Раунд барысындағы пікірлесу
Тең дәрежедегі командалардың ойыны кезінде, төрешілердің пікірлері әр түрлә болуы әбден мүмкін. Сондай жағдайда 15мин ішінде шешім қабылдау өте қиын.
Бас төреші көмекші төрешілердің әр командаға қандай орын беретінін сұрағаны жөн немесе олар дайын болмаса қай команда мықты/әсіз болғанын сұрағаны дұрыс болады. Бұл соңғы шешім емес жәй дисскусия. Көмекші төрешілердің беретін орны Бас төреші немесе басқа төрешілермен бірдей болуы тиіс емес, және де олар өзгерген жағдайда, ол төрешіге әсер естпейді. Әр төрешінің ойын туралы өзінің пікірі болған жөн. Болмаған жағдайда төреші ойынды зейінсіз тыңдаған дегенді білдіреді. Ортақ шешімге келудің мыңдаған комбинациялары бар, бірақ көбінесе олар мынандай болып келеді:
1. Барлық төрешілердің берген
орындары бірдей. Бұл жақсы, бірақ төрешілер бірақ төрешілер бірдей себеппен орынды бергенін анықтау үшін, кішігірім дисскусия жасағаны жөн.
2. Бір төрешіден басқа барлық төрешілерде бірдей орын. Бұндай жағдайда сол төреші неге ондай орын бергенін түсіндіріп, өз пікірін дәлелдеу керек. Тек басқалармен келіспеген жерін түсіндірп, оның пікірі басқаша болғанға оны дұрыс емес деп санау қате.
3. Кейбір орындардың ғана бірдеу болуы. Тек келіспеушілік болған орындарды дискуссияға салып талқылаған жөн.
4. Хаос. Ешқандай бірдей орындар болмаған жағдайда Бас төреші әр команданың аргументтерін және де командалар арасында болған пікірталасты (clashpoint) талқылап басқа төрешілермен келісетін нүктелерді анықтаған жөн.
1.Әр төреші аргументті әр түрлі түсінуі мүмкін сондықтанда аргументтің мағынасы туралы өзара түсінушілікке келу керек.
2. Егер екі түрлі төреші екі түрлі аргументті бас аргумент деп санаса, бас төреші екі аргументтің маңыздылығына қарай салыстыру керек. Ол үшін бұл екі төреші неге оның аргументі маңыздырақ екенін түсіндіру керек.
3. Кішігірім дискуссиядан кейін төрешеілер қайтадан командаларға орын беру керек, сола 3ші пунктқа қайтарыламыз. Нәтежие шықпаса, ең соңында, дауыс беру арқыла шешуге болады.
Хаттама толтыру
Ойын ойналатын жер белгілі болғаннан кейін бас төрешінің басқаруымен төрешілер хаттама толтыруы керек. Хаттамада командалардың орындары, ойыншылардың 50 мен 100 ұпай арасындағы спикерлік ұпайлары толтырылуы керек. Спикерлік ұпай қойғанда назар аударатын мәселелер:
Команданың спикерлік ұпай сандарының қосындысы олардың рангтарына байланысты болу керек. Мысалы, бірінші ранг алған команданың спикерлік ұпайларының қосындысы екінші орын алған команданың спикерлік ұпайларының санынан көп болу қажет. Командалардың спикерлік ұпайларының қосындысы тең бола алмайды, тым болмағанда ұпайға айырмашылық болу керек.
Спикерлік ұпайлар барлық төрешілердің келісімімен бірдей стандартта қойылуы керек. Орташа ұпай 75 балл болып табылады. Көбінесе 68ден 82ке дейінгі аралықта қойылады. Бірақ төрешілер одан жоғары немесе одан төмен қоюға қорықпау керек. Алайда ондай ұпай қою үшін пікірсайысшының сөзі керемет немесе өте нашар болу қажет.
Шешімді талқылау
Бас төреші шешімдерді және неге олай шешкенін хабарлайды.Егер шешім қабылдауда бас төреші дауыстан ұтылып қалса, онда шешімді және қабылдану себебін дауысты жеңіп алған жақтағы шет төреші жариялайды.
Шешімді талқылауда неге шешімнің солай қабылдану себептері нақты көрсетілуі және командаларға ақыл-кеңес берілуі керек. Себептер раунда не болғаны жайлы болады, ал ақыл-кеңес ойында болу керек, бірақ болмаған жайлы заттар туралы талқыланады. Соңғысы, яғни ақыл-кеңес міндетті емес. Шешімді талқылаудың басты міндеті: ойыншыларға неге сондай рангтер алғандығын нақтылап түсіндіріп беру.
Шешімді талқылау негізінде былай өтеді:
● Ойыншыларға рангтерін түсіндіру
● Бір команданың екінші командадан жоғары алуын түсіндіретін салыстырмалы анализ
Командаларды салыстыру оңай жасалатын тірлік емес. Бұл процесс кімнің ойында жеңгендігін, кімнің аргументтері мықты екендігін нақты түсіндіріп берілу кекек. Бұл жерде төрешілерге артылатын тапсырма өте маңызды, төрешілер анализді нақты, ойыншыларға түсінікті жеткізуге міндетті. Ойында болған аргументтерді байқай және қаншалықты олар қарсылыққа ұшырағанын анықтай білу керек . Сонымен қатар, қандай аргументтер заңды қабылдауға немесе қабылдамауға әсер еткендігін айта білу керек.
Шешімді талқылаудың бір түрі хронолиялық реттілікті сақтау: мысалы, бірінші АҮ, екінші АО, т.с.с. Екінші түрі – бірінші орын алған командадан бастап төменгі ретпен немесе төртінші рангтан бастап жоғарғы ретпен. Сонымен өатар рангтардың себебі, ақыл-кеңестен бөлек жүру керек. Себебі: ойыншылар шатаспай түсіну үшін.
Төрешілер ойыншыларға осындай ақыл-кеңестер бере алады:
● Ойынды қалай жақсы ойнауға болады жайлы жалпы кеңестер
● Ойын кезіңде ойыншыларда болған проблеманы түсіндіріп беру
● Альтернативті кейстар мен аргументтар көрсету