Умеков З.Ш., Жанбекова З.Х., Кернебаев А.С. 6 страница

11.Кадровая политика в системе государственных органов: Назначение на должность и тестирование государственных служащих: Сб. Нормативных правовых актов РК. –Алматы, 2005, -283-б.

12.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі: Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы ережелері. –Алматы: Жеті жарғы, 2005, -24-б.

13.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. –М.: Омега-Л, 2004 г. -584-б.

14.Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции: Учебное пособие. –Ростов-на-Дону. Наурыз, 2000. -448-б.

15.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. -543-б.

16.Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. –Петропавловск: Сев.Каз.юрид.Академия, 2004. -416-б.

17.Эффективность государственного управления: Элементарный курс. –М.:Юрист, 2003. -320-б.

19.Реформирование системы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан/КИСИ при Президенте РК. –Алматы, 2005. -276-б.

Қосымша әдебиеттер:

20.Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? //Российские вести. 1992 ж. 11 қараша

21. Атаманчук В.Г.. Современная концепция государственного управления Россией // Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993ж.

22. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен // Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993 ж.

23. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, 114-121-б

24. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, 27-30-б

25. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, 117-124-б

26. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, 46-49-б

27. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, 49-58-б

Семинар сабағының жоспары:

Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:

1. Мемлекетпен қоғам арасындағы байланысты қалай түсінесіз?

2. Қоғамдық үрдістерді басқару субъектісінің орны және оның атқаратын қызметін анықтаңыз?

3. Мемлекеттің негізгі сипаттамасын оның мақсаттарын арттыру формалары қандай?

4. Мемлекеттік қоғамдық функциясының формалары мен тиімділігін арттыру жолдары

5. Қоғамдық басқарудың түрлері мен өзара қарым-қатынасын қалай түсінесіз?

СӨЖ және СӨЖО тапсырмалары:

1. Тақырыптың сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

2. "Ресей және Қазақстан мемлекетерінің тәжірибесі" деген тақырыпқа хабарлама жасау керек (Мамыров Н.К. Саханова Л.Н. "Мемлекет және бизнес. Алматы: Экономика, 1999,1,3,5 тараулар)

3. Мемлекеттің пайда болуы туралы 1-2 теорияға тұсау кесуге дайындалу керек.

"Мемлекеттің пайда болуы туралы теологиялық теория

"----"------патриархалдық теория"

"----"------келісім шарт теориясы"

"----"----- -күштеу теориясы"

"----"------психологиялық теория"

"----"------органикалық теория"

"----"-----иррикациондық теория"

"----"-----материалистік теория"

Тұсау кесерге дайындалу кезінде келесі әдебиеттерді пайдалану керек. (Кашанина Т.В. Происхождение ч-во иправо М 1999; Косарев А.И. Происхождения и сүщность государства.- М., 1999; Салыгин. Е.Н. Теоретические тенденция современной государственности. //Общественная наука и современность. 1996 №6).

4. СӨЖО іскерлік ойын арқылы өткізіледі "Қоғамдық тағдау" ойыны теориялы білімді толықтыруға және мемлекеттің қызметін жете түсінуге жағдай жасайды (қазіргі жауапты (Әкім не Акимат) сонымен бірге Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік механизмін түсіну.

"Қоғамдық тағдау" іскерлік ойыны (КИМЭП проф. ср. Баттерфилд жасаған).

Аудиторияда талқылау үшін мемлекеттік экономиканың 10 проблемасы берілген. Төменде соның баяндалуы:

1 проблема Қалдықтарды өңдеу. Қаланың аудандарында қалдықтарды өңдеуге арналған құрал жабдықтардың болмау проблемасы. Оларды өңдеу үшін салынатын қуатқа 6 млн. доллар керек.
2 проблема Полиция. Қылмыстық топтың өсуіне байланысты 70 қосымша офицер керек. Оған жұмсалатын жылдық шығын 1 млн. доллар
3 проблема Экологиялық тазалық. Орманды ластауға тез шара қолдану керек. Тазалауды жақсарту үшін максимум 4 млн. доллар керек
4 проблема Көлік. Қаладағы қозғалу жүйесі автобустар ескірген, оны ауыстыру керек. Қала халқы автобустардың кешігуіне риза еместігін білдіруде. Жөндеу үшін минималды қажет болатын құны – 2 млн. доллар
5 проблема Білім беру. Ертерек зейнеткерлікке шығуға байланысты білім беру басқармасына қаладан 50 жастағы оқытушылар ставкасын сұрады. Оған 1 млн. доллар керек.
6 проблема Ауыл шаруашылығы. Ағаш өсірушілер лоббистері егер салық сатвкасын төментедпесе бал өндіруді толық тоқтатамыз деп қорқытады, ол жағдайда 1 млн. доллар зиян шегеді
7 проблема Денсаулық.. Сирек вирустың лап етуі қалаға жақын орналасқан ауылшаруашылық ауданына қауіп төндірді. Ауруды жұқтырған 10000 адамды зерттеу үшін ақша керек. Оған кететін шығын – 2 млн. доллар
8 проблема Олимпиадалық ойын. Халықаралық олимпиадалық комитет (МОК) қалаға қысқы ойын өткізуге ұсыныс жасады, туризмнің дамуына байланысты түсетін табыс 10 млн. доллар. Қаланы жөндеуге кететін шығын 5 млн. доллар
9 проблема Әскер. Сарапшылардың есептеуіне қарағанда әскерді қазіргі қарумен бір рет қайта қаруландыруға 10 млн. доллар салу керек. Бұл қажетті жағдай НАТО-ға мүшелікке кіру үшін қажет.
10 проблема Тарифтер. Белсенді іскерік, шетел импортынан қайғы қасірет шегу. Жергілікті емес тауарлардың тарифі федералдық бюджетке шамамен 12 млн. доллар жинақтауға жағдай жасайды. Ол үшін 6 млн. доллар керек.

Бірінші кезеңде бұл ойынды іске асыру үшін әрбір студент бір проблеманы таңдайды, ол өзін сол қаланың әкімі болып есептейді, сүйтіп өзінің шешімін шығарады.

Екінші кезеңде өздерінің қызығушылығына байланысты студенттер бірігеді, ондағы негізгі проблема мынадай:

1. Қалада қылмыстың жоғары болуына байланысты;

2. Қалада қалдықтық қайта өңдеу проблемасы бойынша;

3. Қалада экологиялық тазалық проблемасы бойынша;

4. Қалада сирек вирустың болуына байланысты.

Үшінші кезеңде студенттер сол қаланың әкімі болып, оған шамамен 10 млн. доллар бөледі. Олар өзінің бюджетін жасайды, алда тұрған мемлекеттік экономиканың проблемасын дұрыс шешуіне байланысты шешім қабылдайды.

Әдістемелік ұсыныс. Семинарға дайындықты ұсынылатын әдебиетті талдаудан бастау керек. Мемлекеттің қызметі мен сипатына талдау жасаңыздар. Сондай-ақ мемлекеттік басқарудың түрлерін ашыңыздар. Мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасқа ерекше назар аудару керек.

Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

1.Басқару шешімдерінің қабылдау тәртібін анықтаңыз

A) тіршілік етушілерді таңдау, альтернативтік жоба, мақсатқа сай жобалар, жобаның сарапталуы және жоспарлануы мен нақты орындаушылардың анықталуы, осы жобаның жүзеге асырылу әдістерін қарастыру

B) жобаның сарапталуы, жоспарлануы мен жүзеге асырылуы, альтернативтік жоба, оның мақсатқа сай келуі, нақты орындаушылардың таңдалып алынуы

C) жобаның жоспарлануы мен жобалануы, тіршілік етушілерді таңдау, альтернативтік жоба, оның сарапталуы, нақты орындаушылардың таңдалып алынуы, осы жобаның жүзеге асырылу әдістерін қарастыру

D) жобаның сарапталуы, жоспарлануы мен жүзеге асырылуы, альтернативтік жоба, оның мақсатқа сай келуі, нақты орындаушылардың таңдалып алынуы

E) барлық жауаптар дұрыс

2.Жалпы таңдалып алынған ерекше белгілеріне қарай мемлекетті басқаруға жатпайды

A) еңбектің өндірілу дәрежесі, әлемдік деңгейге және оның түрлеріне сәйкес келуі

B) адамдардың жақсы өмір сүруі және әр түрлі дәрежедегі кіріс алу деңгейі

C) мемлекеттік экономикалық секторда жұмыс істейтін адамдардың жалпы саны

D) жалпы қарым – қатынастың қорғалуы, сенімділігі, тәртіпке және оның өндірілуі өсетін нәтижеге сай болуы

E) барлық жауаптар дұрыс емес

3.Әкімшілік басқару-бұл

A) орындау билігінің синонимы

B) саяси биліктің түрі

C) заң билігінің түрі

D) орындау билігінің түрі

E) барлық жауаптар дұрыс

4.Мемлекеттік басқарудың қандай қағидасы басқару жүйелерінің барлығының заңға және қоғамдық күштің негізгі мүмкіндіктеріне бағынуларын талап етеді

A) заңдылық қағидасы

B) құқықтық реттеушілік қағидасы

C) демократия қағидасы

D) объективтілік қағидасы

E) барлық жауаптар дұрыс емес

5.Мемлекеттік басқарудың қандай қағидасы негізгі мынадай аспектілерді мақсат, функция, құрылым, процесс және мемлекеттік басқарудың өзінің қағидаларын заңды анықтау керек дегенді білдіреді

A) демократизм қағидасы

B) заңдылық қағидасы

C) құқықтық реттеушілік қағидасы

D) биліктің бөлінуі қағидасы

E) барлық жауаптар дұрыс

6.Мемлекеттік басқарудың құрылымды-мақсаттық қағидалары, заңдылықты, қатынасты және мемлекеттік басқарудың мақсаттар бұтағының рационалдық құрылуының өзара байланысын көрсетеді, ал өзіне қандай қағиданы қоспайды

A) негізгі параметр бойынша мемлекеттік басқару мақсатының келіспеушілігі және олардың бір-біріне қарам-қайшылығы

B) Құқықтық нормаларды шығару арқылы функцияны- дифференциациялау және фиксирлеу- мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінде бекіту

C) Мемлекеттік басқару және мемлекеттік органдардың функцияларымен басқару жүйелерінде мақсаттарды бөлу

D) жеке және локальды мақсаттардың жалпыға бағынуы- мемлекеттік басқару мақсаты бұтағы немесе иерархия мақсаттары

E) барлық жауаптар дұрыс емес

7.Мемлекеттік басқарудың құрылымды-функционалдық қағидаларының санына, заңдылықты көрсететін және мемлекеттік басқарудыңқатнасы және функционалдық құрылымының қалыптасуының өзара байланысына кірмейді

A) Құқықтық нормаларды шығару арқылы функцияны- дифференциациялау және бекіту - мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінде бекіту

B) қосарландыру, басқа басқару құраушыларынан шығатын басқару функциясының нақты құндылығы, өзінің жеке ұйымында қайталау және қатарласуға жол бермеуі үшін

C) мемлекеттік биліктің жүйесінің бірлігі, мемлекеттік-басқару процесінің тұтастығын, келісімділігін және әрекеттілігін қамтамасыз етеді

D) басқару әрекетінің нағыз қажеттіліктер мен басқару компоненттерінің сұраныстарына сай болуы және ең бастысы басқарылатын объектілерге

E) барлық жауаптар дұрыс емес

8.Мемлекеттік басқарудың заңдылықтарымен, қатынасымен және ұйымдастыру құрылымының өзара қарым-қатынасымен байланысты мемлекеттік басқарудың құрылымды-ұйымдастырушылық қағидаларына кірмейтін түрі

A) басқару ісінің нақтылығы және оның нәтижесіне жеке жауаптылық

B) мемлекеттік басқаруда жүйесінде нағыз тікелей немес көлденеңнен мемлекеттік биліктегі және жергілікті басқарудағы органдардың ұйымдастырушылық қарым-қатынастарының ашылуының әртүрлілігі

C) мемлекеттік биліктің жүйесінің бірлігі, мемлекеттік-басқару процесінің тұтастығын, келісімділігін және әрекеттілігін қамтамасыз етеді

D) әріптестілік пен бірігушіліктің қосындысы, мемлекеттік билік пен жергілікті басқарудың жеке органдарының ұйымдастыру құрылымының әсерімен іскерліктерінің тиянақтылығынан шыққан

E) барлық жауаптар дұрыс емес

9.Мемлекеттік басқарудың рационалды және әсерлі іскерлікті жүргізу органдарының заңдылықтарымен, қатынасымен және ұйымдастыру құрылымының өзара қарым-қатынасымен байланысты мемлекеттік билікпен жергілікті басқарудың құрылымды-процессуалдық қағидаларына кірмейтін түрі

A) мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарының басқару элементтерінің(әдісі, қалпы және дәрежесі) олардың қызметі және ұйымдастыруларына сай болуы

B) мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымында линейлі-функционалды, көлемін ашатын, бағынатын және басқарудың өзара қарым-қатынасының болуы

C) оның нәтижесіне көрсеткішіне басқару іскерлігінің нақтылығы мен жеке жауапкершіліктің күшейтілуі

D) басқарудың райиональды және эффективті іскерлігінің стимулдануы

E) барлық жауаптар дұрыс емес

10.Басқарудың жалпы қағидаларына жатады

A) теңділік және жұмысты бөлу қағидасы

B) қоғамдық әртүрлі қозғалыстарды, қызмет орындарын және институттарды анализдеген кезде кездесетін қағидалар

C) жүйелілік, объективтілік және өзін реттеушілік қағидалары

D) мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымының спецификасын, заңдылығын және характерін көрсететін қағида

E) барлық жауаптар дұрыс емес

4-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ: ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ МЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ МЕХАНИЗМІ

Дәрістің мән мәтіні

Мақсаты:

Мемлекеттің билік түсінігі оның мәні мен ерекшелігін көрсету, мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқарудың өзара қарым қатынасымен байланысын сипаттау т.с.с.

Дәріс сабағының жоспары:

1. Мемлекттік билік: мемлекеттік басқару түсінігі және өзара

байланысы.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік жүйесінің біртұтастығы.

3. Мемлекеттік басқару – мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілі ретінде.

Негізгі түсініктер:Мемлекеттік билік, мемлекеттің құрылымдық мәселесі, билік субъектісі, саяси билік, әкімшілік билік және т.б.

Тақырыптың мазмұны

1.Мемлекеттік билік түсінігін ашып көрсету үшін мемлекеттік билікке қажеттілікті, оның сипатын, белгілерін ашып көрсету қажет.

1. Мемлекеттік билік, кез келген билік сияқты. Бұл біреудің тәртібіне әсер ету, біреуге жарлық беру немесе басқару, біреуді өзінің ықпалына көндіру.

2. Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің бір түрі, яғни қоғамдық билік, бұл адамдар арасындағы қатынастан туындайды және көрінеді. Мемлекеттік билік, әлеуметтік басқарудың бір түрі ретінде қарастырылады.

3. Мемлекеттік билік бұл жария билік, яғни билік жеке билік емес, жалпы халықтық сипаттағы билік. Бұл толық қоғамға және оның барлық мүшелері мен олардың бірлестіктеріне қатысты. Ғылыми және оқулық әдебиеттерде мемлекеттік және жария билікті бірдей қарайды, назар аударады. Жария билік – мемлекеттік билік болып саналады.

Сонымен бірге мемлекеттік билік – жария теориялық билік: мысалы алғашқы адам баласының қоғамындағы билік жалпыхалықтық сипатқа ие болды. Барлық қоғамға және оның барлық мүшелеріне билік жасады.

Мемлекеттік билік – бұл жария билік, қоғамға басшылық жасау кезінде басқару қабілеттілігін және мүмкіндігін ескере отырып, оларды іске асыру үшін мемлекеттік билік жағдай жасайды.

4. Мемлекттік билік – бұл жариялық билік. Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік билік пен саяси биліктің бөліктері қарастырылады, алғашқы кезде билік мемлекеттік болды, көпке дейін жалғасты. Бұның себебі мемлекеттік билік тарихи жағынан бірінші саяси ұйым болып құрылды, көп уақытқа дейін жалғыз өмір сүрді. Қоғамның біртіндеп дамуына байланысты басқа саяси ұйымдар (мысалы, саяси партиялар) құрыла бастады, сонымен бірге олар саяси билікті иеленді. Сондықтан, мемлекеттік және саяси билік бір болып есептелмейді. Алайда, мемлекеттік және саяси биліктің арасындағы мәселелердің арақатынасын есептемегенде мемлекеттік билік саяси билік болып қалады. Осымен байланысты оның қоғамдағы саяси басқаруды іске асырудағы қабілеттілігі мен мүмкіншілігін қарастыру керек.

5. Мемлекеттік билік – бұл легитимдік билік. Мемлекеттік билік легитимдігі дегеніміз, мемлекеттің жариялығын барлық халықтың мойындауы. Мемлекеттік билік қоғамның билігі болып саналады, коғам, халық оны осылай қабылдауы керек, оның билігіне бағынады және орындайды.

Егер қоғам мемлекеттік биліктің болуын мойындамаса, қабыл алмаса, одан әрі өмір сүруге құқығы жоқ, басқа билікпен ауыстыру керек. Сондықтан мемлекеттік билікке халықтың несиелік сенімі болуы шарт.

Халықтан несие сенімін алудан басқа, мемлекеттік биліктің бірнеше түрі болуы мүмкін. Саясаткер М.Бебердің айтқанынан басқа, мемлекеттік биліктің жиі айтылып жүрген: дәстүрлі, харизматикалық және рационалдық үш түрі қарастырылады.

Дәстүрлі легитимдеу қоғамға, кей жағдайда дінге, жеке тұлғаға, тайпаларға, сословиелерге әсер ететін салт-дәстүрге байланысты.

Харизматикалық легитимдеу, осының арқасында мемлекеттік қайраткер ұлттың символына айналады, халықтың жан-жақты қолдауына ие болады. Радикалдық легитимдеу ақыл-парасатқа сүйенеді. Мемлекеттік билікті халық қолдайды. Легитимдеудің негізі ұран емес, билік етуші мемлекеттің үрдісі, оның практикалық жұмысы, қоғам игілігіне бағытталғандығы.

6. Мемлекеттік билік – бұл аймақтық билік. Елдің аумақтық шекарасында мемлекет ретінде қызмет етеді. Сонымен бірге орталық үкімет елдің барлық аймақтық шекарасында қызмет етеді, Аймаққа сәйкес соның аумақтық шекарасында (мысалы аймақтық федералдық аумақ шекарасында), жергілікті әкімшілік аумақ (қала, аудан т.с.с) құрылған.

7. Мемлекеттік билік – бұл егемендік билік, билік егемендікті иеленген. Егеменді мемлекеттік билік елді басқарады және халықаралық сахнаға бағынышты емес. Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің кез келгенінен жоғары тұрады, тек белгілі бір жағдайда (мысалы қолданыстағы заңдарды бұзған жағдайда) бұл билікке тыйым салынуы мүмкін. Сонымен қатар мемлекеттік биліктің үстінен қараушылық көрінуі мүмкін, тек сол ғана сол аумақта тұратын, өмір сүретін халықтарға, барлық аумақ бойынша өзінің билігін таратады. Мемлекеттің билік тәуелсіз, құқығы дербес, халықаралық сипаттағы мәселелерді өзі шешеді.

8. Мемлекеттік билік – әртүрлі көмек арқылы шешетін билік, сонымен бірге арнайы құралдар мен әдістерге байланысты болады. Бұл: бедел, дәстүр, идеология, діни насихат, ынталандыру т.с. болуы мүмкін. Сонымен бірге мемлекеттік биліктің өзінің мүмкіндігі мен белгілі құралы және әдісі бар, осындай әдістердің бірде бірі әлеуметтік билікте жоқ. Мемлекеттік билікті іске асыратын оның құралына жататын мемлекеттік органдар өзінің бірлігінде мемлекеттік аппарат құрады және мемлекет бекіткен позитивтік құқық нормасы тәртіп ережесі бар.

Мемлекеттік билік іске асыратын маманданған әдіс түріне: мемлекеттің еріксіз мәжбүрлеуін, басып-жаншуды және т.б. жатқызуға болады. Мемлекеттік билеудің белгілерін қарастырып, оның түсінігін талдау арқылы төмендегідей қысқаша қорытынды жасауға болады.

Мемлекеттік билік - бұл қабілеттілік немесе мемлекеттің әрбір көмекті, арнайы құралдар мен әдістерді қолдану арқылы қоғамдағы саяси басшылықты іске асыруы. Алайда анықтамада барлық белгіленген белгілер толық баяндалады деуге болмайды. Біздің ойымызша Мемлекеттік биліктің анықтамасын қарапайым түрде қарауға болады.

Мемлекеттің құрылымдық мәселесі - бұл ішкі элементтер құрылымының мәселесі.

Мемлекеттің, үкіметтің басқару құрылымын жалпы қарау арқылы, үкіметтің жалпы басқару құрылымын қарастырамыз. Бұл жағдайда біз үкіметтің әркезеңде қозғалыста жұмыс істейтініне назар аударамыз. Ғылыми әдебиетте үкіметтің еркіндік және күш сияқты әлеуметтік элементін бөліп қарайды. Еркіндік билікті айқындайтын элемент. Билік жүргізу – өзінің ойын жүзеге асыру, оны біреуге мәжбүрлеп істету, біреуді оған бағындыру. Мемлекеттік билік – бұл да біреудің ойы. Бұл кез келген халықтың ойы, кейбір кез келген әлеуметтік топтың ойы.

Билік құрылымының екінші элементі – күш. Күш ойды қуаттандырады, оны жүзеге асыруға жағдай жасайды. Күшсіз ой іске асыруға қабілетсіз болады. Басқаның тәртібіне әсер етуге жағдай жасай алмайды. Биліктің күші оның абыройында, идеологиялық ықпал жасауында, сондай-ақ ол еріксіз көндіреді, мәжбүрлейді. Мемлекеттік үстемдіктің күші – ашық көрінеді, мемлекеттік органдар – армия, полиция т.с.с. арқылы еріксіз көңдіруде. Егер мемлекеттік үстемдік ету кезінде абыройы аз болса, мемлекеттік ойды іске асыруды, мемлекеттік органдар ережелермен еріксіз көндіру арқылы жүзеге асырады.

Мемлекеттік, соның негізіндегі билік субъектісі, билік объектісі, үстемдік қатынасы, үстемдікті іске асыру құралдары мен әдістері.

Билік субъектісі – бұл мемлекеттік билікті қолдаушы, мемлекеттік билік кімге тиісті, сол. Әдетте мемлекеттік үстемдіктің сапалық субъектісіне әлеуметтік және ұлттық топтар мен барлық халық бірлігі, яғни мемлекет кімнің мүддесін білдіреді және қорғайды солар жатады. Сонымен бірге кейде мемлекет түгелдей не олардың органдары мемлекеттік субъектінің сапасы ретінде қарастырылады.

3. Мемлекетті басқару, мемлекеттік билікті жүзеге асыру саяси, әкімшілік, экономикалық, ұйымдастырушылық ақпараттық, идеологиялық, не соңында әскери тәсілдер арқылы іске асырылады. Мемлекеттік билікті басқару құрылымы бірнеше кездерде қолданылады. Мысалы. Германия үкіметінің қызметінде – «Заңдарды орындау» және «Билікті ұйымдастыру», билікті орындаушы үкімет бөлінеді. Ғылыми әдебиеттерде «Әкімшілік билік», «Әкімшілік құқықтық» биліктің көптеген түсініктері кездеседі. «Әкімшілік билік» заңға жанама ретінде әкімшілік құқыққа байланысты. Әкімшілік билік заңға бағынады. «Әкімшілік-мемлекеттік биліктің» барлық жүйесі өкілді органдармен байланысты. Биліктің заңшығарушы, орындаушы және сот үш тармағы бар. Мемлекетті басқару әдісіне әсер ететін басқа да механизмдерді пайдалануға болады. «Саяси билік» түсінігінің ең негізгісі жалпы алғанда – мемлекеттік билік. Саяси – мемлекеттік билік белгілі үш тармақ арқылы қызмет етеді. Басқа тар мағынадағы қазіргі түсінігі – басқарушы билік органдары сонымен бірге мемлекеттік емес (қоғамдық) ұйымдарды, партияларды білдіреді. Саяси билікті түсіндіру кезінде жеке нақты институт ұйым арқылы нақты іс көрсетіледі, соңғысы мемлекеттік биліктің беделі арқылы адамдардың тәжірибесі мен қызметіне әсер ететінін білдіреді.

Наши рекомендации