Ылым-білім үйрету мәселесі. Ғылым-білім үйрету мәселесі – ширек ғасыр бойы қазақ халқының шешілмей келе жатқан мәселесі

Ғылым-білім үйрету мәселесі – ширек ғасыр бойы қазақ халқының шешілмей келе жатқан мәселесі. Оның басты шешімі де осы «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасында көрсетілген. Бұл жобада жазылған басты шешімі де осы «Алаш партиясы бағдарламасында» көрсетілген. Бұл жобада жазылған басты шарттардың бірі – «оқу ордаларының есігі кімге де болсын ашық һәм ақысыз болу». Қазақстан Республикасының конституциясының II АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ бөлімінде бұл мәселе дұрыс, әрі бүгінгі күнге лайықталып жазылған:

- Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

- Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

- Жеке меншік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

- Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек.

Жалпы орта мектептерде оқу тегін болғанымен кітап, яғни, оқулық жетіспеушілігі бар. Ол оқулықтардың бағасы 1000-3000 теңгеден кем емес. Бұл бір жағынан осы 30-баптың 4-тармағының толыққанды орындалмаушылығынан деп ойлаймын. Оқу бағдарламаларының бір ізге түскені дұрыс. Содан соң мектеп бағдарламаларына сәйкестендірілген оқулықтар жеткілікті данада шығуы керек. Жоғары оқу орындарында ақылы негізде студенттердің жалпы санынан 70,6%, 336813 адам мемлекеттік грант пен білім беру тапсырысы есебенінен бар болғаны 140261, яғни, 29,4% студент оқиды. Әлихан Бөкейхандар мақсат еткен ақысыз һәм ашық оқуға тағы бір табан жақындау үшін ақылы негізде оқушыларға да қойылатын талап күшейіп (мысалы, грантқа түсуге 10 бал жетпей қалғандар немесе мектепте өте жақсы оқығандар қабылданса), ҰБТ максимум әділ өтуі тиіс.

Келесі талап – «Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу». Бүгінгі күнгі оқу жүйесінің тілімен айтсақ, бастауыш сыныптарда қазақ тілінде, яғни, мемлекеттік тілде оқуға тиістіміз. Ол оқушының туған тілінен, оның топырағынан терең нәр алуына көмектеседі. Тек ана тілінде бастауыш сыныпты оқысақ, содан соң жоғарғы буынға үш тілді де оқыта беруге болады. Оқу жүйесі бар әлеммен мойындалған Жапонияның өзі бастауыш сынып кезеңінде таза жапон тілін меңгертумен айналысады. Басқа тілдер тек орта буынға көшкеннен соң оқытыла бастайды.

Келесі мәселе – «қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу».

2016-2017 жылғы жоғарғы оқу орындарының жалпы саны – 130. Оның 47-сі мемлекеттік, оларда 217180 студент (46,0%) оқиды. Оқитындардың жалпы санынан қыздар үлесі 55,2% ды, жігіттер 44,8 %-ды құрайды. Оқудың күндізгі түрі бойынша 370840 адам (77,7%) , 71734 (15,0% ) сырттай , 34500 адам (7,2%) кешкі түрі бойынша білім алады. Мемлекеттік тілде оқитын студенттер саны 63,2% –ды, орыс тілінде 33,2% –ды сонымен қатар ағылшын тілінде 3,6% –ды құрайды.

ЖОО-да 86-дан астам ұлт өкілдері оқиды. Олардың ішінде 85,9% – қазақ 7,0% орыс, 2,0% өзбек, 1,1% татар және украин, 4,0% өзге ұлттар бар.

2016-2017 оқу жылында оқыту даярлауға былтырғы оқу жылынан 32497 адамға артық, яғни, 147692 студент қабылданған.Ал бітірген мамандар былтырғы оқу жылынан 6,2%-ға төмен, 138004 адамды құрайды.

Штаттағы профессорлық – оқытушылық құрамның саны-38241 адам. Оның ішінде 5471 оқытушы ағартушылықпен айналысады. Жалпы профессорлық-педагогикалық қызметкерлер құрамынан 9,1% - ғылым докторы, 36,7%-ғылым кандидаты, профессор дәрежесі – 6.3%, доцент атағы – 16,5 % бар. Магистр академиялық дәрежесі бар оқытушы саны – 11135 адам немесе 29,1 % - философия докторы (PhD) бейін бойынша доктор – 1737 адам немесе 4,5%. [10]

Келесі қарастырылған дүние – «оқу жолы өз алды автономия түрінде болу, үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылу» Бұл оқу жүйесін мемлекеттен бөліп қарастыру дегенді білдірмейді. Бұл оқу орындарының, ондағы қызметкерлердің мейлінше өзін-өзі басқара алуы, яғни, білім беруде түрлі технологияларды пайдалана отырып, мемлекет тарапынан негізгі ережелерге сәйкес қана қызметтерді орындай отырып, дамуы. Ұстаздардың беделін олардың жұмысының қиындығымен ғана емес жалақысының мардымдылығымен де көтере алуға тиістіміз. Мәселен, Жапония мемлкетінде мүғалімдік оқудың өзіне оқуға түсу аса қиын, әрі шынайы қабілетті, дарынды талап етеді, соған сәйкес жалақы да жоғары. Ал мемлекеттегі білім беру жүйесі қатаң иерархиялық тәртіппен басқарылады. Жоғары оқу орындары бір-біріне тәуелсіз түрде, автономия сияқты өздік жүйелерімен студенттерді оқытады. Міне - қазіргі күні бар әлемді аузына технологиясымен де, жоғары дамығандығымен аузына қаратып отырған Жапонияның сыры. Қатаң тәртіпке, бір жүйеге бағынған оқыту барысында мемлкеттік ертеңі – жастар қалыптасып шығады. Олардың жоғары білімі және интелектуалдық дәрежесі, еңбекке қабілеттілігі, ұстаздардың біліктілігі – міне, мемлекетті алдыға жетелеуші күштер.

Бүгінгі Қазақстанның білім беру жүйесінің басты міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабында (Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері) айқын жазылған:

1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;
9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің ашықтығы;
10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиенің нысандары, білім беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.
2. Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салынады.

Келесі талап – «ел ішінде кітапханалар ашу». Қазақстанымызда кітапханалар саны жеткілікті. Дегенмен, кей сапалы, құнды кітаптар қолжетімсіздеу. Себебі, таралымы аз. Қарағанды облысы халқына кітапханалық – ақпараттық қызмет көрсетуде қазір әртүрлі меншік иелеріне қарайтын 952 кітапхана жұмыс істейді. Оның ішінде Н.В. Гоголь атындағы орталық ОӘҒК, Облыстық 3 мамандандырылған кіатапхана – Ж. Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы, облыстық Абай атындағы балалар кітапханасы, облыстық зағиттар және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы, 333 мемлекеттік көпшілік кітапханасы (оның ішінде 262 ауылды жерде), 80 артық Жоғарғы және арнаулы оқу орындарының және 508 мектеп кітапханалары.

Наши рекомендации