Жаһандық теңсіздік

Әлемдік жүйе аясында ұлттар арасында және ұлт шеңберіндегі жеке адамдардың арасындағы теңсіздік. Әлеуметтік жүйелердің арасындағы теңсіздікті өлшеу Gini коэффициенті арқылы, ал ұлтаралық коэффициент басым қайшылық (GDP) арқылы анықталады. Бұған дейінгі теңсіздіктің өлшемі әр елдің аумағында бөліс теңсіздігін ескермей, елдердің орта табысын есепке алумен шектеліп келген еді. Қазіргі кезде ғаламдық әділетсіздіктің бүл екі қыры ұқсас бағытта дамуда, ұлттар арасындағы алшақтық жеке адамдар арасындағы алшақтыққа да таралуда.

Сонымен қатар жаһандық теңсіздік ғаламдық тепетеңдіктің де бұзылуы болып табылады. Бүл өз кезегінде ғаламдық әділеттілік мәселесін көтереді, өйткені ғаламдық теңсіздік біреулерге пайда монополиясын, ал екінші біреулерге ауыртпалық әкеліп отыр. Соңғы жағдайда, келісуге болмайтын көптеген кедей адамдардың шектен шыққан күйзелісі, кедейлік, тапшылық және бай азшылықтың асып-шалқып өмір сүруі. Осылайша, байлар баю үстінде, ал кедей халықтың саны күн санап артуда. Бүл Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы алшақтықты айдан анық етеді; немесе әлемдік жүйе үшбөлікті ғаламдық болып жіктелуде: жүрегі, жартылай-шет және шет аймақ; немесе бай және кедей елдер деп бөлу.

Мүндай ғаламдық теңсіздікті:

Tрансұлттық экономикалық ықпалдастық және жаһандану нәтижесі ретінде үлттық бытыраңқылық;

Kапиталдардың еркін нарығы, сауда мен инвестиңиялардың либералдануы, мемлекеттік реттеудің болмауы;

Xалық санының артуы;

Oтарлау және оның теңсіздік мұрасы;

Hеоколониализм және оған сәйкес езіп-жаншу;

Үкіметтік шешімдер;

Жаңа технологиялық жетістіктерді жасыру;

Әділетті бөлістің болмауы;

Сауатсыздық;

Табиғи апаттар сияқты көптеген факторлар арқылы түсіндіреді.

Тойып тамақтанбау, ашаршылық, өткір тапшылық, табыс көлеміндегі алшақтық, қайыршылық, ЖИТС, сауатсыздықтың жағымсыз салдарын біліммен, демократиямен, "жасыл төңкеріспен", үкіметтік шаралармен, гендерлік сезімталдықпен, технологиялық алмасулармен, даму мақсатындағы үлкен көмектермен, әділ еркін сауда және халықаралық экономикалық саясатпен, қарыздарды қысқарту мен кешіру, үлкен адамгершілікпен жеңуге болады.

Жаһандануға қарсы қозғалыс[

Жаһандану саясатына трансұлттық корпорациялар және жетекші державалар бірлестіктерімен жүргізілетін жаңа әлемдік тәртіп орнатуға түбегейлі, үзілді-кесілді қарсы наразылықтың жаңа түрі. Жалпыға ортақ маркетизация тұжырымымен неолиберализмді жаһандануға қарсылар өзінің басты идеялық-саяси дұшпаны деп санайды. Жаһандануға қарсылардың пікірінше, нарықтық диктаттың неолибералдық саясаты, өндірістің көптеген үлттық салаларын қүлдырауға әкеледі, үлттық кәсіптер мен қолөнерді жояды, үлттық ауылшар-уашылық мәдениетін күйретеді, елдердің азық-түліктік егемендігіне зиян келтіреді. Жаһандану және неолиберализм қазіргі капитализм идеологиясының тығыз байланысты түжырымдары ретінде қаралады.Жаһандануға қарсылардың идеологтары - П.Бурдье, С.Джордж, Н.Клейн, Д.Бэкон, В.Шива, К.Ллойд, К.Харман, Л.Ларуш, Т.Кларк және т.б. Қозғалыстың идеялық және саяси негізін дамытуда анархизм мен анархиялық-синдикализм өкілдері - Н. Хомский, Ж. Бове көрнекті рөл атқаруда. Жаһандануға қарсы қозғалыс студенттік, кәсіподақтық, қүқық қорғаушылық, экологиялық, фермерлік одақтар, тұтынушылар құқын қорғау қоғамы, ғалымдар қауымдастықтары және т.б. әртүрлі қоғамды құйымдарды біріктіреді. Онда ақпараттық-үйлестіруші орталықтардың кең желісі жүмыс жасайды, олар өз қызметін ғаламтор арқылы жүзеге асырады. Олардың ішінде:

Наши рекомендации