау керек, ал идеалды жағдайда екі ақпарат пунктін (одан да көп қабылдауға болады, бірақ әдетте көп кабылдамауға кеңес береді) қабылған жөн. Сұрақ ұсыну үшін ойыншы орнынан тұрып, “ақпарат пункті” немесе “осы туралы” деп айту керек. Сөйлеп тұрған ойыншы ақпарат пуктін қабылдамағанша ақпарат пунктін ондағы кез-келген фраза айту жолымен ұсынуға болмайды (мысалы: “Заң туралы!” немесе “Жоқ, тыңдаңызшы!”). Егер ақпарат пункті қабылданбаса, онда оны ұсынған ойыншы тез арада өз орнына отыруы тиіс.

Ақпарат пунктерін 6 минуттық рубежден кейін ұсынуға болмайды, ал оған дейін ақпарат пунктерімен тұрып тұрған барлық ойыншылар 6 минут өткеннен кейін отыру керек. Егер ақпарат пункті 6 минут келіп жеткенге дейін қабылданса, оны ұсынған ойыншы әдеттегідей өзінің ақпарат пунктін айта алады. Сонымен қатар 6 минуттық рубежге жақындаған кезде ақпарат пункті алдын ала қабылдана алады, бұл оны ұсынған ойыншы отырғанға дейін орын алады. Бірақ сөз айтудың соңғы минуты басталып кетіп, барлық ойыншылар орындарында отырса, жаңа ақпарат пункттерін ұсынуға да, қабылдауға да болмайды.

Бөлу: сөйлеп тұрған ойыншы ақпарат пунктін айтып жатқан ойыншыны тоқтатса, бұл ақпарат пунктін бөлу болып саналады. Осындай жағдай ақпарат пункті 15 секундтан арттық айтылып жатқан кезде орын алуы мүмкін, содан кейін идеалды түрде дебатер жаңағы айтылған ақпарат пунктіге жауап беріп, өз сөзін жалғастыра алады. Ақпарат пункті түсініксіз болса, оны 15 секундтан аз айтылып жатқан кезде бөлмеу дұрыс болады. Уақыт 15 секундтан аспаған кезде ақпарат пункті бөлінсе, төреші сөйлеп тұрған дебатерге баға берген кезде оның қаншалықты нақты жауап бергенін ескеру қажет. Осындай бағаның бір факторы ойыншы бір пункті толық айтты ма немесе оған бөлінген уақытта екі пункті қатарынан бір пунктке сыйдырғысы келді ме дегенге қарау болады. Егер сөйлеп тұрған ойыншы ақпарат пунктін бөлсе, онда оны айтып жатқан ойыншы ештенеге қарамай өз орнына отыру керек. Әлбетте, егер ойыншының ақпарат пункті 15 секундтық уақыттан асса, сөзді жалғастыру ақпарат пунктін бөлу болып саналмайды.

Мазақтау (Badgering): Ойыншыға ақпарат пункті ұсынылып, ол оны қабылдамаса, кейін 10 секунд бойы ешкім ақпарат пунктін ұсына алмайды. Әрдайым осы ережені бұзу, яғни ақпарат пунктерінің ағылуы мазақтау деп есептеледі. Бұған тиым салынған, себебі бұл дебат барысын бұзып, сөйлеп тұрған ойыншы үшін әділетсіз.

Анықтама пунктері: кейде ақпарат пункттері “анықтама” (Point of Clarification) деген репликамен ұсынылады, әдетте бұл премьер-министрдің сөзінде орын алады. Осының мағынасы – аргументті кейске қарсы ету емес, премьер-министрдің дебатты қалай анықтайтыны жайлы сұрақ қою. Бұны жасауға рұқсат етілген, бірақ қалған жағдайларда осындай ақпарат пункттері қалыптылармен бірдей келеді. Реплика “анықтама” деген сөзбен ұсынылса да, ойыншылар оны қабылдауға міндетті емес. Анықтама пунктін қабылдау әдеттегі ақпарат пунктін қабылдаумен тең келеді. Осындай пунктердің белгілі бір статусы жоқ, жалғыз айырмашылығы – ұсынылу кезіндегі репликаның басқа болуы.

Ақпарат пунктері диалогтың басталғаны емес. Пункт айтылғаннан кейін оны ұсынған ойыншы отырады. Егер ол тағыда сөйлеп тұрған ойыншыны бөлгісі келсе, басқа ақпарат пунктін ұсыну керек.

Төрешілердің шешім қабылдауы барысында ойыншының қандай командалардан пункттерді қабылдағаны ойыншының басқа командалардың материалымен қаншалықты жұмыс жасағанымен бірге қарастырылуы тиіс. Сірә, командалардың пункттерді ұсыну белсенділігі төрешілердің шешіміне әсер етеді. Мысалы, егер БҮ командасы ЕО ойыншысына көптеген пункттар ұсынып, бірақ ол әрдайым қабылдаудан бас тартып, кейін ЕҮ ұсынған жалғыз пункті қабылдаса, бұл – оның БҮ командасын елемегенінің немесе диалогтан әдейі бас тартуының белгісі. Осындай әрекет сенімділік пен жауап беруге деген қалауының жорамалы емес. Ойыншылар басқа ойыншылардың ақпарат пункттерін ұсынуларын тоқтатуын талап ете алмайды, себебі басқа тарапқа ақпарат пукнттерін ұсыну – барлық ойыншылардың раунд барысындағы ажырамас құқығы.

Егер ойыншы ақпарат пункттерін қабылдамаса, бірақ оған бір-екі пунктен артығы ұсынылмаса, бұл оның басқа жақтың аргументтерімен жаман жұмыс жасағанының индикаторы емес, сондықтан оны жазаламау керек. Сондай кезде ойыншы кез-келген ойыншыдан ақпарат пунктін сұрай алады, ешкім пункттер ұсынбаса да, бұл сөйлеп жатқан ойыншының басқа командалармен сөйлесуге дайындығын білдіреді.

Раундқа дейін

Тақырып: Әр раундтың өзінің арнайы тақырыбы болады. Тақырыптарды “төрешілер алқасы” аталатын төрешілер тобы таңдайды. Төрешілер алқасы әр раундтың тақырыбы мен тэбті(қай бөлмеде қандай топ ойнайтыны жөніндегі ақпарат) раунд басталуынан 15 минут бұрын жариялайды. Егер қатысушылар тақырыптағы кей сөздердің тура мағынасында сенімді болмаса, сол сөз анықтамасын төрешіден сұрауы рұқсат. Олар(қатысушылар) төрешіден өзге адамнан көмек сұрауына тыйым салынады. Және де, олар төрешіден тақырыптағы сөздің тура мағынасынан өзге еш нәрсе сұрай алмайды.

Дайындыққа уақыт: Тақырып белгілі болған соң 15 минут өткеннен кейін, төреші ойыншыларды бөлмеге шақыруы тиіс. Осы 15 минут уақыт кезінде ойыншылар өздерінің сөздерін дайындағаны жөн. Қатысушылар тек қана өздерінің топтары ішінде ақылдасуына рұқсат. Демек, топтың екі мүшесі тек бір-бірімен ақылдаса алады. Топтар басқа адамдардан – жаттықтырушы, өздерінің клубтастары – көмек қабылдаған жағдайда, бұл төрешілерге жеткізілуі тиіс, және көмек қабылдаған топқа дисквалификацияға дейінгі шаралар қолданылады. Сонымен қатар, қатысушы топтарға электрондық құралдар қолданулына тыйым салынады(ұялы телефондардың қолданысы тек секундометр ретінде рұқсат етіледі; және, интернетпен байланыссыз сөздіктер қолдануға рұқсат). Арнайы жағдайларда төрешілер алқасы өздері қолдануға рұқсат береді.

15 минут өткеннен кейін, ойыншылар бөлмелеріне кіруге дайын болуы міндетті. Кеш келген топтар “свинг топтарымен” (белгілі себептермен ойнай алмайтын топтарды алмастыру үшін құрылған топтар) алмастырылуы қаупі бар. Егер свинг тобы бөлмеге келіп, раунд уақытымен басталса, кешіккен топ сол раундқа қатысу құқығынан айырылады, және раунд үшін 0 балл алады.

Айрон-мэннинг(Iron-manning): Кейбір кездерде топтың бір мүшесі ауырып не басқа бір себептермен ойынға қатыса алмай, алайда екінші мүше дайын болатын жағдайлар кездеседі. Бұндай кезде, төрешілер алқасының санкциясымен, қатысушы топ атынан өзі қатыса алады. Бұл жағдайда ойыншы топтың екі сөзін де сөйлеуі міндетті(ойын ретінің бұзылуын азайтады). Ол айрон-мэннинг деп аталады. Осындай топтар басқа толық топтар ретінде жұмыс жасауын жалғастырады: олар ойын барысында 1-ден 4-ке дейінгі рангтарды ала алады, және әр сөз үшін спикерлік баллдарды иеленеді. Өзге топтар әдеттегідей бағалана береді. Алайда, “тэбте”(әр раундтан кейін жаңарып тұратын және брейкті анықтайтын турнир нәтижесінде) бұндай топ 0 балл иеленеді, раундқа қатыспаған ойыншы да 0 балл алады, ал екі сөз сөйлеген ойыншыға өзінің ең жоғарғы спикерлік баллы қойылады.

Тәртіп бұзылуы

Дебат сәтті өтуі үшін, және де, әр қатысушыда сөз сөйлеу құқығы тең болу мақсатында, бөлмедегі бар ойыншылар (және көрермендер) раунд барысына кедергі келтірмеуі тиісті. Келесі әрекеттер тәртіп бұзылу болып саналады:

· 8 минуттан аса сөз сөйлеу;

· Басқа ойыншы намысына тию;

· Өзге ойыншы сөзі кезінде кедергі етіп сөйлеу, сыбырлау;

· Басқа да алаңдатарлық әрекеттер;

· 1.4 пунктіндегі жолдан өзге жолдармен ақпарат ұсыну;

· Қандай да бір бейне ақпараттарды қолдану (диаграмма, физикалық объектілер);

· Ақпараттың, сөйлеп жатқан ойыншымен не төрешімен, тоқтатылғаннан кейін жалғастырылуы;

Жоғарыда көрсетілгендер тек ереже не дебат жүргізілудің бұзылуы ғана емес, сонымен қатар тәртіптің де бұзылуы болып саналады. Бұндай жағдайларды бас төреші раундтың барысында тәртіпке шақыру арқылы шешу керек.

Тәртіпке шақыру: Егер бас төреші “тәртіп” немесе “тәртіпке шақырамын” сөздерін айтса, бұл кідірместен бүкіл жоғарыдағы тәртіп бұзуларды тоқтатуға шақыру. Бұндай жие қайталанбауы керек. Егер қатысушылар бұған құлақ асса, басқа қимылдар қажет емес. Тәртіпке шақыру жоғарыдағы қателіктер үшін ғана қолданыла алады.

Уақыт тоқтатылуы: Айрықша жағдайларда раундтың бас төрешісі уақыт тоқтатуға құқығы бар. Бұл кезде сөйлеп тұрған ойыншы сөзін дереу тоқтатуы міндетті, ал таймкипер секундометрді паузаға қоюға тиісті. Бұл раундтқа айтарлықтай кедергісін тигізе алатын, шешілуі кейінге шигеріле алмайтын және ойын соңына дейін күте алмайтын жағдайлар кезінде жасалынады. Мысалы, төрешінің/ойыншының талып қалуы кезінде немесе басқа да медициналық көмек қажет ететін төтенше жағдайлар; немесе дебат барысында ұзақ уақытқа созылған тәртіп бұзылулар(қоймастан сөз үзетін көрермен, микрофонмен техникалық мәселелер және т.б.). Алайда, уақыт тоқтатылу дебатқа қатысушылардың қауіпсіздігі үшін және баска да мәселелерді шешуге қажетті үзілістер болып табылады. Уақыт тоқтату өте сирек жағдайларда қажет, және әшейінде бұл сыртқы факторлар әрекеттерінің тікелей кесірі. Мәселе шешілгеннен кейін, бас төреші ойыншының сөз жалғастырылуына ешнәрсе кедергі болмайтынына сенімдену қажет. Содан соң, тоқтатылған сәттен бастап уақытты жалғастыруға және ойыншының сөз жалғастыруына рұқсат беруі керек.

Турнир структурасы

Әлем чемпионаты екі бөліктен тұрады(төмендегі диаграммды қарау). Турнирдың басым бөлігі алғашқы үш күнде күнде өтіледі. Осы үш күнде, барлық келген топтар қатысатын, алғашқы іріктеу раундары өтеді. Әдетте бұл раундтар тоғыз. Раундтардың көпшілігі “ашық”. Яғни, топтар өздерінің нәтижелерін біле алады және төрешіден, ойын біткеннен кейін, фидбэк ала алады. Бірнеше соңғы “жабық” түрде өткізіледі. Бұндай раунд қорытындылары және фидбектері “брейкке” дейін белгісіз.

Алғашқы жалпы раундтардан кейін, ең мықты нәтиже көрсеткен топтар іріктеу раундтарына өтеді. Қалған топтар ойынға қатысуын тоқтатады. Мықты топтарды таңдау және жариялау кезеңі “брейк” деп аталады. Тэбте, топтардың алған орындары алғашқы ойындарда жиналған “топтық” баллдармен шешіледі (бірінші ранг үшін 3 балл, екінші ранг үшін 2 балл, үшінші рангқа 1 балл және, сәйкесінше, 4 ранг үшін 0 балл). Бірдей топтық балл жинаған топтар тағдыры “спикерлік” баллдар (ойыншыларға жеке сөздері үшін берілетін 50-ден 100-ге дейінгі баллдар) арқылы шешілді. Осы турнирде 48 топ ашық брейктен (турнирге қатысушы бүкіл топ бұндай брейк мүмкіндігіне ие), 16 топ “ESL брейкінен” (тек ESL және EFL статустары бар топтар ғана бұл категориядан брейкке өтуге құқылы), және 8 топ “EFL брейкке” (EFL статусы бар топтар ғана бұл категориядан брейкке өтуге құқылы) өтеді.

Алғашқы раундтар Брейк Іріктеу раундтары Чемпиондар
  Барлық топтар 16 үздік ESL топ ESL төрттен бір финалы, жарты финал және финал ESL категориясындағы әлем чемпиондары
48 үздік топ Ішінара ашық октофиналдар, октофиналдар, төрттен бір финалдар, жартылай финалдар, финал Ашық категориядағы әлем чемпиондары
8 үздік EFL топ EFL жартылай финалы және финал EFL категориясындағы әлем чемпиондары

Наши рекомендации