Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі
Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
— өнімділік;
— үрдістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінле анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.
Процестік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік тәжірибеде ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпкерліктің инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:
— жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің
жаңа зертханалық үлшілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық жұмыстарды жүргізу;
— өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материал-
дардың қажетті түрлерін таңдап алу;
— жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
— қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан
өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
— жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-
басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
— қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен
қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
— қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды
жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және
қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;
— лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті
құжаттарды алу;
— инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік
зерттеулерді жүргізу.
Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі көптеген жағдайда жаңа техника мен технологияның техникалық деңгейінің көрсеткіштерінде айқындалады. Нарықтық экономикада жағдайында инновациялық қызметінің тиімділігін талдау қиындайды және көп сатылылығын білдіреді. Талдаудың бірінші кезеңінде — жаңа техниканы және технологияны қолдану қажеттігін көрсеткіштер және жаңа техника мен технологияның тииімділігі.
Техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің экономикалық тиімділігін арттыру көрсеткіштері және өз деңгейінің көрсеткіштері, яғни техниканың, технологияның, ұйымдастырудың, басшылықтың және ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстар жөніндегі көрсеткіштерді әдіснамалық тұлға айру қажет. Ең ақырында өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалану деңгейінде байқалады:еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары. Міне, сондықтан да, мұндай экономикалық көрсеткіштер, еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну, айналым қаражатының айналымдылығы ретінде өндірістің қарқынды ресурстарын пайдалануды қамтитын жаңа техника мен технологияның экономикалық деңгейін арттыру көрсеткіші болып табылады. Жоғарыдағы аталған көрсеткіштер (еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, материалды қажетсіну және айналым қаражатының айналымдылығы) қарқындатудың жеке көрсеткіштері деп аталады. Бұларды талдау техникалық-ұйымдастырушылық деңгейінің нысаны бойынша жүргізу қажет. Жеке көрсеткіштермен қатар қорытындылайтын көрсеткіштер де пайдаланылады.
Техникалық және ұйымдық дамудың экономикалық тиімділігін арттыру шаралары мына төмендегі топтарға бірігеді:
— еңбек өнімділігінің үстелуі, жұмыс істеушілердің саны және еңбекақы қорының салыстырмалы ауытқкы;
— материалдық қайтарымның үстелуі (материалды қажетсінуі), материалдық ресурстардың шығындарының салыстармалы ауытқуы;
— айналым қаражатының айналым жылдамдығының үстелуі, (босатып алу немесе байлау) айналым қаражатының салыстырмалы ауытқуы;
— қарқындату есебінен еңбек, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануда өнімді шығару мөлшерінің үстелуі;
— пайданың немесе өнімнің өзіндік құнының үстелуі;
— кәсіпорынның төлем қабілеттіліг және қаржы жағдайының көрсеткіштерінің үстелуі.
Қолданылатын техникалық және технологиялық шешімдердің үдемелігі өндірістің мүмкіншілігімен тығыз байланысты. Өндірістің технологиялық деңгейінің ең үлкен дәрежесі технологиялық әдістік заттарға технологиялық қарқындылық және технологиялық басқарылатын процестерге, оның бейімделу-ұйымдық деңгейіне әсер етуіне байланысты болады.
Ғылыми-техникалық пррогрестің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі
Жобалауда, әзірлеуде және жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізуде бұл шаралардың экономикалық тиімділігін анықтау төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – бұл инновациялық шараларды іске асыру үшін қажетті шығындарды анықтау;
Екінші кезең – бұл қаржыландырудың мүмкіншілік көздерін анықтау;
Үшінші кезең – бұл жаңа техника мен технологияны өндіріске енгізудегі экономикалық тиімділікті бағалау;
Төртінші кезең – бұл экономикалық көрсеткіштерді салыстыру арқылы салыстырмалы жаңалықтардың тиімділігін бағалау.
Кәсіпкерлік өндіріс жағдайында экономикалық тиімділікті анықтау кезінде мыналар пайдаланылады:
— өнімде және қызмет көрсетуде қолданыстағы көтерме сауда, бөлшек сауда бағалары және тарифтер;
— қолданыста заңды түрде белгіленген өндірістік ресурстар (өндірістік қорлар, еңбек және табиғи) үшін нормативтік төлемдер;
— қолданыстағы кәсіпкерліктің пайдадан нормативтік аударымы және орталықтандырылған салалық қорлар және резервтерді қалыптастыру үшін жоғары ұйымдардың, мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің бірігуі;
— банкілердің несие берудегі немесе жеке қаржыларын сақтау жөніндегі кәсіпкерліктің тәртібі мен есеп ажырасу мөлшері;
— валюталық түсімдерді қайта есептеу нормативтері, т.б.
Экономиаклық нәтижелілік – бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сиымдылықтарын төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты одан әрі арттыру.
Ресурстық нәтижелілік – бұл кәсіпкерліктегі ресурстарды босатып алу; материалдық , еңбек және қаржы.
Техникалық нәтижелілік – бұл жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы.
Әлеуметтік нәтижелілік – бұл халықты материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде мұқтаждарын қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету, т.б.
Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге толық жағдай жасалса.