Лемдік ақша жүйесі
Сыртқы сауда және басқа сыртқы экономикалық операциялардың басым көпшілігі сату, сатып алу принципі бойынша ақша көмегімен іске асады. Алайда қанша егеменді мемлекет болса сонша ұлттық ақша бірліктері бар. Әр елдің халықаралық экономикалық қатынаста пайдаланатын ақша бірлігінің жалпы атауы - валюта.
Халықаралық тауар және өндіріс факторлары айырбасы валюта айналымдылығы арқасында іске асады. Валютаның айналымдылығы сыртқы экономикалық операцияларда ұлттық валютаны еркін алмастыруға мүмкіндік беретін валюталық - қаржылық режим.
Айналым еркіндігі дәрежесі тұрғысынан еркін айналатын, айналмайтын және ішінара айналатын валюта болып бөлінеді.
Ұлттық валюталардың айналымдылығы жағдайында резервтік валютаны бөліп көрсетуге болады. Бұл елдің орталық банктері халықаралық есеп айырысу үшін жинақтап, сақтайтын шет елдік валюта. Қазіргі кезде әлемде халықаралық резервтік валюта мәртебесіне АҚШ-тың доллары, швейцариялық франк, жапондық иена, европалық валюта бірлігі – “евро” ие.
Валютаның айналмалылығымен “валюталық курс” ұғымы байланысты. Бұл шетелдік валюта бірлігімен берілетін ұлттық валюта бірлігінің бағасы.
Валюта курсының түрлері.
- Белгілеу тәртібі бойынша (жүзбелі, айқындалған, аралас);
- Есептесу тәсілі бойынша (паритетті, нақты);
- Мерзіміне қарай (ағымдық – кассалық, мерзімдік- форвардтық).
- Валюта курсының қалыптасу процесі валюталық баға кесімі деп аталады. Шет елдік валютаның тікелей баға кесімі – ұлттық валютадағы шет елдік валюта бірлігінің бағасының көрінісі. Жанама баға кесімі шет елдік валютаның белгілі бір санындағы ұлттыќ валюта бірлігінің бағасы. Валюталық катировка әдістері валюта жағдайына да, оның курсына да әсер етпейді. Себебі валюта курсының мәні өзгермейді, тек оның көрінісінің басқа формасы қолданылады. Валюталық курс ұзақ мерзімде әрекет ететін құрылымдық факторлардың ықпалымен және валюта курсының қысқа мерзімді ауытқуымен пайда болатын коньюктуралық факторлармен өзгеруі мүмкін.
- Шет елдік валютаны сататын – сатып алатын ресми орталықты валюталық нарыќ деп атайды. Валюталық нарыќ, кез келген басқалар сияқты сұраныс пен ұсыныс сияқты ұғымдармен сипатталады. Валюталық курсты белгілеу мен түзету тәртібі валюталық курстың режиміне сәйкес болады.
- Ауытқымалы валюталық курста ел өз валютасының курсын ресми түрде белгілемейді. Үкімет оған ақша бірлігінің айырбасы барысында тікелей қалыптасуына мүмкіндік береді. Расында, мұндай курс кез келген тауарға рынок бағасы сияқты өзгереді. Еркін ауытқымалы валюталық курстар шет ел валютасына сұраныс және ұсыныс ықпалымен анықталады. Б 9.8 суретінде тепе-теңдік валюталық курс Е деңгейінде орнатылған. Тұтынушылардың шет ел валютасына сұранысы артқан жағдайда сұраныс қисығы оңға (D1) жылжиды. Мұндай жағдай валюта нарығында АВ көлемінде доллар жетіспеушілігін көрсетеді. Еркін бәсеке валюталық курстың Е1 деңгейіне дейін артуына әсер етеді, бұл тењгенің құнсыздануына, доллардың қымбаттауына әкеп соғады.
Тепе-теңдік валюта курсының қалыптасуы
Айқындалған (фиксирование) валюталық курс - ұлттық валюталар арасындағы ресми белгіленген арақатынас.
Валюталық курстың айқындалған деңгейінің оның тепе-теңдік мәнінен ауытқуы болғанда ОБ валюталық нарыќта интервенцияны ұйымдастырады, яғни валюталық курстың жарияланған деңгейін ұстап тұру үшін шет елдік валютаны сатады не сатып алады.
Валюталық курстың өзгеруі сыртқы экономикалық байланыстарға белгілі бір ықпалын тигізеді. Ол елдің төлем балансында көрініс табады. Төлем балансы – белгілі бір уақыт аралығында сол елдің резиденттері (үй шаруашылықтары, фирмалар мен үкімет) мен сыртқы әлем арасындағы экономикалық келісімдердің жүйеленген есебі. Осы елдің шет мемлекеттерден алатын барлық табыстары мен ол өзі іске асыратын барлық төлемдердің арасындағы балансты көрсетеді.
Капитал қозғалысының есебі төлем балансының ағымдағы есебін теңестіріп отыруы тиіс. Бірақ автоматты теңестіру тек валюталық курстың еркін ауытқуы жағдайында ғана іске асады.
Айқындалған валюталық курс жағдайында орталық банктер ресми валюталық резервтен шет ел валютасын сатып алып не сата отырып, валюталық курсқа әсер етеді. Төлем балансының тапшылығы валюталық резервтердіњ қысқару есебінен қаржыландырылуы мүмкін, ал төлем балансының белсенді сальдосы оның өсуімен қатар жүреді.
Төлем балансының құрылымы І. Ағымдық операциялар есебі 1. Тауар экспорты 2. Тауар импорты Сыртқы сауда балансының сальдосы (сауда балансы) 3. Қызмет көрсету экспорты 4. Қызмет көрсету импорты 5. Инвестициядан алынған таза табыс 6. Таза трансферттер Ағымдық операциялар бойынша баланс сальдосы ІІ. Капитал қозғалысының есебі 7. Капиталдың құйылуы 8. Капиталдың ағыны Капитал қозғалысының баланс сальдосы Ағымдық операциялар балансының және капитал қозғалысы балансының сальдосы ІІІ. Ресми резервтер өзгерісі |
Ашық экономикада макроэкономикалық реттеудің маңызды проблемасы – ішкі және сыртқы тепе-теңдікке қол жеткізу болып табылады.
Сыртқы тепе-теңдік валюталық курстың белгілі бір режимінде төлем балансының нольдік сальдосын ұстап тұруды білдіреді.
Экономикалық теория сыртқы тепе-теңдікке жетудің екі моделін жасады: біреуі – айқындалған айырбас курсты экономика үшін, екіншісі – ауытқымалы айырбас курсты экономика үшін.
Валютаның айқындалған курсы режимінде мемлекет төлем балансын ұстап тұру үшін монетарлық саясатты (ақша-несие) қолдануы керек.
Валютаның ауытқымалы курсы жағдайында фискальды саясат ақша саясатына қарағанда төлем балансы үшін маңызды мәнге ие болады.