Тақырып. банк кепілдіктері халыҚаралыҚ есеп айырысуларды жҮргізу жӘне Қамтамасыз ету ҚҰралы ретінде

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Валюталық нарық анықтамасы және оның ерекшелік белгілері.

2. Әлемдік валюталық нарық қатысушылары.

3. Валюталық котировка және кросс-курс.

4. Валюталық позиция, оның түрлері.

5. Валюталық нарықтар түрлері.

6. Валюталық нарықтың негізгі қатысушылары.

Дәрістің мақсаты: банк кепілдіктерінің артықшылығын тану және қолданылу ретімен танысу, басымдықтарын қарастыру

Негізгі ұғымдар: халықаралық сауда, бенефициар, міндеттеме, кепілхат, мәміле.

Халықаралық саудада мәмілеге қатысушы серіктестер үшін мынадай мәселе туындайтыны сөзсіз, олар:

- сатушының сатып алушының төлем қабілетін бағалау қиындығы;

- сатып алушының жабдықтаушының міндетемені орындауға дайындығын бағалау қиындығы.

Мұндай мәселені шешудің жолына мәмілеге қатысушы тараптардың бірінің банктің кепіл-хатын пайдалануы жатады.

Кепіл-хат – сатып алушының (принципалдың) тапсырмасы бойынша және оның атынан бенефициарға (жабдықтаушыға) жөнелткен тауары немесе көрсеткен қызметі үшін төлемді уақытында төлеу туралы кепілгер банктің міндеттемесін білдіреді. Мәмілеге қатысушыларына қарай кепіл-хаттың екі түрі қолданылады: тікелей (үш жақты); жанама (төрт жақты).

Тікелей кепіл-хаттың қатысушыларына принципал (кепіл-хат алушы) кепілгер банк және бенефициар жатады. Мұндай кепіл-хатты пайдалану сызбасы төменде берілген. Отандық банктік тәжірибеде мынадай банктің кепіл-хаттар түрлері қолданылады: - «конкурстық кепіл-хат», яғни

Бенефициар ұйымдастыратын тауарлар мен қызметтерді сатып алу және жабдықтауға байланысты конкурсқа қатысуға қажетті өтініш берушіге банктен берілетін кепіл-хаттың түрі;

- «міндеттеменің орындалуына берілетін кепіл-хат», яғни келісім-шартқа сәйкес аванстық төлемдер жаслаған жағдайда Бенефициардың алдындағы Өтініш иесінің міндеттемесін қамтамасыз ететін банктік кепіл-хат;

- «аванстық төлемнің қайтарылуына берілетін кепіл-хат», яғни

Бенефициармен арада жасалған келісімшартқа сәйкес Өтініш иесінің белгілі міндеттемелерінің орындалуын қаматамасыз ететін кепіл-хат түрі.

Банктік кепіл-хат әдетте 5 жылға дейін беріледі. Банктік кепіл-хатты қамтамасыз ету құралдарына мыналар жатады: банктік шоттағы ақшалай қаражаттар; материалдық немесе материалдық емес активтер. Банктік кепіл-хатты алу үшін өтінішке қосымша мынадай құжаттар тапсырылады: өтініш беруші ұйымның кепіл-хатты алу және оған қамтамасыз ету мүлкін қою туралы хаттамасы; бюджет алдындағы қарызының жоқтығы туалы анықтама; конкурсты өткізуге байланысты Нұсқаулықтың көшірмесі (тендерлік кепіл-хат жағдайында); контрактінің көшірмесі.

Кепіл берші үшінші бір тұлға болса, мысалы заңды тұлға, онда жоғарыдағы көрсетілген бастапқы екі пункттегі құжаттарға қоса, құрылтайшылық құжаттар мен ноториалды түрде куәландырылған қол және мөр қою үлгілері бар құжат тапсырылуға тиіс. Егер кепіл беруші жеке тұлға болса, онда оның жеке куәлігі мен СТТН-нің көшірмесі талап етіледі. Өтініш берушіден барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін банк қызметкері немесе несие официері Операциялық бөлімге шартты салым шотын ашу туралы үкім және Шартты банктік салым туралы келісімшартты дайындайды. Оған қосымша төмендегідей құжаттар даярланады: Ақшаны кепілге алу туралы шарт; Кепіл-хат туралы шарт; Кепіл-хат міндеттемесі. Келісімшарттарға әуелі өтініш иесі (қажет болса Кепіл беруші), содан соң банктің жетекшісі қолдарын қояды.

10-тақырып. ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҚ

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Валюталық нарықтар, олардың жіктелуі және сипаттамасы.

2. Валюталық операцияларды жүргізу техникасы.

3. «Спот» валюталық операциясының ерекшеліктері және валюталық «Спот» курсы.

4. Мерзімді валюталық «Форвард» және «Фьючерс» операциялары, оларды қолдану мүмкіндіктері.

Дәрістің мақсаты: Валюталық нарықтың ерекшелігін, орнын, белгілерін қарастыру және валюталық позиция анықтау тәртібімен танысу

Негізгі ұғымдар: валюталық нарық, айырбас, валюталық тәуекел, несиелік тәуекел.

Айырбастарды жүргізу үшін валюталық нарық қызмет етеді, яғни сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасатын бағам арқылы шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау немесе сатуды жүзеге асырудың ресми орталықтары. Валюталық нарықтар – уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді. Валютаны айырбастау операциялары ежелде «ауыстыру ісі нысанында» ерте заманда және ортағасырларда пайда болып, бірақ қазіргі түсініктегі валюталық нарық XIX ғасырда қалыптасты. Олар келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:

- байланыстың электронды құралын кеңінен қолдану және олар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруда шаруашылық қызметті интернационалдандыру негізінде валюталық нарықты интернационалдандыру күшейеді;

- операциялар барлық елдер түпкірінде тәулік ішінде үздіксіз жасалынады;

- валюталық операциялар техникасысәйкестендірілген, есеп айырысулар банктің корреспонденттік есепшоты арқылы жүргізіледі;

- валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру мақсатында валюталық операциялардың кең дамуы;

- алып – сатарлық және төрелік операциялар коммерциялық мәмілемен байланысты валюталық операциялардан біршама асып түседі. Олардың қатысушыларының саны бірден өсті және олардың құрамына банктер мен ұлт аралық корпорациялардан (ҰАК) басқа заңды және жеке тұлғалар да жатады;

- тұрақты экономикалық жағдайларға тәуелсіз өздерінің биржалық тауарларына байланысты тенденциясы бар валюталық бағамның тұрақсыздығы.

Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу – сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады. Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныстың ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай – ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтаныдыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды. Атқарымдық көзқарас тұрғысынан валюталық нарық келесілерді қамтиды: халықаралық есеп айырысулардың уақытылы жүзеге асырылуы; валюталық және несиелік тәуекелді сақтандыру; әлемдік валюталық, несиелік және қаржылық нарықтардың өзара байланысы; банк, кәсіпорын, мемлекеттің валюталық резервтерінің әртараптандырылуы (диверсификациясы); валюталық бағамды реттеу; қатысушылардың валюталық бағам айырмасы ретінде алатын алып-сатарлық пайдасы; экономиканы мемлекеттік реттеуге бағытталған валюталық саясатты жүргізу.

Наши рекомендации