Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
Елдің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы өз алды көп-профилді өнеркәсіптік құрылым болып табылады. Оның құрамына тұрғын үй шаруашылығы, электро, жылу және газбен жабдықтау, сумен жабдыктау және канализация, калалар мен елді мекендерді көріктендіру, санитарлық жұмыстар жүргізу және тағы басқа іс-әрекет түрлері кіреді. Көріктендіру объектілеріне, мысалы, жол және жаяу адам жүретін жол, жауындық канализация, өсімдіктер, көшедегі жарықтандыру, көшені қоқсықтан, кардан тазалауға арналған құрал-жабдықтар жатады.
«Тұрғын үй-коммуналдық шару ашылық» атты функционалдық топ бойынша шығындар республикалық бюджетте мақсатты инвестициялық трансферттер түрінде төменгі бюджеттерге, мысалы, мынадай мақсаттарға - коммуналдық шаруашылыктың дамуына, сумен жабдықтау жүйесін жөндеу мен дамуына, қалалар мен елді мекендер көріктендірудің дамуына және басқаларға беруі қарастырылған.
Мемлекеттік бюджет шығындарының басқа бір бағыты болып коммуналдық тұрғын үй құрылысы табылады. Себебі бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламаға сәйкес халықтың үй мәселесін шешуді қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ бюджеттің мүндай шығындарының қажеттігі тозған үйлер көлемінің өсуіне де байланысты.
Бюджеттік кодекске сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық шығындарын қаржыландыру негізінде олардың әрекеттігінің айырмашылығына байланысты жергілікті бюджеттер құралдары аркылы іске асырылады. Республикалық маңызы бар қала, астана, аудан бюджеттерінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған шығындар келесі бағыттар бойы карастырылған:
• мемлекеттік тұрғын үй корын сақтауды ұйымдастыру;
• тұрғын үй қорын инвентаризациялау;
• заңнамалық актілерге сәйкес азаматтарды жеке категория бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету;
• заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік қажеттік үшін жер учаскілерін алу мен соған байланысты жылжымайтын мүлікті айыру;
• коммуналдық меншіктегі сумен жабдыктау объектілері мен канализация, жылу және электро желілерді құру мен қайта құру;
• елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;
• тексіздерді жерлеу мен жерлеу орындарын ұстау;
• елді мекендердің көшелерін жарыктандыру;
• елді мекендерді көріктендіру мен жасылдандыру;
• елді мекендерді газдандыру;
• заңнамалық актілерге сәйкес тұрғын үй ғимараттарының сейсмолы мықтылығын қуаттауына бағытталған шаралар;
• коммуналдық тұрғын үй қоры үйлерінің құрылысы;
• заңнамалық актілерге сәйкес тозған үйлерді құлату.
Жергілікті бюджеттердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына арналған шығындарының қалыптасуы елді мекендердің даму жоспарлары мен мақсатты бағдарламалар негізінде іске асырылады.
Қазіргі кезеңде іске асырылып жатқан мемлекеттік тұрғын үй саясатының басты мақсаты - тұрақты тұрғын үй құрылысын дамыту болып табылады. Осы саясаттың нәтижесінде елдің барлық топтағы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуді едәуір жоғары деңгеймен іске асыру мүмкіндігі пайда болады. Мемлекеттің тұрғын үй саясатының мақсатына жету үшін дамыған, сұраныс пен ұсыныс жақтарынан теңгерілген тұрғын үй нарығын құру мен құрылыс индустрия нарығын қалыптастыру мен тиімді әрекеттенуі қарастырылады. Осы шаралармен қоса ипотекалық несиелендіру мүмкіндігін жетілдіру мен тұрғын үй құрылыстық жинақ жүйесін дамыту негізінде жеке тұрғын үй құрылысын көтеру мен ұлғайтуды ынталандыру, тұрғын үй құрылысына жекеше капиталды жұмылдыру белгіленіп отыр.
Тұрғын үй саясатының мақсаттарын орындау бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын атқару арқылы іске асырылады. Бұл бағдарламаға сәйкес тұрғын үй мәселелерін кешенді шешуі жоспарлануда, әсіресе әлеуметті қорғау топтағы халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуі.
Аталған бағдарламаны іске асыру бюджеттен тыс инвестицияларды жұмылдырусыз және үзақ мерзімді қаржыландыру жүйені дамытпай мүмкін емес. Осы бағыттарда мемлекет тиісті шаралар қабылдауды қарастыруда, мысалы, «Қазақстан ипотекалық компания», «Қазақстандық ипотекалық несиелерді кепілдемелеу қоры» және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақтаушы банкі» атты акционерлік қоғамдарды әрі қарай капитализациялау.
Барлық осы шаралар халыққа, әсіресе әлеуметті қорғау топтағы халыққа арналған мүмкіндіктік тұрғын үй құрылысын қамтамасыз етуге бағытталған.